Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-37.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141.82 Кб
Скачать

Тәуекел және белгісіздік

  1. Көптеген оқиғалар мен жағдайлардың болуы шүбәсіз тәуекелдер мен белгісіздік бағалау міндеттемелері бойынша ең дұрыс есептік бағалауды алу үшін ескерілуі тиіс.

43. Тәуекел нәтиженің өзгергіштігін көрсетеді. Тәуекелдерге түзету енгізу өлшенетін міндеттеменің сомасын көбейтуі мүмкін. Белгісіздік жағдайында пікір айтқан кезде кірістер мен активтерді көтермеу үшін және шығыстар немесе міндеттемелерді төмендетпеу үшін сақтық керек. Алайда, белгісіздік артық бағалау міндеттемелерін жасауды немесе міндеттемелерді әдейі көтеруді ақтамайды. Мысалы, аса жағымсыз нәтижелердің болжанатын шығындары сақтықпен бағаланса, онда кейін нәтиже шын мәніндегіге қарағанда неғұрлым ықтимал ретінде қарастырылмайды. Тәуекел мен белгісіздікке түзету бағалау міндеттемелерін кейін көтеру арқылы қайталанбас үшін сақтық қажет.

  1. Шығындар сомасына қатысты белгісіздіктерді ашу 85(b)-параграфқа сәйкес жүргізіледі.

Дисконтталған құн

  1. Ақшаның уақытша құнына әсер көп болғанда, бағалау міндеттемелерінің сомасы міндеттерді өтеу үшін қажет шығындардың дисконтталған құнын білдіреді.

  2. Есептік күнінен кейін пайда болатын ақша қаражаттарының кетуіне жататын бағалау міндеттемелері ақшаның уақытша құнына байланысты неғұрлым қиын болса, осы сомада ақша қаражаттарының кетуі кейінірек пайда болады. Сондықтан, ықпал елеулі болса, бағалау міндеттемелері дисконтталады.

  3. Дисконттау ставкасы (немесе ставкалары) міндеттемелерге тән ақша мен тәуекелдің уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағалауын көрсететін салыққа дейін ставка (немесе ставкалар) болуы тиіс. Дисконттау ставкасы (ставкалары) ақша қаражаттарының болашақ тасқындары түзетілген тәуекелдерді көрсетпеуге тиіс.

Болашақ оқиғалар

  1. Міндеттемелерді өтеу үшін қажетті сомаға әсер ететін болашақ оқиғалар олардың болуы туралы жеткілікті объективті растаулар болған жағдайда бағалау міндеттемелері сомасында көрсетіледі.

  2. Күтілетін болашақ оқиғалар бағалау міндеттемелерін өлшеу кезінде ерекше болуы мүмкін. Мысалы, технологиядағы болашақ өзгерістер нәтижесінде алаңды тазалау бойынша шығындарды компания оны пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты төмендеуі мүмкін деп санайды. Танылған сома алаңды тазалау сәтінде қажет болатын технологияға қатысты барлық бар негіздемелерді есепке ала отырып, техникалық білікті объективті бақылаушылардың орынды күтулерін көрсетеді. Сондықтан бар технологияларды қолдану тәжірибесімен немесе тазалау бойынша бұрын оған қолданылған неғұрлым ірі немесе неғұрлым күрделі қолданылып жүрген технологияны қолданудың күтіліп отырған шығындарына байланысты шығындардың күтіліп отырған қысқартуын енгізу орынды. Алайда компания бұл барынша объективті негіздемемен расталмайынша тазалау үшін мейлінше жаңа технологияны әзірлеуді күтпейді.

