
- •1. Реминерализациялық терапия;
- •1. Шиц пломбылау
- •1. Химиялық қатаятын композит
- •29. 2 Жастағы баланың 5.1, 6.1 тістерінің вестибулярлы бетінің мойын аймағында жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы бар, индекс кп-2.
- •1. Компомер
- •1. Сәулемен қатаятын композитпен пломбылау
- •1. Емдік төсеммен пломбылау
- •Сына тәрізді ақау;
- •1. Кіреукенің гипоплазиясы
- •5. Шиц пломбылау
- •5. Фосфат-цемент
- •1. Хирургиялық әдіс
- •1. Консервативті әдіс
- •5. Витаминотерапия.
БАЛАЛАР ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯСЫ
1. Тменде көрсетілген шаралардың қайсысы тісжегінің декомпенсирленген түрі кезінде ауыз қуысын сауықтыру үшін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Емдеу-алдын алу пасталарын қолдану
2.+кальций препараттарымен ремтерапия
3. Қабынуға қарсы терапия
4. Ұтымды тамақтану
5. Витаминотерапия
2. Балалар емханасына анасы 11 жастағы қыз баласымен сауықтыру мақсатымен келді.Қарап тексергенде: 3.6 тістің шайнау бетінде жұмсарған ақшыл дентинге толы орташа көлемдегі тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде кіреуке – дентин байланысында ауырады. Индекс КПЖ+ кп= 7.
Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1. АRТ-әдісі;
2.+Кейінге қалдырылған әдіс;
3. Хирургиялық әдіс;
4. Консервативті әдіс;
5. Алдын ала пломбылау әдістері.
3. Анасы 8 жастағы баласымен балалар стоматологиялық емханасына ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Объективті: 1.6 тістің шайнау бетінде үлкен емес тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде аздап ауру сезімін тудырады. Қуыстың жанындағы жүлгелер пигменттелген.
Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысын осы жағдайда қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1. АRТ-әдіс;
2. Кейінге қалдырылған әдіс;
3. Хирургиялық әдіс;
4. Консервативті әдіс;
5.+Алдын ала пломбылау әдісі.
4.Ауыз қуысын сауықтыру мақсатында емханаға анасы 4 жастағы баласымен келді.Қарап тексергенде: 8.4 тістің шайнау бетінде пигменттелген тығыз дентинге толы тісжегі қуысы бар, шеттері тегіс, дентин құрғақ, зондпен шұқып тексергенде кіреуке –дентин байланысында ауырады.
Төмендк көрсетілген пломбалық материалдың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болып келеді?
1. Компомер
2. Цинк- фосфатты цемент
3.+Шыныионгомерлі цемент
4. Силикатты - фосфатты цемент
5. Химиялық қатаятын композит
5. Балалар стоматологиялық емханаға анасы 7 жастағы баласын алып келді. Объективті: тжоғарғы және төменгі жақтардың тұрақты күрек тістері уақытылы жарып шыққан, уақыт өте келе тістердің сауыттарының вестибулярлы бетінде домалақ пішінді деминерализация ошағы пайда болды. Шұқып тексергенде зонд тіреліп қалмайды.
Осы жағдайда дәрігердің қандай тәсілі НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Сұйық композитті материалмен пломбылау
2. Компомермен пломбылау
3.+Реминерализациялық терапия
4. Винирлер дайындау
5. ШИЦ пломбылау
6. Балалар стоматологиялық емханасына анасы 8 жастағы баласын сауыз қуысын сауықтыру мақсатында алып келді.Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде ашық, ылғалды, оңай алынатын дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Зоднпен шұқып тексергенде кіреуке –дентин байланысында ауырады. Индекс КПЖ+ кп =6.
Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болып келеді?
1.+Емдік төсем, дентин- паста
2. Аралық төсем, эвикрол
3. Емдік төсем, композит
4. Кетак- моляр
5. Фосфат-цемент
7.Төменде көрсетілген тісжегіні емдеу тәсілдедерінің қайсысы ART-әдісіне НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
1. Сәулемен қатаятын композитпен пломбылау
2.+Аспаптық некротомия, пломбылау
3. Химиялық композитпен пломбылау
4. Герметикалық уақытша пломбылау
5. ШИЦ пломбылау.
