
- •2.1 Қаржылық жағдайы туралы есеп...................................................................14
- •2.2 Пайда мен шығындар туралы есеп................................................................15
- •2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп................................................16
- •1.1«Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының құрылу тарихы
- •I«Қазкоммерцбанк»ақ-на сипаттама және оның даму кезеңдері
- •1.2 Банктің құқықтық мәртебесі мен құрылымы
- •1.3 Банктің жетістіктері мен стратегиясы
- •II «Қазкоммерцбанк» ақ-ның қаржылық жағдай және жүргізетін операциялары мен қызметтеріне сипаттама
- •2.4 Капитал
- •2.5 «Қазкоммерцбанк» ақ-ның кассалық операциясы
- •2.7 «Қазкоммерцбанк» ақ-ның банктік салым шарты мен депозиттік операциялары
- •2.8 Несиелеу саясаты және несиелеуді ұйымдастыру тәртібі
- •2.9«Қазкоммерцбанк» ақ-ның несиелік шарты мен несиелеу операциялары
- •1)Экспресс несие
- •2) Балама несие
- •3) Ипотекалық несие
- •6)Депозитті кепілдікке қою
- •7)Қайта қаржыландыру
- •III «Қазкоммерцбанк» ақ – ның қаржылық нәтижелеріне талдау
- •3.1 Банк қызметінің жыл соңындағы нәтижелері
- •3.2 Банктің дағдарыс кезіндегі дағдарыстан шығу жолдарына
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.3 Банктің жетістіктері мен стратегиясы
Қазкоммерцбанк 1990 жылдың 12 шілдесінде Қазақ Кеңес Социалистік Республиканың заңына сәйкес ашық акционерлік қоғам болып құрылған Медеу Банкінен бастау алады. Қазақстан мемлекет ретінде егемендік алғаннан кейін Медеу Банкі «Казкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1991 жылғы 21 қазандағы № 48 лицензиясын алды. Бұл күн ресми түрде банктің туған күні болып саналады.
1994 жылғы сәуірде Банк өзге қазақстандық коммерциялық банк - «Астана Холдингпен» бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орын тепті.
1994 жылдан бері Банк ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы министрлігі, сондай-ақ Әлемдік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Ислам даму банкі, Kreditanstalt fur Wiederaufbau және Азия даму банкі секілді халықаралық қаржы институттары дайындаған және демеушілік көрсеткен бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысып келеді.
1995 жылы Қазкоммерцбанк қазақстандық кәсіпорындарды қайта құрылымдау мен жекешелендіру процесінде Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңесшісі болды.
1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсаты - банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына қол жеткізіп, үлкен қадам жасады. Қазкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға – Орталық Азиядағы банктердің ішінде бірінші рет Қазкоммерцбанкке «Thomson BankWatch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтинг берілді.
1997 жылғы сәуірде Қазкоммерцбанк ЕҚДБ қаржыландырған, CCF Франция банкінің (Credit Commerciale de France) қолдауымен жеделдетілген институционалдық дамуды көздеген «твиннинг» бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды. 1999 жылы твиннинг аяқталып, банк еурооблигациялар нарығында белсенді жұмысқа кірісті.
1997 жылы Қазкоммерцбанктің әлемдік акциялар нарығына шығуы бүкіл қазақстандық банк секторы үшін аса маңызды жетістік болды. Бірінші рет қазақстандық банк негізгі әлемдік биржаларда американдық және ғаламдық депозитарлық қолхаттар (АДҚ және ҒДҚ) түрінде акциялар орналастырды. Нәтижесінде, КАЗКОМ 50 млн.доллар тартып, өз капиталын екі есе ұлғайтты.
1997 жылғы Банк және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды жетістік – осы уақытқа дейін қарызгер ретінде ҚР үкіметін ғана мойындаған немістің мемлекеттік «Hermes» экспорттық сақтандыру компаниясы Банкті қарызгер ретінде бекітті. Сондай-ақ 1997 жылы Қазкоммерцбанк қазақстандық банктер үшін синдикатталған кредиттер нарығын ашып берді және Банк 30 млн. доллар көлемінде өзінің бірінші халықаралық синдикатталған несиесін алды.
