Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-40.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.24 Кб
Скачать
  1. Төменде ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар 17 IAS көзделгендерге қосымша қолданылады. 17 IAS сәйкес жылжымайтын мүлікке инвестициялар иесі операциялық жасалған жалдау шарттары туралы ақпаратты жалға берушінің ашып көрсетуге қойылатын талаптарына сәйкес ашып көрсетеді. Жылжымайтын мүлікке инвестицияларға қаржылық және операциялық жалдау шартының талаптары бойынша иелік ететін кәсіпорын жасалған жалдау шарты туралы ақпаратты жалға алушының ақпаратты ашып көрсетуге қоятын талаптарына сәйкес – қаржылық жалдау үшін және жалға берушінің – операциялық жалгерлік үшін қойылатын талаптарына сәйкес ашып көрсетеді.

  2. Кәсіпорын мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:

(а) оның әділ құн бойынша немесе нақты шығындар бойынша есепке алу үлгісін қолдануын;

(b) егер ол әділ құн бойынша есеп үлгісін қолданатын болса, оның иелігінде операциялық жалдаудың шарты бойынша тұрған жылжымайтын мүліктің үлесін жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде жіктей ме және ескере ме және қандай жағдайларда;

(c) объектіні сыныптау қиын болып көрінген жағдайларда (14-параграфты қараңыз), жылжымайтын мүлікке инвестицияларды және иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сатуға арналған жылжымайтын мүлікті шектеу мақсаттарында кәсіпорын пайдаланатын өлшемдер;

(d) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын анықтау кезінде пайдаланылған әдістер мен елеулі жол берушіліктер, бұған әділ құнның анықтамасы рыноктық ақпаратпен расталғаны немесе ол көбінесе объектінің сипатына және салыстырмалы рыноктық ақпараттың болмауына байланысты басқа факторларға (оларды кәсіпорын ашып көрсетуге тиіс) негізделгені туралы ақпарат қосылады;

(е) жылжымайтын мүлік инвестициялар объектісінің әділ құны (қаржы есептілігінде өлшенген немесе ашып көрсетілген) танымал әрі тиісті кәсіпкерлік біліктілікті меңгерген, сондай-ақ осындай санаттағы жылжымайтын мүлікке инвестицияларды бағалау жасау тәжірибесі бар және тап сол аумақта орналасқан тәуелсіз бағалаушының бағалауы негізінде, анықтауына негізделген. Мұндай ашып көрсетудің болмау фактісі қаржы есептілігіне ескертулерде ашып көрсетіледі;

(f) пайда немесе залал құрамында танылған:

(і) жылжымайтын мүлікке инвестициялардан жалгерлік кіріс; және

(іі) кезең ішінде жалгерлік кіріс келтіретін жылжымайтын мүлікке инвестицияларға қатысты тікелей операциялық шығыстар (оның ішінде жөндеуге және ағымдағы қызмет көрсетуге арналған шығыстар); және

(ііі) кезең ішінде жалгерлік кіріс келтірмейтін жылжымайтын мүлікке инвестицияларға қатысты тікелей операциялық шығыстар (оның ішінде жөндеуге және ағымдағы қызмет көрсетуге арналған шығыстар);

(iv) жылжымайтын мүлікке инвестицияларды нақты шығындар бойынша есеп үлгісі пайдаланылатын активтер қорынан әділ құн бойынша есеп үлгісі пайдаланылатын қорға сатқан кезде пайдада немесе залалда танылған әділ құнның жинақталған өзгерісінің сомасы (32С-параграфын қараңыз);

(g) жылжымайтын мүлікке инвестицияларды сату немесе істен шығып қалудан кіріс пен түсімдерді бөлу мүмкіндігіне қатысты шектеулердің болуы және сомалары;

(h) жылжымайтын мүлікке инвестицияларды сатып алу, салу немесе қайта құру не жылжымайтын мүлікті жөндеу, ағымдағы қызмет көрсету немесе жақсарту бойынша келісім-шарттық міндеттемелер.