  3. Ықтимал жаңа заңнаманың әсері іс жүзінде заңнаманың сөзсіз қабылданатынына жеткілікті объективті негіздеме болған жағдайда, қолданылып жүрген міндеттемелерді өлшеу кезіндегі есеп қабылданады. Практикада пайда болатын міндеттемелердің алуан түрлілігі әрбір жағдайға жеткілікті объективті негіздеме болатын бірыңғай оқиғаны айқындауды қиындатады. Негіздеме болашақ заңнамадағы талаптарға қатысты қаншалықты қажет болса, шын мәнінде ол қабылданып, енгізіле ме деген мәселелерге де қажет. Көптеген жағдайларда жеткілікті объективті негіздеме заңды іс жүзінде қабылдағанға дейін болмайды.

Активтердің күтілетін шығаруы

  1. Активтердің күтілетін шығаруынан түсетін пайда бағалау міндеттемелерін өлшеу кезінде есептелмеуге тиіс.

  2. Күтілетін шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғаларға тығыз байланысты болғанның өзінде, активтердің күтілетін шығаруынан түсетін пайда бағалау міндеттемелерін өлшеу кезінде есептелмеуге тиіс. Мұның орнына компания тиісті активтерді қарастыратын Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты белгілеген сәтте активтердің күтілетін шығаруынан болған пайданы таниды.

ӨТЕУ

  1. Бағалау міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін қажетті кейбір немесе барлық шығындарды күтілетін басқа тарап өтейді деп өтеу компания міндеттемені өтей алатыны күмәнсіз болған жағдайда ғана, сонда ғана өтеу мойындалады. Өтеу жеке актив ретінде ескерілуге тиіс. Өтеу ретінде танылған сома бағалау міндеттемесінің сомасынан аспауға тиіс.

  2. Пайда мен залал туралы есепте бағалау міндеттемелеріне жататын шығыс өтеуге қатысты танылған соманы шегеріп тастағанды білдіреді.

  3. Жекелеген жағдайларда компания бағалау міндеттемелерін қамтамасыз етуге қажетті (мысалы, сақтандыру шарты, жеткізушінің шығындарды өтеу немесе кепілдіктер туралы жазғандары) шығындардың барлығын немесе бір бөлігін басқа тарап жабады. Басқа тарап компания төлеген соманы қайтарады не осы соманы тікелей төлейді.

  4. Көптеген жағдайларда компания қаралып отырған барлық сомалар үшін жауапты болады, яғни компания қандай да бір себептермен үшінші тарап төлемеген жағдайда, соманың барлығын төлеуі тиіс. Осындай жағдайда бағалау міндеттемелері міндеттеменің толық сомасында мойындалады және күтіліп отырған өтеу бойынша жеке актив танылады; әрі мұндай актив, егер компания міндеттемені жапқанда өтеу алынатын болса, актив сөзсіз танылады.

  5. Кейбір жағдайларда компания, үшінші тарап төлей алмайтын болса, қаралып отырған шығындар бойынша жауап береді. Мұндай жағдайларда компания осындай шығындар бойынша міндеттемелер алмайды және олар бағалау міндеттемелеріне кірмейді.

  6. 29-параграфта көрсетілгендей, ортақ жауапкершілік атқаратын компания бойынша міндеттеме шартты міндеттеме болып табылады, бұл жағдайда міндеттемені басқа тарап өтейді.

БАҒАЛАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

  1. Бағалау міндеттемелері әрбір есептік күні қайта қаралуы және ағымдағы ең дұрыс есептік бағалауда көрсету үшін түзетілуі тиіс. Егер міндеттемені реттеу үшін экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығаруды қажет ететін міндеттемелерді реттеу үшін мүмкіндік болмаса, онда бағалау міндеттемелері қайтарылады.

  2. Дисконттауды пайдалану кезінде уақыт факторын көрсету мақсатында әрбір кезеңде бағалау міндеттемелерінің баланстық құны көбейеді. Бұл көбею пайыздық шығыс ретінде танылады.

БАҒАЛАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ

  1. Бағалау міндеттемелері бастапқыда мойындалғандар үшін осы шығындар бойынша ғана пайдаланылады.

  2. Бағалау міндеттемелеріне қарсы бастапқыда жасалғандарға қатысты шығындар ғана есептеледі. Бастапқыда басқа мақсаттарда жасалған бағалау міндеттемелеріне қарсы шығындарды есептеу екі түрлі оқиғаның әсерін жасыратын болады.

