Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.78 Кб
Скачать

2.7 «Қазкоммерцбанк» ақ-ның банктік салым шарты мен депозиттік операциялары

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның жеке тұлғаның банктік салым шарты келесі мәліметтерді қамтиды:

  1. Жалпы ережелер

Осы шарт салымшының «Қазкоммерцбанк» АҚ-дағы жинақтау шотына ақша қаражатын шартта белгіленген талаптарда орналастырудың стандартты талаптары анықталады. Шарт Банкке Салымшы қол қойған Шот ашу туралы Өтінішті тапсыруы және Салымды орналастыруы арқылы жасалады. Салымның нақты талаптары – салымның түрі, сомасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі, сонымен қатар жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, мерзімділігі мен сыйақыны төлеу тәсілі тараптармен өтініш арқылы анықталады.

  1. Терминдер мен анықтамалар

Банк - «Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамы, оның филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері.

Салым - шарт пен өтінішпен белгіленген талаптар бойынша шотқа салынған ақша.

Шот – салым есебінен және онда операцияларды көрсету мақсатында шарттың талаптарына сәйкес ашылған, банктегі жинақтаушы шоты.

Салымшы – шартқа сәйкес атына шот ашылған және салым енгізілген жеке тұлға.

Шарт – банктегі шотқа салым салу талаптары мен тәртібін анықтайтын осы жеке тұлғаның банктік салым шарты.

  1. Шарттың мәні

Салымға иелік ететін тұлғалар:

  • Салымшы;

  • Салымшының өклдері – тиісті түрде ресімделген сенімхат негізінде,заңды өкілдері, асыраушылары – олардың өкілеттігін растайтын құжаттар негізінде;

  • Салымшы қайтыс болған жағдайда – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұрагерлер.

  1. Салымды енгізу тәртібі

Салымшы банктен салым валютасында ағымдағы шот ашқан жағдайда ғана салым қабылданады. Сонымен қатар, шот бойынша барлық операциялар , салымды ашу, толтыру, салымның бір бөлігін алу, жабу осы ағымдағы шот арқылы жүргізіледі.

  1. Салымды толтыру

Салымды толтыру салымшының өтініші негізінде қолма-қол ақша салу немесе қолма-қолсыз шотқа аударуы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Салымның бір бөлігін алу

Салымшының талап етуі бойынша салымның бір бөлігін беру, өтініш пен банктің ішкі құжатымен көзделген жағдайда ғана жүргізіледі.

  1. Салым бойынша сыйақы

Сыйақы мөлшерлемесінің көлемі өтініште көрсетілген салымды орналастыру мерзімі барысында өзгермейді.Салым бойынша сыйақы күнтізбелік айдың салымды енгізу күнішотқа төленеді және нұсқауларына сәйкес капиталданады. (салым сомасына қосылады).

  1. Салым шартының мерзімін ұзарту

Салымшы орналастыру мерзімі аяқталған соң салым сомасын талап етпеген жағдайда, шарттың мерзімі автоматты түрде ұзартылады.

  1. Банктік салым шартын мерзімінен бұын бұзу

Шартты мерзімінен бұрын бұзу салымшының өтініші негізінде жүзеге асады.

  1. Салымды қайтару

Банк салымды ағымдағы шотқа салыс сомасы мен ол бойынша есептелген сыйақыны аудару арқылы қайтарады. Салымды орнаастыру мерзімі аяқталған кезден бастап сыйақы есептелмейді.

  1. Шот бойынша операцияларды сенімхат бойынша орындау.

Сенімді тұлғаға шот бойынша операцияларды орындау құқығын беретін нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқаын берген жағдайда жүзеге асырылады.

  1. Қашықтан банктік қызмет көрсету

Банк салымшыға homebank.kz қаржы порталы арқылы шотқа және банктік қызметтерге қашықтан қол жеткізу қызметін ұсына алады.

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  2. Тараптардың жауапкершілігі

  3. Дауларды қарау тәртібі

  4. Салымға кепілдік беру

Банкті мәжбүрлі таратқан жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру Қорымен төленген кепілдендірілген соманы сыйақысыз, өтем жиынтығы бес миллион теңгеден аспайтын сомада Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен алуға болады.

  1. Шартты өзгерту тәртібі

  2. Басқа шарттар

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның ұсынатын салым түрлері:

  1. «Үздік» салымы

«Үздік» салымы – бұл қосымша жарна салу арқылы салым сомасын өзгерту мүмкіндігі бар жедел салым.

«Үздік» салымының ерекшелігі – бұл салымның барлық мерзімге жоғары сыйақы мөлшері сақталады.

«Үздік» салымының жаңа шарты – сыйақы мөлшерін ай сайын төлеу! Сондай-ақ, салым келісім-шартын бұзған жағдайда жеңілдіктер қарастырылған.

"Үздік" салымы бойынша қысқаша шарттар:

  • Ең төмен бастапқы жарна сомасы: 15000 теңге /100 АҚШ доллары/100 еуро;

  • Салым мерзімі: 3, 6, 12,18,24 ай;

  • Ақшаны бөліктеп алу: қарастырылмаған;

  • Қосымша жарналар: Қосымша жарнаның ең төменгі мөлшері сақталған жағдайда мүмкін.