1998 жылғы мамырда Банк қазақстандық корпоративті эмитенттердің ішінде бірінші болып үш жылға еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты.
2000 жылы банк бөлшек нарығына шығып, 2001 жылдың тамызында халықтың шұғыл депозиттерінің мөлшері бойынша көшбасшы атанды. Банк бүгінгі күнге дейін көшбасшылықты ұстап келеді.
2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG неміс банкінен 7 жылға ұзақ мерзімді несие алды (үкіметтің кепілдігінсіз!).
2001 жыл – Бөлшек нарығына шыққан Қазкоммерцбанк үшін ерекше жыл болды.
2002 жылы Қазкоммерцбанк Қырғызавтобанкінің 74% акциясын сатып алып, банк атауы Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп өзгертілді. Бүгінгі күні еншілес құрылымның капиталындағы банктің үлесі 95,75% құрайды.
2002 жылдан бері «Москоммерцбанк» КБ (ООО) (бұрынғы Аймақаралық кәсіпкерлікті дамыту банкі) Қазкоммерцбанктің Ресей Федерациясындағы сенімді әрі стратегиялық серіктесі болып табылады. 2005 жылғы мамырда Қазкоммерцбанк Москоммерцбанктің жарғылық капиталындағы 60,04% үлесін сенімді басқаруға алды. 2007 жылғы ақпанда банк акцияның 52,11% сатып алып, 2008 жылы өз үлесін 100% жеткізеді.
2003 жылы ЕҚДБ Банктің 15% жай акциясын сатып алып, Қазкоммерцбанк акционері атанады. Осылайша, қазақстандық банктердің ішінде КАЗКОМ бірінші болып сенімді қарызгер ретінде емес, «тартымды инвестиция» ретінде бағаланады.
2004 жылғы маусымда Қазкоммерцбанк Қазақстандағы бірінші корпоративті «Құс Жолы» қайырымдылық қорын құрды. Қордың басты мақсаты – тиімді қайырымдылықты ендіру, сондай-ақ әлеуметтік-жауапкершілікті қаржы институты ретінде банк стратегиясын жүзеге асыру.
2005 жылғы сәуірде Қазкоммерцбанк дамыған нарықтағы жаңа Доу-Джонс индексіне енген (Dow Jones CDX.EM Diversified Index) ТМД территориясындағы бірінші банк болды.
2005 жылғы шілдеде ABN AMRO Қазкоммерцбанкке зейнетақы активтері мен «ABN AMRO КаспийМұнайГаз» (қазіргі– «ГРАНТУМ ЖЗҚ» АҚ ) жинақтаушы зейнетақы қорының 80.01% үлесін сату туралы екі компания уағдаластыққа келеді.
2005 жылғы желтоқсанда Қазкоммерцбанк 1,3 млрд. доллар сомасына синдикатталған займ туралы келісімге отырады. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық және Шығыс Еуропадағы және ТМД аймағындағы ең ірі мәміле болды. Ал халықаралық Trade Finance және Global Trade Review басылымдары аталған мәмілені «2005 жылдың мәмілесі» деп атады.
2006 жылғы қарашада Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасында (LSE) 45,7 млн. $-ға акцияларды орналастырып, IPO-ны сәтті аяқтаған ТМД-дағы алғашқы банк болды.
2007 жылғы желтоқсанда Тәжікстан Республикасының Әділет министрлігі жарғылық капиталы 10 млн. долларды құрайтын Қазкоммерцбанктің еншілес банкін тіркеді. Ал 2008 жылы Тәжікстан территориясында банктің жұмыс істеуіне лицензия алынған болатын.
2008 жылғы шілдеде арабтың жеке инвестициялық Alnair Capital Holding қоры банктің ірі акционері болды. 2009 жылы аталған қор Қазкоммерцбанк акцияларындағы үлесін 28,6% дейін көбейтті.
