
Механикалық типті елеуіштер
Механикалық типті барлық елеуіштер жеңіл, орташа және ауыр болып бөлінеді, үйме тығыздығы 1,0; 1,6; және 2,5 т/м3 – тан көп болатын материалдарды елеу үшін қолданылады. Қазіргі стандартқа сәйкес елеуіштердің әртүрлі түрлері сандармен және әріптермен белгіленеді. Бірінші әріп Е елеуішті көрсетеді; екінші әріп орындалуды сипаттайды: Г – гирационды немесе гидроелеуіш, И – инерционды, С – өз алдына балансты, Р – резонансты, К – конусты, Ц – цилиндрлі; үшінші әріп елеуіштің түрлерін анықтайды: Е – екі қорапты, Ж – жеңіл типті, О – орташа типті, А – ауыр типті. Сандық белгілеудегі бірінші әріп елеуіштің қорабының ені сипаттайды: 3-1250 мм, 4-1500 мм, 5-1700 мм, 6-2000 мм, 7-2500 мм, 8-3000 мм; екінші сан – електердің саны. Мысалға, ГИЛ–52 – қорап ені 1750 мм болатын, жеңіл типті, инерционды елеуіштер, екі електі.
Валкалы елеуіштер материалдың қозғалысы бойынша айналатын параллельді валкалардың қатарынан тұрады. Сыммен және басқа валкалармен байланысқан негізгі валка 12-150 бұрышпен көлбеуленген елеуіштің рамасының орта бөлігінде орналасқан. Валкаларға олардан басқа эксцентрлі дискілер, қырлы симметриялық сфералық үшбұрыштар немесе шаршылы саңылаулары 50, 75, 100, 125, 150 мм болатын елегіш беттер түзілетін эллипсоидты саптама орнатылады. Елеуіштер көмірді, ізбестастарды және басқа да ірілігі 300 мм – дейінгі металды емес қазбаларды елеу кезінде кең қолданысқа ие болды.
Барабанды елеуіштер тесілген болат табақтар мен торлардан тұратын конусты немесе цилиндрлі елегіш беттерден тұрады. Цилиндрлі барабанның осі горизонтқа 4-70 бұрышпен көлбеуленген, ал конустыныңосі – көлденең. Ірілігі 300-500 мм – ге дейінгі бастапқы материал айналмалы барабанның ішіне беріледі. Барабанды елеуіштер кең қолданылады, мысалға, сирек металдардың шашыранды кен орнындағы кендерді елеу мен жуу үшін. Олардың артықшылықтарына: конструкцияның қарапайымдылығы, тыныш, шусыз жұмыс істеу, қызмет көрсетуінің қарапайымдылығы мен жұмысқа сенімділігі, қатты сазды ірі кесекті материалдарды сулы елеу мүмкінділігі жатады.
Жазық бойымен тербелетін елеуіштер горизонтқа а=8-20 бұрышпен, серпінді тіреуге орнатылады немесе арнайы серпінді тіреуге ілінеді және эксцентрлі механизмнен қайтып – қайтып баратын қозғалысқа түседі. Бұл жағдайда жүріс шамасы мен қораптың қозғалыс траекториясы сымды валдың айналу жылдамдығы мен елеуішке тиеуге қатысты болмайды. Ірілігі 1 – ден 350 мм – ге дейінгі бастапқы материал (оптимальды ірілігі 40-50 мм) қораптың жоғарғы бөлігіне тиеледі және инерция күшінің есебінен оның төгу бөлігіне қозғалады. Елеуіштер басты мақсатта көмірді және басқа металды емес пайдалы қазбаларды құрғату мен елеу үшін қолданылады.
Ілінбелі және тіреулі күйде орындалатын гирационды (жартылай вибрационды) елеуіштер эксцентрлі валмен туындайтын тік беттегі елегі бар қораптың шеңберлі қозғалысымен сипатталады. Бұл жағдайда горизонтқа 20-300 бұрышпен көлбеу орнатылған елеуіштің електері валдың барлық айналуы кезінде өз – өздеріне параллель күйде қалады. Нәтижесінде қораптың мұндай қозғалысы кезінде материал електе лақтырылады, қопсытылады және електің көлбеулігімен төменге қарай қозғалады.
2.3 – сурет – елеуіштердің кинематикалық сызбалары: а – жазық бойымен тербелетін; б – гирационды; в – жай дебалансты инерционды; г – өздігінен центрленетін инерционды
Қораптың массасынан туындайтын инерцияның центрге тартқыш күшінің тепе – теңдігі үшін валға контржүкті маховиктер бекітіледі. Жартылай вибрационды елеуіштердің тербеліс амплитудасының тиеу шамасына деген тәуілсізділігі оларды жоғарғы өнімділікті ауыр жағдайларда ірілігі 1 – ден 400 мм – ге дейінгі материалдарды елеу үшін қолдануға жағдай туғызады. Берілген елеуіштердің кемшіліктеріне олардың конструкциясының күрделілігі жатады.
