Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
testy_TER_4_rus.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
452.61 Кб
Скачать

5. Витаминотерапия.

208. Төменде көрсетілген нақтамдардың қайсысы кіреукенің аймағындағы ақау кезінде НЕҒҰРЛЫМ болуы мүмкін?

1. Орта тісжегі;

2. Терең тісжегі;

3. Жүлгелік тісжегі;

4. Циркулярлы тісжегі;

5.+Беткей тісжегі.

209. Қандай аурумен орташа тісжегіні салыстырған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Флюороз;

2. Гипоплазия;

3.+Терең тісжегі;

4. Бастапқы тісжегі;

5. Беткей тісжегі;

6. Жетілмеген амелогенез.

210. Қандай аурумен теең тісжегіні салыстырған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. бастапқы тісжегі, гипоплазия;

2.+Орта тісжегі, созылмалы ұлпа қабынуы;

3. Орта тісжегі, беткей тісжегі;

4. Гипоплазия, созылмалы жай ұлпа қабынуы;

5. Беткей тісжегі, созылмалы периодонт қабынуы.

211. Төменде көрсетілген емдеу шараларының қайсысы беткей тісжегінің декомпенсирленген түрі бар балаларда қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Гигиенаға үйрету, диспансерлік бақылау

2. Егеу, фторлакпен жабу

3. Гигиенаға үйрету, ремтерапия

4. Егеу, ремтерапия,

5.+Ремтерапия, пломбылау

212. 12 жастағы баласын анасы алдын ала қаралу үшін алып келді. 1.1 тістің медиальды бетінде кіреуке-дентин шекарасында кіреукенің зақымдануысыз тісжегі қуысы бар.

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Орта тісжегі

2. Терең тісжегі

3. Бастапқы тісжегі

4. Циркулярлы тісжегі

5.+Беткей тісжегі

213. Анасы 6 жастағы баласымен емханаға келді. «3.6 тістің бастапқы тісжегісі» деген нақтам қойылды.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Таңдап егеу

2. Егеп-тазалау

3. Пломбылау

4. Герметизация

5.+Ремтерапия

214. Ауыз қуысының бактерияларының қайсысының жоғары кариосогенді қасиеті бар?

1. Коксаки вирусы

2. Candida albicans

3. Bacterium fusiformis

4.+Streptococcus Mutans

5. Гемолитикалық стрептококк

215. Төменде көрсетілген клиникалық көріністердің қайсысы балалардың тісжегісінің компенсирленген түріне НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Зақымдану апроксимальды бетінде орналасады. Поним.

2. Тісжегінің асқынған түрі

3.+Асқынған тісжегінің пайызы төмен.

4. Тісжегі көп тістердің көп болуы

5. Тісжегінің өсуінің жоғары болуы

216. Төменде көрсетілген клиникалық көріністердің қайсысы балалардың компенсирленген түріне НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1.+Тісжегіс бар тістердің көп болуы, апроксимальды бетінде орналасады

2. Пломбасы түсіп қалады, екіншілік тісжегінің пайда болуы байқалмайды.

3. Тістердің тісжегіге жоғары тұрақтылығы, өсуінің төмен болуы поним

4. тісжегінің өсуінің төмен болуы, тісжегісі бар тістердің аз болуы

5. Асқынған тісжегінің, жұлынған тістердің болмауы

217. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы терең тісжегіге НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Тіске тиіп кеткенде ауырады, бұрыннан бері мазалап жүр

2. Түнде ауырады, өздігінен ауыратын ауру сезімі екі күн бойы мазалап жүр

3. Үнемі ауырады, бірнеше күн бұрын сыздап ауырып тұрады

4.+Тітіркендергіштерден ауырады, оларды жойғаннан кейін ауру сезімі басылады

5. ауру сезімі самайға, құлаққа иррадиация береді, ауру сезімі түнде мазалайды

218. Емханаға 2 жастағы баласымен анасы келді. Тістердің түсі ақ, жоғарғы жақтың тістері төменгі тістерді жауып жатыр және олармен тығыз жанасады.

