
- •Қызметкерлерге берілетін сыйақылар
- •4. Қызметкерлерге берілетін сыйақыға:
- •8. Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:
- •Қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.
- •Ағымдағы міндеттеме компанияның төлемдерді жасамауға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана болуы мүмкін.
- •(B) мыналарды ашуы тиіс:
- •31. Төменде жұмыс берушілер тобының белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарынан бір мысал келтірілген:
- •Бірлескен бақылаудың шеңберінде ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары
- •Егер компания осы сияқты заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелерді сақтайтын болса, төлемдер белгіленген жоспарға ұқсас жоспардың есебін жүргізуге тиіс.
- •98. Бұрынғы қызметтер құнына мыналар кірмейді:
- •Егер ауыспалы міндеттемелердің мөлшері компанияның бұрынғы саясатына сәйкес осы күні танылған міндеттемелердің мөлшерінен аз болса, ол осы азаюды 8 iаs Халықаралық стандартына сәйкес дереу тануы тиіс.
Бірлескен бақылаудың шеңберінде ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары
34. Жалпы басқаруда тұрған түрлі ұйымдар арасында, мысалы, негізгі және еншілес ұйымдар арасындағы тәуекелдерді бөлетін төлемдер белгіленген жоспарлар жұмыс беруші топтардың жоспарлары болып табылмайды.
34А. Мұндай жоспарға қатысушы ұйым, осы жоспарға тұтастай алғанда қолданылатын жол берулер негізінде 19-IАS сәйкес осы жоспар туралы тұтастай, бағаланған ақпарат алуға тиіс. Шарттық келісім немесе төлемдер белгіленген жоспар бойынша тұтастай алғанда 19-IАS сәйкес бағаланған есептелген таза шығын жөніндегі мәлімделген саясат болған кезде, ұйым өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде топ құрамындағы ұйымға есептелген осындай таза шығындарды төлемдер белгіленген жоспар бойынша оған тануға тиісті. Мұндай тану немесе саясат болмаған кезде төлемдер белгіленген жоспар бойынша таза шығындар жоспарды қаржыландыру бойынша заңды міндет тиесілі топ құрамындағы сол ұйымға танылуы тиіс. Топтың құрамындағы қалған ұйымдар өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде есепті кезең ішінде өздері төлеген жарналарға тең мәндегі шығындарды тануға тиісті.
34В. Топтың құрамындағы әрбір ұйым үшін осындай жоспарға қатысу байланысты тараппен операцияға теңестіріледі. Тиісінше, ұйым өзінің жеке немесе бөлек қаржылық есебінде мынадай ақпарат ашуларды жүргізуге міндетті:
(а) шарттық келісім немесе төлемдер белгіленген жоспар бойынша таза шығынды есептеу саясаты не мұндай саясаттың болмау фактісін;
(b) ұйым төлеуге жататын жарнаның шамасын анықтау саясаты;
(с) егер ұйым төлемдер белгіленген жоспар бойынша таза шығынды есептеудің есебін 34А-параграфына сәйкес жүргізсе, бұл 120-121-параграфтарда көзделген сияқты жоспар туралы барлық ақпаратты тұтастай ашу;
(d) егер ұйым есепті кезең үшін төленуге жататын жарнаның есебін 34А-параграфына сәйкес жүргізсе, бұл 120А (b) – (e), (j), (n), (o), (q) және 121-параграфтардағы талаптарға сәйкес жоспар туралы ақпаратты тұтастай. 120А-параграфында талап етілетін басқа ақпарат ашулар жүргізілмейді.
35. [жойылған].
Мемлекеттік зейнетақы жоспарлары
36. Компания мемлекеттік зейнетақы жоспарын жұмыс берушілер тобының жоспары сияқты тануы тиіс (29 және 30-параграфтарды қараңыз).
37. Мемлекеттік жоспарлар барлық компанияларды (немесе белгілі бір санаттағы, мысалы, нақты саладағы барлық компанияларды) қамту мақсатында заңнамалық тәртіпте жасалады және ұлттық немесе жергілікті үкімет немесе есеп беретін компания бақыламайтын және оның ықпалындағы емес басқа да органдар (мысалы, осы мақсат үшін арнайы құрылған дербес агенттік) жүзеге асырады. Компания жасаған кейбір жоспарлар міндетті зейнетақы ретінде қамтамасыз етеді, олар керісінше жағдайда мемлекеттік зейнетақы жоспарымен жабылады, сондай-ақ ерікті негізде қосымша зейнетақымен қамсыздандырылады. Мұндай жоспарлар мемлекеттік болып табылмайды.
38. Мемлекеттік жоспарлар компанияның жоспарға сәйкес міндеттемелерінің сипаты бойынша төлемдер белгіленген жоспар және жарналар белгіленген жоспар болып бөлінеді. Көптеген мемлекеттік жоспарлар белгіленген болып табылмайды: жарналар осы кезеңге арнап есептелген зейнетақыларды төлеу үшін жеткілікті болып болжанатын деңгейде белгіленеді; ағымдағы кезеңде істеген жұмысына есептелген болашақ зейнетақылар болашақтағы жарналардан төленеді. Алайда мемлекеттік жоспарлардың көпшілігіне сәйкес компанияның болашақтағы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға заң жүзіндегі, сол сияқты жүктелген міндеттемелері де жоқ; оның жалғыз міндеттемесі – төлем мерзімінің басталуына орай жарна төлеу міндеттемесі болып табылады және, егер де компания мемлекеттік зейнетақы жоспарына қатысушыларды жалдауды тоқтатса, өз қызметкерлерінің өткен жылдардағы істеген жұмысына зейнетақы төлеу міндеттемесі пайда болады. Осы себепті мемлекеттік зейнетақы жоспарлары әдетте жарналары белгіленген жоспар ретінде қаралады. Алайда, сирек жағдайларда, мемлекеттік зейнетақы жоспары төлемдер белгіленген жоспар болып табылған кезде, компания 29 және 30 параграфтарда нұсқалған есебін жүргізу әдісін қолданады.
Зейнетақы төлемдерін сақтандыру
39. Компания еңбек қызметінің аяқталуы бойынша төлемдер жоспарын қаржыландыру үшін сақтандыру жарналарын төлеуі мүмкін. Компания өзінде мынадай заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелер (тікелей немесе жоспар арқылы жанама) туындаған жағдайдан басқа кездері жарналары белгіленген жоспар сияқты жоспарды қарауға тиіс:
(а) зейнетақыны төлеу мерзімдері басталған кезде қызметкерлерге тікелей зейнетақы төлеу; не
(b) қызметкердің ағымдағы және алдыңғы кезеңдердегі қызметіне қатысты қызметкерге есептелген болашақтағы зейнетақыны сақтандырушы төлемеген жағдайда қосымша жарналар төлеуге.