Әділ құн бойынша есеп үлгісі

  1. 75-параграфқа сәйкес ашып көрсетілетін ақпаратқа қосымша, 33-55-параграфтарда айтылған әділ құн бойынша есеп үлгісін қолданатын кәсіпорын сондай-ақ есепті кезеңнің басындағы жылжымайтын мүлікке инвестициялардың баланстық құнын есепті кезеңнің соңындағы баланстық құнмен салыстыруды ашып көрсетіп, мыналарды көрсетуі керек:

(а) объектілер сатып алу нәтижесінде және активтің баланстық құнында танылатын келесі шығындарды капиталдандыру нәтижесінде ұлғаюы жеке ашып көрсетілетін ұлғаюлар;

(b) бизнесті біріктіру арқылы сатып алу нәтижесіндегі өсімін;

(с) сатуға немесе шығып қалуға арналған топқа енгізілген ретінде жіктелген, 5 IFRS сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен басқа шығып қалулар;

(d) әділ құнды түзету нәтижесіндегі басқа таза табыстар немесе залалдар;

(е) қаржы есептілігін тапсырудың басқа валютасына көшіру кезінде және шетелдік қызметті есеп беруші кәсіпорынның табыстау валютасына көшуі кезінде туындайтын таза бағамдық айырманы;

(f) жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілерін босалқылар мен иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік санаттарына, және керісінше ауыстыру; және

(g) басқа да өзгерістерді.

  1. Егер жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін алынған бағалаулар едәуір шамада қаржы есептілігінің мақсаттары үшін, мысалы, 50-параграфта сипатталғандай жеке активтер мен міндеттемелер ретінде танылатын активтерді немесе міндеттемелерді қайта есепке алуды болдырмас үшін түзетілсе, онда кәсіпорын бұрын қосылып, танылған жалдық міндеттемелерде танылған жиынтық соманы бөлек көрсете отырып қаржы есептілігіне енгізілген алынған бағалау мен түзетілген бағалау арасындағы салыстырманы және басқа елеулі түзетулерді ашып көрсетуге тиіс.

  2. Кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестицияларды 16 IAS айтылған негізгі есеп тәртібін пайдалана отырып өлшейтін, 53-параграфта сипатталған айрықша жағдайларда, 76-параграфта талап етілетін салыстыру жылжымайтын мүлікке инвестициялардың осы объектісіне қатысты сомаларды жылжымайтын мүлікке инвестициялардың басқа объектілеріне қатысты сомалардан бөлек ашып көрсетуі тиіс. Бұдан басқа, кәсіпорын мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:

(а) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың сипаттамасы;

(b) әділ құн жеткілікті сенімділік деңгейінде өлшене алмайтын себептерді түсіндіру;

(с) мүмкіндігінше жылжымайтын мүлікке инвестициялар әділ құнының өлшемі болжамды түрде тұрған шекараны; және

(d) әділ құн бойынша жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісі істен шығып қалған кезде:

(і) әділ құн бойынша көрсетілмейтін жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісінің істен шығып қалу фактісін;

(іі) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың мұндай объектісінің сату кезіндегі баланстық құнын; және

(ііі) танылған табыс немесе залал сомасын.

Өзіндік құн бойынша есеп моделі

  1. 75-параграф талап ететін ақпаратты ашып көрсетуге қосымша 56-параграфта айтылған нақты шығындар бойынша есеп үлгісін қолданатын кәсіпорын сондай-ақ мынадай ақпаратты ашып көрсетеді:

(а) амортизация есептеудің қолданылатын әдістері;

(b) пайдалы қолданудың қолданылатын мерзімдері немесе амортизация нормалары;

(с) есепті кезеңнің басындағы және соңындағы жылдық баланстық құн мен жинақталған амортизация (құнсызданудан болған жинақталған залалдармен қоса);

(d) мыналарды көрсететін есепті кезеңнің басындағы және соңындағы жылжымайтын мүлікке инвестициялардың баланстық құнын салыстырып тексеру:

(і) объектілер сатып алу нәтижесіндегі және актив ретінде танылатын келесі шығындарды капиталдандыру нәтижесіндегі өсім жеке ашып көрсетіп, ұлғаюды;

(іі) бизнесті біріктіру арқылы сатып алу нәтижесіндегі өсімін;

(ііі) сатуға арналған ретінде жіктелген немесе 5 IFRS сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген топқа енгізілген активтер мен өзге шығып қалуларды;

v) амортизацияны;

(v) 36 IAS сәйкес есептілікте құнсызданудан болған залалдар деп танылған соманы және есепті кезең ішінде құнсызданудан болған қалпына келтірілген соманы;

(vі) қаржы есептілігін берудің басқа валютасына ауыстырған кезде және шетелдік қызметті есеп беретін кәсіпорынның валютасына ауыстыру кезінде туындайтын таза бағамдық айырманы;

(vіі) жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілерін босалқылар және иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік санаттарына, және керісінше ауыстыруды; және

(vііі) басқа да өзгерістерді; және

е) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнын. Кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнының сенімділігін жеткілікті дәрежеде анықтай алмайтын, 53-параграфта айтылған айрықша жағдайларда, ол мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:

(і) жылжымайтын мүлікке инвестициялардың сипаттамасын;

(іі) әділ құн жеткілікті сенімділік деңгейінде есептеле алмайтын себептерді түсіндіруді; және

(ііі) мүмкіндігінше жылжымайтын мүлікке инвестициялардың әділ құнының өлшемі болжамды түрде тұрған шекараны.