8. Төменде көрсетілген тәсілдердің ішінде балалардың тісжегісін кейінге қалдырып емдеуге қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
1.+Екі айға уақытша пломбылау
2. Химиялық композитпен пломбылау
3. Сәулемен қатаятын композитпен пломбылау
4. Түбірлері қалыптасқанша уақытша пломбылау
5. Түбірлердің толық сорылғанына дейін уақытша пломбылау
9. Төменде көрсетілген тәсілдердің қайсысы балалардың тістерін «алдын ала пломбылау» әдісіне НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
1. Емдік төсеммен пломбылау
2. Аралық төсеммен пломбылау.
3. Сәу лемен қатаятын композитпен пломбылау
4. Цинк-эвгенольды пастамен 2 айға пломбылау
5.+Тісжегі қуысын және пигменттелген жүлгелерді пломбылау
10. 2 жастағы баланың 5.1, 6.1 тістерінің вестибулярлы бетінің мойын аймағында жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы бар, индекс кп-2.
Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын осы жағдайда қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1.+АRТ-әдіс
2. Кейінге қалдырылған әдіс
3. Хирургиялық әдіс
4. Консервативті әдіс
5. Алдын ала емдеу әдісі
11. Қандай пломбалық материалды кейінге қалдырылып емдеу әдісі үшін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. Цинк-фосфат, құрамында күмісі бар
2. Бактерицидті цемент
3. Силикатты цемент
4. Эвгенол жақпасы
5.+Кальмецин
12. Балалар стоматологиялық емханасына анасы 5 жастағы баласын алып келді.Қарап тексергенде: 8.5 тістің шайнау бетінде ашық түсті ылғалды дентинге толы, оңай алынатын дентинге толы терең емес тісжегі қуысы бар. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке –дентин шекарасында ауру сезімі бар, индекс кп =7.
Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс болып келеді?
1. Реминерализациялық терапия;
2. Аралық төсем;
3+Емдік төсем;
4. Жүлгелердің герметизациясы;
5. Уақытшы пломба.
13. Герметиктерді балалардың қандай стоматологиялық ауруларында НЕҒҰРЛЫМ жиі қолданады:
1.+Тісжегіде;
2. Флюорозда;
3. Пародонт қабынуындаа;
4. Кіреукенің гипоплазиясы;
5. Сына тәрізді ақау.
14. Шыныиономерлі цементтің қандай қасиеті НЕҒҰРЛЫМ маңызды болып табылады?
1. +тістің тіндерімен биологиялық байланыстылығы;
2. механикалық мықтылығы;
3. косметикалық қасиеті;
4. рентгеноконтрасттылығы;
5. қолданылуы оңай.
15. Бала 3 жаста. 7.5 тістің тісжегісінің декомпенсиртенген түрі деген нақтам қойылды. Объективті:шайнау бетінде пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы бар. Шеттері тегістелген, дентин құрғақ, зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауру сезімі бар. Тістің айналасындағы шырышты қабаты ақшыл-қызыл түсті.
Төменде көрсетілген пломбалық материалдың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1.+ шыныиономерлі цемент;
2. композит;
3. сәулемен қатаятын пломбалық материал;
4 силикатты цемент;
5. құрамында кальциі бар материал.
16. 4 жастағы баланың 8.5 тісінің шайнау бетінде ашық түсті, ылғалды, оңай алынатын терең емес тісжегі қуысы бар. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауру сезімі, индекс кп – 6.
Дәрігердің қандай тәсілін осы жағдайда қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. аралық төсем, тұрақты пломба
2.+емдік төсем, уақытша пломба
3. жүлгелердің герметизациясы, пломбылау
4. реминерализациялық терапия
5. уақытша пломба.
17. Тұрақты тістің терең тісжегісін емдеу кезінде емдік төсем үшін қолданылатын материалдардың НЕҒҰРЛЫМ қасиеті қандай болуы керек:
1. тез қатаятын;
2.тіс тіндеріне алгезиясы төмен
3.+ бір тропты әсер,
4. көпіршіктері болуы керек,
5. тістің түсіне сәйкес келуі керек.
