Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.78 Кб
Скачать

III «Қазкоммерцбанк» ақ – ның қаржылық нәтижелеріне талдау

3.1 Банк қызметінің жыл соңындағы нәтижелері

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның 2012жылдың 9 айы бойынша қызметінің нәтижелері бойынша негізгі көрсеткіштер:

  • Банктің таза пайдасы былтырғы жылдың осы күніндегі 17,9 млрд. теңгеден 19,6 млрд. теңгеге дейін, яғни 9,4% ұлғайды.

  • Брутто-қарыздар жыл басынан 4,8% артты.

  • Жекелеп қызмет көрсетілетін депозиттер көлемі жыл басынан 8,9% артты.

  • Түзетілген таза пайыздық маржа 3,8% құрады.

  • «Провизиялар есептелгенге дейінгі операциялық кірістерге қатысты операциялық шығындар» көрсеткіші 2011 жылдағы 25,9%-бен салыстырғанда 21,2% құрады.

  • 1-ші деңгейдегі капиталдың баламалылық коэффициенті 18,2% дейін өсті.

  • Банктің меншікті капиталының баламалылық коэффициенті 22,0% дейін өсті.

  • Клиенттерге берілетін несиелер бойынша резервтеу мөлшерлемесі 25,1% дейін артты.

  • Әрекет етпейтін қарыздар жалпы несие көлемінен 28,7% құрады.

Қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіші

01.10.12 жылға

01.07.12 жылға

Жарғылық капиталы

9 011 млн теңге

9 015 млн теңге

Меншікті капиталы

458 242 млн теңге

449 270 млн теңге

Жиынтық активтері

2 559 195 млн теңге

2 539 308 млн теңге

Таза пайда

19 611 млн теңге

12 988 млн теңге

Жай акцияның теңгерімдік құны

579,51 теңге

567,60 теңге

Артықшылықты акциялның теңгерімдік құны

109,70 теңге

108,09 теңге

ROA

0,77%

0,51%

ROE

4,28%

2,89%

Пайыздық кірістер

Пайыздық активтердің құнсыздануына арналған резервтер қалыптастырылғанға дейінгі таза пайыздық кіріс 2011 жылдың 9 айындағы 86,4 млрд. теңгеден 2012 жылдың 9 айында 91,5 млрд. теңгеге, яғни 6%-ға өсті.ш

Пайыздық емес кірістер

Таза пайыздық емес кірістер 2011 жылдың 9 айындағы 5,9 млрд. теңгемен салыстырғанда 25,5 млрд. теңгеге, демек 4,3 есеге өсті. Таза пайыздық емес кірістердің өсуі, негізінен, 2011 жылдың 9 айындағы 1,3 млрд. теңгемен салыстырғанда 6,7 млрд. теңге көлемінде шетел валютасымен және қымбат металдармен жасалған операциялар бойынша алынған таза пайдаға және залал немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша шығын 2011 жылдың 9 айындағы 11,5 млрд. теңгеден 2012 жылдың 9 айында 6,0 млрд. теңгеге дейін төмендеуіне байланысты орын алды. Осыған қоса дивидендтерден түсетін пайданың едәуір өсуі байқалды, ол 2011 жылдың 9 айындағы 181 млн. теңгемен салыстырғанда 2012 жылдың 9 айында 8,5 млрд. теңге құрады. Бұл Банк ұстаушысы болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ акциялары бойынша дивидендтерді төлеуге байланысты болды.

Қызметтер бойынша кірістер мен комиссиялар 2011 жылдың 9 айындағы 17,3 млрд. теңгеден 20,0 млрд. теңгеге, яғни 15,6%-ға дейін өсті. Комиссиялық кірістің өсуі, негізінен, пластикалық карталармен жүргізілетін операциялардың 29,8%-ға, есеп айырысу операциялардың 17,4%-ға және кассалық операциялардың 9,7%-ға өсуі есебінен жүзеге асырылды.

Операциялық шығындар

Операциялық шығындар 2011 жылдың 9 айындағы 24,3 млрд. теңгемен салыстырғанда 24,8 млрд. теңгеге дейін, 2,0%-ға өсті. Бұл персоналға қатысты шығындардың (1,7%-ға немесе 221 млн. теңгеге) және өзге шығындардың (24,5%-ға немесе 461 млн. теңгеге) өсуіне байланысты болды. Аталған операциялық шығындардың төмендеуі тозу мен амортизация шығындарының (6,0%-ға немесе 153 млн. теңгеге) және жарнама мен коммуникацияға жұмсалатын шығындардың (13,9%-ға немесе 229 млн. теңгеге) төмендеуімен ішінара қалпына келтірілді.

Құнсыздану бойынша шығындар

Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша қалыптастырылған провизиялардың үлесі берілген несиелердің жалпы көлемінде 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 24%-бен салыстырғанда 25,1% құрады. Провизияларға қаржы бөлу 2011 жылдың 9 айындағы 47,2 млрд. теңгемен салыстырғанда 65,8 млрд. теңгені құрады.