Осы жастағы балаға тістердің қандай саны сәйкес келеді?

1. 4 тіс

2. 8 тіс

3. 12 тіс

4. 20 тіс

5.+16 тіс.

219. Уақытша күрек тістің минерализациясы қай жаста жүеді?

1.+4-5 ай

2. 7,5 ай

3. 2,0 ай

4. 3,0 ай

5. 8,5 ай

220. Құрсақ ішілік дамудың қандай уақытында уақытша азу тістің минерализациясы жүреді?

1. Жүктіліктің II кезеңінде

2. 4-5 ай

3.+7,5 ай

4. 3,0 ай

5. 1,0 ай

221. Бірінші уақытша күрек тіс қай жаста жарып шығады?

1.+6-8 ай

2. 4-5 ай

3. 12-16 ай

4. 16-20 ай

5. 20-30 ай

222. Екінші уақытша күрек тіс қай жаста жарып шығады?

1. 6-8 ай

2.+8-12 ай

3. 12-16 ай

4. 16-20 ай

5. 20-30 ай

223. Бірінші тұрақты күрек тістің ұрығының ұрықтануы қай уақытта жүреді?

1.+ құрсақ ішілік кезеңнің 8 айында

2. 5 ай

3. 2 жыл

4. 3 жыл

5. 5 жас

224. Бірінші тұрақты азу тістің ұрығының ұрықтануы қай уақытта жүреді?

1. 1 жас

2. 2 жас

3. 3 жас

4. құрсақ ішілік кезеңнің 8 айында

5.+құрсақ ішілік кезеңнің 5 айында

225. Бірінші тұрақты азу тістің минерализациясы құрсақ ішілік дамудың қандай уақытында жүреді?

1. 2,5 ай

2. 3,5 ай

3.+9 ай

4. 6 ай

5. 4 ай

226. Бірінші тұрақты азу тістің түбірінің қалыптасуы қай жаста аяқталады?

1.+10 жас

2. 14 жас

3. 12 жас

4. 13 жас

5. 15 жас

227. 6 жастағы балаға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келетін тістердің санын көрсетіңіз:

1. 20

2. 22

3.+24

4. 28

5. 32

228. 12 айлық балаға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келетін тістердің санын көрсетіңіз:

1. 5

2.+8

3. 10

4. 15

5. 20

229. Естен тану бұл:

1.естің сақталуыменқан тамырлық жетіспеушіліктің көрінісі

2. антигенге алларгиялық реакция

3. +бұлшық еттік тонустың болмауымен бірге естен тану

4. тырыспа (судорожная) реакция

5. тынысалудың тоқтауы

230. Анафилактикалық шоктың дамуына НЕҒҰРЛЫМ әсер ететін факторды атаңыз:

1. геморагиялық диатез

2. интоксикация

3. созылмалы панкреатит

4.+ аллергенді ерте қолдану

5. емтен тану

231. 10 жастағы бронхиальды астмамен ауыратын және сульфиттерге жоғары сезімталдығы бар балаға тісін емдеу үшін жансыздандыру жасау керек. Осы жағдай төменде көрсетілген жергілікті жансыздандырушы препараттардың қайсысы қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1.Новокаин.

2. Артикаин

3. Лидокаин.

4. Анестезин

5. + Мепивакаин

232. Бала 5 жаста. Ауыз қуысын сауықтыру үшін бірінші рет келіп отыр. Ұл бала ұқыпты, дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындап отыр, қоршаған ортаға қызығушылық танытады.

Экспрессивті белгілердің шкаласы бойынша осы баланың өзін өзі ұстай алуына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келетін баға беріңіз?

1.+Позитивті

2.Бейтарап

3. Негативті

4. Басылатын негативті

5. Басылмайтын негативті

233. рН ортаның тіндерге реакциясында жергілікті жансыздандырғыш заттар НЕҒҰРЛЫМ әсерлі болып келеді?

