Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Проблемалық кәсіпорындар.doc.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147.03 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1.Проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқарудың теориялық аспектілері

1.1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару теориялық негіздері

1.2 Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін камтамасыз етудің негізі ретінде

1.3 Проблемалық кәсіпорындарды мемлекеттік реттеу: шетел және отандық тәжірибелері

2. Проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқаруын талдау (ЖШС «» кәсіпорын мысалында)

2.1 Проблемалық кәсіпорындырдың банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелендіру

2.2 Проблемалық кәсіпорындағы қаржылық басқаруын талдау

2.3 Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігінің қауіпін бағалау

3. Қазақстанда проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқару шараларын анықтау

3.1 Кәсіпорынды дағдарысты қаржылық жағдайдан шығару шараларын әзірлеу

3.2 Проблемалық кәсіпорының дағдарысқа қарсы басқаруды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың аяғы мен – ХХІ ғасырдың басы еліміздегі саяси және әлеуметтік өміріне қатты өзегрістің кезеңдері болды. Ел, өзінің әлеуметтік экономикалық және институциялық негіздеріндегі терең жүйелік дағдарыс астында қалды. Бірқатар зерттеушілер мен тәжірибиешілер, еліміздің экономикасын осындай күрделі жағдайдан басқарудың сапалы жаңа – «дағдарысқа қарсы басқару» түрі ғана шығара алады деп есептейді. Сонда, тиімді дағдарысқа қарсы басқарудағы қажеттілік, ол ең алдымен әлеуметтік экономикалық тәжірибенің болуында. Мәселе тек онда ғана емес.

Заманауи менеджменттің дамуы, зерттеушілерді басқарудың жаңа түрін өндіру мен ойлап табуына алып келеді. Мамандар арасында ерте бастан әлеуметтік экономикалық жүйесінің циклдік дамуы, ұйымның тіршілік циклі, басқарудың бұзылуы, басқару үдерісіндегі ынталандыру әдістемесі мен түрлі амалдардың рөлі, әлеуметтік серіктестік және т.б. секілді мәселелері талқылануда. Осы тектес мәселелердің болуы, оларды естен шығып кетуі немесе шектетілуі көптеген дағдарыс түрлерінінің туындауына алып келуі мүмкін. Басқару ғылымының мақсаты осы құбылыстар арасындағы өзара байланыс пен олардың басқару сапасы мен тиімділігіне әсерін, айқындауға бағытталған шаралар жүйесін қалыптастыру мүмкіншілігін, дағдарысты алдын алу мен төтеп бере алатындығын көрсету.

Қазіргі кезде отандық кәсіпорынның тұрақсыз экономикалық ортада жұмыс істеуіне байланысты өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларын, шығындардың көп болуына тап болады. Олардың мұндай жағдайы экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық қаупіне итермелейді. Қуатты дұрыс жүктемеу, оларды тиімсіз қолдану экономиканың дамуына кері әсер етеді.

Бірде-бір кәсіпорын инвестициялық ресурстарды жоғалтқан кезде және кәсіпорынның несиелік қарызы асып кеткен жағдайда экономикалық қауіпсіздікті сезіне алмайды. Ұлттық экономиканың барлық саласында кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауының күрт өсуі, экономика секторының қамтитын инвестициялардың күрт қысқаруы, ЖІӨ өсуінің төмендеп кетуі, еңбек өнімділігі, халықтың нақты табысы, жұмыссыздықтың көбейуі, өмір сүру сапасының төмендеп кетуі, саяси кластардың экономикалық және әлеуметтік қарсы тұруға мүмкіндіктерінің жоқтығын көрсетіп отырады.

Қазақстан өзінің даму стратегиясын өтпелі кезеңдегі ауыр өзгерістерден аман алып шығып, болашаққа жаңа қарқынмен аяқ басу жолында. Бірақ, оның барлығы оңайлықпен келетін шаруа емес. Көптеген кәсіпорындар дұрыс ұйымдастырылмаған менеджменттің салдарынан нарық заңдарына төтеп бере алмай, бұрынғы стереотипті ұстанып экономикалық дағдарыстарға ұшырауда. Дағдарыстың негізі қаржылық тұрақтылықтың болмауы. Басқару менеджменті жоқ кәсіпорындарда “төлемқабілетсіздік” ұғымдары кеңінен пайдаланылатын болды.

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғыни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Бұл жерде, егерде кәсіпорын тұрақсыздық жағдайына ұшырап, қаржылық сауықтыру әдістері мен нысандарын уақытылы қолданбаса, онда кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.