ТАНУ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚОЛДАНУ

Болашақ операциялық залалдар

  1. Бағалау міндеттемелері операциялық қызметтен болған болашақ залалдар үшін мойындалмауға тиіс.

64. Болашақ операциялық залалдар 10-параграфтағы міндеттемелер және 14-параграфтағы бағалау міндеттемелері үшін белгіленген мойындаудың жалпы критерийлері бойынша анықтамаға жауап бермейді.

65. Болашақ операциялық залалдарды күту белгілі бір активтер қызметінің құнсыздануының көрсеткіші болып табылады. Компания 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздануға осындай активтерге тексеру жүргізеді.

Міндет жүктелген шарттар

66. Компанияда міндет жүктелген шарт болған жағдайда, осы шарт бойынша ағымдағы міндеттеме танылады және бағалау міндеттемесі ретінде өлшенеді.

  1. Көптеген шарттар (мысалы, сатып алуға арналған әдеттегі тапсырмалар) басқа тарапқа өтемақы төлемей-ақ жойылуы мүмкін және тиісінше бұл жерде міндеттеме болмайды. Басқа шарттар әрбір келісетін тараптар үшін құқықтар мен міндеттерді белгілейді. Оқиға осындай шартты міндет жүктелген шарт жасағанда, ол осы Стандартты қолдану саласына тап болады және танылатын міндеттемесі болады. Міндет жүктелген болып табылмайтын орындалу үстіндегі шарттар осы Стандартты қолдану саласына кірмейді.

  2. Осы Стандарт шамасы олар бойынша алынатын экономикалық пайдадан асып түсетін, орындауы болмай қоймайтын шығындарды қажет ететін шарт ретінде міндет жүктелген шартты айқындайды. Шарт бойынша болмай қоймайтын шығындар шарттан шығудың ең төменгі құнын көрсетеді, ол, өз кезегінде, шартты орындауға кеткен шығындардың және өтемақы немесе оны орындамағаны үшін айыппұл төлеуге кететін шығындардың ең төменгі мөлшерін білдіреді.

  3. Міндет жүктелген шарт бойынша жеке бағалау міндеттемесін жасамас бұрын, компания осы шартқа жататын активтердің құнсыздануы бойынша кез келген залалды таниды (36-«Активтердің құнсыздануы» IAS қараңыз).

Қайта құрылымдау

  1. Төменде қайта құрылымдау анықтамасына кіретін оқиғалар мысалы берілген:

(а) қызмет түрін сату немесе тоқтату;

(b) елде немесе аймақта шаруашылық бөлімшелерін жабу немесе шаруашылық қызметін бір елден екінші елге немесе аймаққа ауыстыру;

(с) менеджмент құрылымындағы өзгерістер, мысалы, менеджменттің қандай да бір деңгейін жою; және

(d) компания қызметінің сипатына және бағытына елеулі әсер ететін түбірлі қайта ұйымдастыру.

71. Қайта құрылымдауға шығындар бойынша бағалау міндеттемелері 14-параграфта белгіленген бағалау міндеттемелері үшін мойындаудың жалпы критерийлерін сақтаған кезде ғана танылады. 72-83-параграфтар мойындаудың жалпы критерийлері сияқты қайта құрылымдауға қолданылады.

72. Қайта құрылымдау бойынша шығындарға бағалау міндеттемелері бағалау міндеттемелерін мойындаудың жалпы критерийлерін сақтаған жағдайда ғана танылады. Бұл контексте қайта құрылымдау бойынша міндеттеме компания:

(а) қайта құрылымдаудың жан-жақты ресми жоспары болғанда туындайды, олар:

(і) қызметті немесе оның бір бөлігін;

(іі) негізгі орналасқан жерін;

(ііі) орналасқан жерін, функциясын және оларды жалдаудың тоқтатылуына байланысты өтемақы берілетін қызметкерлердің шамамен алынған санын;

(іv) келтірілетін шығындарды; және

(v) жоспарды орындау мерзімдерін айқындайды; және

(b) осы жоспарды орындауды бастай отырып немесе мүдделі тұлғаларға жоспардың тетіктері мен ерекшеліктерін жариялай отырып, қайта құрылымдауды жүргізетінін мүдделі тұлғаларға негізделген күтулермен түсіндіреді.

