
- •Силлабус
- •1.6. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •Байланыс ақпараты:
- •1.8. Пән саясаты:
- •2. Бағдарлама:
- •2.2Пәннің мақсаты
- •2.3. Оқыту мақсаттары:
- •Пәнді оқытудын соңғы нәтижесі:
- •2.5 Реквизитке дейінгі:
- •2.6 Реквизиттен кейінгі:
- •2.6. 1 Пәнің қысқаша мазмұны
- •2.7 Тақырыптык жоспары:
- •2.7.2 Семинар сабақтарының тақырыптары:
- •Кеңес беру
- •2.8. Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмалары ( сөж)
- •2.9. Әдебиеттер мен оқулықтар:
- •2.10. Оқыту әдістері.
- •2.11.Білімді бағалау ережелері мен критериилері:
- •Оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі
- •Білім алушылар рейтингісінің бағасы ағымдық және аралық бақылаудың бағаларынан құралады.
|
«Астана медицина университеті» АҚ
|
C-07.2.12-13
|
Философия және социология кафедрасы |
|
Силлабус
Пән коды: Sос 3108 Әлеуметтану пәні бойынша
Мамандық: 051301- Жалпы медицина
Дәріс: 24 сағат
Cеминар сабағы: 36 сағат
СӨЖ: 30 сағат
Барлығы: 90 сағат
Емтихан:4
Курс : 2
Семестр: 4
Астана 2013ж.
1.6. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Рахимжанова Бахыт Хазировна - аға оқытушы
Калменова Бақытгүл Тулаковна - аға оқытушы
Аязбаева Сауле Кулатаевна - аға оқытушы
Байланыс ақпараты:
Оқу пәнінің өтетін орны мен уақыты. Семинар сабақтары сабақ кестесінде көрсетілген оқу бөлмелерінде өтеді. Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі, 49, 5 қабат. Философия және социология кафедрасы, www.kazqma.rz
1.8. Пән саясаты:
Пәнге негізделген оқу-ісі және тәрбие-ісі жөніндегі міндеттердің ережесін бұзса:
*Оқу процесіне белсенді қатысу;
*Дәрістерге және семинар сабақтарына міндетті түрде қатысу;
*Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау;
*Сабаққа кешікпеу;
*Қалып қойған сабақтарды оқытушының белгіленген уақытында тапсыру;
*Сабақ кезінде басқа жаққа көңіл бөлмеу, ұялы телефондарды өшіріп қою;
*Курстастарына және оқытушыға қайырымда болу, ашық көңілмен, шыдамдылықпен қарау;
*Дәріс залына және оқу бөлмелеріне кіргенде міндетті түрде медициналық халатпен екінші аяқ киім алуға тиіс.
Студенттер дер кезінде сабаққа келмесе, өз уақытында тапсырмаларды орындамаса көрсетілген рейтинг көрсеткішінен 1% (бағасы ) төмендетіліп, айыпталу санкциясы қолданылады.
2. Бағдарлама:
2.1Кіріспе
Әлеуметтану бүкіл білім жүйесінде болып жатқан әлеуметтік өзгерістер студенттердің түсінуіне, казіргі қоғам дамуы жағдайында болашақ маманға қажетті теориялық және қолданбалы әлеуметтану білімін толық көлемде меңгеруге қалыптастыру.
Әлеуметтану ғылымы, объектісі білімдік деңгейлері мен құрылымдары, заңдары мен категориялары, әлеуметтану ілімнің қалыптасуы мен даму тарихы, әлеуметтік зерттеулердің бағдарламасы мен әдістемесі, тұлға, отбасы, саяси әлеуметтануы, қоғамның әлеуметтік құралымы, әлеуметтік институттар - өзекті мәселе ретінде қоғам мен адам арақатынасындағы әлеуметтік дамудың жалпы заңдылықтарымен түсіндіру.
2.2Пәннің мақсаты
Студенттерге Қазақстан әлеуметтанушылардың қоғамдық ой-пікірінен қалыптасқан козқарастарын және қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды талдау арқылы терең ойлау мен методологиялық тұрғыдан зерттеу қабілітін арттырумен бірге, әрбір студент қоғамның тарихи даму типтерін, категорияларын, пәндегі әлеуметтік ұғымдарды, қазақ елінің әлеуметтік мәселелерін өзінің ой елегінін откізу, оны сарапқа салып өз ой – пікірлерін шығармашылық пен қалыптастыру, қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне белсенді қатысу және әлеуметтік қызмет өміріне әлеуметтік бағдар жасауды жетілдіру.
2.3. Оқыту мақсаттары:
Әлеуметтану пәнін оқыту процесінде басқа қоғамдық ғылымдармен байланысына тоқтала отырып, әлеуметтану білімінің мәнімен даму тарихын түсіндіру негізгі зерттеудің әдісімен анықталады.
Әлеуметтану курсы табиғат, адам, және қоғам арақатынасындағы әлеуметтік құбылыстардың себептерін ашу, құбылыстарға бақылау жасау, олардың арасында тұрақты байланысты тіркеуге алу, әлеуметтік фактілердің озара қатынасын зерттеу, адамның қоғамдағы қызметін анықтау мен қоғам дамуының негізгі заңдарын танудағы мәселелерді қамтиды.
Студентердің әлеуметтанудың негізгі ұғымын, әдісін, категориясын толық игеру;
Студент әлеуметтану пәнінің мәнін, заңын, әлеуметтік байланысын, қоғамдық өмірдің саяси және рухани саласын анықтау;
Студенттер әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен өркендеуі, теориялары және
арнайы теориялардың негізгі бағыттары мен даму ерекшеліктерін қатастыру;
– Әлеуметтану ілімдерін оқытудағы негіздерді ғылыми турғыдан пайымдау.