  • Қосымша жарнаның ең төменгі жарна сомасы:

USD/EUR - 100; KZT – 15 000

  • Банк салымын мерзімінен бұрын бұзу:

- 1 айдан төмен – сыйақы есептелмейді;

- 1 айдан көп, алайда келісім-шартта көрсетілген мерзімнен аз болса – банк салымының келісім-шартында көрсетілген сыйақы 1/2 мөлшерде есептеледі.

  • Қосымша шарттар: Банк тарифтерімен ұзарту күніне белгіленген мерзімге, шарттармен, сыйақы мөлшерлемесімен салымды автоматты түрде ұзарту.

  • Салымды/салымның бөлігін алғаны үшін комиссия: Cалым әр қосымша жарна жинақтық шотта 14 күннен аз мерзімде сақталған жағдайда – Банктің тарифтеріне сәйкес өндіріп алғаны үшін комиссия алынады

"Үздік" салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %)

Мерзімі (айы):

3

6

12

18

24

Сыйақы мөлшерлемесі, KZT

3.5

6.0

7.5

8.0

8.0

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, KZT

3.5

6.1

7.7

8.3

8.3

Сыйақы мөлшерлемесі, USD

2.0

4.0

4.5

4.8

4.8

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, USD

2.0

4.0

4.6

4.9

4.9

Сыйақы мөлшерлемесі, EUR

1.5

3.0

3.5

3.8

3.8

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, EUR

1.5

3.0

3.5

3.8

3.9

  1. "Еркіндік" салымы

"Еркіндік" салымы бойынша қысқаша шарттар:

  • Ең төмен бастапқы жарна сомасы: 75 000 теңге /500 АҚШ доллары/500 еуро;

  • Салым мерзімі: 1, 3, 6, 9, 12 ай;

  • Қосымша жарналар:Қосымша жарнаның ең төменгі мөлшері сақталған жағдайда мүмкін.

  • Қосымша жарнаның ең төменгі жарна сомасы: USD/EUR - 100; KZT – 15 000;

  • Бөлшектеп алу: Бөлшектеп алудың және төмендетілмейтін қалдық сомасының ең төменгі мөлшері сақталған жағдайда мүмкін.

  • Бөлшектеп алудың ең төменгі сомасы: USD/EUR - 300; KZT – 45 000, төмендетілмейтін қалдық сомасына дейін;

  • Ең аз төмендетілмейтін қалдық сомасы:USD/EUR - 1000; KZT – 150 000;

  • Салымды/салымның бөлігін алғаны үшін комиссия: 10.09.2012 ж. бастап ашылған салымдар бойынша. салым/әр қосымша жарна жинақтық шотта 14 күннен аз мерзімде сақталған жағдайда – Банктің тарифтеріне сәйкес өндіріп алғаны үшін комиссия алынады.

  • Сыйақы төлемі:ай сайын:

- ағымдағы шотқа аудару;

- капиталдандыру (есептелген сыйақы сомасына салымды көбейту).

  • Банк салымын мерзімінен бұрын бұзу:

  • 1 айдан төмен – сыйақы есептелмейді;

  • айдан көп, алайда келісім-шартта көрсетілген мерзімнен аз болса – банк салымының келісім-шартында көрсетілген сыйақы 1/2 мөлшерде есептеледі.

  • Қосымша шарттар: Банк тарифтерімен ұзарту күніне белгіленген мерзімге, шарттармен, сыйақы мөлшерлемесімен салымды автоматты түрде ұзарту.

"Еркіндік" салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %)

Мерзімі (айы):

1

3

6

9

12

Сыйақы мөлшерлемесі, KZT

2.5

3.0

5.0

6.0

7.0

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, KZT

2.5

3.0

5.1

6.1

7.2

Сыйақы мөлшерлемесі, USD

1.0

1.5

3.0

3.5

4.0

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, USD

1.0

1.5

3.0

3.5

4.1

Сыйақы мөлшерлемесі, EUR

0.5

1.0

2.0

2.5

3.5

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, EUR

0.5

1.0

2.0

2.5

3.5

  1. "Зейнеткерлік" салымы

"Зейнеткерлік" салымының қысқаша шарттары:

  • Ең төмен бастапқы жарна сомасы: USD/EUR - 100; KZT – 15 000;

  • Салым мерзімі:3,6 және 12 ай;

  • Ақшаны бөліктеп алу: төмеңдетiлмейтiн қалдыққа дейін кез келген мерзімділікпен алу, бөліктеп алудың ең төмен сомасы 45 000 теңге/300 АҚШ доллары/300 еуро;

  • Қосымша жарналар: Қосымша жарнаның ең төменгі мөлшері сақталған жағдайда мүмкін.

  • Қосымша жарнаның ең төменгі жарна сомасы: USD/EUR - 100; KZT – 15 000 (25.04.2012 жылға дейін ашылған салымдар бойынша. Сомасы бойынша шектеу жоқ);

  • Бөлшектеп алу: Бөлшектеп алудың және төмендетілмейтін қалдық сомасының ең төменгі мөлшері сақталған жағдайда мүмкін.

  • Бөлшектеп алудың ең төменгі сомасы: USD/EUR - 300; KZT – 45 000, төмендетілмейтін қалдық сомасына дейін(25.04.2012 жылға дейін ашылған салымдар бойынша. Сомасы бойынша шектеу жоқ, төмендетілмейтін қалдық сомасына дейін);

  • Ең аз төмендетілмейтін қалдық сомасы: USD/EUR - 1000; KZT – 150 000 (25.04.2012 жылға дейін ашылған салымдар бойынша. USD/EUR - 100; KZT – 15 000);

  • Салымды/салымның бөлігін алғаны үшін комиссия: 10.09.2012 ж. бастап ашылған салымдар бойынша. салым/әр қосымша жарна жинақтық шотта 14 күннен аз мерзімде сақталған жағдайда – Банктің тарифтеріне сәйкес өндіріп алғаны үшін комиссия алынады.

  • Сыйақы төлемі:ай сайын:

  • ағымдағы шотқа аудару;

  • капиталдандыру (есептелген сыйақы сомасына салымды көбейту).

  • Банк салымын мерзімінен бұрын бұзу:

  • 1 айдан төмен – сыйақы есептелмейді;

  • 1 айдан көп, алайда келісім-шартта көрсетілген мерзімнен аз болса – банк салымының келісім-шартында көрсетілген сыйақы 1/2 мөлшерде есептеледі.

  • Қосымша шарттар: Банк тарифтерімен ұзарту күніне белгіленген мерзімге, шарттармен, сыйақы мөлшерлемесімен салымды автоматты түрде ұзарту.

"Зейнеткерлер" салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %)

Мерзімі (айы):

3

6

12

Сыйақы мөлшерлемесі, KZT

3.5

6.0

7.5

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, KZT

3.5

6.1

7.7

Сыйақы мөлшерлемесі, USD

2.0

4.0

4.5

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, USD

2.0

4.0

4.6

Сыйақы мөлшерлемесі, EUR

1.5

3.0

3.5

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, EUR

1.5

3.0

3.5

  1. «Инновация» салымы

Салым ашу үшiн бөлiмшелерге келiп, қажет құжаттарды рәсiмдеу және кассаға ақша құймай-ақ, Homebank.kz қаржы порталының немесе Қазкоммерцбанктiң банкоматтарының арқасында «Инновация» салымын ашу бойынша операциялар және оларды басқару аз уақытта жүргіліледі. Кез келген уақытта – үйде, жұмыста, интернет кафеде немесе дүкенде, көшеде немесе банк бөлiмшелерiнде - Қазкоммерцбанктiң банктiк дүңгiршегi немесе банкоматы бар барлық жерде немесе Homebank.kz порталына кiруге мүмкiндiк болатын кез келген жерде жүзеге асырылады.

«Инновация» салымы бойынша қысқаша шарттар:

  • Салым валютасы: теңге, АҚШ доллары, еуро;

  • Салым мерзiмi: 3, 7, 13 ай;

  • Салымның ең төменгi сомасы: 3 000 теңге, 20 АҚШ доллары немесе 20 еуро;

  • Салымды бөлшектеп алу: қарастырылмаған;

  • Салымға ақша құю: мүмкiн, қосымша жарнаның ең төменгi сомасы – 50 теңге;

  • Қазкоммерцбанктiң бiр төлем картасын пайдалану арқылы ашылатын салымдар саны: кез келген валютамен кез келген мерзiмге 9 салым болуы мүмкін. Бiр төлем картасының көмегiмен бiр валютада және салым салудың бiр мерзiмiнде 2 немесе одан да көп салым салыну мүмкiн емес.

  • Салым мерзімін ұзарту: салым пайдаланылмаған жағдайда салым сәйкестендiрiлген шарттармен автоматты түрде пролонгацияланады, сондай-ақ белгiленген сыйақы «Инновация» банк салымының келiсiм-шартында жазылғандай карт есеп-шотына құйылады.

  • Салымның мерзiмiнен бұрын жабылуы: мүмкiн.

  • Салымның қайтарылуы: салымның негiзгi сомасы және салым бойынша белгіленген сыйақы келiсiм-шартта жазылғандай карт-есеп-шотына күнiне құйылады, ал келесiсi салым келiсiм-шарты бұзылғанда белгiленедi.

"Инновация" салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесі (жылдық %)

Мерзімі (айы):

3

7

13

Сыйақы мөлшерлемесі, KZT

3.5

6.0

7.5

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, KZT

3.6

6.0

7.5

Сыйақы мөлшерлемесі, USD

2.0

4.0

4.5

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, USD

2.0

4.0

4.5

Сыйақы мөлшерлемесі, EUR

1.5

3.0

3.5

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі, EUR

1.5

3.0

3.5