  1. Компанияның қайта құрылымдау жоспарын жүзеге асыра бастауына, мысалы, жабдықтарды бөлшектеуді бастау не қайта құрылымдау жоспарының негізгі сипатын ашық жариялау куә болуы мүмкін. Қайта құрылымдаудың жан-жақты жоспарын ашық жариялау практикадан туындайтын міндеттемелерге себеп болады - компанияның қайта құрылымдауды жүзеге асыратыны туралы тапсырыс берушілер, жеткізушілер және қызметкерлер (немесе олардың өкілдері) сияқты басқа тараптарда шын мәнінде күту тудыру үшін жеткілікті деректермен (яғни, жоспардың негізгі сипаттары белгіленді) жасалған жағдайда ғана қайта құрылымдауды жүргізуге болады.

  2. Қайта құрылымдау жоспары оны тараптарға жариялаған кезде практикадан туындайтын міндеттемелердің себебі болып табылуы үшін қайта құрылымдау жоспарына елеулі өзгерістер енгізудің күмәнді болуы оны орындаудың тез басталуы және оны аяқтаудың осындай мерзімі онда жоспарлануға тиіс. Қайта құрылымдау басталар алдында едәуір кідіріс болса немесе қайта құрылымдау негізсіз ұзақ уақытқа созылса, жоспар басқа тараптар жағынан негізделген күтулер тудыратыны күмәнді болады, бұл уақытша шектеу компания үшін жоспарын өзгерту мүмкіндігін жасайтындықтан, компанияға қазіргі уақытта қайта құрылымдауды жүргізуді міндеттейді.

  3. Есептік күнге дейін қабылданған қайта құрылымдау туралы басқарушының немесе директорлар кеңесінің шешімі есептік күнге дейін компания:

(а) қайта құрылымдау жоспарын жүзеге асыруды бастамаған;

немесе

(b) осы мәселе барынша нақты түрде әсер ететін тараптарға қайта құрылымдау жоспарының негізгі сипатын жариялайды, бұл сол тараптарда компанияның қайта құрылымдауды жүргізуі туралы негізделген күтулерін туғызған жағдайларды қоспағанда, есептік күніне практикадан туындайтын міндеттеме алмайды.

Кейбір жағдайларда компания қайта құрылымдау жоспарын жүзеге асыруды бастайды немесе ол оның негізгі сипаттары туралы есептік күннен кейін жариялайды. Сонда 10-«Есепті күннен кейінгі оқиғалар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес қайта құрылымдау ол туралы ақпаратты ашу дұрыс бағалау мен шешімдер қабылдауда қаржылық есептілікті пайдаланушылардың қабілетіне әсер ететін жағдайда ақпаратты ашу қажет болады.

76. Практикадан туындайтын міндеттеме басшылықтың шешімімен ғана жасалмайды, ол осындай шешіммен басқа бұрынғы оқиғалар жиынтығынан пайда болуы мүмкін. Мысалы, қызметкерлердің өкілдерімен жұмыстан шыққан кезде төленетін жәрдемақылар бойынша немесе сатып алушылармен операцияларды сату туралы келіссөздер директорлар кеңесінің мақұлдауымен жүргізіледі және аяқталады. Осындай бекітулер басқа тараптардан алынған немесе жеткізілген жағдайда, 72-параграфтың талаптарын сақтағанда, компанияның қайта құрылымдау бойынша практикадан туындайтын міндеттемесі болады.