1. Бейтарап

2. + Аз сілтілі

3. Аз қышқылды

4.Қышқыл

5. Сілтілі

234. Баланың ауыз қуысын сауықтыру кезінде жалпы жансыздандыруды қолданудың НЕҒҰРЛЫМ жиі болатын қарсы көрсеткіші болып табылады:

1.тісжегінің декомпенсирленген түрі

2.+ қанда ЭТЖ сағатына 40мм

3.жергілікті жансыздандырғыш заттарға аллергиясы

4. Даун ауруы

5.тістің айналасындағы қабыну

235.Жергілікті қабыну үрдісінде қандай жансыздандырғыш заттың тіндергі әсері НЕҒҰРЛЫМ төмендейді?

1. Лидокаинның

2. Тримекаинның

3. Мепивакаинның

4. Ультракаинның

5. + Новокаинның

236. 5 жастағы балаға мандибулярлы жансыздандыру жасағанда НЕҒҰРЛЫМ болатын асқынуды атаңыз:

1.бет жүйкесінің невриті:

2.жұлынған тістің орнындағы альвеолит

3.+қанатша тәрізді бұлшық еттің қабыну контрактурасы

4.иек тесігінің аймағындағы гематома

5.қан ағу

237.Аллергиялық асқынуларды алдын алу үшін жансыздандырғыш заттарды қолдануда НЕҒҰРЛЫМ ескеру керек:

1. жансыздандырғыш заттарды дайындау

2. жансыздандырғыш заттарды сақтау

3. + аллергоанамнез

4.жансыздандыруды жасау техникасы

5. медперсоналмен жұмыстағы қарым-қатынасы

238. Бастапқы тісжегіні емдеудің НЕҒҰРЛЫМ ұтымды әдісі болып табылады:

1.өзгерген тіндерді кейін пломбылау үшін тілу

2.+реминерализациялық ерітінділермен аппликация

3.дәрумен препараттарымен электрофорез

4.пломбылау

5. ағартушы заттармен аппликация

239. Төменде көрсетілген себептердің қайсысы тістердің кіреукесінің жергілікті гипоплазиясының дамуына НЕҒҰРЛЫМ алып келуі мүмкін?

1. Анасының жүкті болған кезінде жалпы аурулары

2. Баланың өмірінің бірінші жылдарындағы жалпы аурулары

3. Баланы жасанды тамақтандыру

4. Баласын емізетін ананың аурулары

5.+Уақытша тістің шығып кетуі

240. Стентон-Капдепон синдромында қандай тіндердің зақымдануы айқындалады?

1. Уақытша тістердің кіреукесі

2. Тұрақты тістердің кіреукесі

3. Тұрақты тістердің кіреукесі және дентині

4.+Уақытша және тұрақты тістердің тіндері

5. Уақытша және тұрақты тістердің дентині

241. 9 жастағы бала 2.4 тісіндегі косметикалық ақауға шағымданады. Анамнезінен уақытша 6.4 тісі бір ай бұрын өтпелі қатпардың шырышты қабығын жарақаттаған үшін жұлынған 2.4 тіс жарып шығып келе жатыр, оның төмпешіктерінде сары-қоңыр түсті датар бар.

Төменде көрсетілген себептердің қайсысы осы патологияның дамуына НЕҒҰРЛЫМ алып келуі мүмкін?

1. Қызылиектің шырышты қабығының жарақаты

2. Дәрілік препараттарды қабылдау

3. Тістің толық жарып шықпауы

4. Баланың ауырған аурулары

5.+Уақытша тістің созылмалы периодонт қабынуы

242. Төменде көрсетілген белгілердің барлығы Стентон-Капдепон синдромына сәйкес келеді, ТЕК ҚАНА біреуінен басқасы:

1. Тістердің түсінің әр түрлі интенсивтілігі

2. Тістердің түстерінің сулы-сұр болуы

3.+Түтік тәрізді сүйектердің сынуы

4. Дентиннің тез қажалуы

5. Тістің кіреукесінің шытынауы

243. 13 жастағы бала тістердің қажалуына шағымданады. Объективті: тістері сулы –сұр түсті,жылтырлығы бар.Жоғарғы күрек тістердің кіреукесі жұқарған, оңай сынғыш, кесу қырлары үшкір. Төменгі күрек тістердің сауыттарының 1/3 бөлігі қажалған, дентині ашық, тегіс қара қоңыр түсті.