Ілінбелі және тіреулі күйде орындалатын инерционды елеуіштер валда орнатылған дебаланстың тепе – теңдіксіз массасының әсерінен тербеліс туғызады. Вал мен дебаланстың айналуы кезінде инерцияның центрге тартқыш күштері туындайды, нәтижесінде горизонтқа 250 бұрышпен орнатылған елеуіштің қорабы эллипсті траекториzны сипаттайды.
Қораптың тиеу шамасына қатысты тербеліс амплитудасының тәуілсіздігі мен осыған байланысты валдың айналу осінің тербілісі жай дебалансты инерционды елеуіштердің кемшілігі болып саналады. Инерционды өздігінен центрленетін елеуіштер жай дебалансты елеуіштерге қарағанда валдың айналуы кезінде қораптың инерциясының центрге тартқыш күштерді теңестіретін маховиктің дебалансты жүгінде диаметрлі қарама – қарсы орнатылған эксцентрлі ұштауышы бар вал қолданылады. Бұл жағдайда валдың осі жазықтықта қозғалыссыз болады, ал қорап ось маңайында шеңберлі қозғаласты тудырады. Екі типті инерционды елеуіштер конструкциясының қарапайымдылығымен, жұмыс істеудегі сенімділігімен, ірілігі әдетте 160 мм – ге дейін болатын әртүрлі типті минералды шикізатты елеу кезіндегі жоғарғы тиімділігі және өнімділігімен ерекшеленеді.
Өз алдына балансты елеуіштерде (3 – сурет, а) сымды механизмдер ретінде елеуіштердің електерінің үстінде орнатылған өз алдына балансты вибраторлар қолданылады. Вибратор бірдей жылдамдықпен қарама – қарсы жақтардағы параллельді валдарда айналатын бірдей дебаланстан тұрады. Вибратордағы жүктердің кез келген жағдайында күштер II-II осьтер айналасында өзара теңдеседі. Сондықтан да вибратор елек бойынша материалдардың қозғалысын тудыратын електің жазықтығына бұрышпен орналасқан қораптың түзу сызықты тербелісін көрсетеді. Өз алдына балансты елеуіштердің кемшілігіне вибратордың конструкциясының қиындылығы жатады. Артықшылықтыры – биіктігінің төмен болуы, елеу кезіндегі жоғарғы тиімділігі мен өнімділігі. Олар ылғалды және сазды материалдарды елеу үшін қолданылады.
2.4 – сурет – өз алдына балансты (а), резонансты (б) және электровибрационды (в) елеуіштердің сызбасы
Резонансты елеуіштер екі тербелмелі массадан: өзара пружинамен және амортизатормен байланысқан және ұсталынатын електі және қозғалмалы рамалы көлденең қораптардан тұрады. Қорап рамада бекітілген эксцентрлі механизмнен тербіліс алады. Қорап пен рама өзарасеріппемен байланысқандықтан, тербеліс те қозғалмалы рамаға беріледі. Бұл жағдайда қорап және рама түзу сызықты тербелісті жүзеге асыратын қарама – қарсы жақтарға қозғалады.
Жүйенің ауырлық центрі қозғалыссыз қалады, ал қорап пен раманың тербеліс амплитудасы олардың массасының шамасымен анықталады, олар энергияның минимальды шығынын қамтамасыз ететін резонансты режимде жұмыс істейтіндей жағдай жасайды. Резонансты елеуіштердің артықшылықтарына олардың динамикалық тепе – теңдігі, үлкен елегіш беттер және өнімділік, жоғарғы тиімділік жатады. Кемшілігіне – конструкцияның, реттеудің және жөндеудің күрделілігі. Олар көмірлерді құрғату мен елеу, дешламация, суспензияның бөлінуі мен ауырлатқыштарды жуу үшін қолданылады.
Электровибрационды елеуіштерде елек, қорап, рама және елегіш беттердің серпінді жинағынын қозғалысқа келтіретін аз тербелістің амплитудасы мен жоғарғы жиілікті электромагнитті вибратордан тұрады.
Кез келген конструкциялы елеуіштердің өнімділігі мен тиімділігі бәрінен бұрын оның механикалық жағдайына, монтаждың дұрыстығына және материалдың сипатына байланысты болады.
Елеуіштердің тиімділігі жұмысының міндетті шарттарына мыналар жатады: олардың бастапқы материалмен уақыт пен ені бойынша біртекті қоректенуі; електердің тазалығы мен жақсы жағдайлары; елеуіштіңвалының айналуының дұрыс бағыты; подшипниктердің дұрыс қыздырылуы және уақытында майлануы; елеуіштің барлық бөлшектерінің жөнделуі.