Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек. жинағы -1Ф.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.48 Mб
Скачать

2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

2.2 Дәріс сабағының конспектілері:

1Бөлім Механика

1-дәріс

1. Қозғалыстардың негізгі сипаттамасы; материалдық нүктенің қисық және түзу сызықты қозғалысы.

2. Материалдық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы.

Механика – механикалық қозғалыстың заңдылықтарын және оны туындататын немесе өзгертетін себептерді, олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстырын зерттейтін физиканың бір бөлімі.

Механикалық қозғалыс - дененің және оның бөліктерінің бір-біріне қатысты кеңістікте орналасуының уақыт өте келе өзгеруіне байланысты болады.

Физикалық денелердің қозғалысын қарастырғанда, олардың нүктесінің қозғалысын зерттеу қажет. Материалдық нүкте дегеніміз массасы қарастырылып отырған дененің массасына тең геометриялық нүкте.денені егер оның бөлшектері бірдей және жүріліген жолдары дененің өлшемдерімен салыстырғанда айтарлықтай үлкен болғанда ғана материалдық нүкте ретінде қарастыруға болады. Қарастырылып отырған материалдық нүктенің қозғалыс кезінде із қалдыруын оның треакториясы деп атайды. Траекторияның формасына қарай, қозғалысты түзу сызықты және қисық сызықты деп бөледі.

Классикалық механикада жылдамдығы вакуумдегі жарық жылдамдығынан (с=3∙108м/с) әлдеқайда аз болатын макроскопиялық денелердің қозғалысы қарастырылады. Жылдамдығын жарық жылдамдығымен салыстыруға болатын денелердің қозғалысы релятивистік механикада қарастырылады. Микроскопиялық денелердің (жеке атомдар және элементар бөлшектер) қозғалыстарын қарастыру үшін кванттық механика заңдылықтары қолданылады.

1 Кинематика

Кинематика - қозғалысты тудыратын немесе оны өзгертетін себептерге тәуелсіз қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механиканың бөлімі.

Қатты дененің әр түрлі орын ауыстыруын ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардың қосындысы ретінде қарастыруға болады. Ілгерілемелі қозғалыс дегеніміз – денемен тығыз байланысқан кез-келген түзу өзінің бастапқы қалпына параллель болып қалатын қозғалыс. Ал айналмалы қозғалыста дененің әрбір нүктесі шеңбер сызады, оның центрлері бір түзудің бойында жатады және оны айналу осі деп атайды.

Денелер кеңістікте және белгілі бір уақыт аралығында қозғалады. Материялық нүктенің қозғалыс күйі санақ денесі деп аталытын кез келген таңдап алынған денемен салыстырылып қарастырылады. Санақ денесімен байланысқан координаттар жүйесі мен сағат жиынтығын санақ жүйесі деп атайды.

    1. Материялық нүкте қозғалысының кинематикалық сипаттамалары

1.1-сурет. Декарттық

координаттар жүйесі

Қозғалыс қашықтығымен салыстырғанда берілген дененің өлшемі мен пішіні өте кіші болса, оны материялық нүкте ретінде қарастыруға болады. Декарт координаттар жүйесінде (1.1-сур.) уақытқа тәуелді қозғалатын А материялық нүктенің орны үш кеңістік координаттарымен х, у, z немесе координат басы О нүктесінен А нүктесіне жүргізілген радиус-вектор арқылы анықталады. Қозғалыс барысында оның координаттары уақыт өтуіне байланысты өзгереді. Материялық нүктенің кинематикалық қозғалыс теңдеуін векторлық және скаляр түрде жазуға болады:

немесе . (1.1)