
- •1 Іas халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Қаржы есептiлiгiн ұсыну мақсаты
- •10. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:
- •11. Кәсіпорын барлық қаржылық есептіліктерді тең түрде қаржылық есептіліктердің толық жиынтығы ретінде ұсынуы тиіс.
- •Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат
- •Шығарылған капитал және бас компанияның меншікті капитал иелеріне қатысты резервтер.
- •Үлес ішінде ұсынылған, бақыланбайтын пайыздар, және
- •Бас ұйымның иелеріне тән шығарылған капитал және резервтер
- •80А Егер кәсіпорын қаржылық міндеттеме мен үлес арасында төмендегілерді қайта жіктесе:
- •81. Кәсіорын кезең ішінде танылған табыс және шығындардың барлық баптарын ашып көрсетуі тиіс:
- •87 Кәсіпорын табыс немессе шығындардың баптарын толық табыс жөніндегі есептілікте, табыс жөніндегі бөлек есптілікте (қажет болғанда) немесе ескертпелерде ерекше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.
- •107 Кәсіпорын үлестегі өзгерістер жөінідегі есептілікте немесе ескертпеде кезең ішіндегі иелерге үлестіру ретінде танылған дивиденд мөлшерін және әрбір акцияға қатысты мөлшерін ұсынуы тиіс.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
- •134. Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
- •136А Үлестік құралдар ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар бойынша, кәсіпорын (басқа құжаттарда ашып көрсетлімеген шамасында)ашып көрсетуі тиіс:
- •Егер басқа құжатта ашып көрсетілмеген болса, қаржылық есеппен бірге басып шығарылған ақпаратта кәсіпорын келесілерді ашып көрсетуі тиіс:
80А Егер кәсіпорын қаржылық міндеттеме мен үлес арасында төмендегілерді қайта жіктесе:
(а) үлестік құрал ретінде жіктелетін мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралды, немесе
(b) кәсіпорынға міндеттеме басқа тарапқа кәсіпорынның нетто-активтерінң пропорциялық үлесін жоюдан соңң үлестіруге жүктейтін және үлестік құрал ретінде жіктелетін құралды
ол әрбір категорияға жатқызылған немесе жатқызылмаған қайта жіктелген мөлшерді (қаржылық міндеттеме мен үлесті), және сол қайта жіктеу уақытын және себебін ашып көрсетуі тиіс.
Толық табыс жөніндегі есептілік
81. Кәсіорын кезең ішінде танылған табыс және шығындардың барлық баптарын ашып көрсетуі тиіс:
(а) толық табыс жөнідегі бір есептілікте;немесе
(b) екі есептілікте:пайда немесе шығынның компоненттерін көрсететін есептілікте (бөлек қаржылық есептілік) және пайда немесе шығыннан басталатын және басқа толық табыстың компоненттерін көрсететін екінші есептілікте (толық табыс жөніндегі есептілік).
Толық табыс жөніндегі есептілікте ұсынылуға тиiстi ақпарат
82. Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуға тиіс:
(а) табыс;
(b) қаржыландыру жөніндегі шығындар;
(с) қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;
(d) салық бойынша шығыстар;
(е) тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал (і), сатуға шығындарын шегергенде әділ құны бойынша бағалау нәтижелері бойынша танылған салық салудан кейінгі пайда немесе залал (іі) немесе тоқтатылған қызметті құрайтын активтердің немесе шығу тобының (топтарының) шығуынан кейін құрайтын бірегей соманы ;
және
(f) пайда немесе залал.
басқа толық табыстың сипатына қарай жіктелген әрбір компоненті ((h)тармағындағы сомадан басқасы)
үлестік тәсілді қолданып есепке алынған қауымдас ұйымдар және бірлескен кәсіорындардың басқа толық табысының үлесі
жалпы толық табыс.
Кәсіорын толық табыс жөніндегі есептілігінде төмендегі баптарды пайда немесе шығынның сол кезең ішінде бөлінуі ретінде ашып көрсетуі тиіс:
(а) төмендегілерге тән кезең ішіндегі пайда немесе шығын:
(і) бақыланбайтын пайыздарға, және
(іі) бас ұйымның иелеріне.
төмендегілерге тән кезең ішіндегі жалпы толық табыс:
(і) бақыланбайтын пайыздарға, және
(іі) бас ұйымның иелеріне.
84 Кәсіпорын табыс жөніндегі бөлек есептілікте (81-тармақты қараңыз82 (a)-(f)желілік баптарды және 83 (а) тармағындағы ашып көрсетілетін ақпараттарды ұсына алады.
85 Кәсіпорын, осындай ұсыну кәсіпорынның қаржылық қызметін білу үшін орынды болса, толық табыс жөніндегі есептілікте және табыс жөніндегі бөлек есптілікте (қажет болғанда)қосымша желілік баптарды, тақырыптарды және тақырыпшаларды ұсынуы тиіс.
86 Кәсіпорынның түрлі қызметтерінің, операциялардың және басқа оқиғалардың әсері жиілігі жағынан, пайда немесе шығын мүмкіндігі және алдын ала болжануы әртүрлі болатындықтан, қаржылық қызметтің компоненттерін ашып көрсету қолданушыларға қол жеткен қаржылық қызметті білуге және болашақ қаржылық қызметтің жоспарларын құруға көмектеседі. Кәсіпорын қосымша желілік баптарды толық табыс жөніндегі есептілікке, табыс жөніндегі бөлек есптілікке (қажет болғанда) қосады, және қаржылық қызметтің элементтерін түсіндіруге қажет болғанда, ол қолданылған сипаттамаларына және баптардың ретіне түзету енгізеді. Кәсіпорын табыс және шығындар баптарының елеулілігі және сипаты және функциясы кіретін факторларды қарастырады. Мысалы, қаржылық мекеме өзінің қызметіне қатысты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін сипаттамаларға түзету енгізуі мүмкін. Кәсіпорын табыс пен шығындардың баптарын 32 тармақтағы критерийлер орындалмайынша өтемейді.