Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2008_IAS-01.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
258.56 Кб
Скачать

134. Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.

135. 134-параграфының талаптарын орындау мақсатында ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуге тиіс:

  1. мына ақпараттарды қоса алғанда (бірақ олармен шектелмей), капиталды басқару мәселелерінде өзінің міндеттері, саясаты және процестері туралы сапалық сипаттағы ақпараттар:

(i) капитал ретінде басқарудың мәні не болатынын;

(іі) ұйымның капиталына қатысты сыртқы талаптар белгіленеді, мұндай талаптардың сипаты және олардың капиталды басқару кезінде қалай ескерілетіні;

және

(ііі) капиталды басқару кезінде өз міндеттерін қалай шешетіні.

  1. капитал ретінде басқару мәні болып табылатыны туралы сапалық сипаттар туралы жалпылама деректер. Кейбір ұйымдар белгілі бір қаржылық міндеттемелерді (мысалы, субординарлық қарыздың кейбір нысандары) капиталдың бөлігі деп санайды. Басқа ұйымдар капитал ұғымына меншікті капиталдың кейбір құрамдас бөліктерін қоспайды (мысалы, ақша ағындарын хеджирлеуден туындайтын құрамдас бөліктер);

  2. алдыңғы кезеңмен салыстырғанда (а) және (b) бөліктерінде болған кез келген өзгерістер;

  3. кезеңнің ішінде осы ұйым үшін белгіленген капиталға сыртқы талаптар орындалды ма;

  4. егер ол оларды орындамаса, ұйымның капиталына сыртқы талаптарды орындамауының салдарлары.

Бұл ашып көрсетулер шешуші басқару персоналына ішкі каналдар бойынша берілген ақпараттарға негізделуге тиіс.

136. Ұйым өз капиталдарын алуан түрлі тәсілдермен пайдалана алады, ал оның капиталына неше түрлі талаптар қойыла алады. Мысалы, сараланған компания өзінің құрамында сақтандыру және банк қызметтерімен айналысатын ұйымға ие бола алады, бұл ретте мұндай ұйымдар бірнеше заңдылықтарда жұмыс істей алады. Егер капиталға жалпылама талаптар мен басқару тәсілдері пайдаланушыларға пайдалы ақпарат бермесе немесе олардың ұйым капиталын түсінуін бұрмалайтын болса, осы ұйым үшін белгіленген әрбір капиталға талап бойынша жеке ақпаратты ашуы тиіс.

Үлес ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар

136А Үлестік құралдар ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар бойынша, кәсіпорын (басқа құжаттарда ашып көрсетлімеген шамасында)ашып көрсетуі тиіс:

(а) үлес ретінде жіктелген сома туралы сандық жиындық деректерді

(b) құрал иелері талап еткенде құралдарды қайта сатып алуға немесе өтеуге өз міндеттемесін басқаруға арналған өз мақсаттарын, саясаттарынжәне процестерін, сонымен бірге алдыңғы мерзімнен бері болған кез-келген өзгерістерді;

(с) қаржылық құралдардың сондай түрлерін өтеуге немесеқайта сатып алуға шығатын күтілетін ақша шығындарын, және

(d) өтеуге немесеқайта сатып алуға шығатын күтілетін ақша шығындары қалай анықталғандығы туралы ақпаратты

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН БАСҚА ДА ТАЛАПТАР

137. Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

(а) қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін ұсынылған немесе жарияланған, бірақ есепті кезеңнің ішінде меншікті капитал иелеріне бөлу ретінде танылмаған дивидендтер сомасы, және акцияға шаққандағы тиісті сома;

және

(b) артықшылықты кумулятивтік акциялар бойынша кез келген танылмаған дивидендтер сомасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]