
- •37 Ias халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
- •Басқа Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында қарастырылатыннан басқа, барлық ұйымдардың бағалау міндеттемелерін, шартты міндеттемелерін және шартты активтерін қолдануы тиіс.
- •Компания шартты міндеттемені мойындамауға тиіс.
- •Компания шарты активті мойындамауға тиіс.
- •Бағалау міндеттемелері ретінде танылған сома есепті күнге ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағалауды білдіреді.
- •Тәуекел және белгісіздік
- •Дисконтталған құн
- •Ақшаның уақытша құнына әсер көп болғанда, бағалау міндеттемелерінің сомасы міндеттерді өтеу үшін қажет шығындардың дисконтталған құнын білдіреді.
- •94. [Жойылған]
- •96. [Жойылған]
Компания шартты міндеттемені мойындамауға тиіс.
Шартты міндеттеме, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі алыс болып табылған жағдайды қоспағанда, 86-параграфтың талаптарына сәйкес ашылады.
Компания міндеттеме бойынша ортақ жауапкершілік атқарған жағдайда, басқа тарап міндеттемелердің бір бөлігін жойса, ол шартты міндеттеме болып есептеледі. Компания, сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда, экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкін міндеттемелердің бір бөлігінде бағалау міндеттемелерін таниды.
Шартты міндеттемелер бастапқыда күтілгендей дамымауы мүмкін. Сондықтан экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігінің пайда болуын белгілеу үшін олар үздіксіз бағаланады. Егер болашақ экономикалық пайданы шығару бұрын шартты міндеттеме ретінде қарастырылған бап бойынша қажет болатыны мүмкін болса, онда бағалау міндеттемесі ықтимал өзгеріс болатын кезеңдегі қаржылық есептілікте танылады (сенімді бағалау жасалынбайтын ерекше сирек жағдайларды қоспағанда).
Шартты активтер
Компания шарты активті мойындамауға тиіс.
Шартты активтер әдетте жоспарланбаған немесе күтпеген оқиғалардан пайда болады, олар компанияға экономикалық пайда әкелу мүмкіндігін туғызады. Оған нәтижесі белгісіз, компания сот қарауы арқылы қанағаттанатын талап-арыз мысал бола алады.
Шартты міндеттемелер қаржылық есептілікте танылмайды, өйткені ол ешқашан іске асырылмайтын кірісті мойындауға алып келуі мүмкін. Алайда, кірісті алу іс жүзінде күмәнсіз болған жағдайда, тиісті актив шартты актив болып табылмайды және оны мойындау орынды.
Шартты актив 89-параграфта талап етілгендей, экономикалық пайданың түсуі мүмкін болған жағдайда ашылады.
Шартты активтер қаржылық есептілікте тиісті өзгерістерді көрсетуді қамтамасыз ету үшін үздіксіз бағаланады. Егер экономикалық пайданың түсетіні іс жүзінде күмәнсіз болса, онда актив пен тиісті кіріс өзгеріс болған кезең ішіндегі қаржылық есептілікте мойындалады. Егер экономикалық пайданың түсуі мүмкін болса, онда компания шартты активті ашады (89-параграфты қараңыз).
БАҒАЛАУ
Ең дұрыс бағалау
Бағалау міндеттемелері ретінде танылған сома есепті күнге ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағалауды білдіреді.
Ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағалау - бұл есепті күніне міндеттемелерді өтеу үшін компания орынды төлеген немесе осы күнге үшінші тарап аударған сома. Әдетте, есепті күнге міндеттемені өтеу немесе аудару мүмкін емес немесе өте қымбат болады. Алайда, компания міндеттемені өтеу немесе аудару үшін дұрыс төлеген соманы бағалау есепті күнгі ағымдағы міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең дұрыс бағасын береді.
Нәтижелер мен қаржы әсерін бағалау компания басшылығының осындай операциялардың тәжірибесімен және кейбір жағдайларда тәуелсіз сарапшылардың есептерімен толықтырылған пікірлері арқылы анықталады. Қаралып отырған мәліметтерге баланс есепті күннен кейінгі оқиғаларға байланысты алынған кез келген қосымша мәліметтер кіреді.
Бағалау міндеттемелері ретінде танылған сомаларға қатысты белгісіздік жағдайға байланысты әр түрлі тәсілдермен қарастырылады. Өлшенетін бағалау міндеттемелеріне баптардың ірі жиынтығы кірген жағдайда, міндеттеме олардың тиісті мүмкіндіктері бойынша барлық ықтимал нәтижелерді салыстыру арқылы бағаланады. Мұндай статистикалық әдіс «күтілген құн» деп аталады. Бағалау міндеттемелері осы соманың, мысалы, 60% немесе 90 % жоғалу мүмкіндігіне байланысты әр түрлі болады. Ықтимал нәтижелердің үздіксіз диапазоны бар жерде, осы диапазонның әрбір нүктесі басқалары сияқты соншалықты ықтимал болғандықтан, диапазонның орташа нүктесі пайдаланылады.
Мысал
Компания сатып алушының сатып алынғаннан кейін алты ай ішінде анықталған кез келген өндірістік ақауын жөндеуге кеткен нақты шығындарын жабады. Әрбір сатылған заттан аздаған ақаулар табылған жағдайда, оны жөндеуге кететін шығын 1 миллионды құраған болар еді. Әрбір сатылған заттан ірі ақауларды анықтаған кезде жөндеуге кететін шығын 4 миллионды құрайды. Компанияның бұрынғы тәжірибесі және болашақтағы күтулері алдағы жылы сатылған бұйымдардың 75 пайызының ақауы болмайды, 20 пайызында ұсақ ақаулар, ал 5 пайызында ірі ақаулар болады деп көрсетеді. 24-параграфқа сәйкес компания тұтастай кепілдік міндеттемелері бойынша ресурстарды шығару мүмкіндігін бағалайды.
Жөндеуге кететін шығындардың күтіліп отырған құны:
(нөлден 75%) + (1,000,000-нан 20%) + (4,000,000-нан 5%) = 400 000 құрайды.
Бірыңғай міндеттеме өлшенгенде, жеке, барынша ықтимал нәтиже міндеттеменің ең дұрыс есептік бағалауы болуы мүмкін. Алайда, мұндай жағдайда да компания басқа ықтимал нәтижелерді қарастырады. Басқа ықтимал нәтижелер негізінен жоғары немесе төмен болған жағдайда, ең дұрыс есептік бағалау да көп немесе аз сома болады. Компания тапсырыс беруші үшін шығарылған негізгі жабдықтағы аздаған ақауды жөндейді деп ойласақ, 1,000 мөлшеріндегі шығындар кезінде бірінші әрекеттен-ақ жөндеу жұмыстарын аяқтау неғұрлым ықтимал нәтиже болып табылады. Егер бірінші әрекеттен ақауды жою мүмкін болмаса, онда бағалау міндеттемесін 1,000 асып түсетін сомаға мойындау керек.
Бағалау міндеттемелері салыққа дейін өлшенеді, өйткені бағалау міндеттемелерінің салықтық салдарлары және олардағы өзгерістер 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартында қаралады.