2008 жылғы қазанда ҚР үкіметі ел экономикасының нақты секторына қолдау көрсету мақсатында жасалған шараларды жүзеге асыру үшін стратегиялық серіктес ретінде Қазкоммерцбанкті таңдады. 2009 жылғы қаңтарда Қазкоммерцбанк пен оның негізгі акционерлері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен өзара түсіністік туралы Меморандумды жүзеге асыру туралы документтер пакетіне қол қойды. Аталған меморандумда банктің экономиканың нақты секторына қолдау көрсету бойынша Мемлекеттік тұрақтандыру бағдарламасына қатысудың негізгі шарттары көрсетілген. Бұл бағдарламаның шеңберінде 2009 жылғы мамырда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қазкоммерцбанктің 21,2% акцияларын сатып алды.
2008 жылы Қазкоммерцбанк «Құс Жолы» қайырымдылық қорымен және Visa компаниясымен бірге Қазақстандағы алғашқы қайырымдылық карталары – «Періште» картасын шығара бастайды. Картаның жылдық қызметі үшін алынатын төлемі банк кірісіне емес, «Құс Жолы» қорының шотына аударылады. Қор бұл қаражатты ауылдың шалғай аудандарында орналасқан перзентхана бөлімдеріне қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсайды.
2009 жылы Қазкоммерцбанк SMS-банкинг қызметін іске қосты. Бұл қызметтің көмегімен клиенттер мобильді телефондары арқылы өз шоттарына бақылау жүргізе алады.
2011 жылғы мамырда Қазкоммерцбанк борыш капиталының постдағдарыстық нарығында 300 млн.доллар сомасына 7-жылдық еурооблигацияларды алғашқылардың бірі болып орналастырды.
2011 жылғы сәуірде КАЗКОМ IBM корпорациясымен бірге жаңа DATA-орталықты іске қосты. Аталған орталық банктің ақпараттық инфрақұрылымын апаттан қорғайды.
Банк стратегиясы
Банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ клиенттерге қолдау көрсету үшін Банк мына стратегияны ұстанады:
Қоржын сапасы
Дағдарыс ықпалын төмендетіп, Банк тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған стратегияның басым бағыты - қазіргі клиенттер базасымен жұмыс істеп, актив сапасының дәрежесін бүгінгі күнге сай қамтамасыз ету. Тәуекелділіктерді басқару жүйесін жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, Банк проблемалық клиенттермен жұмыс істеуді күшейтпек. Сондай-ақ әрбір клиентпен жеке жұмыс істеп, кредиттерді қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында клиенттердің бизнесін сауықтыру бойынша ынтымақтастықты жалғастырады.
Өтімділікті басқару
Банк ішкі нарықтағы қорды тарту бойынша жұмысты күшейтпек: банктің негізгі мақсаты – корпоративті депозиттік базаны ұстап қалу, сондай-ақ бөлшек депозиттер бойынша нарықтағы үлесті ұстап тұру. 2010 жылы банктің еурооблигациялар немесе синдикатталған займдар бойынша төлемдері жоқ.
Шығысты бақылау
Маңызды тұрақтандыру факторының бірі ретінде шығысты төмен дәрежеде сақтап қалу банктің негізгі мақсаты болып табылады. 2009 жылдың қорытындысы бойынша, Қазкоммерцбанк салыстырмалы банктердің ішіндегі ең тиімді банк болып шықты.
Тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысу
2007 жылы экономиканы тұрақтандыру бойынша іске қосылған алғашқы бағдарламалардан кейін Банк сондай бағдарламаларға қатысу өз стратегиясының маңызды бөлігі деп есептейді. Банк үлескерлерге, корпоративті клиенттерге, ШОБ субъектілеріне, ипотека алған қарызгерлерге қолдау көрсету бойынша дағдарысқа қарсы бағдарламаларға қатысып келеді.