Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-34.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102.4 Кб
Скачать

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкестікті ашу

19. Егер компанияның аралық қаржы есептілігі осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес жасалынса, онда бұл факт ашылуға тиіс. Аралық қаржы есептілігі әрбір қолданылатын Стандарттың және Түсіндірме жөніндегі тұрақты комитет берген әрбір қолданылатын түсіндірменің барлық талаптарын орындамаса ғана, ол Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес деп сипатталмауы тиіс.

Аралық қаржы есептілігін ұсыну талап етілетін кезеңдер

20. Аралық қаржы есептілігіне төмендегі кезеңдер үшін мынадай аралық қаржылық есептер (ықшамдалған немесе толық) кіруге тиіс:

(а) ағымдағы аралық кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша бухгалтерлік баланс және тікелей алдағы қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша салыстырмалы бухгалтерлік баланс;

(b) тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын аралық кезеңдеріндегі (ағымдағы және осы күн қарсаңындағы жыл үшін) толық табыс туралы есептермен салыстырылған ағымдағы аралық кезеңдегі және өспелі қорытындымен ағымдағы қаржы жылындағы толық табыс туралы есептер. 1 IAS (2007 жылы қайта қаралғандай) Халықаралық стандартында рұқсат етілгендей, аралық есеп әрбір кезең үшін толық табыс туралы жалғыз есепті немесе пайда немесе шығынның компоненттерін көрсететін (бөлек табыс туралы есеп) есепті және пайда немесе шығыннан басталатын және басқа толық табысбың компоненттерін көрсететін екінші есепті (толық табыс туралы есеп)ұсынуы мүмкін

(с) тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын кезеңіндегі есеппен салыстырғандағы ағымдағы қаржы жылындағы өспелі қорытындымен үлестегі өзгерістерді көрсететін есептілік; және

(d) тікелей алдыңғы қаржы жылының салыстырылатын кезеңіндегі есеппен салыстырғанда ағымдағы қаржы жылы үшін жалпы қорытындымен ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп.

21. Шаруашылық қызметі анық маусымдық сипаттағы компания үшін аралық есептілік күнімен аяқталатын он екі ай үшін қаржылық ақпарат және өткен он екі ай үшін салыстырмалы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Тиісінше, шаруашылық қызметі анық маусымдық сипаттағы компаниялардың алдыңғы параграфта талап етілетін ақпаратқа толықтыру ретінде осындай ақпарат ұсыну мүмкіндігін қарауы қуатталады.

22. А қосымшасы компаниядан жартыжылдық және тоқсандық есептер беруі талап етілетін кезеңдерді көрсетеді.

Маңыздылығы

23. Аралық қаржы есептілігінің мақсаты үшін бапты қалай тану, бағалау, жіктеу немесе ашу туралы шешімдер қабылдау кезінде маңыздылық аралық кезеңдегі қаржы деректеріне қатысты бағалануға тиіс. Маңыздылықты бағалау кезінде аралық өлшемдердің жылдық қаржы деректерінің өлшемдеріне қарағанда баға көрсеткіштеріне көбірек сүйене алатындығын мойындаған жөн.

24. 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандарты және 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандарты, егер баптың болмауы немесе дұрыс ұсынылмауы қаржы есептілігін пайдаланушылардың тиісті экономикалық шешімдеріне ықпал ете алатын болса, оны маңызды деп айқындайды. 1 IAS Халықаралық стандарты (мысалы), тоқтатылған қызметті қоса алғанда, маңызды баптарды жекелей ашуды талап етеді, ал 8 IAS Халықаралық стандарты есептік бухгалтерлік бағалардағы өзгерістерді, есеп саясатындағы қателер мен өзгерістерді ашуды талап етеді. Бұл екі Стандартта маңыздылыққа қатысты сандық бағдарлар болмайды.

25. Маңыздылықты бағалау кезінде әрқашан негіздеме қажет болатындықтан, аралық сандарды түсінуді жеңілдетеді деген дәлелмен тану және ашу туралы шешімді тек қана аралық кезеңдегі деректердің негізінде қабылдауды көздейді. Осылайша, мысалы, ерекше баптар, есеп саясатындағы немесе бағалаулардағы өзгерістер және қателер ашпау жағдайында туындауы мүмкін жаңылыстарды болдырмас үшін аралық кезеңдегі деректерге қатысты маңыздылық негізінде танылады және ашылады. Аралық кезең ішіндегі қаржылық жағдайды және ұйымның қызмет нәтижелерін пайымдау үшін маңызы бар ақпараттың барлығын аралық қаржы есептілігіне қосуды қамтамасыз ету басым мақсат болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]