Әрекет етпейтін қарыздардың үлес салмағы несиелердің жалпы көлемінен 28,7% құрады. Салыстыратын болсақ, әрекет етпейтін қарыздардың үлесі 2011 жылғы 31 желтоқсанда 28.6% құраған. Банк әрекет етпейтін қарыздар ретінде корпоративтік клиенттер бойынша 30 және одан артық күнге және жекелеп қызмет көрсетілетін клиенттер бойынша – 60 және одан артық күнге мерзімін өткізген клиенттердің толық берешегін анықтайды.

Банк 2012 жылғы 30 қыркүйекке жуық арадағы бірнеше жылда ақшалай қаражат түспейтін жекелеген корпоративтік клиенттердің несиелерін анықтады. Бұл несиелер бойынша есептелген пайыздық кіріс 2011 жылдың 9 айындағы 32,3 млрд. теңгемен салыстырғанда 2012 жылдың 9 айында 31,8 млрд. теңгені құрады. Банк осы жағдайды ескеріп, сол кредиттер бойынша кредиттік шығын резервін қалыптастырды. Толығырақ ақпаратты Банктің № 5 қаржылық есептілігіндегі ескертпеден танысуға болады.

Пайдағы салынатын салық

Пайдаға салынатын салық бойынша шығын 2011 жылдың 9 айындағы 2,9 млрд. теңгемен салыстырғанда 2012 жылдың 9 айында 3,7 млрд. теңгені құрады. 2012 жылдың 9 айындағы салық салудың тиімді мөлшерлемесі 15,8% құрады.

Банк пайдасы

Салық салуға байланысты шығындарға дейінгі банктің пайдасы 2011 жылдың 9 айындағы 20,8 млрд. теңгемен салыстырғанда 2012 жылдың 9 айында 12,1%-ға өсті және 23,3 млрд. теңгені құрады.

Салық салудан кейінгі таза пайда 2011 жылдың 9 айындағы 17,9 млрд. теңгемен салыстырғанда 9,4%-ға артты және 19,6 млрд. теңгеге жетті.

Капиталдың баламалылық коэффициенті

Тәуекел деңгейі бойынша өлшенген активтер, шартты және болуы мүмкін міндеттемелер 2011 жылдың соңындағы жағдаймен салыстырғанда 2%-ға артты және 2012 жылғы 30 қыркүйекте 2 427 млрд. теңгені құрады (2011 жылғы 31 желтоқсанда 2 380 млрд. теңге).

Шоғырландырылған есептілік негізінде есептелген меншікті капиталдың баламалылық коэффициенті 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 22,3%-бен салыстырғанда 2012 жылғы 30 қыркүйекте 22,0% құрады. Бірінші деңгейдегі капиталдың баламалылық коэффициенті 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 18,6%-дан 18,2%-ға дейін төмендеді.

Бизнес сегменттері бойынша нәтижелер:

Корпоративтік секторға берілген несиелер

Корпоративтік секторға берілген нетто-несиелердің көлемі 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 1 870,9 млрд. теңгемен салыстырғанда 1 928,1 млрд. теңгені құрады. 2011 жылдың аяғына клиенттерге берілген нетто-несиелердің жалпы көлеміндегі корпоративтік секторға берілген несиелердің (нетто) үлесі 90,0% құрады.

Корпоративтік сектор клиенттері қаражатының көлемі (мемлекеттік бағдарламалар бойынша бөлінген қаражатты есепке алмағанда) 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 786,7 млрд. теңгемен салыстырғанда 2012 жылғы 30 қыркүйекте 726,95 млрд. теңгені құрады. Олардың клиенттер қаражатының жалпы көлеміндегі үлесі 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 53,8%-бен салыстырғанда 50,1% құрады.

Жекелеп қызмет көрсету секторына берілген несиелер

2012 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан аумағында банктің 23 филиалы мен 130 бөлімшелері қызмет етеді. Осыған қоса, Банк сатудың дамыған альтернативтік желісіне ие. Банкоматтар мен POS-терминалдардың саны 1 372 және тиісінше 14 244 құрады.

Жекелеп қызмет көрсету секторына берілген нетто-несиелердің көлемі, негізінен нетто тұтынушылық несиелердің өсуі есебінен, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 208,8 млрд. теңгеден 220,1 млрд. теңгеге дейін, 5,4%-ға артты. Клиенттерге берілген нетто-несиелердің жалпы көлеміндегі жекелеп қызмет көрсету секторына берілген нетто-несиелердің үлесі 2011 жылдың аяғына 10,2% дейін өсті. Жекелеп қызме көрсетілетін бизнеске берілген нетто-несиелердің көлеміндегі ипотекалық қарыздардың үлесі 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 61,1%-ға қарағанда 57,3% -ға дейін төмендеді.

Жекелеп қызмет көрсетілетін клиенттердің қаражатының көлемі 2011 жылғы 31 желтоқсандағы 569,6 млрд. теңгемен салыстырғанда 8,9%-ға немесе 50,5 млрд. теңгеге артып 620,1 млрд. теңгеге жетті. 2012 жылдың басынан бері олардың клиенттер қаражатының жалпы көлеміндегі үлесі 42,7% дейін өсті (2011 жылдың аяғына 38,9%).