Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТМА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.78 Кб
Скачать

2.9«Қазкоммерцбанк» ақ-ның несиелік шарты мен несиелеу операциялары

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ы мен қарыз алушы арасында төмендегілер туралы несиелік шарт жасалады:

1-бап. Шарттың жалпы талаптары

1-бөлім. Несиенің параметрлері: несиенің мақсаты, сомасы мен валютасы, несие мерзімі, несиені пайдалану үшін сыйақы мөлшерлемесі, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

2-бөлім. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін есепке ала отырып, оның таңдауы бойынша анықталатын несиені, берешекті өтеу әдісі мен тәсілі;

3-бөлім. Несие бойынша берешекті өтеу кезектілігі, несиені уақтылы өтемегні және сыйақыны төлемегені үшін тұрақсыздық айыбын есептеу тәртібі мен көлемі;

4-бөлім. Несиені және сыйақыны өтеу тәртібі, кезеңділігі;

5-бөлім. Қамтамасыз ету;

6-бөлім. Шарт бойынша Қарыз алушы міндеттемелерді орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайда Банк қаблдайтын шаралары;

7-бөлім. Шарттың қолданыс мерзімі;

8-бөлім. Тараптардың жауапкершілігі;

9-бөлім. Қарыз алушы төлейтін комиссяилар;

10-бөлім. Қарыз алушының кредит бюросына өзі туралы мәлімет ұсынуға және кредит бюросымен Банкке өзі туралы кредит есебін беруге және тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ұсынуға келісімі бар екендігі туралы нұсқау;

11-бөлім. Банктің пошталық және электрондық мекен-жайы бойынша ақпараттар, сонымен қатар ресми интернет-ресурсы туралы мәліметтер.

2-бап. Несие беру шарттары

3-бап. Құқықтары мен міндеттері

4-бап. Қарыз алушының міндеттемелерін мерзімінен бұрын орындауы

5-бап. Құпиялылық

6-бап. Басқасы

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның тұтынушыларға арналған несиелеу түрлері:

1)Экспресс несие

Кредит беру шарттары:

  • кредит сомасы: 70 000 теңгеден 3 000 000 теңгеге дейін;

  • кредит валютасы: теңге;

  • кредит мерзімі: 60 айға дейін;

  • қамтамасыз ету: кепілсіз;

  • сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 16%- дан;

  • мерзімінен бұрын өтеу сомасы: ең төмені 3 айлық төлемнен кем емес;

  • қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 0 теңге;

  • мерзімінен бұрын өтеу үшін 0 теңге;

  • Кредитті ұйымдастырғаны үшін: кредит бойынша таңдалған төлем түріне байланысты (ең төмені 5000 теңге):

  • аннуитет – берілетін кредит сомасынан 6 %;

  • тең бөліктермен – берілетін кредит сомасынан 10%.

Экспресс-кредит алу үшін өтінім беру кезінде клиенттің жасы 21-ден төмен болмауы тиіс. Клиенттің ең төменгі жалақысы 30 000 теңгеден кем болмауы тиіс.

2) Балама несие

Бизнеске немесе тұтынушылық мақсатқа берілетін несие түрі.

Кредит беру шарттары:

  • Мақсатты топ: жеке (соның ішінде жеке кәсіпкерлер)/заңды тұлғалар;

  • Кредит мерзімі: 6 айдан60 айға дейін;

  • Кредит беру валютасы: теңге, АҚШ доллары;

  • Кредит көлемі: 300 000 теңгеден 6 млн. теңгеге дейін (АҚШ долларындағы баламасы);

  • Кредитті өтеу: аннуитетті төлемдермен/тең бөліктермен;

  • Қамтамасыз етуі: Банк талаптарына сай келетін жылжымайтын мүлік - пәтерлер, тұрғын үйлер, коммерциялық жылжымайтын мүлік;

  • Несие шотын жүргізу үшін комиссия (НШЖК): 0 теңге;

  • Кредитті қолма-қол ақшаға айналдыру үшін комиссия: 0 теңге;

  • Мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссия: 0 теңге (кредит берілгеннен кейін 6 ай өткен соң);

  • Кредитті ұйымдастыру үшін комиссия: кредит сомасынан 1 %.

  • Сыйақы мөлшерлемесі:

  • 36 айға дейінгі мерзімдежылдық 15,9%;

  • 36 айдан астам мерзімдежылдық 18%.

Кредит алуға арналған өтінімді қарау үшін қажетті құжаттардың шағын тізімі:

  • қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжат;

  • қарыз алушының/қосалқы қарыз алушының ЖСН куәлігі;

  • азаматтарды тіркеу кітабының түпнұсқасы/мекенжай бюросы анықтамасының түпнұсқасы;

  • қарыз алушының соңғы 6 айдағы жалақысы туралы жұмыс берушінің анықтамасы, еңбек өтілі мен атқаратын лауазымы туралы жұмыс орнынан анықтама;

  • неке туралы куәлік, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттары – некеде тұратын қарыз алушылар мен қосалқы қарыз алушылар үшін;

  • қамтамасыз ету бойынша құқық белгілейтін құжаттар.