
- •34 Ias халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Анықтамалар
- •Аралық қаржы есептілігінің ең аз құрамдастары
- •Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкестікті ашу
- •Аралық қаржы есептілігін ұсыну талап етілетін кезеңдер
- •Жылдық қаржы есептілігінде ашып көрсету
- •Тану және бағалау қағидаттарын қолдану
- •Бағалауларды пайдалану
- •Аралық кезеңдердің есептілігінде бұрын көрсетілгендерді қайта есептеу
Тану және бағалау қағидаттарын қолдану
40. В қосымшасы 28-39-параграфттарда белгіленген тану мен бағалаудың жалпы қағидаттарын қолдану мысалдарын қамтиды.
Бағалауларды пайдалану
41. Аралық қаржы есептілігінде қолданылуға тиіс бағалау рәсімдері алынатын ақпараттың сенімділігіне және компанияның қаржылық жағдайы мен қызметінің нәтижелерін пайымдау үшін маңызы бар барлық елеулі қаржылық ақпараттың тиісінше ашылғанына кепілдік беруге тиіс. Жылдық, сондай-ақ аралық қаржы есептілігіндегі сомалары орынды бағалауларға негізделетіндіктен, аралық қаржы есептілігін дайындау, жалпы алғанда, жылдық қаржы есептілігін жасауға қарағанда бағалау әдістерін көбірек қолдануды талап ететін болады.
42. С қосымшасы аралық кезеңдерде есептік бағалауды пайдаланудың үлгілерін келтіреді.
Аралық кезеңдердің есептілігінде бұрын көрсетілгендерді қайта есептеу
43. Есеп саясатындағы өзгеріс, қандай да бір жаңа Стандарт немесе Түсіндірме ауысуды белгілеген өзгерісті қоспағанда, міндетті түрде мыналар арқылы көрсетілуге тиіс:
(а) ағымдағы қаржы жылының осының алдындағы аралық кезеңдердегі және 8 IAS Халықаралық стандартына сәйкес жылдық қаржы есептілігінде қайта есептелетін осының алдындағы қаржы жылдарының салыстырылып отырған аралық кезеңдеріндегі қаржы есептілігін қайта есептеу;
немесе
(b) қаржы жылының басында шын мәнісінде жаңа есеп саясатын қолданудың барлық алдыңғы кезеңдерге тиісті жиынтық ықпалын айқындау мүмкін болмаған кезде – жаңа есеп саясатын келешекте шын мәнісінде мүмкін болатын барынша ертерек күннен бастап қолдану үшін, ағымдағы қаржы жылының осының алдындағы аралық кезеңдердегі және осының алдындағы қаржы жылдарының салыстырылып отырған аралық кезеңдеріндегі қаржы есептілігін түзету.
44. Бұрынғы қағидаттың мақсаты бүкіл қаржылық жыл бойына тұтастай операциялардың нақты класына бірыңғай есеп саясатын қолдануды қамтамасыз етуден тұрады. 8 IAS Халықаралық стандартына сәйкес, есеп саясатындағы өзгеріс, егер мұны орындау іс жүзінде қаншалықты мүмкін болса, ұзап кеткен соншалықты уақыттағы осының алдындағы кезеңнің қаржылық деректерін қайта есептей отырып, ретроспективті қолдану арқылы көрсетіледі. Алайда, өткен қаржылық жылға қатысты түзетудің жиынтық сомасын іс жүзінде айқындау мүмкін болмаса, онда 8 IAS Халықаралық стандартына сәйкес тиісті жаңа есеп саясаты келешекте шын мәнісінде мүмкін болатын неғұрлым ертерек күннен бастап қолданылады.. 43-параграфта ұсынылған қағидаттың күші не ретроспективті түрде, не, егер бұл іс жүзінде мүмкін болмаса, перспективті түрде қаржы жылының басынан кешіктірмей, ағымдағы қаржы жылы жүргізілген есеп саясатындағы кез келген өзгерісті қолдануды талап етуден тұрады.
45. Есеп саясатындағы өзгерісті ағымдағы қаржылық жыл ішіндегі аралық күнгі жағдай бойынша көрсетуге рұқсат беру бір қаржылық жылдың ішінде операциялардың нақты класына әр түрлі екі есеп саясатын қолдануға мүмкіндік берген болар еді. Мұның өзі аралық бөлудегі қиындықтарға, операция нәтижелерін бұрмалауға, аралық кезеңнің ақпаратын талдауды және түсінуді күрделендіруге әкеліп соққан болар еді.
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ
46. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1999 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржылық есепке қатысты күшіне енеді. Стандартты мерзімінен бұрын қолдану құпталады.
47 1 (IAS) (2007 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 4, 5, 8, 11, 12 және 20 тармақтарына түзетулер енгізілді. 13 тармағы алынып тасталды және 8А және 11А тармақтары қосылды. Кәсіпорын осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер кәсіпорын 1 (IAS) (2007 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
48 3 IFRS (2008 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС бойынша 16(і) тармағына түзетулер енгізілді. Кәсіпорын осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер кәсіпорын 3 IFRS (2008 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.
* Осы тармаққа 34 (IAS) ХҚЕС -ның қолданылу саласын айқындау үшін 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына жетілдірулер бойынша түзетулер енгізілді.