77. Кейбір елдерде басшылықтың (мысалы, қызметкерлердің) мүддесінен бөлек басқа тараптардың мүддесін қолдайтын өкілдері бар басқармаға түпкілікті өкілеттік тиесілі болады не шешімді қабылдар алдында басқарма осындай өкілдердің жазбаша хабарларын талап етеді. Басқарманың шешім қабылдауы ақпаратты осындай өкілдерге жеткізу болғандықтан, бұл қайта құрылымдау бойынша практикадан туындайтын міндеттемеге алып келуі мүмкін.

78. Қызметті сату міндеттемесі компания сатуды жүргізуге міндетті болмағанға дейін, яғни міндетті күші бар сату туралы келісім пайда болғанға дейін туындамайды.

79. Компания қандай да бір қызметін сату туралы шешім қабылдаған және осы шешім туралы ашық жариялаған жағдайдың өзінде, ол сатып алушы анықталғанға дейін және міндетті күші бар сату туралы келісім жасалғанға дейін сату процесін жүргізе алмайды. Міндетті күші бар сату туралы келісім жасалғанға дейін компания өзінің пікірін өзгертуі мүмкін және ол компанияға тиімді сатып алушы таба алмаса, ол нақты түрде басқаша іс-әрекет жасай алады. Қызметті сату қайта құрылымдаудың бір бөлігі ретінде қаралатын болса, осы қызметтің активтері 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану заты ретінде қарастырылады. Сату қайта құрылымдаудың бір бөлігін ғана білдірген жағдайда, енгізілген міндеттеме міндетті күші бар сату туралы келісім жасалғанға дейін қайта құрылымдаудың басқа бөліктері бойынша пайда болады.

80. Қайта құрылымдау бойынша бағалау міндеттемелерінің құрамына қайта құрылымдауға байланысты пайда болатын тікелей шығындар, яғни бір мезгілде:

(а) міндетті түрде қайта құрылымдаумен байланысты; және

(b) компанияның ағымдағы қызметімен байланысты емес шығындар ғана кіреді.

81. Қайта құрылымдау бойынша бағалау міндеттемелеріне мынадай міндеттемелер:

(а) жұмыс істеуді жалғастырып отырған қызметкерлерді қайта даярлауға немесе орнын ауыстыруға кеткен шығындар;

(b) маркетингке шығыстар; және

(с) жаңа жүйелерге және тарату желілеріне инвестициялар кірмейді.

Болашақта істі жүргізуге жататын осындай шығындар есептік күнге қайта құрылымдау бойынша міндеттемелер болып табылмайды. Осындай шығындар қайта құрылымдаудан бөлек келтірілген болса, онда олар танылады.

82. Қайта құрылымдау күніне дейін бірегейлендірілген болашақ операциялық шығындар, 10-параграфтағы берілген анықтамаға сәйкес міндет жүктелген шарттарға жататындарды қоспағанда, бағалау міндеттемелеріне енбейді.

83. 51-параграфтың талаптарына сәйкес активтердің күтілетін шығаруларынан түсетін пайда қайта құрылымдау бойынша бағалау міндеттемелерін өлшеген кезде, тіпті активтерді сату қайта құрылымдаудың бір бөлігі ретінде қаралғанда да ескерілмейді.

АҚПАРАТТЫ АШУ

84. Компания бағалау міндеттемелерінің әрбір класы үшін:

(а) кезеңнің басына және соңына баланстық құнды;

(b) қолданылып жүрген бағалау міндеттемелерін көбейтуді қоса алғанда, кезең үшін құрылған қосымша бағалау міндеттемелерін;

(с) кезең ішінде пайдаланылған сомаларды (яғни, бағалау міндеттемелеріне қарсы шеккен немесе есептелген);

(d) жыл ішінде қайтарылған пайдаланылмаған сомаларды; және

(е) уақыт ағымының нәтижесінде пайда болған кезең ішіндегі дисконтталған соманың көбеюін және дисконттау ставкасының кез келген өзгерістерге әсерін ашып көрсетуге тиіс.

Салыстырма ақпаратты ашу міндетті емес.

