Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты по казахскому языку.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.36 Кб
Скачать

Билет № 11

Мәтінді оқып, аудар.

Тіл мәдениеті

Тіл мәдениеті дегеніміз дұрыс, орынды сөйлеу. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Әрбір айтқан сөз қысқа әрі тұжырымды болу керек. "Көп сөз - көмір, аз сез - алтын" деген мақал осы ойды растайды. Адам мәдениетінің алғышарты - дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер.

Халық бар жерде тіл бар. Ендеше, тіл мәселесі - халықтық мәселе. Біздің тіл теңдесі жоқ байлық, казак тілі өсу үстіндегі, адам баласының кез келген күрделі ойын бейнелеудегі мүмкіндігі зор, аса бай тіл. Кез келген тілден сол халықтың өмірі, өткен тарихы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі көрінеді.

Сондықтан да оны көздің қарашығындай қастерлеу - азаматтық борышымыз.

Билет № 12

Мәтінді оқып, аудар.

Қазақ ырымдары

Ырым халықтың жақсы ниетінен туған ғұрып. Ырым жолдары мен түрлері өте көп. Мысалы, шешен болсын деп аузына түкіру, отаншыл болсын деп туған жерге аунату, сондай болсын деп батырдың сарқытын жегізу немесе оның атын қою сияқты ырымдар бар. Абай, Абылай, Бауыржан, Нұрсұлтан сияқты есімдерін қазір де ата-аналары өз балаларына ырымдап қойып жүр. Халықта жасы 100-ге жеткен адамның киімін, ұстаған затын, осындай жас берсін деп үлестіріп, бөліп алу салты бар. Сол сияқты баласы тұрмай жүрген адамдар Күшік, Итбай, Итемген, Көтібар, Терісаяқ дегендей қолайсыз ат қойса, өмірлі болады деп ырымдаған. Жалпы айтқанда ырым халықтың сенімі мен ақ ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің бір саласы.

Қазақ ырымдары:

Тыштырма. Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбек тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп, «тышты-тышты» деп ырым жасайды және оны тыштырма деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларына үлестіріп береді.

Тоқымқағар. Жас жігіт алғаш жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Мұнда арнаулы мал сойылып, немесе сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастарқан жасалады. Алыс сапарға кеткен жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдіруге байланысты шықса керек.

Тізе бүгу. Шаруасымен бір үйге келген әр адам сол үйге отыруы немесе тым асығыс болса бір тізесін бүгуі керек. Ертеден келе жатқан бұл ырым шаңыраққа деген құрметтің белгісі.

Тұмар тағу. Бала, ересек адам ауырғанда молдаларға дұға жаздырып оны үшбұрыштап, матаға не теріге тігіп баланың мойнына тағып қояды. Бұл пәле-жаладан, тіл көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген діни ұғымнан туған.

Билет № 13

Мәтінді оқып, аудар, жалғастыр.

Газет және оның ерекшеліктері

  1. Газет - мерзімді, уақытша не бір рет қана шығатын басылым.

  2. Оның ағымдағы саяси, мәдени, экономикалық, спорттық, т.б. оқиғалар туралы шағын көлемді материалдары мен фотодеректері түптелмейтін әр түрлі қалыптағы парақтарға басылады.

  3. Газеттердің арғы тегі, ежелгі Шығыс қалаларында көпшілік орындарға ілінетін хан жарлықтары, жарналық мағлұматтардан бастау алады.

  4. Өзге басылымдардан газет өзіндік қалыбымен, көлемімен және шығу мерзімінің жиілігімен ерекшеленеді.

  5. Газеттің шығармашылық-шаруашылық жұмыстарына бас редактор басшылық жасайды.

  6. Газет түрлерін ата: