Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.78 Кб
Скачать

2.5 «Қазкоммерцбанк» ақ-ның кассалық операциясы

Банк клиентеріне кассалық қызмет көрсету операцияларын орындау үшін, банк аумағында немесе одан тыс жерлерде операциялық кассалар, қайта есептеу кассалары, түнгі кассалар және де банкоматтар орналастырылған. Операциялық кассаның жұмыс уақыты филиалдардың жарлығына сүйене оырып, бекітіледі. Кассалық операцияларды жүзеге асыратын касса жұмыскерлерімен материалдық жауапкершілігі бар келісімшарт жасалынады.

Касса оқшауландырылған бөлмеде орналасуы керек және ондағы есіктер жұмыс уақытында, іш жағынан кілттенуі керек. Касса жұмыскерлерінен басқа, кассаға тек қана бас бухгалтер және жетекші тұлға кіре алады. Кассирлерде операциялық бөлімше жұмыскерлерінің қолтаңбаларының үлгілері болуы керек. Қоймадағы қолма - қол ақшалардың сақтандырылуына жауап беретін жұмыскерлерде банк атының жазуы бар мөр болуы керек. Әрбір кассирде атаулы штамп болуы тиіс. Барлық мөрлер қойманың кілттері, пломбирлер тіркелу журналында міндетті түрде тіркелуі керек. Кассирлер өз мөрлерін кілтенетін шкафарда сақтауы керек.

Кассалық кітап (журнал) - бұл құндылығы бар операциялар бейнеленетін және олардың шығысы мен кірісі есептелетін, белгілі бір формаға сәйкес жасалатын, есепке алу ведомость кітабы.

Кіріс кассалары қолма – қол ақшаларды банк кассаларына қабылдауды операциялық күн ағымында жүзеге асырады, есеп айырысу шотына аудару үшін. Қолма – қол ақшаларды қабылдау келесі кіріс кассалық құжаттар арқылы жүзегге асады:

  • Қолма – қол түрде ақша аудару жөніндегі хабарлама;

  • кіріс кассалық ордер;

Кіріс кассалық ордер – банктің операциялық түбінде электронды түрде жүргізілетін және қолма – қол ақшаларды қабылдауға тағайындалған кассалық құжат.

Банк клиентінің ағымдық шоттарынан қолма-қол ақшаны бері мынадай шығыс кассалық құжаттармен жүзеге асырылады:

  • ақшалай чектер;

  • шығыс кассалық ордерлер;

Шығыс касалық ордер – электронды түрде жасалатын, қома қол ақшаларды беруге арналған кассалық құжат.

Шығыс кассалық құжаттар жөнделген жағдайда, жарамсыз болып табылады. Ақша алу үшін берілетін чек берілген күннен бастап, 10 күнтізбелік күн аралығында жарамды блып табылады. Кіріс кассалық құжаттарды клиен арқылы жөнелтуге болмайды яғни клиенттің қолында еркін жүруіне жол берілмейді.

Ақшалай чек бір сиямен немесе бір қаламсаппен, түсінікті, нақты түрде олтырылады және мынадай міндеттемелерге жауап беруге тиіс:

  • көшірілген (жазылу) уақыты – күні, айы (жазу үрінде), жылы;

  • сома (сан түрінде) бос қалған жерлер міндетті түрде сызылуы керек;

  • «төлеңіз» сөзінен кейін чек берілген тұғаның аты жөні көрсетілуі крек;

  • жазу түрінде жазылатын сома міндетті түрде жазу жолының басынан, үлкен әріпен басталуы керек, бос орын қалған жағдайда екі жолақ сызықпен сызылады;

  • чек беруші чекті тек қана, сиямен немсе қаламсаппен толтыруы тиіс;

  • чекті толығымен толтырмай жатып, алдын ала қол қоюға болмайды;

  • чек жөнделген жағдайда, жарамсыз болып табылады.

«Көрсетілген соманы алдым» сөзінен соң клиенттің қолы қойылады, ал банк қызметкерінің қолы шығыс кассалық ордердің төменгі жағына қойылады.

Егер клиент монеталарды, банкноталарды қапшықтардан немесе бумалардан алып санайтын болса, мынадай міндеттемелер қойылады:

  1. клиент ақша қаражаттарды кассирдің қатысуымен санауы керек;

  2. клиент ақша қаражаттарды санап жатқанда, кассир қапшықтардың, бумалардың және пломбалардың операция соңына дейін сақталуын қадағалау керек;

  3. егер ақша қаражаттарына деген белгілі бір сомаға жеткіліксіздік уындаса,онда банк клиентке шығынын өтейді, ал кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады.

Ал инкассация операциясын жүзеге асыратын жұмыскерлер мыналар: кассир, бақылаушы кассир, түнгі кассаның касирі, инкассация бригадасы. Инкассация сөмкесін банктің екі қызметкері инкассатордан қабылдап алады. Екі қызметкердің бірі – кассир бақылаушы болса, екіншісі – түнгі касаның кассирі.

Түнгі кассаның кассирі босатылған сөмкелерді инкоссация бригадиріне, барлық бригада мүшелерінің қатысуымен қайтарып береді. Ал инкасатор кассирге сөмке құжаттарын ұсынады. Түнгі кассаның кассирі сөмке құжаттарының сәйкестігін тексеріп, тіркеу журналына тіркеп отырады.

Түнгі кассаның кассирі инкассатордан, ішінде құндылығы бар сөмкелерді қабылдау барысында мындаларды тексеріп отырады:

  1. сөмкенің бүтіндігін яғни сөмкенің жыртылған, тігілген жерлерінің болмауын;

  2. сөмкелердегі пломбалардың сәйкестігін;

Егер сөмкеде қандай да бір ақау табылатын болса, кассиир касса бақылаушысы және инкассация бригадасының қатысуымен сөмкені ашып, ондағы ақшаларды біртіндеп санап шығады.

Инкассация сөмкелерін қабылдап болған соң, ішінде құндылығы бар сөмкелер, ведомосттар, журналдар және анықтамалар қоймаға сақатауға жіберіледі. Содан соң, қойма есігі жабылып, екі түрлі кілтпен кілттенеді, оның бірі – кассирде, екіншісі – касса бақылаушысында болады, қойма кілтенген соң, есігі печатталып, сигнализацияға қойылып,банк күзетінің құзыретіне беріледі.

Келесі күні таңертең түнгі кассаның кассирі және кассир бақылаушысы ақша қоймасын банк күзетінен қабылданып алады және күзетшілер сигнализациядан босатады.

2.6 Қолма қолсыз есеп айырысу: төлем тапсырмамен, аккредитивермен, инкассо, векселдер және чектермен операциялар

Ағымдағы шот – клиентердің шоты, яғни банк пен клиенттің арасында банктік шоттың жазбаша негіздегі келісімшар бойынша ашылады, бұл жерде банк клиент пайдасына түсетін ақшаны қабылдау, клиентке немесе үшінші бір тұлғаға сай аұша сомасын аудару жөніндегі клиенттің бұйрығын орындау және басқа да қызмет түрлерін көрсету келісімшарт бойынша қарастырылған.

Клиенттердің ағымдағы шоттарын ашу үшін мынадай жалпы міндеттемелер қойылады: егер филиалда бір клиентке бірнеше шот ашылса,онда мөрлер мен қолдар үлгісінен басқа,құжаттар пакетін қайта даярлаудың еш қажеті жоқ. Әрбір қайталанған шотқа банктік шоттың келісімшарты жасалынады. Шотты ашу барысында қажет болған клиенттің құжаттарын, тағы басқа құжаттар, заңды түрде клиент атына ашылған құжаттар пакетіне тігіледі.(әрбір клиен үшін). Үш күндік жұмыс аралығында клиент атына шот ашылғандығы жөнінде салық комитетіне хабарланады (бейрезиденттердің атына ашылған жинақ шоттардан басқа). Нотариалды куәләндырылмаған, көшірме құжаттардан, тек қана статистикалық карочка ғана қабылданады.

Банк шот бойынша және оған байланысты мынадай банктік қызмет көрсетулер түрлерін жүзеге асырады: ҚР – ның резиденттері мен бейрезиденттерінен және басқа да тұлғалардың шотынан клиент шотына электронды немесе қолма қол ақшалардың ұлттық валютасында немесе шетел валютасында ақша аудару операцияларын орындайды. Клиенттің шотынан ақша аудару және төлем операцияларын орындайды. Банк бұл операцияны клиенттің рұқсатымен ғана жүзеге асырады, кейбір жағдайларда үшінші тұлғаға клиент атынан нотариалды куәләндірілған сенімхат арқылы жүзеге асырылады. Шоттан ұлттық немесе шетелдік валютада ақша беріледі. Шоттың көшірмелері тек клиенттің сұрауы бойынша беріледі.

Жеке тұлғаға ағымдағы шот ашу үшін келесі құжаттар қажет:

  1. ЖСН нөмірі бар жеке басын куәләндіратын құжат (паспорт, жеке куәлік) ;

  2. шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ және оралмандар үшін қажетті құжаттар: азаматтығы бар елдің паспорты; шетел азаматының ҚР – да тұрақтануының себебі; азаматтығы жоқтығын растайтын куәлік

Банктің негізгі бағытталған қызметі: ҚР – дағы түрлі саладағы заңды тұлғаларға қызмет көрсету болып табылады. Банк өз клиенттеріне барлық қызмет көрсету комплексін ұсынады. Әрбір клиенттің атқаратын қызмет түріне, бағытына қарай, оларға жекелеген түрде банктік қызмет түрлерін және стандартты емес қаржылай шешімдерді ұсынады. Сонымен қатар банк икемді тарифтік саясатты ұстанады. Біз әрдайым ұсынылған банктік қызметтер жиынтығының сапасын жақсартып, жаңалап отырамыз. Банк заңды тұлғалар үшін қызмет көрсетудің толық пакетін, бірегей тарифтерін және сапалы қызмет түрлерін ұсынады. Банк заңды тұлғаларға комплексті қызмет түрлерін ұсына отырып, Қазақстан экономикасындағы түрлі саладағы кәсіпкерлерге бизнестерінің сапалы түрде өсуіне жағдай жасайды. Ақша айналысының негізгі бөлігі болып қолма қолсыз ақша айналысы болып табылады. Ал қолма қолсыз түрде мынадай операциялар жасалынады: өнімді сатып - өткізгені үшін төлем, қызмет, жұмыс, бюджеттік операциялар, банктік кредиттерді алу – қайтару, тұрғындардың жалақысын төлеу сияқты операциялар.

Казіргі таңда ҚР – да қолма қолсыз есеп айырысу жөнінде ереже әрекет етеді. Аталған ереже банктегі бірегей құжаттар айналысына деген және жалпыға бірдей есеп айырысу қызметіне регламент белгілейді. Осы ережеге сүйене отырып, банк ұйымның банктік шоынан есеп айырысу операцияларын орындайды. Банк ұйымның қаражаттарын банк, ұйымның шотында сақтайды. Ал ұйымның атына келген сомаларды шотқа аударып отырады. Ережелер мен келісімшартқа сүйене отырып, банк ұйымның рұқсатымен ұйым шотынан есеп айырысу операцияларын орындайды.

Ұйымның шотындағы соманың көшірмесі, ұйым иесінің рұқсатымен алынады. Ұйым шотынан жасалынатын төлемдер белгілі бір тәртіппен жасалынады (заңнамада қарастырылмаған жағдайда, ұйым басшысы белгілеген тәртіп бойынша). Қолма қолсыз есеп айырысу барысында авизо, чектермен, аккредитивермен, инкассо, векселдер пайдалануға болады. Төлеуші мен төлем алушының арсындағы есеп айырысу формасын келісімшарт анықтайды.

Банкте төлем-тапсырмасымен мынадай операциялар жүзеге асырылады:

  1. жеткізілген тауар үшін есеп айырысу, қызмет көрсетулер үшін, мердігерлер мен сатып алушылармен есеп айырысу;

  2. авансты төлемдер (жеткізілмеген тауарлар үшін, көрсетілмеген қызметтер үшін және бітпеген жұмыстар үшін алдын ала төленетін төлемдер);

  3. таурлық емес нысандағы операциялар бойынша есеп айырысу: салықтарды төлеу (бюджетке және бюджеттен тыс қорларға, кедендік баж салығы, алымдарды төлеу).

Төлем тапсырмасы мен міндеттемелері – бұл төлем құжаты, бұл құжат арқылы жеткізуші, қызмет көрсетуші немесе сатушы сатып алушыға өз қызметінің ақысына деген төлемді қолма қолсыз түрде төлеуі үшін ұсынады.(келісімшарт бойынша). Аталған төлем дебеттік аудару түріне жатады. Бұл құжат 3 данада жасалады, жеткізіп салушы банкі сатып алушының банкіне жібереді. Сатып алушының банкі сатып алушының қолына береді, ал сатып алушы үш күн аралығында құжаттарға қол үлгісін, мөрін қойып, банкке ұсынуы тиіс.

Құжаттық аккредитив – бұл аккредитивті шығарған банктің пайдасына аккредитив шығарылған тарапқа (Бенефициарға) аккредитив талаптарына сәйкес берілген құжаттардың сомасын төлеу бойынша банктің кері шақыртылмайтын міндеттемесі.

Аккредитивті қолданудың артықшылықтары:

Сатып алушы үшін:

  • Қолма-қол ақшасыз қаржыландыру.

  • Алдын ала төлемнің орнына тауарды жеткізу/түсіру дерегі бойынша төлем жасау.

  • Шетелдік қаржылық институттардың қаражаты есебінен тауар үшін төлем жасау (қаржыландырудан кейін).

  • Мәмілені оперативті және білікті түрде алып жүру.

Сатушы үшін:

  • Жеткізілген/түсірілген тауар (көрсетілген қызмет) үшін кепілдендірілген төлемге қол жеткізу.

  • Өнімдерді өткізу нарығының (географиясының) кеңеюі.

  • Экспорттық түсім бойынша қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігі.

Құжаттар:

  • Аккредитив шығару бойынша өтініштің түпнұсқасы: Аккредитивті шығару бойынша өтініш ;

  • Коммерциялық келісім-шарттың көшірмесі;

  • Келісімге келудің 2 түрінің түпнұсқасы: Заңды тұлғаларға арналған келісу нысаны; Жеке тұлғаларға арналған келісу нысаны.

  • Аккредитив ашу туралы шарт. Өтелген аккредитив шығарылған жағдайда (өтеу валютасы аккредитив валютасына сәйкес келетін болса) шартқа қол қою талап етілмейді.

  • Қамтамасыз ету бойынша қажетті құжаттарды ұсыну

Аудармалы (трансферабельді) аккредитив– бірінші бенефициар аударушы банкке аккредитивті толық көлемінде немесе ішінара басқа тұлғаға немесе тұлғаларға (екінші бенефициарға/бірнеше бенефициарға) тапсыру (аудару) жөнінде өтініш беру құқығын иеленетін аккредитив, аталған операция құжаттық аккредитивтерге арналған Бірыңғайландырылған ережелер мен дәстүрлермен анықталған тәртіпке сәйкес өткізіледі (UCP 600, 2007 ж. редакция).

Стэнд-бай аккредитив, негізінде, банктік кепілдіктің бір түрін білдіреді. Кепілдік сияқты, ол есептесу нысаны болып табылмайды және тараптар келісім-шарттың талаптарын бұзған жағдайда ғана төленеді (құжаттық аккредитивтен осымен ерекшеленеді).

Револьверлі аккредитив – әдетте келісім-шартта белгіленген кесте бойынша анықталатын тауарды жеткізудің жүйелі топтамалары үшін есептесу барысында қолданылатын қайта басталатын аккредитив.

«Қызыл ескертпесі бар» аккредитив – Бенефициардың аванс алуы (аккредитив сомасының бір бөлігін аванспен төлеуді қарастыратын кез келген аккредитив).

Құжаттық инкассо – бұл банктің Сатушы мен Сатып алушы арасында дәнекер бола отырып, Сатушыдан жеткізілген тауар үшін құжаттарды алу және оларды Сатып алушыға соңғының төлеміне/акцептісіне (келісіміне) айырбас ретінде тапсыру бойынша операциясы.

Бұл ретте Банк ешқандай төлем міндеттемелерін қабылдамайды, яғни тауар үшін төлем жасалмауының толық тәуекелділігін Сатушы көтереді.

Сатушы үшін артықшылықтар:

  • Мәліменің қарапайымдылығы мен құнының қымбат болмауы (құжаттық инкассо – құжаттық есептесулердің ең арзан әдісі).

  • Сатып алушы төлемді жүзеге асырған сәтке дейін тауарды өз бақылауында ұстауы.

  • Сатып алушының құжаттарға төлем жасау мерзімінде «Казкоммерцбанк» АҚ-да қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігі.

Сатып алушы үшін артықшылықтар:

  • Мәміленің қарапайымдығы мен құнының қымбат болмауы.

  • Сатып алушыға қызмет көрсететін банк ешқандай төлем міндеттемелерін қабылдамайды.

  • Сатушыдан төлем жасаудың мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі.

  • Қаржы айналымнан шығарылмайды.

Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы қарыздық міндеттеме.

«Қазкоммерцбанк» АҚ келесі кәсіпорындардың вексельдерін сатып алады: «Өскемендік AES ЖЭО» АҚ; «KEGOK» АҚ; «Қазақтелеком» АҚ; «Қазатомпром» ҰАК АҚ; «Астана-финанс» АҚ; ТК «Қазхром» АҚ; «Продкорпорация» АҚ; «Ордабасы корпорациясы» АҚ; «KazTransCom» АҚ.

Чектік операциялар

"Қазкоммерцбанк" АҚ төменде көрсетілген чектерді сатады және ақшаға айырбастайды:

American Express жол және сақтандыру чектері

Чек – чек иесі іссапарда немесе саяхаттап жүрген кезде қолма-қол ақшаны ауыстыратын төлем құжаты, ал үйде ол жинақ ақшаңыздың сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді.

Бұдан былай қаржысын үйде сақтап, ұрлатудан, өрт және басқа да салдардан жоғалтудан қауіптенетін қазақстандықтар қолдағы ақшасын American Express чектеріне айналдырып, сақтап, пайдалана алады.

ҚАЗКОМ клиенттерге өз қаржыларын сақтаудың тиімді құралы American Express чектерін алу мүмкіндігін ұсынады.

Бұның тиімділігі - қол қойған чекті тек сол қол қойған тұлға ғана пайдалана алады.

American Express чектері әдеттегі ақша ретінде саналады. Егер жоғалған, жарамсыз болған жағдайда тәулік ішінде қайта қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, қызмет көрсету уақыты шектеусіз және қаржы нарығында 150 жылдан астам уақыттан бері қызмет көрсетуші American Express халықаралық компаниясының қызметін пайдаланады.