85. Компания бағалау міндеттемелерінің әрбір класы үшін:

(а) міндеттеме сипаттамасының қысқаша сипатын және осы міндеттеме нәтижесінде туындаған экономикалық пайданы шығарудың күтілген уақытын;

(b) осындай шығарудың сомасына немесе уақытына қатысты белгісіздіктің пайда болу фактісін ашып көрсетуі тиіс. Балама ақпарат ұсыну қажеттілігі болғанда, компания 48-параграфта көрсетілген болашақ оқиғаларға қатысты жасалған негізгі кемшіліктерді ашып көрсетуі керек; және

(с) осы күтілетін өтеу үшін танылған кез келген актив сомасын көрсете отырып, кез келген күтілетін өтеулер сомасын ашып көрсетеді.

86. Өтеуге арналған ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болып табылатын жағдайлардан басқа, есептік күні шартты міндеттемелердің әрбір класы үшін компания шартты міндеттеменің сипаттамасының қысқаша сипатын ашуы тиіс, мұнда:

(а) 36-52-параграфтарға сәйкес алынған қаржы әсерінің бағалау мәнін;

(b) шығару сомасына немесе уақытына жататын белгісіздіктің пайда болу фактісін; және

(с) кез келген өтеу мүмкіндігін ашып көрсеткен дұрыс.

87. Қандай бағалау және шартты міндеттемелер класқа бірігуі мүмкін екендігін айқындау кезінде олар туралы бірыңғай бекіту 85 (а) және (b), және 86(а) және (b) параграфтарының талаптарын орындау үшін баптардың сипаттары ұқсас болып табыла ма, соны қарастыру қажет. Сонымен, әр түрлі өнімге берілетін кепілдікке жататын сомаларды бағалау міндеттемелерінің бірыңғай класы ретінде қарастырған дұрыс болады; екінші жағынан, жай кепілдіктерге жататын сомалар тобын және сот қарауының мәні болып табылатын сомалар тобын бір топқа біріктіру дұрыс болмайды.

88. Бағалау және шартты міндеттеме жағдайлар жиынтығынан пайда болғанда, компания бағалау және шартты міндеттемелердің арасындағы байланысты көрсету үшін 84-86-параграфтарда талап етілген ақпаратты ашуы тиіс.

89. Экономикалық пайданың түсуі ықтимал болып табылғанда, компания есептік күнгі шартты активтер сипаттамасының қысқаша сипатын және 36-52-параграфтардағы бағалау міндеттемелері үшін белгіленген принциптерге сәйкес өлшенетін қаржы әсерінің есебін ашып көрсетуге тиіс.

90. Шартты активтер туралы ақпаратты ашу кірісті алу үшін шатастыратын нұсқаулар болмауы тиіс.

91. 86 және 89-параграфтарда талап етілетін ақпарат мақсатқа сай болмауы себепті ашылмайды, бұл факт көрсетілуі тиіс.

92. Өте сирек жағдайларда 84-89-параграфтарда талап етілген кейбір немесе барлық ақпаратты ашу бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер немесе шартты активтерге қатысты басқа тараптармен дау-дамайда компанияның жағдайына едәуір зиян келтіруі мүмкін деп есептеледі. Мұндай жағдайда компания ақпаратты алуға тиіс емес, бірақ ақпараттың неліктен ашылмау фактілерімен және себептерімен бірге дау-дамайдың жалпы сипатын ашуға тиіс.

ӨТПЕЛІ ШАРТТАР

93. Осы Стандартты қабылдаудан болатын нәтиже оның күшіне енетін күніне (немесе бұрын) Стандарт бірінші рет қолданылатын кезең үшін бөлінген пайданың бастапқы сальдосына түзету ретінде есептілікте ұсынылады. Компаниядан ең алғашқы есептік кезеңдерінен бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзету және салыстырма ақпаратты қайта есептеу қажет етілмейді, бірақ мақұлданады. Егер салыстырма ақпарат қайта есептелмесе, онда ол ашылуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]