
- •1 Іas халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Қаржы есептiлiгiн ұсыну мақсаты
- •10. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:
- •11. Кәсіпорын барлық қаржылық есептіліктерді тең түрде қаржылық есептіліктердің толық жиынтығы ретінде ұсынуы тиіс.
- •Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат
- •Шығарылған капитал және бас компанияның меншікті капитал иелеріне қатысты резервтер.
- •Үлес ішінде ұсынылған, бақыланбайтын пайыздар, және
- •Бас ұйымның иелеріне тән шығарылған капитал және резервтер
- •80А Егер кәсіпорын қаржылық міндеттеме мен үлес арасында төмендегілерді қайта жіктесе:
- •81. Кәсіорын кезең ішінде танылған табыс және шығындардың барлық баптарын ашып көрсетуі тиіс:
- •87 Кәсіпорын табыс немессе шығындардың баптарын толық табыс жөніндегі есептілікте, табыс жөніндегі бөлек есптілікте (қажет болғанда) немесе ескертпелерде ерекше баптар ретінде ұсынуға құқылы емес.
- •107 Кәсіпорын үлестегі өзгерістер жөінідегі есептілікте немесе ескертпеде кезең ішіндегі иелерге үлестіру ретінде танылған дивиденд мөлшерін және әрбір акцияға қатысты мөлшерін ұсынуы тиіс.
- •Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
- •134. Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
- •136А Үлестік құралдар ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар бойынша, кәсіпорын (басқа құжаттарда ашып көрсетлімеген шамасында)ашып көрсетуі тиіс:
- •Егер басқа құжатта ашып көрсетілмеген болса, қаржылық есеппен бірге басып шығарылған ақпаратта кәсіпорын келесілерді ашып көрсетуі тиіс:
1 Іas халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Қаржы есептiлiгiн ұсыну мақсаты
1. Осы Стандарттың мақсаты ұйымның алдыңғы кезеңдердегi өз қаржы есептiлiгiмен де, сондай-ақ басқа ұйымдардың қаржы есептiлiгiмен де салыстырмалы болуына қол жеткiзу үшiн жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiн ұсынуға негiз қалау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн осы Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi талаптар айтылады. Нақты операциялар мен басқа да оқиғаларды тану, бағалау және ашып көрсету мәселелері басқа Стандарттар мен Түсініктемелерде қарастырылады.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2. Осы Стандарт Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленетін және ұсынылатын жалпы сипаттағы қаржы есептiлiгiнiң барлығына міндетті түрде қолданылуға тиiс.
3. Басқа ХҚЕС-тары нақты операциялар және басқа оқиғаларға арналған тану, бағалау және ақпаратты ашып көрсету талаптарын баяндайды.
4. Осы Стандарт 34-«Аралық қаржы есептілігі» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес әзірленген қысқартылған аралық қаржы есептілігінің құрылымы мен мазмұнына қолданылмайды. Дегенмен, осындай қаржы есептiлiгiне 15-35-параграфтар қолданылады. Осы Стандарт, 27 ІAS «Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» Халықаралық стандартында анықталғандай, шоғырландырылған қаржы есептілігін және жеке қаржы есептілігін ұсынатын мекемелермен қоса, барлық ұйымдарға бірдей дәрежеде қолданылады.
5. Осы Стандартта мақсаты пайда алу болып табылатын ұйымдар үшiн, оның ішінде мемлекеттік сектордың іскерлік құрылымдары үшін қолайлы терминология пайдаланылған. Қызметі пайда алуға бағдарланбаған ұйымдардың - ол жеке секторда, қоғамдық секторда немесе мемлекеттік органдар құрылымында болсын, - және, осы стандартты қолдануға ниеттенетіндердің, бәлкім, қаржы есептілігіндегі жекелеген желілік баптар үшін және тұтас қаржы есептілігі үшін пайдаланылған тиісті атауларға түзетулер енгiзуіне тура келетiн болар.
6. Жоғарыда айтылғандар сияқты, 32-«Қаржы құралдары - ақпаратты ашу және беру» ІAS Стандартының анықтамасын (мысалы, кейбір өзара қорлар) қанағаттандыратын меншікті капиталы жоқ ұйымдардың және акционерлік капиталы меншікті капитал болып табылмайтын ұйымдардың (мысалы, кейбір кооперативтік ұйымдар), бәлкім, мүшелер мен жарнашылардың үлестері туралы қаржы бейімдеуіне тура келетін болар.
АНЫҚТАМАЛАР
7. Осы Стандартта келесі терминдер мынадай мәндерде пайдаланылады:
Жалпы мақсаттағы қаржылық есептіліктер (қаржылық есептіліктер деп аталады)–кәсіпорыннан есепті өздеріне ақпараттық мұқтаждықтарыа қарай дайындауды талап ете алмайтын қолданушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін ниеттілген қаржылық есептіліктер болап табылады
Практикалық мүмкін еместігі - Қандай да болсын талапты қолдану, ұйым, бұл үшін ақылға қонымды күш-жігердің барлығын пайдалана отырып, қалай болғанда да оны қолдана алмаған жағдайда, іс жүзінде мүмкін болмайды.
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (ХҚЕС) - бұл халықаралық қаржы есебі стандарттары жөніндегі Кеңес (ХҚЕСК) қабылдаған Стандарттар мен Түсіндірмелер. Олар мыналарды қамтиды:
(а) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІFRS);
(b) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІAS);
және
(с) Халықаралық қаржы есептілігін түсіндіру жөніндегі комитет (IFRIC) немесе бұрынғы Түсіндіру жөніндегі тұрақты комитет шығарған түсіндірмелер (SIC).
