
- •1 Іas халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Қаржы есептiлiгiн ұсыну мақсаты
- •10. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:
- •11. Кәсіпорын барлық қаржылық есептіліктерді тең түрде қаржылық есептіліктердің толық жиынтығы ретінде ұсынуы тиіс.
- •Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат
- •Шығарылған капитал және бас компанияның меншікті капитал иелеріне қатысты резервтер.
- •Үлес ішінде ұсынылған, бақыланбайтын пайыздар, және
- •Бас ұйымның иелеріне тән шығарылған капитал және резервтер
- •80А Егер кәсіпорын қаржылық міндеттеме мен үлес арасында төмендегілерді қайта жіктесе:
- •81. Кәсіорын кезең ішінде танылған табыс және шығындардың барлық баптарын ашып көрсетуі тиіс:
- •87 Кәсіпорын табыс немессе шығындардың баптарын толық табыс жөніндегі есептілікте, табыс жөніндегі бөлек есптілікте (қажет болғанда) немесе ескертпелерде ерекше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.
- •107 Кәсіпорын үлестегі өзгерістер жөінідегі есептілікте немесе ескертпеде кезең ішіндегі иелерге үлестіру ретінде танылған дивиденд мөлшерін және әрбір акцияға қатысты мөлшерін ұсынуы тиіс.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
- •134. Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
- •136А Үлестік құралдар ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар бойынша, кәсіпорын (басқа құжаттарда ашып көрсетлімеген шамасында)ашып көрсетуі тиіс:
- •Егер басқа құжатта ашып көрсетілмеген болса, қаржылық есеппен бірге басып шығарылған ақпаратта кәсіпорын келесілерді ашып көрсетуі тиіс:
Егер басқа құжатта ашып көрсетілмеген болса, қаржылық есеппен бірге басып шығарылған ақпаратта кәсіпорын келесілерді ашып көрсетуі тиіс:
(а) заңды мекен-жайын және кәсіпорын түрін, оның тіркелген елін және тіркелген офисінің мекен-жайын(немесе тіркелген офис мекен-жайына сәйкес келмейтін жағдайда, негізгі жұмыс орнын );
(b) кәсіпорынның жұмыстарының және оның негізгі қызметінің өзгешелігінің сипаттамасы;
(с) бас ұйымның және және топтың бас ұйымының атауы; және
(d) егер ол қызмет мерзімі шектеулі кәсіпорын болса, мерзісмінің ұзақтығы жөніндегі ақпаратты.
КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛЕТІН КҮН ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ
139. Ұйым осы Халықаралық стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейiн басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Мерзiмiнен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.
139А 27 ХҚЕС (2008 түзетілгендей ) бойынша 106 тармаққа түзету енгізілді.Кәсіпорын сол түзетуді 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейiн басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Егер ұйым 27 ХҚЕС-ты (2008 түзетілгендей ) ертерек қолданса, сол түзетуді сол ертерек кезеңде қолданылуы тиіс. Түзету ретроспективті түрде қолданылуы тиіс.
139В 2008 жылдың ақпанында шығарылған Жоюдан соң туындайтын мерзімнен бұрын өтеу құқығы бар қаржы құралдары және міндеттемелер (32 (IAS)ХҚЕС-қа және 1(IAS)ХҚЕС-қа түзетулер) құжатында 138 тармаққа түзетулер енгізілді және 8А, 80А және 136А тармақтары қосылды. Осы түзетулерді кәсіпорын 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және қатысы бар түзетулерді 32(IAS) ХҚЕС-қа, 39 (IAS) ХҚЕС-қа, 7 (IFRS) ХҚЕС-қа және Кооперативтік кәсіпорындардағымүшелерлің үлестеріжәне ұқсас құралдар атты 2 (IFRIC) ХҚЕСТК-ке сол уақытта қолдануы тиіс.
139С 68 және 71 тармақтарына 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына жетілдірулер бойынша түзетулер енгізілді. Осы түзетулерді кәсіпорын 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер кәсіпорын түзетулерді ертерек мерзім ішінде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.
1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫНЫҢ КҮШІН ЖОЮ (2003 ЖЫЛҒЫ РЕДАКЦИЯДА)
140. Осы Стандарт 2003 жылғы редакциядағы 2005 жылы түзетілген 1-«Халықаралық есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартын ауыстырады.
___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.