- •Цитокиндер – жалпы мағлұмат.
- •Интерлейкин-1
- •Интерлейкин-2
- •Интерлейкин- 3
- •Интерлейкин-4
- •Интерлейкин-5
- •Иитерлейкин-6
- •Интерлейкин-7
- •Интерлейкин-8
- •Интерлейкин-10
- •Интерлейкин-11
- •Интерлейкин-12
- •Цитокиндер рецепторларымен сигналдардың берілуі.
- •Ifn және басқа цитокиндер: активация жолдарының қиылысуы.
- •Цитокиндер: гормональды сигналды өткізу механизмі.
- •Цитокиндер: Морфологиялық трансформациядағы ролі.
Интерлейкин-1
ИЛ-1 өнімінің негізгі көзі түрлі тіндік локалкзациясының фагоциттеуші мононуклеарлар болып табылады: перифериялық кан мен перитонеальді экссудаттын макрофагтары мен моноциттері, бауырдың купфер клеткалары, эпидермистегі Лангерганс клеткалары, нервті тіннін микроглия клеткалары.
ИЛ-1-дің белсенді туындыларына эндотелиоциттер жатады. Одан басқа, бұл цитокинді секреттеу кабілетіне Т және В- лимфоциттер, фибробласттар, НК- клеткалар, кератинодиттер, нейтрофильдер ие.
Тыныштық күйдегі макрофагтар және цитокиннің басқа клеткалық көздері, ИЛ-1-ді бөлмейді жене оның мРНК-сы жок.
ИЛ-1-геннің экспрессиясы биологиялық белсенді белоктың түзілуімен жүретін, түрлі индукторлар арқылы клеткаларының активациясынан кейін ғана басталады. ИЛ-1-дің продукциясын шақырушы заттар арасында бактериялардың клеткалық қабыргасының компонентері мен қорғаныс реякциясының дамуы барысында пайда болатын цитокиндер болып келеді.
ИЛ-1-дің маңызды ең бір қасиеті Т- лимфоциттердін пролиферациясын ынталандыру болып табылады. ИЛ-1-дін өз бетімен Т-лимфоциттердін өсуі үшін фактор бола алмайды. Оның әсер ету механизмі, Т- хелперлермен секреттелетін ИЛ-2 және ИЛ-4 өсу факторларының синтезін күшейту.
Сонымен катар, Ил-1 Т- хелперлердін пролиферациясын аутокринді түрде реттеу үшін жағдай туғызып, ИЛ-2 және ИЛ-4 рецепторларының экспрессиялық күшейтеді. ИЛ-1-ң ынталандырушы белсенділігі ИЛ-4 өңдейтін Т- хелперлермен байланысты (Тн2).
Иммунды жауаптың дамуы үшін ИЛ-1-дің В- клеткаларға өсуін - стимульдеуші әсерінін маңызы зор.
Арнайы антигендермен немесе митогиндермен белсендірілген В- клеткалар берілген цитокиннің әсерінен пролиферациясын күшейтеді. Бірақ, Т- хелперлер сияқты, бұл стимульдеуші әсері ИЛ-2-ге арналған рецепторларының зкспрессиясын белсендіру арқылы әсер етеді. Сонымен қатар В- лимфоциттер дифференцировкасында ИЛ-1-дің қатысуы маңызды. Ол өздігінен дифференцирлеуші белсенділік касиетіне ие емес, бірақ басқа цитокиндермен бірлесіп, антиденепродуцентті клеткаларға примирленген клеткалардың трансформациясын қамтамасыз етеді.
ИЛ-1 арнайы иммундық жауапқа қатысудан басқа - корғаныстын арнайы емес формаларының дамуына жауапты- инфекциялык зақымдану кезіндегі жедел фазалы жауап және жергілікті кабыну реакциясының тұзілуі денгейінде ен маңызды медиаторлар ретінде қатысады.
Интерлейкин-2
Ен -бірінші анықталған цитокин- интерлейкин-2 (ИЛ-2). Ил-2-нің негізгі продуценттері Т- хелперлер болып табылады. Бұл типгі клеткалардың 75% Ил-2 синтездейді. Цитотоксикалык Т клеткалардың 20%-на дейін бұл цитокинді бөлуге қабілетті. Бұл клеткалардағы ИЛ-2 синтезіне антигендер немесе митогендер ғана әсер етпейді, басқа да биологиялык белсенді қосылыстардың да әсер бар. Басқа клеткалар кластарымен бөлінетін белгілі цитокиндер (ИЛ-1,ИЛ-6,ФНО,ИФН), антигендермен белсендірілген Т-клеткалармен ИЛ-2-нің продукциясын ынталандырады. Тимус гармондары (тимозин; тимустың сары сулық факторы) ИЛ-2 продуцент клеткаларына жетілмеген тимоциттердің дифференцировкасын камтамасыз етеді. Клетка ішілік Са2+ деңгейін күшейтуші ионофорлар жаңағы цитокиннің продукциясын күшейтеді.
ИЛ-2-нің реттеуші әсерінің нысанасы болып Т- клеткалардың субпопуляциялары, В- клеткалар, табиғи киллерлі клеткалар, макрофагтар болып табылады.
ИЛ-2 әсерінің негізгі нәтижесі тыныштық күйдегі немесе антиген және митоген арқылы ынталандырылған клеткалардың пролиферациясын қамтамасыз етеді. Осы ИЛ-2-нің биологиялық белсенділігі лимфо- миелоидты комплексті клеткалардың өспелі фактор ретінде анықтайды.
