
2 Дәріс
Елеу процестері және ірілігі бойынша классификациялау Елеуіштер конструкциялары (4 сағат)
Дәріс жоспары
2.1 Ірілігі бойынша бөліну процестерінің классификациясы және олардың технологиялық тағайындалуы
2.2 Елеу
2.3 Классификация
Пайдалы кендерді ірілігі бойынша классификациялау үш түрде жүзеге асады:
алдымен ірілердің бөлінуімен болатын іріден ұсаққа қарай елеу, содан соң кезекпен ұсақ кластардың;
алдымен ұсақтардың бөлінуімен болатын ұсақтан іріге қарай елеу, содан соң кезекпен ірі кластардың;
бір уақытта ірі кластардан ұсақтарға қарай жинақтап елеу, сонымен қатар ұсақтан ірі кластарға қарай.
Елеуіштер екі түрде жүзеге асады: қозғалмалы және қозғалыссыз. Қозғалмалыны ірі, орташа және ұсақ елеу үшін қолданады. Жұмыс бетінің конструкциясы мен қозғалыс сипатына қатысты елеуіштердің келесі түрлері кездеседі: 1) дөңгелекті (қозғалмалы және қозғалыссыз); 2) барабанды; 3) жазық бойымен тербелетін; 4) вибрационды.
Елеу және классификация сусымалы материалдардың ірілік кластары деп аталатын әртүрлі ірілікті өнімдерге бөліну негізгі процестері болып саналады.
Елеу – түйіршікті материалдардың бір немесе бірнеше елек немесе калибрлі саңылауы бар тор арқылы өзіне алу жолымен ірілік кластарына бөліну процесі. Електе қалған материал елеуіш үстіндегі немесе жоғарғы, ал електің саңылауы арқылы өткендер елеуіш астындағы немесе төменгі өнімдер деп аталады. Елеу ауада өтетін болса, ол құрғақ болады, ал егер суда өтсе, сулы болады. Екі жағдайда да елеу елеуіштер деп аталатын аппаратта жүзеге асады.
Классификация деп материалдардың ауырлық күші (гравитациялық өрісте), центрге тартқыш күштер (центрге тартқыш өрісте) немесе осы күштердің бір уақытта есер етуімен сұйық немесе газ тәрізді ортаға дәндердің құлауы бойынша іріліктің кластарына бөліну процесі айтылады. Ірілік бойынша материалдарды бөлетін елеуге қарағанда, классификация материалды тең құлауы бойынша бөледі, яғни классификация кезінде алынатын әрбір класта ортада бірдей құлау жылдамдығы бар ауыр минералдардың жеңіл дәндері және жеңіл минералдардың ауыр дәндері кездеседі. Егер классификация сулы ортада жүргізілсе, ол гидравликалық, ал ауа ортасында өтсе, пневматикалық деп аталады.
Гидравликалық классификация классификаторларда, пневматикалық – ауа сепараторларында жүргізіледі. Екі класқа бөліну кезінде ауыр өнім құмдар деп аталады, ал ұсақтары – ағызынды (гидравликалық классификацияда) немесе жұқа өнім (пневматикалық классификацияда). Елеуге ірілігі 120,0 – ден 0,05 мм – ге дейінгі материалдар, классификацияға 10-13 мм – ден ірі емес, көбінесе 3-4 мм – ден аз материалдар жіберіледі. Бастапқы қоректегі біршама үлкен кесектерлің шамалары мен жазықтық бетіндегі саңылау өлшемдеріне байланысты ірі, орташа, ұсақ, жұқа және ерекше жұқа елеу болып бөлінеді.
Ірі елеуге саңылауы 300 – ден 100 мм – ге дейінгі колосникті тордағы ірілігі -1200+0 мм болатын материалдар жіберіледі; ал орташа елеуге – саіылауы 75 – тен 25 мм – ге дейінгі торда және тордағы ірілігі -350+0 мм болатын материалдар; ұсақ елеуге – саіылауы 25 – тен 6 мм – ге дейінгі електе немесе тордағы ірілігі -75+0 болатын материалдар; жұқа елеуге – саіылауы 5 – тен 0,5 мм – ге дейінгі електердегі ірілігі -10+0 болатын материалдар; ерекше жұқа елеуге (мысалға, абразивтер мен шлифті ұнтақтарды сұрыптау кезіндегі) – арнайы електердегі 0,5 мм – лі материалдар.
Үш және одан да көп класты елеу кезінде електің орналасуына қатысты олардың електердегі бөлінуі іріден ұсаққа, ұсақтан ірі класқа, сонымен қатар жинақты болуы мүмкін. Классификация су немесе ауа ағынымен ұсақ бөлшектердің қозғалып шығып кетуіне негізделген. Өндірістік жағдайларда іріліктің өте оңды нақты бөлінуі әдетте бола бермейді. Елеу кезінде елек саңылауынан кіші өлшемді дәндердің кейбіреулері тор үстіндегі өнім болып қалады, ал классификациялау кезінде ірі өнімдердің ұсақ дәндермен бітелуі болады. Ірілік бойынша бөліну процестері пайдалы кендерді байыту кезінде маңызды шамаға ие болады.
Техникалық тағайындалуы бойынша, мысалға, елеу мыналарға бөлінеді:
өз алдына немесе соңғы елеу, тұтынушыға қажетті дайын тауар өнімдерін (сорттар) ұсынатын берілген ірілікті өнімдерді (көмір, антрацит, құрылыс материалдары, ірі кесекті темір кендер іріліктерінің стандартты кластары және т.б.) бөлу үшін қолданылады. Мұндай елеу операцияларын механикалық сұрыптау деп те атайды;
дайындық елеу, іріліктің бірнеше класына олардың өңделуі мақсатындағы материалдардың бөлінуі үшін қолданылады;
қосалқы елеу, уатудың технологиялық сызбаларында және ірілігі бойынша дайын өнімнің бөлінуіне арналған ұсақтауда қолданылады. Мұндай жағдайда елеу алдын ала деп аталады, егер операция алдында уату қолданылса, онда тексеру, ал егер операциядан кейін уату қолданылса, онда бақылау деп аталады.
талдап елеу, материалдардың ірілігі бойынша ғана емес, құнды компоненттерінің болуымен, сапасы мен қаттылығы бойынша ерекшеленетін әртүрлі кластарға бөлінуінде қолданылады;
құрғату, байыту өнімдерінен немесе материалдардың лайсыздануынан ауыр суспензияның немесе судың бөлінуі кезінде қолданылады.
Гидравликалық және пневматикалық классификация сонымен қатар өз алдына, дайындық немесе қосалқы операциялар болып келеді.