18. 12 жастағы бала тіс дәрігеріне төменгі оң жағындағы тістерінің термиялық тітіркендіргіштерден аз уақытқа пайда болатын ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде пигменттелген тығыз дентинге толы тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде түбі ауырады. Индекс КПЖ-5.
Төменде көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1. Шиц пломбылау
2. +емдік төсем
3.химиялық композитпен пломбылау
4. уақытша пломбылау
5. сәулемен қатаятын композитпен пломбылау
19. 4 жастағы балада тісжегі үлгісінің белсенділігінің І дәрежесі. 8.4 тістің шайнау бетінде пигменттелген тығыз дентинге толы тісжегі қуысы бар, шеттері тегіс, зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауру сезімі бар.
Төменде көрсетілген пломбалық материалдардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1. Химиялық қатаятын композит
2. емдік төсем, силидонт
3. +шыныиономерлі цемент
4. фосфат-цемент
5. эвикрол
20. Тісжегі емдеу кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін?
1. +тіс қуысын кенеттен ашып алу
2. пародонт қабынуы
3. тістің орналасуының аномалиясы
4. сауыттың бөлігінің сынып қатуы
5. қызылиек емізікшесінің өліеттенуі
21.Төменде көрсетілген цементтердің қайсысы тісжегіні тоқтата алуға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
1. висфат
2.+шыныиономерлі цемент
3. фосфат цемент
4.бактерицидті цемент
5. унифас
22. Төменде көрсетілген пломбалық материалдардың қайсысы тістердің екіншілік тісжегісін тоқтатуға әсері НЕҒҰРЛЫМ бола алады?
1.цинкфосфатцемент
2.эвикрол
3. силицин
4.композит
5.+шыныиономерлі цемент
23. Композициялық материал полимеризациядан кейін құрамында қандай мықты және эластикалық қасиеті болуы қажет?
1. макротолықтырғыш
2. микротолықтырғыш
3.+ гибридті толықтырғыш
4. микрогибридті толықтырғыш
5. шайыр
24. Композициялық материалдың полимеризациясы үшін НЕҒҰРЛЫМ оңтайлы уақыт қандай?
1. 3 минут
2. 1 минут
3. 2 минут
4. +6-10 минут
5. 24 сағат
25. Композитті салудың алдында кіреукені не үшін қышқылмен өңдейді?
1. кіреукенің бетіндегі бляшкаларды жою үшін
2. химиялық адгезияны жасау үшін
3.+микроретенция аймағын жасау үшін
4. материалдың физико-механикалық қасиеттерін жақсарту үшін
5. тістердің тіндерін ағарту үшін
26. Қандай пломбалық материалды уақытша тістемнің фронталды тістерінің тісжегісінің декомпенсирленген түрін емдеу кезінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. акрил шайырының негізіндегі пломбалық материал
2. силико-фосфатты пломбалық материал
3.+құрамында фторы бар цемент
4. композицитті пломбалық материалдар
5. құрамында кальциі бар
27. Балалар емханасына анасы 9 жастағы баласымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді.Қарап тексергенде: 3.6 тістің шайнау бетінде орташа көлемдегі жұмсарған ашық түсті дентинге толы тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде кіреуке – дентин шекарасында ауырады. Индекс КПЖ+ кп= 7.
Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын осы жағдайда қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. АRТ-әдісі;
2.+ кейінге қалдырылған әдіс;
3. хирургиялық әдіс;
4. инвазивті емес әдіс
5. алдын ала пломбылау әдісі.
28. Анасы 7 жастағы баласымен балалар стоматологиялық емханасына ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Объективті: 1.6 тістің шайнау бетінде үлкен емес тісжегі қуысы бар, зоднпен шұқып тексергенде аздап ауырады. Қуыстың аймағындағы жүлгелер пигменттелген.
Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
1. АRТ-әдіс;
2. кейінге қалдырылған әдіс;
3. хирургиялық әдіс;
4. инвазивті емес әдіс;
5.+ алдын ала пломбылау әдісі.