
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
О қ ш а у л а н ғ а н к о л о н и я л а р д ы а л у. Оқшауланған колонияларды алу үшін себу кезінде микробтарды механикалық жолмен жайып тастауға болады. Осы мақсатта құрықпен алынған материалды агар беткейіне параллель штрихтарымен орнықтырады, осылайша бактерияның концентрациясы жекеленген жасушаларға дейін азаяды.
Тағы бір әдісі бактериялардың аз концентрациялы суспензиясын дайындаудан тұрады. Осындай суспензияның бір тамшысын Петри табақшасындағы қоректік агар беткейіне орналастырып, стерильді шпательмен ортаның бүкіл беткейіне біртегіс етіп мұқият жаяды.
Б а к т е р и я л ы қ г а з о н а л у. "Газонмен" себуді Петри табақшасындағы қоректік агар беткейіне шпательмен жүргізеді. Ол үшін сол қолмен қақпақшаны ашыңқырап тұрып, тұзақпен немесе тамызғышпен қоректік агар беткейіне себу материалын орнықтырады. Сонан соң, шпательді от жалынында қыздырып, қақпақшаның ішкі беткейіне жанастыра суытады да ортаның бүкіл беткейіне
материалды жағып шығады. Себіндіні инкубациялаған соң бактериялардың біркелкі жаппай өсуі байқалады.
Б і р і г і п к е т к е н ө с у л е р а л у. Шыны түткішедегі қиғаш агарлы қоректік ортаның төменгі бөлігінің конденсатына дейін себу материалы бар құрықты апарып, айқыш-ұйқыш қозғалыспен сыртқа қарай агардың қиғаш беткейімен таратып шығады. Құрықты шығарып, түтікше бетін отқа бір қақтап алып, оны тығынмен жабады. Құрықты от жалынында стерильдеп, штативке қояды.
Схема 3.1. Таза дақылды бөліп алу және идентификациялау
Зерттелетін материал |
Жағындыларды немесе нативті препараттарды микроскоппен көру |
І
кезең
-
Тығыз элективті және дифференциалды диагностикалық орталарға себу
-
Оқшауланған колонияларды алу үшін Петри табақшасындағы тығыз ортаға себу
-
Молайту сұйық орталарына себу (қажеттілігіне қарай)
О |
Д |
Іі кезең
Дақылдық қасиеттерін пайымдау: колониясы- ның морфологиясы |
Б |
-
Оқшауланған колониядан қиғаш агарға немесе басқа орталарға себу (таза дақыл алу үшін)
І
ІІ
кезең
|
Таза дақылдың біртектілігін бағалау: жағынды - Грам әдісімен және/ немесе басқа әдсіпен бояу |
|
---|---|---|
|
|
Таза дақылдың идентификациясы |
Морфологиялық және тинкториялық қасиеттері бойынша |
Дақылдық қасиеттері бойынша |
Биохмиялық белгілері бойынша: "ала " қатар орталарына себу |
Антигенді белгілері бойынша: серологиялық идентификациясы мен серотиптеуі |
Түрлік және/немесе типтік бактериофагтарға сезімталдылығы бойынша |
Вируленттік факторларды өндіруі бойынша |
Өзіне тән органикалық молекулалардың болуы бойынша: идентификацияның молекулярлы-биологиялық белгілері бойынша |
-
ҚОРЫТЫНДЫ : БАКТЕРИЯНЫҢ ТҮРІН АНЫҚТАУ
Шыны түтікшемен және бактериялық құрықпен стерильді жұмыс істеу техникасы 2.1 тақырыпта көрсетілген.