
- •2.1 Қаржылық жағдайы туралы есеп...................................................................14
- •2.2 Пайда мен шығындар туралы есеп................................................................15
- •2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп................................................16
- •1.1«Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының құрылу тарихы
- •I«Қазкоммерцбанк»ақ-на сипаттама және оның даму кезеңдері
- •1.2 Банктің құқықтық мәртебесі мен құрылымы
- •1.3 Банктің жетістіктері мен стратегиясы
- •II «Қазкоммерцбанк» ақ-ның қаржылық жағдай және жүргізетін операциялары мен қызметтеріне сипаттама
- •2.4 Капитал
- •2.5 «Қазкоммерцбанк» ақ-ның кассалық операциясы
- •2.7 «Қазкоммерцбанк» ақ-ның банктік салым шарты мен депозиттік операциялары
- •2.8 Несиелеу саясаты және несиелеуді ұйымдастыру тәртібі
- •2.9«Қазкоммерцбанк» ақ-ның несиелік шарты мен несиелеу операциялары
- •1)Экспресс несие
- •2) Балама несие
- •3) Ипотекалық несие
- •6)Депозитті кепілдікке қою
- •7)Қайта қаржыландыру
- •III «Қазкоммерцбанк» ақ – ның қаржылық нәтижелеріне талдау
- •3.1 Банк қызметінің жыл соңындағы нәтижелері
- •3.2 Банктің дағдарыс кезіндегі дағдарыстан шығу жолдарына
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе
I «Қазкоммерцбанк»АҚ-на сипаттама және оның даму кезеңдері
1.1 «Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының құрылу тарихы..................3
1.2 Банктің құқықтық мәртебесі мен құрылымы...............................................6
1.3 Банктің жетістіктері мен стратегиясы..........................................................10
II «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның өнімдері мен қызметтері
2.1 Қаржылық жағдайы туралы есеп...................................................................14
2.2 Пайда мен шығындар туралы есеп................................................................15
2.3 Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп................................................16
2.4 Капитал.............................................................................................................19
2.5 «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның кассалық операциясы.....................................20
2.6 Қолма қолсыз есеп айырысу: төлем тапсырмаларымен, аккредитивтермен, инкассо, векселдер және чектермен операциялар..............................................22
2.7 «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның банктік салым шарты мен депозиттік операциялары.........................................................................................................26
2.8Несиелеу саясаты және несиелеуді ұйымдастыру тәртібі..........................32
2.9«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның несиелік шарты мен
несиелеу операциялары........................................................................................37
2.10 Банктің бағалы қағаздармен операциялары...............................................41
III «Қазкоммерцбанк» АҚ – ның 2011 - 2012 жылдарының қаржылық нәтижелері
3.1 Банк қызметінің жыл соңындағы есептері..................................................46
3.2 Банктің дағдарыс кезіндегі дағдарыстан шығу жолдарына
бағыт-бағдарламалар.............................................................................................49
Қорытынды............................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Банк жүйесі кез келген қазіргі заманғы мемлекет экономикасының маңызды элементтерінің бірі болып саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді.
Атқаратын экономикалық функциялары тұрғысынан банктік жүйе қаржы жүйесінің бөлігі болып табылады. Сонымен қатар нарықтық экономиканың ең маңызды, әрі ажырамас құрылымы.
Банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық жүргізуші субьектілердің капиталын және басқа да уақыитша ақшалай қаражатарды тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалану ұшін береді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізеді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Банктерде шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ықпалын тигізеді.
ІІ деңгейлі банктердің мемлекет экономикасындағы атқаратын рөлі жоғары болатындықтан, оның қызметіне қатысты ҚРҰБ заңдар мен нормативтік ережелерді бекітеді және бақылау жасап отырады.
Бүгінгі күні банктер өз қлиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар банктерге өз клинттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бір операциядан болған зиян, екінші бір операциядан түсетін пайда есебінен жабылады. Несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады.
Банктің негізгі қызметі – өз клиенттері мен корреспондент-банктердің уақытша бос ақшаларын тарту жəне тиімді пайдалану, Банктің жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар банктік қызметтер мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметтерді жəне Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған қызметтерді ұсыну, сондай-ақ аталған қызмет түрлерінен табыс алу болып табылады.
Банктің қаржы делдалы ретіндегі қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, пайыз әкеледі және қарыз алушылардың қарыздары негізінде банктер пайыз мөлшерлемесі бойынша табыс табады.
Өзінің қызмет бабында банктер әр түрлі аудиториялармен: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.с.с байланысқа түсе отырып, пайда табуды көздейді. Тек пайда тауып қана қоймай, қаржылық ресурстардың табыстылығы мен өтімділігін, банктің қаржылық жағдайын қамтамасыз етуге тырысады.
Банктің қызмет ету мерзімі шектеусіз мерзімге құрылған жəне ол өз қызметін банктік жəне басқа операциялар мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметін жүргізуге уəкілетті органмен берілген лицензиясы негізінде жүзеге асырады жəне Банк лицензиясымен, Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған банктік жəне басқа операцияларды жүргізеді.
Кәсіптік тәжірибемнің мақсаты – оқу барысында алынған теориялық білімдерді практикада ұштастыру, қолдану, тереңдету, бекіту және болашақ мамандық бойынша практикалық дағдыларды игеріп, меңгеру. 2013 жылдың 28 қаңтарынан бастап, мен Мырзакасымова Эльвира Нуртаскызы кәсіптік тәжірибені өтуге «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның 18/15 Опрециялық бөлімінде банк қызметінің құрылымы және ұйымдастырылуымен, есеп-операциялық жұмыс пен оның құрылымына және банктің есеп саясатымен, клиенттік банктік шотының ашылуы және жабылуымен, есеп айырысу операцияларын рәсімдеу және оның есебімен, салымдық операциялардың ұйымдастырылуымен, несиелік операциялармен, банктің шетел валютасымен операцияларымен, бағалы қағаздармен операцияларымен, банк қызметінің қаржылық есептіліктерінің құрамы және нысандарымен, банк қызметінің қаржылық талдануы мен жылдық нәтижелерімен танысып, зерттеу жүргізіп, есеп ретінде ұсынамын.
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ТАРИХЫ
« КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ ТУРАЛЫ