Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты по казахскому языку.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52.36 Кб
Скачать

Билет № 4

Мәтінді оқып, аудар.

Абайдың мұражай үйі

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы–ақынның туғанына 95 жыл толуы қарсаңында 1940 жылы 1 сәуірде ұйымдастырылды. Оның негізгі қорын 1885 жылы өлкетану мұражайына Абай тапсырған заттар құрайды. Аталмыш заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы. 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Абай мұражайы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы болып қайта құрылды. Бас мұражай экспозициясы келесі залдардан тұрады: «Абай және оның дәуірі», «Абай шығармашылығы», «Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары», «Абай аудармалары мен музыкалық мұрасы», «Шығыс поэмалары», «Ескендір поэмасы», «Күмбезді зал», «Жыл мезгілдері», «Жаз өлеңіне арналған панорамалық заң», «Тақырыптық көрмелер залы», «Ақындық айналасы», «Абай халық жүрегінде», «Сыйлықтар залы». Мұражайда Абайдың медреседе пайдаланған түпнұсқа кітаптар қойылған. Бұлар әдеби оқулықтар, шығыс ғұламаларының еңбектері. Жазушы М.Әуезовтың өз қолымен сыйға тартқан ақынның көзі тірісінде түскен фотосуреттері және Абай үйінің дүниелері асылдың көзіндей сақтаулы. Сонымен қатар мұражай қаланың музыка, өнер саласындағы өнерпаздарының жиі бас қосатын жері.

Билет № 5

Мәтінді оқып, аудар.

Ақылбай Абайұлы Құнанбаев

Ақылбай - Абайдың баласы. Ол дарынды домбырашы болған, өлең шығарып айтқан.

Оның жастық, махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңдері болған. 1895 жылы Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның қайтыс болуына шығарған жоқтауы да сақталған. Бірақ негізінде, Ақыл-байды дарынды ақын ретінде танытқан оның белгілі поэмалары: "Дағыстан", "Зұлыс", "Жанақ батыр". Бұл шығармалардың ішінен бізге толық жеткені тек "Дағыстан" ғана. "Зұлыс" поэмасының басы сақталса, "Жанақ батыр" түгелдей жоғалып кеткен.

Ақылбайға Абайдың тікелей әсері болғандықтан, жас ақын романтикалық поэмалар жазуға ұмтылып, біраз еңбек еткен.

Ақылбай 1904 жылы Семей қаласында қайтыс болады. Оның бейіті Семей облысы, Абай ауданы, өз қыстауы Тышқан бұлағының басында.

Билет № 7

Мәтінді оқып, аудар.

Қазақ халқының мәдениеті

Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері қазақ жерінде өмір сүріп келе жатқан қазақ халқының материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты қазақ халқына тән материалдық мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналары қамтыған мәдениет болды. Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақтың күнтізбесі, бай, әдеби мұралар, көркем өнердің сан алуан түрлері, мәдениет мұралары, т.б. ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Билет № 6

Мәтінді оқып, аудар.

Компьютер

Адамзат баласы орта ғасырдан бастап есептеу жұмыстарын жүргізуге мұқтаж болды. Алғашқы кезде оған аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Өткен ғасырдың 40-жыл-дарында қолмен есептеу курстары көптеген материалдық ресурстарды және адам күшін талап ете бастады. Мысалы: АҢШ-тағы атом бомбасын жасау кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатыстырылған.

XX ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.

1946 жылы алғаш пайда болған электрлік есептеуіш ма-шиналар (ЭЕМ) электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ олардың көлемі жүз есеге дейін кішірейді.

70-жылдар басында "тұрмыстық" (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шарын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды.

Микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға 1981 жылы "дербес компьютер" деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.