
- •Минералдардың бөлінуі флотациондық процесстердің түр өзгешілігі мен маңызы
- •Минералдардың бөлінуінің флотациялық үрдістерінің түрлері.
- •Флотациялық реагенттердің сипаттамасы және классификациясы.
- •Жинағыштардың молекулаларының құрылысы және классификациясы
- •Жинағыштардың әрекет ету сипаттамасы және қолдану аймағы
- •Минералдардың флотациялану классификациясы
- •Флотациялық машиналар және аппараттар
- •Механикалық флотациялық машиналар
- •Пневмомеханикалы флотациялық машиналар
- •Пневматикалық флотациялау машиналар
- •Флотациялық машинны таңдау
Пневматикалық флотациялау машиналар
Пневматикалық флотациялау машиналарында пульпа сығылған сығылған ауамен желдетіледі және араластырылады.
Желдеткіш машиналарында (8.8 (а)сурет )1ресиверден 0,12-0,3 атм. ауа берілген қысым, 6 түбекшеден шығып,4 ваннада орналасқан 5 аэролифтің бойлық қабырғалары арасымен көтеріледі, және пульпамен ,осы аралықта оның тығыздығын төмендете отырып араласады. Түрлі гидростатикалық қысымның әсерінен пульпа 5 аэролифттен шашылады және оның қабырғалар және 2 бөліктерінің арасына құлайды.Машинаның қабырғалары және қалқандарының арасында пайда болған көбіктің қабатының қалындығы қалдық сатылары немесе көбіктің сатыларының бастырмаларында 3 реттеледі,
Пульпа машина ваннасында аэролифттің әсерінен циркуляцияланады және машинаға түсетін ағын қысымымен ағады.
Соңғы жылдары Ресейде және басқа шет елдерде флотациялық аппараттар ретінде пневматиалық флотационды бағаналары сыналып және қолданылып отыр. (54, б-сурет). Олардың биіктігі 2-ден 10 м дейін өзгереді, ал қимасы дөңгелек болуы мүмкін, эллиптикалық немесе тіктөртбұрышты. Пульпа түскішке 5 түскен пульпа бағананың орта бөлігіне 4 беріледі ал , а ресивердегі 1ауа қажетті қысыммен поаэраторға 6 беріледі, 5мкм-ден 2,5 мм-ге дейінгі тесікті пористі материалды беттігі ауысым бар.с
8.8-сурет-Пневматикалық флотациялау машиналары: а-аэролифтті; б-флотациялық колонна; в-көбікті сепарация
Флотация бағанада көпіршіктердің бір-біріне қарама-қарсы қозғалысынан және пульпа ағынынан пайда болады. Пульпа төмен түсіру тесігіне 7. шаңдатушы көпіршіктерге қарай қозғалады. Үлкен көлемді көпіршіктер бос жыныстағы бөлшектерді жоятын құбырдағы 3 сумен суландыру арқылы бағанадағы көбіктің беттігінде түзіледі.Көбік 2 құбырмен шығарылады. Бағаналардың жұмыс істеуі кезінде пульпа ағынынан шығарылмаған жылдамдық үлкен көпіршіктердің шаңдану жылдамдығынан кем болуы керек.Осы жылдамдықтың көбейуінен көпіршіктердің локальды бірігуіне, олардың коалесценциясы және үлпілдек сынамасының периодты түрде төгілуіне әкеледі.
Көбікті сепарациялы машинасында флотациялау кезінде (54, в-сурет) реагенттермен өнделген пульпаның берілуі жоғарыдан берілу құрылғысы1 арқылы жүзеге асады және қабылдағыш науа5,флотациялық машинаның барлық ұзындығы бойынша –оңға, солға пульпаның жайылуын қамтамасыз етеді. Пульпа жұмыс барысында эжектірленген шашыратқыш 2, және осы науада орналасқан резинадан жасалған ұсақ тесікті түтікше арқылыи берілген ауамен науада 3 раласып жылжиды және ауамен аэрацияланады. Содан кейін пульпа ұсақ тесікті қабырғалы резиналы көбік табалдырығынан 150-200 мм төмен орналасқан аэратор 4 түтікшесі арқылы сығылған ауа ( 1,5 жуық атм, қысыммен ) берілген кездегі көбік қабатына түседі.
Гидрофобты минерал бөлшектері ауа көпіршіктерінің беттігіне жабысады, ал гидрофилді бөлшектер ауырлық күшінің әсерінен камераның ішіне құлап түседі және шығару құрылғысы 6 арқылы шығарылады. Флотацияланған бөлшектердің шығарылуы көбіктегі концентраттың наусының 5 табалдырығы арқылы жүзеге асады.
Пульпаны машинағажаңа принциппен беру тәсілі, инерциялық күштердің мәні минимальды болғанда флотацияның максимальды ықтималдылығын қамтамасыз еткенде, флотация жылдамдығын арттырады және қарапайым флотациялау машинасымен салыстырғанда флотацияланушы бөлшектердің ірілігін 3-4 есе жоғарлатады.
Пневматикалық түріндегі машинаның артыұшылығына: конструкциясының қарапайымдылығы,ауналдырушы бөліктердің, тез тозатын бөлшектердің және түіндердің болмауы, металл сиымдылығының аздығы, эксплуатациясының қарапайымдылығы болып табылады. Кемшіліктері:ауаны жіберу және аралық өнімді тербету үшін сорғыш ауажылтқыштар құрылғысын міндетті түрде қолданылуы, қолдану шектілігі (тек флотациялық байытудың қарапайым схемасы үшін)