Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.78 Кб
Скачать

I«Қазкоммерцбанк»ақ-на сипаттама және оның даму кезеңдері

1.2 Банктің құқықтық мәртебесі мен құрылымы

Банк Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы тарабынан жасалған халықаралық шарттарға (келісімдерге), банк тəжірибесінің жалпыға ортақ халықаралық нормаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне, осы Жарғыға, Банкте қабылданған Корпоративтік басқару кодексіне, сондай- ақ Банктің ішкі нормативтік құжаттарына сəйкес құрылған жəне өз қызметін атқарады.

Банк заңды тұлға, коммерциялық ұйым болып табылады, меншігінде оқшауландырылған мүлігі бар жəне міндеттемелері бойынша осы мүлігімен жауап береді, өз атынан мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу жəне жүзеге асыру, міндеттерді қабылдау, сотта талапкер жəне жауапкер болу мүмкіндігі бар.

Банктің ресми мəртебесі банк ретінде əділет органдарында (тіркеуші органдарда) мемлекеттік тіркеуден өтуімен жəне банктік операцияларды жүргізуге уəкілетті органның лицензиясын алуымен айқындалады.

Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі бар. Банк және оның бас кеңсесі мына мекен-жай бойынша тіркелген: Қазақстан Республикасы, 050060, Алматы қ., Гагарин д-лы, 135-Ж. Банк телефондары: + 7 (727) 2 58 56 70 және 258 51 85, факс: + 7 (727) 258 52 29. Қазкоммерцбанктың Интернеттегі мекен-жайы: http://www.kkb.kz

Банктің ұйымдық-құқықтық нысаны мен орналасқан орны көрсетілген, мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі толық атауы жазылған дөңгелек мөрі бар. Банк өз атауы жазылған мөртаңбаларға жəне бланктерге, сондай-ақ меншікті тауар белгілеріне ие.

Банктің негізгі қызметі – өз клиенттері мен корреспондент-банктердің уақытша бос ақшаларын тарту жəне тиімді пайдалану, Банктің жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар банктік қызметтер мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерді жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған қызметтерді ұсыну, сондай-ақ аталған қызмет түрлерінен табыс алу болып табылады.

Банктің қызмет ету мерзімі шектеусіз мерзімге құрылған жəне ол өз қызметін банктік жəне басқа операциялар мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметін жүргізуге уəкілетті органмен берілген лицензиясы негізінде жүзеге асырады жəне Банк лицензиясымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған банктік жəне басқа операцияларды жүргізеді.

Банк өз қызметін Қазақстан Республикасы аумағында жəне одан тыс жерлерде жүзеге асыруға құқылы.

Банктің қаржылық-шаруашылық қызметі оның мүліктік, экономикалық жəне қаржылық дербестігі негізінде жүзеге асырылады.

Банк Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тəртіпте еншілес ұйымдарды құруға/сатып алуға, Қазақстан Республикасы аумағында жəне одан тыс жерлерде филиалдарын, өкілдіктерін жəне Банктің басқа оқшауландырылған құрылымдық бөлімшелерін ашуға құқылы.

Қызметін үйлестіру, ортақ мүдделерді қорғау жəне ұсыну, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жəне басқа да ортақ міндеттерді шешу үшін Банк басқа банктермен бірлесе отырып, қауымдастықтар (одақтар) жəне консорциумдар түріндегі бірлестіктер құруға құқылы.

Банктің органдары мыналар:

  • Жоғары органы – акционерлердің Жалпы жиналысы;

  • Басқару органы – Директорлар кеңесі;

  • Атқарушы орган – Басқарма;

  • Бақылаушы орган – Ішкі аудит қызметі.

Акционерлердің жалпы жиналысы Банктің жоғары органы болып табылады.

Директорлар кеңесі – акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзырына жатқызылған мəселелерді шешуді қоспағанда, Банк қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асыратын Банктің басқарушы органы.

Басқарма Банктің ағымдағы қызметіне басшылық ететін Банктің атқарушы алқа органы болып табылады.

Ішкі аудит қызметі – Банктің ішкі бақылау жүйесінің сəйкестігіне тексеру жүргізетін жəне Банкте ішкі аудиттің ұйымдастырылуы мен іске асырылуын қамтамасыз ететін Банктің бақылаушы органы.

Директорлар кеңесінің мүшелерін акционерлер сайлайды. Директорлар кеңесі Басқарманы сайлайды, сондай-ақ акционерлердің мүддесін қорғайды, банкті басқару жауапкершілігін өз мойнына алады және банктің стратегиясы мен жедел жобаларын бекітеді.

Банктің ағымдағы жұмысын басқару бойынша бар жауапкершілікті Басқарма өз мойнына алады.

«Казкоммерцбанк» АҚ акционерлерінің құрамы

Банктің жай акцияларына иелік ететін акционерлер құрамы:

Акционерлер

Акция көлемі

Үлесі

Түрі

Қосымша ақпарат

«Орталық Азиялық инвестициялық компания» (ОАИК):

185 561 734

23,83%

акциялар

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-нан сенімді басқаруға алынған акцияларды (56 324 076 дана) есептегенде бақылаудағы жай акциялардың үлесі – 241 885 810 акция (жалпы үлесі - 31,06%).