Демек, өндірістік процесс дербес қаржы көздерімен байланысты ұйымдастырыла бастады. Бірақ, көбіне бұрынғы тәртіпті ұстанған немесе нарық заңдарын бұрыс түсінген көптеген кәсіпорындар өзінің қаржылық тұрақтылығын сақтап қала алмады. Сол себептен оларды қаржылық сауықтыру жұмыстарын жүргізу және дағдарысқа қарсы басқару қажеттігі өмір талабына айналды. Осы тұрғыдан келгенде зерттеу тақырыбының өзектілігі объективті.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Дағдарысқа қарсы басқару, дәрменсіз кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру мәселелері Ресейдiң және шетелдiң мамандары мен ғалымдарының ғылыми еңбектерiнде қарастырылған. Шетелдiк авторлар Вуд П., Бальц М., Эпштайн Д., Кинг Л., Маркелл Б., Лафонт Г., Клаус К., тағы басқаларды атап айтуға болады. Ал Ресейде бұл мәселенi Минаев С.А., Панагушин В.П., Човушян Э.О., Сидоров М.А., Евсеев А., Кошкин В.И., Степанов В.В., Уткин Э.А., Шабалин Е.М., Жугляр К., Китчин Д., Кондратьев Н.Д., Ансофф И., Баринов В.А., Буянова В.П, Гребнева Е.Т., Грязновой А.Г, Коротков Э.М., Крыжановский В.Г., Лапенков В.И., Лебедев О.Т., Кирсанов К.И., Базаров Г.З., Беляев С.Г. және тағы басқа ғалымдар ғылыми еңбектерiнде зерттеген.

Қазақстанда дағдарыстық жағдайларымен күресу мәселелерін отандық - экономист ғалымдар Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г., Байгелдi О., Жанкубаев Б.А., Жүнiсов К.Х., Имашев Б.М., Қажымұрат К., Кенжегузин М., Кошанов А.К., Кулмағамбетов А., Мұхамбетов Т.И., Нукушев А.Г., Нұрымбетов Б.М. Сабден О. Баймуратов У.Б., Нурланова Н.К., Рамазанов А.А., Алпысбаева Н.С., Мунш В.А., Кыстаубаев М.Б., Нурмуханова Л., Киреева А.А және тағы басқалар өз еңбектерінде зерттеген.

Алайда әлемдік экономиканың қарқынды дамуы, қаржылық дағдарыспен байланысты жаһандық тұрғыдағы мәселелердің пайда болуы ғалымдарға дәстүрлі тұжырымдардан бас тарта отырып, кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың жаңа әдістерін зерттеу қажеттілігі туындап отыр.

Осы орайда зерттеудің өзектілігі, теориялық және тәжірибелік маңыздылығы және кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқарудың жеткіліксіз зерттелуі диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға, мақсаты мен міндетін айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында қаржылық дағдарысқа байланысты экономикалық қызмет аясында проблемалық кәсіпорындар қызметін басқарудың өзекті мәселелері көрініс тапты.

Қаржылық қиындықтардың экономикалық мәні кәсіпорындардың шаруашылық қызметін қаржыландыру,келісім шарттар мен қолданыстағы заңмен тағайындалған мерзімдерге сәйкес қаржылық міндеттемелерді өтеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Шаруашылық субьектілердін денгейінде оларды,бейтараптандыру мәселелері өзекті болып табылады.Сондықтан диссертациялық жұмыста қаралатын осы мәселелер өзекті болып табылады.

Кәсіпорында пайда болған қаржылық қиыншылықтар және оның салдарын шешу мәселелерін қарастыру.

Қаржылық қиыншылықтардын пайда болуын анықтау.

Кәсіпорын банкротты әдістерін жетілдіруді қарастыру.

Қазақстан Республикасында проблемалық кәсіпорындарды оңалту жөнінде заннамалық құқықтық мәселелерін анықтау.

Қазақстан Республикасында проблемалық кәсіпорындардың қызметі жағдайында олардын қаржылық әлеуетін басқаруды онтайландыру әдістерін қарастыру.

Проблемалық кәсіпорындардың қаржылық басқару теориялық негіздерін қорытындылап ,оларды тәжірибие жүзінде пайдаланудын теориялық мүмкіндігін анықтау.

Проблемалық кәсіпорындарды қаржылық басқарудың теориялық негіздерін қорытындылап ,дағдарыс жағдайда фирманы оңалтудың әдістерінің жүйесін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысы бойынша проблемалық кәсіорындардың қаржылық қызметін басқарудың ерекшеліктерін пайдалануға ұсынылады. Проблемалық кәсіорындардың қызметін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі мәселелер туралы әдістер жүйеленетін болады.

Зерттеуде абстрактілі-логикалық, жүйелік салыстыру, тортастыру графика-аналитикалық әдістері, экономикалық, сандық және сапалық талдаулар қолданылады.

Диссертациялық жұмыстың зерттеу нәтижелері ғылыми тұрғыда жаңалық ретінде өндіріске енгізілуге және ғылыми ортаға пайдалануға ұсынылады.

Проблемалық кәсіпорындарды оңалту және банкроттаудың ұйымдық –құқықытық негіздері.

Проблемалық кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі салдарынан өз жұмысын мәжбүрлі тоқтатуы. Әдетте, фирманың банкроттығы, көбінесе, олардың шығыны кірісінен асып кетуі салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда борышқор тек соттың шешімі бойынша ғана банкрот деп танылады