
- •Мазмұны
- •1.Проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқарудың теориялық аспектілері
- •1.1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару теориялық негіздері
- •1 Сурет - Дағдарысқа қарсы басқару механизмінің элементтері
- •1.2 Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде
- •1.3 Проблемалық кәсіпорындарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық тәжірибелері
- •2. Проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқаруын талдау (жшс «» кәсіпорын мысалында)
- •2.1 Проблемалық кәсіпорындырдың банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру
- •2 Сурет – Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
- •Қорытынды
Қорытынды
Зерттеу жұмыстарының барысында қол жеткізген ғылыми нәтижелер келесідей жүйеге келтіріліп отыр. Кәсіпорынның дағдарысты жағдайы ұшырауы және жалпы экономикалық ғылымдағы қаржылық дағдарыс ұғымына қолданылған әдебиеттерді саралай келе келесі анықтамалар берілді. Ғылыми негізгі нәтижесі де осында. Атап айтсақ: «дарысқа қарсы менеджмент»– бұл, ең алдымен, кәсіпорынның бәсекеқабілетті жағдайын сақтауы мен ірілетуі, банкроттықты болдырмау немесе төлемқабілетсіздік жағдайда қабілеттілікті қайтару, оны жұмыс жасайтын халге жеткізу. Сондықтан, дағдарыс ұғымын анықтау тұрғысынан қарағанда (кәсіпорын деңгейінде) екі көзқарас бөліп көрсетіледі. Кейбір мамандар оны «дағдарысты», бірақ кәсіпорын үшін күтпеген құбылыс деп санайды. Оның алдын алу үшін кәсіпорындар дағдарыс белгілерінің ізін басу жүйесін қалыптастырулары қажет. Ал, егерде дағдарыс келсе, басқарудың бастапқы шараларының бірі оның ұйым ішіне таралмауын шектеу. Басқа мамандар дағдарысты, уақыттық және кеңістік дәрежелерге созылатын салдары бар процесс деп санайды. Олар дағдарыстық процесті төрт фазаға бөледі: - дағдарыстың алғышарттарының пайда болуы (кішігірім қателер мен ұйым қызметтерінің бұзылуы); - көптеген факторлардың өзара араласуымен туындаған негізгі құбылыс; - дағдарыстың таратылуы; - дағдарыстың шешілуі. -Дағдарыстардың болу себептері мен одан шығу мәселелерін зерттеу барысында уақытылы және сапалы жүргізілген диагностика мен профилактикалық жұмыстар – жалпы алғанда кәсіпорынды, жекелей алғанда дағдарысты басқарудың ең басты міндеті болатындығы анықталды. Дағдарысты жағдайдан шығу жолдарын табудың бірдін-бір маңызды шарттарының бірі қаржылық сауықтырудың жоспарын дұрыс құру болып табылады. Өйткені, көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің дәлелдеуінше нарық жағдайында кәсіпорынды қаржылық сауықтыру іс-шараларының ішіндегі ең маңыздысы осы қаржылық тетік болып табылады екен. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыру жоспарының мүмкін бағыттары мен варианттары жүйеленген түрде келесідей болуы мүмкін:
- бизнес стратегиясының қайта құрылу варианттары;
- бизнесті қысқарту стратегиясы;
- сырттан басқару процедуралары аясындағы қайта өзгерулер.
- кәсіпорынды қаржылық сауықтыру мәселелері, көпшіліктің түсінігінде қалыптасқандай, тек жоспарлыдан нарықтық экономикаға көшу кезеңдерінде ғана орын алмайды. Өйткені, кәсіпорынның дағдарысты жағдайға ұшырауы қоғамдық-шаруашылық жүйесінің ұйымдастырылуынан байланыссыз. Сондықтан, дағдарысты жағдай кәсіпорынның өзінің өмірлік циклының кез-келген кезеңінде ұшырауы мүмкін.
- Кәсіпорын балансы құрылымының қанағаттанарлығын бағалау көрсеткіштері мыналар болып табылады: - ағымдық өтімділік коэфициенті; - жеке құралдармен қамтамасыз етілу коэфициенті; - төлем қабілеттілікті қалпына келтіру (жою) коэфициенті.
- Отандық ғалымдардың айтуынша шетелік модельдерге сәйкес кәсіпорынның төлемқабілетсіздігін бағалау мүмкіндіктерін бағалау көп жағдайда оң нәтиже бере алмайды екен. Өйткені, шетелдік ғалымдар ұсынған модельдер акциялары ірі биржаларда котировакаланатын АҚШ-ң өнеркәсіп компанияларының жағдайына икемделіп жасалған. Дегенмен, шетелдік модельдерді қазақстандық жағдайларға ыңғайластыру тәсілдері де ұсынылған. Қазақстанда көбіне дағдарысты кәсіпорынды жою (ликивидация), яғни банкрот деп жариялау көп тараған. Кей жағдайда, басқа ТМД елдерінде де байқалғандай, кәсіпорынды әдейі банкротттық жағдайға жеткізіп, кейін арзандатылған бағамен сатып алу сияқты қылмыстық жолдары да байқалған. Мұндай қылмыстық процестерге жол берілмес үшін шетелдерде арнаулы әкімшілік процедуралар заңмен қарасытырылған. Мысалы, Швецияда кәсіпорынды банкрот деп жариялау үшін ол сот алдында дәлелденуі керек.
Осыған ұқсас шетелдік тәжірибелермен байланысты ұсыныстар, ресейліктер арасында да бар. Мысалы, О.П.Зайцева, Р.С.Сайфуллин, Г.Г.Кадыков еңбектері кәсіпорынды дағдарыстан шығарудың оптимальды жолдарын табуға бағытталған.
- Кәсіпорын балансының құрылымын қанағаттанарлықсыз, ал кәсіпорынды төлемқабілетсіз деп бағалауға келесі шарттардың біреуінің орындалуы негіз бола алады: - есепті кезеңнің соңында ағымдық өтімділік коэффициентінің мәні 2-ден төмен болса; - есепті кезеңнің соңында жеке құралдармен қамтамасыз етілу коэффициентінің мәні 0,1-ден төмен болса;
- Зерттеу объектісі ретінде алынған кәсіпорында қаржылық жоспарларды жасау негізінен 3 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, ішкі шаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді. Екінші кезеңде көрсеткіштер негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп- қисаптары жасалады. Үшінші кезеңде қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиясы
2. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы ҚР Заңы
3. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U950002173_
4. http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=51006779
5.www.stat.kz – ҚР Статистика Агенттігі ресми сайты
6.www.tengrinews.kz
7.www.kazbankrot.kz – «КазБанкрот» ЖШС ресми сайты
8. "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1750 Қаулысы