Сұбханбердин Н.С. :

72

570 672

9,32%

акциялар

ОАИК үлесіндегі жанама тиесілі акцияларды есептегенде, бақылаудағы акциялардың жалпы үлесі - 36,41%

Еуропалық Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ)

76 

095 

329

9,77%

акциялар

АО Alnair Capital Holding АҚ (Альнаир)

223 922 790

28,76%

ГДР2+акциялар

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

165 

517 

241

21,26%

акциялар

Көрсетілген жай акциялардың ішінде 56 324 076 акция дауыс беру құқығымен ОАИК-ге сенімді басқаруға берілді.

Миноритарий

54 

957 

296

7,06%

ГДР+акциялар

Орналастырылған акциялардың жалпы саны:

778 625 0623

100%

Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесінің төрағасы - Нұржан Сәлкенұлы Сұханбердин

Директорлар кеңесінің мүшелері - Нина Аронқызы Жүсіпова

Дмитрий Владиславич Тулин

Мұхтар Салтайұлы Ержанов

Аршаг Патрик Восгиморукиан

Серік Ахметжанұлы Аханов

Басқарма мүшелері - Нина Аронқызы Жүсіпова, Андрей Тимченко, Денис Федосенко, Александр Якушев, Мағжан Әуезов, Бейбіт Әпсенбетов, Александр Барсуков, Асқарбек Нәбиев, Әділ Батырбеков, Күләш Ережепова, Сергей Мокроусов, Рустам Набиров.

Еншілес заңды тұлғалар

1. «Москоммерцбанк» КБ (ООО) – «Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес банкі. Москоммерцбанктің негізгі мақсаты әрбір клиентке банк өнімі мен қызметтің кең кешенін ұсыну болып табылады. Заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізімге тіркеуге алу туралы 05.09.2002 ж. №1027739151109 куәлік Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.

2. «Казкоммерцбанк Қырғызстан» ААҚ - «Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес банкі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеуге алу туралы 28.07.05 ж. №8235-3300-АО (ИУ) куәлік Қырғыз Республикасы, Бішкек қ.

3. «Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ - «Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес банкі. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алу туралы 2007 ж. қарашада берілген №001-4398 куәлік. Куәлік Тәжікстан Республикасының Әділет министрлігімен берілген Тәжікстан Республикасы, Душанбе

Сақтандыру компаниялары

4. «Казкоммерц-полис» сақтандыру компаниясы» АҚ – «Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы, Қазақстанның бүкіл территориясында және халықаралық сақтандыру нарығында сақтандыру операциялар жүргізеді. Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеуге алу туралы 14.09.04 ж. № 28818-1910-АО куәлік Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

5. «Казкоммерц-LIFE» ӨСК» АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) – Қазақстанның 16 аймағында жеке және топтық бағдарлама негізінде адамдардың өмірін сақтандырады (ҚР ҚҚА-ның сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін 14.04.2008 ж. № 42-2/1лицензиясы). Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге алу туралы 02.09.2006 ж. № 80111-1910-АО куәлік Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Құнды қағаздар нарығының операциялары

6. «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ – «Казкоммерцбанк» АҚ-ның енщілес ұйымы, инвестициялық және брокерлік бөлімшесі. Қазкоммерц Секьюритиз капитал нарығында кең кешенді қаржылық қызмет көрсетеді. Толығырақ ... Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеуге алу туралы 17.04.06 ж. № 14213-1910-АО куәлік Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Халықаралық нарықтан капитал тарту

7. Компания «Kazkommerts International B.V.» 01.10.1997 ж. 24.278.506 нөмірімен Нидерландының Сауда палатасында тіркелген Нидерланды Корольдігі, Роттердам қ.

8. Компания «Kazkommerts Capital 2 B.V.» 11.04.2000 ж. 24.305.284 нөмірімен Нидерландының Сауда палатасында тіркелген Нидерланды Корольдігі, Роттердам қ.

9. Компания «Kazkommerts Finanсe 2 B.V» 13.02.2001 ж. 24.317.181 нөмірімен Нидерландының Сауда палатасында тіркелген Нидерланды Корольдігі, Роттердам қ.

Зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін басқару

10. «ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ -«Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес банкі, ABN AMRO КаспийМұнайГаз ҮЕҚ АҚ-ң құқықтық мұрагері бола тұра, ABN AMRO тобында алған бірегей тәжірибесін әлемдік қаржы жүйесінде қолдануда. Қазақстандағы ең ірі зейнетақы қордың бестігіне кіреді. Зейнеткерлерге арналған қызметке жаңа көзқараспен қарауды – ең бірінші кезекке сапа мен кәсіпқорлықты қоюды ұсынады. Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеуге алу туралы 20.03.2006 ж. № 22958-1910-АО куәлік Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

11. «GRANTUM ASSET MANAGEMENT» ООИУПА АҚ («Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы) Мемлекеттік қайта тіркеуге алу туралы 30.05.2006 ж. № 16371-1910-АО куәлік Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Төлем карталары бойынша процессингтік операциялар

12. «Процессинговая компания» ЖШС Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеуге алу туралы 09.07.2004 ж. № 64313 – 1910-ТОО куәлік Қазақстан Республикасы, Алматы қ.