Мәнділік - Баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтықты түрде қаржы есептілігінің негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, елеулі болып табылады. Мәнділік қосымша мән-жайлар контексінде бағаланатын нақты қалдырып кетудің немесе бұрмалаудың мөлшері мен сипатына байланысты болады. Тиісті баптың не соның және басқасының ұштасуының не мөлшері, соның не басқасының ұштасуы не сипаты шешуші фактор болуы мүмкін.
Баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау қолданушылардың экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін бе, осылайша маңызды саналады ма, осыны анықтау сол қолданушылардың сипаттарын қарастыруды талап етеді. Қаржылық есептіліктерді дайындау және ұсынуға арналған негізгі ережелердің 25 тармағында «қолданушылардың бизнес және экономикалық қызметтер және бухгалтерлік есеп бойынша жеткілікті білімі және ақпаратты лайықты тиянақтылықпен зерттеу ниеті бар деп саналатындығы» баяндалған. Сондықтан, анықтау, осындай көзқарасы бар қолданушыларға, олар экономикалық шешім қабылдағанда, іс жүзінде қандай әсерін тигізуі мүмкін екендігін ескеруді қажет етеді.
Ескертулерде - балансқа, пайдалар мен залалдар туралы есепке, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепке және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепке қосымша ұсынылатын ақпарат болады. Ескертулерде қаржы есептілігінде ашып көрсетілген баптардың баяндалған сипаттамалары немесе оларды неғұрлым толығырақ талдау, сондай-ақ қаржы есептілігінде тану өлшемдеріне сай келмейтін баптар туралы ақпарат келтіріледі.
Басқа толық табыс басқа ХҚЕС-тарында талап етілгендей немесе рұқсат етілгендей, пайда және шығын бойынша танылмаған (қайта жіктеу бойынша түзетулермен қоса) табыс және шығын баптарынан тұрады.
Басқа толық табыстың құрамдас бөліктеріне мыналар жатады:
(а) қайта бағалау нәтижесіндегі кірістегі өзгерістер (16 (IAS) Негізгі өндірістік капитал ХҚЕС-ын және 38 (IAS) Материалдық емес активтер ХҚЕС-ын қараңыз);
(b) 19 (IAS) Қызметкерлерге берілетін сыйақылар ХҚЕС-ының 93А тармағына сәйкес танылған, белгіленген зейнетақы жоспары бойынша іс жүзіндегі кірістер мен шығыстар;
(с) шетелдік операциялардың қаржылық есептіліктерін аударудан пайда болатын кірістер мен шығыстар (21 (IAS) Валюталық бағам өзгерісінің әсері ХҚЕС-ын қараңыз);
(d) сату үшін мүмкіншілікті қаржылық активтерді қайта бағалау бойынша кірістер мен шығыстар (39 (IAS) Қаржылық есептіліктер: тану және бағалау ХҚЕС-ын қараңыз);
(e) ақша қозғалысын хедждеудегі хедждеу құралдары бойынша кірістер мен шығыстардың нәтижелі бөлігі. (39 (IAS) ХҚЕС-ын қараңыз).
Иелер– үлес ретінде жіктелетін құралдарға иелік етушілер.
Пайда немесе шығын–басқа толық табыстың құрамдас бөліктерін алып тастағандағы шығындар шегерілген табысбың жалпы көлемі.
Қайта жіктеуден кейінгі өзгерістер–ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде басқа толық табыс бойынша танылған, ағымдағы кезеңде пайда немесе шығынға қайта жіктелген сомалар.
Жалпы толық табыс–иелермен, иелер ретінде жасалған операциялар нәтижесінде болатын өзгерістерден басқа, кезең ішінде операциялар және басқа оқиғалар нәтижесінде болатын үлестегі өзгеріс.
Жалпы толық табыс «пайда немесе шығынның» және «басқа толық табыстың»барлық құрамдас бөліктерінен тұрады.
Осы Стандартта «басқа толық табыс» , «пайда немесе шығын» және «жалпы толық табыс» атауларын қолданылғанымен, кәсіпорын жиынтық сомаларды сипаттау үшін мағынасы түсінікті болатын басқа атауларды қолдануына болады. Мысалы, кәсіпорын пайда немесе шығынды сипаттау үшін «таза табыс» атауын қолдануына болады.
8А Келесі атаулар 32 (IAS) Қаржылық құралдар: ұсыну ХЕС-да сипатталған және осы Стандартта 32 (IAS) ХқЕС-да көрсетілген мағынасында қолданылады:
(а) үлестік құрал ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құрал (32 (IAS) ХҚЕС-тың 16А және 16В тармақтарында сипатталған)
(b) кәсіпорынға басқа тарапқа кәсіпорынның нетто-активтерінң пропорциялық үлесін жоюдан соң үлестіруге міндеттеме жүктейтін және үлестік құрал ретінде жіктелетін құрал (32 (IAS) ХҚЕС-тың 16С және 16D тармақтарында сипатталған)
Қаржылық есептіліктер
ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІКТЕРІНІҢ МАҚСАТЫ
9. Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:
(а) активтер;
(b) мiндеттемелер;
(c) өз капиталы;
(d) пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;
өз капиталындағы басқа да өзгерістер;
және
ақшалай қаражаттың қозғалысы.
Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi.
ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