
- •2.1 Қаржылық жағдайы туралы есеп...................................................................14
- •2.2 Пайда мен шығындар туралы есеп................................................................15
- •2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп................................................16
- •1.1«Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының құрылу тарихы
- •I«Қазкоммерцбанк»ақ-на сипаттама және оның даму кезеңдері
- •1.2 Банктің құқықтық мәртебесі мен құрылымы
- •1.3 Банктің жетістіктері мен стратегиясы
- •II «Қазкоммерцбанк» ақ-ның қаржылық жағдай және жүргізетін операциялары мен қызметтеріне сипаттама
- •2.4 Капитал
- •2.5 «Қазкоммерцбанк» ақ-ның кассалық операциясы
- •2.7 «Қазкоммерцбанк» ақ-ның банктік салым шарты мен депозиттік операциялары
- •2.8 Несиелеу саясаты және несиелеуді ұйымдастыру тәртібі
- •2.9«Қазкоммерцбанк» ақ-ның несиелік шарты мен несиелеу операциялары
- •1)Экспресс несие
- •2) Балама несие
- •3) Ипотекалық несие
- •6)Депозитті кепілдікке қою
- •7)Қайта қаржыландыру
- •III «Қазкоммерцбанк» ақ – ның қаржылық нәтижелеріне талдау
- •3.1 Банк қызметінің жыл соңындағы нәтижелері
- •3.2 Банктің дағдарыс кезіндегі дағдарыстан шығу жолдарына
- •Пайдаланылған әдебиеттер
3.2 Банктің дағдарыс кезіндегі дағдарыстан шығу жолдарына
бағыт-бағдарламалар
2011 жылы банк дағдарыс кезіндегі жасалған ауқымды әрі күрделі жұмыс нәтижесін көрді. Яғни, бұл сыртқы қарызды азайту арқылы, екінші жағынан, ішкі депозиттік базаны шоғырландыруды төмендету арқылы қор базасын тұрақтандырды. Егер бірінші бағыт бойынша айтарлықтай нәтиже 2008 және 2009 жылдары көріне бастаса, екінші бағыт бойынша жұмыстың айқын нәтижесі 2011 жылы көріне бастады.
Мемлекеттік экономиканы диверсификациялау бағдарламаларына, клиенттердің несиелерін арзандату, сондай-ақ басталып кеткен және жаңадан алынған жобаларды жүзеге асыруды қаржыландыру бойынша бағдарламаларға белсенді атсалысты.
Активтерін жақсарту, соның ішінде клиенттердің бизнестерін сауықтыру мақсатында олардың кредиттерін қайта құрылымдау, ал кейбір жағдайда, олардан талап ету жұмыстарын жүргізген болатын.
Банк актив, капитал, шұғыл депозиттер және кредиттік қоржын бойынша өз көшбасшылығын сақтап қалды. Жаңа бөлімшелер ашып, банкоматтар желісі мен электронды дүңгіршектер саны артты. Баланс құрылымында ликвидті активтер үлесі 3 миллард долларға жетіп, едәуір өсті.
Бұл, өз кезегінде, Қазкоммерцбанк АҚ-ның қараша айындағы кредиттік рейтингісінің жоғарлап, банктің әлемдік капитал нарығындағы позициясының жақсаруында көрінді.
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның несиелік рейтингтері
Атауы |
Ағымдық рейтинг |
Болжам |
Fitch |
||
Жеке |
D/E |
|
Ұзақ мерзімді |
B |
Stable |
Қысқа мерзімді |
B |
|
Қолдауы |
5 |
|
Moody's |
||
Қысқа мерзімді |
E |
|
Депозиттер бойынша ұзақ мерзімді |
B2 |
Negative |
Standard & Poor's |
||
Ұзақ мерзімді |
B |
Negative |
Қысқа мерзімді әріптес |
C |
|
2011 жылы банк мемлекеттік экономиканы дамыту мен диверсификациялау бағдарламаларын жүзеге асыруда өз қатысуларын кеңейтіп және түрлі бағыттар бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізді:
Бір жыл бойы банк белсенді түрде мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде ипотекалық несиелерді арзандату жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, бүгінгі күні Қазкоммерцбанктің 7 мыңнан астам қарызгері өз қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемесін төмендетті.
Төртінші тоқсанда банк Даму қоры мен Азиялық Даму Банкімен бірлесе отырып, шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасын бастады. Аталған бағдарлама клиенттердің тарапынан сұраныс тауып, оларға жаңа жобаларды бастауға мүмкіндік берді.
Жыл бойы банктің кредиттік бөлімдері Даму қорымен бірге Казкоммерцбанк клиенттері болып табылатын өндірістік компаниялар үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламасын жүргізді. Бұл жұмыстың нәтижесі ретінде экономиканың шикізаттық емес кәсіпорындарының сауықтырылғанын көруболады.
Клиенттерге қызмет көрсетуде тиімділік пен сапа бойынша көшбасшылықты сақтап қалу үшін ең үздік заманауи технологиялар мен әлемдік тәжірибені ендірді.
Клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту және ең соңғы заманауи технологияларды ұсыну – банк жұмысындағы әр кездегі басымдылықты бағыт болып табылады. Сәуір айында Казком «IBM» корпорациясымен бірге Алматы қ. мәліметтерді өңдейтін жаңа орталықтың іске қосқанын хабарлады. Аталған орталық бір-бірінен айтарлықтай арақашықтықта орналасқан үш орталықтың алғашқысы болып табылады. Орталықтар апатқа қарсы тұра алатын бірыңғай шешім болмақ. Осының арқасында банк клиенттері өз операцияларын жүзеге асыру үшін апта күніне және тәулік уақытына, сағаттық белдеуге тәуекелді болмайды.
Сонымен қатар қайырымдылық жобалардың өткізілуін атап өткен жөн. (опера және балет өнерінің апталығы, драмалық өнер апталығы, джаз кеші, Қазақстанның заманауи өнеріне арналған жәрмеңке). Осы аталған шаралардан түскен қаражат Қазақстанның 20-қаласындағы БЦС-мен ауыратын балаларға арналған сауықтыру орталықтарын жабдықтауға жұмсалатын болады.
Осы орайда «Құс Жолы» қорының қайырымдылық бастамаларын қолдаған серіктестеріне, клиенттерге және өз әріптестеріне үлкен алғыстарын білдіреді.
Қорытынды
Жыл қорытындысы бойынша банк қызметінің нәтижесі қанағаттанарлық.
Банктің таза пайдасы былтырғы жылымен салыстырғанда 9,4% ұлғайғаны, депозиттер көлемінің 8,9% артқанын, түзетілген таза пайыздық маржа 3,8% құрап, клиенттерге берілетін несиелер бойынша резервтеу мөлшерлемесі 25,1% дейін артқанын, клиенттерге ұсынатын несиенің жалпы көлемінің 28,7% құрағанын айта кеткен жөн. Бұл өз кезегінде банк қызметінің қарқынды жұмыс атқаруымен тікелей байланысты.
Активтерін жақсарту, соның ішінде клиенттердің бизнестерін сауықтыру мақсатында олардың кредиттерін қайта құрылымдау, ал кейбір жағдайда, олардан талап ету жұмыстарын жүргізген болатын.
Клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсарту және ең соңғы заманауи технологияларды ұсыну – банк жұмысындағы әр кездегі басымдылықты бағыт болып табылады.
Банк актив, капитал, шұғыл депозиттер және кредиттік қоржын бойынша өз көшбасшылығын сақтап қалды. Жаңа бөлімшелер ашып, банкоматтар желісі мен электронды дүңгіршектер саны артты. Баланс құрылымында ликвидті активтер үлесі 3 миллард долларға жетіп, едәуір өсті.
Бұл, өз кезегінде, Қазкоммерцбанк АҚ-ның қараша айындағы кредиттік рейтингісінің жоғарлап, банктің әлемдік капитал нарығындағы позициясының жақсаруында көрінді.
Мемлекеттік экономиканы диверсификациялау бағдарламаларына, клиенттердің несиелерін арзандату, сондай-ақ басталып кеткен және жаңадан алынған жобаларды жүзеге асыруды қаржыландыру бойынша бағдарламаларға белсенді атсалысты.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның бағалы қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (бағалы қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан бастап Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.
Сонымен қатар қайырымдылық жобалардың өткізілуін атап өткен жөн. (опера және балет өнерінің апталығы, драмалық өнер апталығы, джаз кеші, Қазақстанның заманауи өнеріне арналған жәрмеңке). Осы аталған шаралардан түскен қаражат Қазақстанның 20-қаласындағы БЦС-мен ауыратын балаларға арналған сауықтыру орталықтарын жабдықтауға жұмсалатын болады.
Бүгінгі таңда Қазкоммерцбанк АҚ өзін нарықтың тапсырыстарын жеткілікті түрде қанағаттандыратын қоржын сапасы, өтімділікті басқару, шығысты бақылау, тұрақтандыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысусияқты қағидаларға негізделе отырып, өз банктік стратегиясын жүзеге асырады.
Қазкоммерцбанк АҚ өзінің қызмет көрсетуі барысында өзінің тұрақты дамуын көрсетіп, меншікті капиталын арттырып, өзінің алдына қойған мақсаттарын орындай алатын, сенімді әрі жауапты қаржы құрылымы ретінде көз жеткізеді.
Қазкоммерцбанк АҚ-да кәсіптік тәжірибені өту кезінде, мен, Мырзакасымова Эльвира Нуртаскызы, банктің акционерлік қоғам ретінде қызметі және оның құрылымымен таныса отырып, даму барысы мен деңгейі туралы ақпарат алдым. Теориядан алған білімімді іс жүзінде банктің әрбір операцияларын, Қазкоммерцбанк АҚ-ның операциларының тадау жұмыстарын меңгере отырып, құжаттармен жұмыс жасадым. Банкте қолданылатын программаларымен СЭД Work flow, Equаtion, Cashier, Open Way, сонымен қатар, ішкі ережелерімен, корпоративті басқару құжаттарымен, корпоративті этикасымен және банк саясатымен таныстым.
Осы кәсіптік тәірибені өту барысында өз білімімді шыңдап қана қоймай, қосымша ақпараттар ала отырып, өз мамандығымды жоғары деңгейде игере білдім.