Өтпелі кезең шарттары

Әділ құн бойынша есеп үлгісі

  1. Бұрын 40 IAS қолданған (2000 жылғы редакциясында) және операциялық жалгерлік шарты бойынша оның иелігіндегі жылжымайтын мүліктің тиісті критерийлерінің кейбірін немесе барлығын қанағаттандыратын объектілерін жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде жіктеуге және ескеруге шешім қабылдаған кәсіпорын осы таңдаудың ықпалын осы таңдау бірінші рет жасалған кезеңнің басында бөлінбеген пайданың сальдосын түзету ретінде тануға тиіс. Бұған қоса:

(а) егер кәсіпорын жылжымайтын мүлікке инвестициялардың осы объектілерінің әділ құнын алдыңғы кезеңдерде (5-параграфта келтірілген әділ құн анықтамасын қанағаттандыратын және 36-52-параграфтардағы ұсынымдарға сәйкес есептелген) бұрын ашып көрсеткен болса (қаржы есептілігінде немесе өзгеше жолмен), кәсіпорынның мыналарды жүзеге асыруы құпталады, бірақ талап етілмейді:

(і) осындай әділ құн ашып көрсетілген ең алғашқы есепті кезеңде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзету; және

(іі) аталған кезеңдер ішіндегі салыстырма көрсеткіштерді қайта есептеу; және

(b) егер кәсіпорын (а) тармақта көрсетілген ақпаратты бұрын ашып көрсетпеген болса, ол салыстырма ақпаратты қайта есептеуге тиіс емес және ол осы фактіні ашып көрсетуі керек.

81. Осы Стандарт 8 IAS талаптарынан ерекшеленетін қадамды қолдануды талап етеді. 8 IAS, қайта есептеу мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, салыстырма ақпаратты қайта есептеуді талап етпейді.

82. Кәсіпорын осы Стандартты алғаш рет қолданған кезде, бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзету жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін «қайта бағалаудан мүлік құны өсуінің» бабының құрамына кіретін соманы қайта сыныптауды қамтиды.

Нақты шығындар бойынша есеп үлгісі

83. 8 IAS ережелері кәсіпорын осы Стандартты алғаш қолданған кезде және есеп үлгісін нақты шығындар бойынша таңдаған кезде туындайтын есеп саясатының кез келген өзгерістеріне қатысты қолданылады. Есеп саясатының өзгеруі жылжымайтын мүлікке инвестициялар үшін «қайта бағалаудан мүлік құны өсуінің» бабының құрамына кіретін соманы қайта сыныптауды қамтиды.

84. 27-29-параграфтарда баяндалған активтерді айырбастау операцияларының нәтижесінде сатып алынған жылжымайтын мүлікке инвестицияларды бастапқы өлшеуге қатысты талаптар болашақ операцияларға ғана перспективалы түрде қолданылуға тиіс.

Күшіне енгізілетін күн

85. Кәсіпорын осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануға тиіс. Мерзімінен бұрын қолдану мақұлданады. Егер кәсіпорын осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол осы фактіні ашып көрсетуі керек.

85А 1 (IAS) Қаржылық есептіліктерді ұсыну (2007 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 62 тармаққа түзетулер енгізілді. Кәсіпорын осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер кәсіпорын 1 (IAS) (2007 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

85В 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына жетілдірулер бойынша 8, 9, 48, 53, 54 және 57 тармақтарына түзетулер енгізілді. 22 тармақ алынып тасталды және 53А және 53В тармақтары қосылды. Осы түзетулерді кәсіпорын 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап проспективті түрде жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Кәсіпорынға түзетулерді, егер құрылысы жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүліктердің әділ құны сол күндері анықталған болса, құрылысы жүріп жатқан инвестициялық жылжымайтын мүлікке 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кез-келген күннен бастап қолдануға рұқсат етіледі. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және бір уақытта 16 Негізгі өндірістік капитал ХЕС-ның 5 және 81Е тармақтарына енгізілген түзетулерді қолдануы тиіс

40 IAS қолданысын тоқтату (2000 жылғы редакциясы)

86. Осы Стандарт 40-«Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» IAS (2000 жылы шығарылған) ауыстырады.

___________

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

19

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]