Осы жағдайда науқастың емін жүргізудің қандай тәсілі НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1.+Композициялық материалдармен ақауды қалпына келтіру

2. Дәрумендік препараттардың кешенін тағайындау

3. Бұзылған тістердің ұлпасын алу

4. Міндетті түрде протездеу

5. Ағартушы терапия

244. Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы флюороздың эрозивті түрінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Тістерді жұлу, протездеу

2. Егеу, пломбылау

3. Ортодонтиялық емдеу, ремтерапия

4.+Ағарту, ремтерапия, реставрация

5. Эндодонтиялық ем, ақауды қалпына келтіру

245. 10 жастағы баланың 3.6 тісінде 10% лидокаин ерітіндісімен аппликациялық жансыздандырғаннан кейін жұмсарған, пигменттелген дентинді алғаннан кейін ұлпаның сағасына уақытша пломбаның астына ұзақ әсер ететін қойыртпақ қойылған.

Осы жағдайда қолданылған емдеу әдісі қалай аталады?

1. Витальды

2.+Девитальды

3. Биологиялық

4. Хирургиялық

5. Консервативті

246. Қандай ауру кезінде зондпен шұқып тексергенде бір нүктеде НЕҒҰРЛЫМ ауру сезімі пайда болады?

1. жедел периоднот қабынуында

2. созылмалы периодонт қабынуында

3. жарақаттық периодонт қабынуында

4.+созылмалы жай ұлпа қабынуында

5. созылмалы гранулденген периодонт қабынуында

247. Жергілікті судық құрамында фтордың көлемі 3,0 мг/л, балалардың көбісінде тістерінің түсі аз байқалатын дақтардан кіреукенің қара-қоңыр түске дейінгі пигментациясы байқалады.

Осы аймақта науқастарды емдеу тәсілінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Фторлакпен жабу

2. Цементпен пломбылау

3. Натрий фторид ерітіндісімен аппликация

4. Металло-керамикалық сауытпен жабу

5.+ауыз суында фтордың көлемін азайту, ремтерапия

248. Бала 4 жаста.5.1 тісінің созылмалы периодонт қабынуы деген нақтам қойылды. Төменде көрсетілген материалдардың қайсысын уақытша тістердің түбір өзектерін пломбылауға НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Құрамында кальциі бар қойыртпақ

2.+Цинк-эвгенол жақпасы

3. Эндометазон жақпасы

4. Гуттаперча штифттері

5. «Pulpotec» жақпасы

249. Төменде көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы балалардың тісжегімен ауыруларын НЕҒҰРЛЫМ сипаттайды?

1. Ауру симптомы

2. Ағымының сипаты

3.+Үрдістің интенсивтілігі

4. Анамнездік мәліметтер

5. Аурудың ұзақтығы

250. 4 жастағы қыз бала анасымен сауықтыру мақсатында келді.Қарап тексергенде: кп = 2. 8.4 тістің шайнау бетінде пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы бар. Дентинді экскаватормен тазалағаннан кейін түбі тығыз, зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауырады. Қағып тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген болжам нақтамдардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. орта тісжегінің активтілігінің II дәрежесі

2. орта тісжегінің активтілігінің III дәрежесі

3. терең тісжегісінің активтілігінің III дәрежесі

4. беткей тісжегінің активтілігінің II дәрежесі

5.+орта тісжегінің активтілігінің I дәрежесістепень активности кариозного процесса, средний кариес

страница. 20 из 20

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]