
- •Билет № 1
- •Тыйым сөздер
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Аға буын суретшілері
- •Билет № 4
- •Абайдың мұражай үйі
- •Билет № 5
- •Ақылбай Абайұлы Құнанбаев
- •Билет № 7
- •Қазақ халқының мәдениеті
- •Билет № 6
- •Компьютер
- •Билет № 8
- •Ұлағаттты ұлы ұғымдар
- •Билет № 9
- •Тәуелсіздігімізді қастерлейік!
- •Билет № 10
- •Қазыбектің шешімі
- •Билет № 11
- •Тіл мәдениеті
- •Билет № 12
- •Қазақ ырымдары
- •Билет № 13
- •Газет және оның ерекшеліктері
- •Билет № 14
- •Әбілхан Қастеев атындағы галерея
- •Билет № 15
- •Әке мен бала
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Радиохабар
- •Билет № 18
- •Николай Гаврилович Хлудов
- •Билет № 19
- •А қпарат құралдары
- •Билет № 20
- •Қабанбай батыр
- •Билет № 21
- •Қазыбектің Жоңғар ханына берген жауабы
- •Билет № 22
- •Ресейдегі Эрмитаж бен Третьяков галереясы
- •Билет № 23
- •Жеті қазына мен жеті ырыс
- •Билет № 24
- •Қазақстан -2030 білім беру туралы
- •Билет № 25
- •А қыл, ғылым, бақыт
Билет № 8
Мәтінді оқып, аудар.
Ұлағаттты ұлы ұғымдар
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар деп есептелген. Мысалы, орта ғасыр астрологтардың жеті күнге жеті жұлдыздың атын қойып жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күні деп, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндеріне ат берген. Бұл күндердің ішінде әр күнге арнайы ырымдар жасаған: жолға сәрсенбі – сәтті күн шығуы, немесе тойды сәрсенбі күні жасауы, жұма ауыр күн деп есептеп, жолға шықпай, құдайы садақа беріп, мешітке намазға баруы. Өлген адамның жетімін беріп, жеті шелпек пісіріп еске алу, баланың ержетуін жаспен мөлшерлеп, «Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің», «Жеті қабат жер асты» деуі т.б. Жеті санымен байланысты ұғымдар: «Жеті ата», «Жеті жарғы», «Жеті күн», «Жеті ғалам» (шығыс, батыс, терістік, түстік, жер ортасы, аспан, жер асты), «Жеті қазына мен жеті ырыс», «Жеті жұт» (құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, жер сілкінуі )т.б.
Тоғыз санымен байланысты мынадай сөз тіркестері бар: «тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келеді», «тоғыз қабат торқа кию», «Тоғыз жолдың торабы», т.б.
Байырғы қазақ календары бойынша он екі санын да қасиетті санаған. Он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың атын беруін, оларды 12 қазына деп атаған, он екі жылды адамның бір мүшелі деп арнайы атап кеткен.
Жаңа туған баланы қырқынан шығару, өлген адамның қырқын беру.
Билет № 9
Мәтінді оқып, аудар.
Тәуелсіздігімізді қастерлейік!
Біздің халқымыздың жағдайы бүгінгі заман шындығында тек өзінің тәуелсіз мемлекеті бар болса ғана жақсара алатыны - әркімге аян ақиқат.
Ендеше халқына шындап жаны ашитын адам алдымен өз мемлекеттігін, Конституциясын қадірлесін. Әйтпесе, өз мемлекетіне жаны ашымайтын, сол жолда нақты іс атқар-майтын адамның халықшыл болып, отаншыл болып қарық қылмайтыны белгілі. Мұны, әсіресе, ақпарат құралдары есте ұстауға тиісті. Тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді қастерлеуге, барша халықты тәрбиелеуге мұқият мән беруге міндетті.
Қазір қолға алынып жатқан шаруаның барлығы - біздің болашаққа сенімділігіміздің белгісі, өз күшімізге сеніміміздің белгісі.
Билет № 10
Мәтінді оқып, аудар.
Қазыбектің шешімі
Қазыбек би – Төле би мен Әйтеке бидің тұстасы, қазақтың атақты билерінің бірі. Тәуке ханның дәуірінде Орта жүзді биледі. Оның әділдігін, шешендігін, асқан ақылдылығын халық бағалап, Қаз дауысты Қазыбек атап кеткен.
Аңыз бойынша Қазыбек бидің алдына бір бала үшін дауласып екі әйел келеді:
Әйелдердің бірі:
Мен баламды жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін сұрасам, «өз балам» деп бермейді, дейді.
Екінші әйел:
Бала өзімдікі. Мынау босқа жармасып тұр, дейді.
Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып, отырып қалады. Содан кейін шындықты анықтау үшін, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып, балтаны көтеріп тұрып:
- Екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма? - дейді.
Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
Біреуге тірі кеткенше, жарты болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! депті. Ал баланы таныған әйел:
Ойбай, биеке! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! Деп жалынады. Сонда Қазыбек би:
Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың амандығын тілеп тұр. Баласын өзіңе бер деп билік айтады.