Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
rudopodgotovka_2_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
709.63 Кб
Скачать

Қозғалыссыз елеуіштер

Қозғалыссыз колосникті елеуіштер көмірлерді елеуде 30-250 бұрышпен және кендерді елеуде 40-450 бұрышпен орнатылған колосникті решеткалардан тұрады. Елеуіштің ені әдетте бастапқы кендердің максимальды кесектерінің екі – үш өлшемге тең болады, ал ұзындығы – елеуіштің енінің еке еселеуіне тең болады. Бастапқы материал тордың жоғарғы бөлігіне тиеледі және өз ағынымен төменге қарай қозғалады. Бұл жағдайда ұсақтары колосник арасындағы саңылау арқылы бөлшектеніп жоғалады. Елеудің өнімділігі мен эффективтілігін арттыру үшін, әсіресе сазды және ылғалды кендердерде, материалдың қозғалысы кезінде дірілдейтін консольды – бекітілген колосниктері бар решеткалар қолданылады, ол елегіш беттердің өздігінен тазаруын қамтамасыз етеді.

2.2 – сурет – Қозғалыссыз колосникті (а), доғалық (б), жазық гидравликалық (в), конустық (г), цилиндрлік (д) және тік (е) елеуіштерде елеу сызбалары

Колосникті елеуіштердің артықшылықтарына мыналар жатады: құрылғының қарапайымдылығы мен қызмет көрсетуі, энергошығынның болмауы, өнеркәсіпте әртүрлі материалдардан дайындау мүмкіндігі (ескі рельстер, балка және т.б.), автокөліктен, теміржол вагондарынан, шахталы скиптен тиеу мүмкіндіктері жатады. Олардың кемшілігіне әдетте 50-60 % - дан аспайтын елеу тиімділігі жатады. Сондықтан да колосникті елеуіштер әдетте ірі кластардың бөлінуі үшін және елеудің төменгі тиімділікті пайдалы кендерді өңдеудің келесі процестерінің тиімділігіне әсер етпейтін жағдайда қолданылады.

Доғалық елеуіштер ірілігі 0,1 – ден 2,5 мм – ге дейінгі ұсақ және жұқа материалдарды сулы елеуде қолданылады. Пульпа оларда елеуіштің шпальтовті елегіне жанаса, шамалы ағынмен беріледі. Бұл жағдайда туындаған центрге тартқыш күш електің саңылаулы саңылаулары арқылы өтетін ұсақ өнімдердің және судың бөлінуінің тиімділігіне әсер етеді және ол өнімді құрғату кезінде алыс, ал елеу кезінде пульпа ағынының жанында орналасады. Соңғы жағдайда тор астылық бөлшектердің ірілігі шамамен електің саңылауларының енінен 2,5 - ға кіші. Доғалық елеуіштер құрылғысының қарапайымдылығымен, үлкен меншікті өнімділігімен және пульпада қатты заттардың болуының (90% - ға дейін) үлкен тербелісі кезіндегі елеудің жоғарғы тиімділігімен (7 – ден 70% - ға дейін) ерекшелінеді. Кемшіліктеріне торлардың жылдам қажалуы жатады, әсіресе абразивті пульпаларда.

Жазық гидравликалық елеуіштер немесе гидроелеуіштер ұсақталған кен материалдары мен ірілігі 3 мм – ге дейінгі көмірлердің пульпа ағынында елеу (гидравликалық торларда) және машина кластарына бөлінетін көмірлердің сулы классификациясы («Луганец» типті гидравликалық елеуіштерде) үшін арналған. Бастапқы пульпа жоғарыдан беріледі. Жұқа елеу кезінде елек горизонтқа 45-550 бұрышпен орнатылады және әдетте елек саңылауларының бітелуін болғызбайтын соққылау механизмімен жабдықталған. Бұл жағдайда елеу тиімділігі 50-70% -ды құрайды. «Луганец» гидроелеуіші көмірді ірілігі бойынша байыту алдындағы жиынтықтың құрамына кіреді.

Конусты және цилиндрлі елеуіштер әсер етуі жағынан доғалыларғы ұқсас. Олардың елегіш беттері саңылаулары 0,5-1,0 мм болатын шпальтовті електен жасалған. Пульпа кейбір ағын нәтижесінде електің конусты немесе цилиндрлі бөлігінің жоғарғы бетіне жанаса арқылы жіберіледі және айналмалы қозғалысқа ие болады, патрубок арқылы тиелетін соңғы бөлігінің төбесіне спираль бойымен қозғалады.Тор астылық өнім елеуіштің ішкі жабындысы арқылы төгіледі де, патрубок арқылы елеуіштің түбіне шығарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]