Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
исправленная практика 2 310314 на каз яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
355.33 Кб
Скачать

Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университеті

Экономика, Бизнес және Құқық колледжі

БЕКІТЕМІН

ҚҚЭУ экономика, бизнес

және құқық колледжінің

Әдістемеліқ меңгерушісі

___________Оспанова.А.К.

« » 2014 ж.

0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша

арналған өндірістік тәжірибенің

әдістемелік нұсқау және бағдарлама

3 курс

Келісілген

Қарағанды облыстық

адвокаттар коллегиясының

адвокаты

_________Дьякова С.В.

« » 2013 ж.

Арнайы құқықтану

Пәндік (Циклдік) комиссия

отырысында қаралды

Хаттама № 4

20.11.2013 ж

Қарағанды 2014ж Мазмұны

1.

Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

3

2.

Өндірістік тәжірибенің өту мерзімдері

3

3.

Тәжірибеге жетекшілік ету

3

4.

Тәжірибені өту барысындағы студенттердің негізгі құқықтары мен міндеттері

4

5.

Өндірістік тәжірибенің мазмұны

5

6.

Күнделікті және тәжірибені өту бойынша есеп беруді рәсімдеу

20

7.

Есеп беруді қорғау мен тәжірибе бойынша қорытынды шығару

20

8.

№1 қосымша

22

9.

№2 қосымша

23

10.

№3 қосымша

24

11.

№4 қосымша

25

12.

№ 5 қосымша

26

13.

№ 6 қосымша

27

14.

Колледж студенттерінің түйіндемесі

28

I.Өндірістік тәжірибенің мақсаты мен міндеттері

Студенттер тәжірибесі оқу процесінің маңызды бөлімі ретінде теориялық білімдерін жүйелендіру, нығайту мен бекітудің мақсаты болып табылады.

Тәжірибеден өтуге теориялық оқытудың оқу жоспарын толығымен орындаған студенттер жіберіледі.

Өндірістік тәжірибенің міндеттері:

  • Тәжірибесімен қарастырылған барлық тапсырмаларды толық орындау;

  • Кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;

  • Студенттің өндірістік тәжірибесін өтетін кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымын зерделеуі және талдауы;

  • Атқарылатын жұмыс пен оның нәтижелеріне жауапты болу;

  • Өндірістік тәжірибе бойынша материалды жинау және талдау.

II. Өндірістік тәжірибені өту мерзімдері

Күндізгі бөлімнің студенттері өндірістік тәжірибені оқу жұмысының жоспарына сәйкес теориялық материалды толық меңгергеннен кейін шығарушы курста өтеді.

Тәжірибенің ұзақтығы:

А) күндізгі бөлім студенттері үшін–8 апта,288 сағат (күніне 8 сағат);

Б) сырттай бөлім студенттері үшін–4 апта,144 сағат(күніне 8 сағат).

ІІІ. Тәжірибеге жетекшілік ету

Студенттердің тәжірибесін тәжірибелі студенттер мен біліктілігі жоғары тәжірибелік қызметкерлер басқарады.

Колледж тарапынан жалпы басшылығын, тәжірибені ұйымдастыруына және өтуіне бақылауын өндірістік тәжірибе жөніндегі әдіскер іске асырады.

Тәжірибе өтетін ұйым басшылары студенттерге көмек көрсетуге тиісті.

Оқу орны тарапынан тәжірибе жетекшісінің міндеттері:

1.тәжірибенінің өтуін тәжірибе бағдарламасына сәйкес ұйымдастыру;

2.студенттерді оқу бағдарламасына сәйкес тәжірибеден өту орындарымен қамтамасыз ету;

3.студенттерді қажетті құжаттар мен ведомствалық нормативтік актілермен, әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

4.тәжірибе барысында оның өту сапасын, жұмыс күні кестесі мен тәртібін сақтауын, құжаттамаларды толтыру дұрыстығын бақылау;

5.тәжірибені өту туралы студенттердің есебін тексеру;

6.студенттін тәжірибені өту жөніндегі есебінің қорғауын өткізу.

Ұйым тарапынан тәжірибе жетекшілерінің міндеттері:

  1. Тәжірибе бағдарламасы мен ережелеріне сәйкес тәжірибені ұйымдастыру;

  2. Оқу бағдарламасына сәйкес студенттерге тәжірибе орындарын белгілеп беру;

  3. Студентке қажет құжаттамалармен және ведомстволық нормативтік актілермен, нұсқамалық материалдармен қамтамасыз ету;

  4. Студентке ұйымның ішкі еңбек тәртіп ережелерін (соның ішінде жұмыстың басталуы мен аяқталуы) сақтауын бақылау;

  5. Күнделіктердің толтыруын және тәжірибені өту жөнінде есептерін тексеру;

6. Студентке мінездеме жазып, оларды ұйым бастығына бекітуге беру, тәжірибе бойынша есептерді тексеріп, оларға қол қою.