
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Дифференциалды-диагностикалық орталар.
Г и с с о р т а с ы. 1 % ті пептон суына 0,5 % ті белгілі-бір көмірсу (глюкоза, лактоза, мальтоза, маннит т.б.) мен Андраде индикаторын ( 1 н. NaOH ерітіндісіндегі қышқыл фуксин) қосып, шыны түтікшелерге құямыз. Көмірсулар ірігенде түзілетін газтәрізді өнімдерді ұстау үшін шыны түтікшелерге қалытқылар (бір шеті тұйықталған ұзындығы 3см түтік) орналастырады. рН 7,2-7,4 те орта түссіз. Көмірсулар ірігенде оның түсі қызарады.
Р е с с е л ь о р т а с ы. Энтеробактериялардың (эшерихия, шигелла, сальмонелла т.б.) биохимиялық қасиеттерін зерттегенде қолданады. Құрамы қоректік агардан, лактозадан, глюкозадан және бромитол көгі индикаторынан тұрады. 6-8 мл-ден шыны түтікшеде беткейі қиғаштанған бағана түрінде дайындалады. Себілмеген ортаның түсі шөптесін жасыл. Себуді қиғаш беткейлікке штрихпен, бағана қойнауына шанышқымен жасайды. Глюкозаны қышқылға дейін ферменттеуші микроорганизмдер ортадағы бағана бояуын бастапқы шөптесін жасыл түстен сары түске өзгертеді; қиғаш беткейлік мұнда көк түске енеді. Лактозаоң микроорганизмдер (E. coli) бағана мен ортаның қиғашталған бөлігінің түсін сарыға өзгертеді. Сілті түзуші микроорганизмдер ортаны көк түске өзгертеді. Газ түзіліуі ортаның бағана қойнауында байқалады.
Э н д о о р т а с ы. 1% ті лактозасы және натрий сульфитімен түссізденген индикатор – негізгі фуксині бар кептірілген қоректік агардан тұратын ұнтақ түрінде шығарылады. Жаңа дайындалған орта түссіз немесе бозғылт-қызғыш болады. Лактозоң бактериялардың өсуі кезінде колониялары металдық жалтырағы бар күнгірт-қызыл түске боялады, лактозатеріс бактерияларда түссіз болады.
П л о с к и р е в о р т а с ы (Бактоагар Ж). Құрамында лактозалы қоректік агары, бриллиант көкгі, өт қышқылының тұздары, минералды тұздар мен индикаторы (бейтарап қызыл) бар ұнтақ түрінде шығарылады. Бұл орта тек дифференциалды-диагностикалық ғана емес, көптеген микроорганизмдердің (ішек таяқшасы т.б.) өсуін тежей отырып, қайсыбір патогенді бактериялардың (іш сүзегі, сүзектектес, дизентерия қоздырғыштары) жақсы өсуіне ықпалын тигізетіндіктен селективті ортаға да жатады. Лактозатеріс бактериялар бұл ортада түссіз, лактозаоң бактериялар қызыл түсті колониялар түзеді.
В и с м у т – с у л ь ф и т т і а г а р. Құрғақ түрде шығарылады; құрамында майшабақтың триптикалық гидролизаты, глюкоза, бейорганикалық тұздар, бриллиант көгі және агар болады. Орта сальмонеллаларды бөліп алуға арналған. Ортаның дифференцияциялаушы қасиеті микроорганизмдердің висмут цитратымен реакцияға түсіп, қара түсті қосылыс – висмут сульфитінің түзілуін туғызатын Н2S өндіру қабілетіне негізделген. Орта бриллиант көгі мен натрий сульфитінің басушы әсерінен бірлесе өсуші микрофлораның өсуін күрт тежейді.
Микроорганизмдер дақылдарын себу және ауыстыра себу техникасы. Себулер жасауға арналған әмбебеп аспап бактериялық құрық (металдық көпреттік немесе пластмассалы бірреттік) болып табылады. Одан бөлек, жаншып себу үшін арнайы бактериологиялық ине қолданылады, ал Петри табақшасына себу үшін металдық, шынылық немесе пластикалық шпательдер қолданылады.
Материалдарды сұйық ортаға себу үшін, құрықпен қатар, пастерлік және деңгейленген тамызғыштар қолданады. Алғашқысын алдын-ала стерильді жеңіл балқымалы шыны түтіктерден капилляр түрінде от жалынында соза отырып дайындайды. Капилляр шетін стерильділікті сақтау үшін бірден жапсырып тастайды. Пастерлік және деңгейленген тамызғыштардың кеңейген шетін мақтамен тығындайды да арнайы пеналдарға салады немесе қағазбен орап, стерильдейді.
Микробтармен жүргізілетін барлық іс-шаралар оттық жалынына таяу қашықтықта, стерильді аспатардың көмегімен жүргізіледі. Металлды бактериологиялық құрықты қолданар алдында, әбір іс-шарадан соң және жұмыс соңында оттық жалынында қыздырып стерильдейді.
Микробтарды дақылдау қоретік ортаға себу жасап, инкубациялау арқылы жүзеге асырылады. Және де ол үшін температура, ылғалдылық, атмосфераның газды құрамы т.б. аса қолайлы жағдайда болуы тиіс. Осы мақсатта микроорганизмсы бар материалды (науқастан, таза дақылдан, оқшауланған колониялардан т.б. алынған) сұйық ортаға немесе тығыз ортаның беткейіне не қойнауына орналастырады (себеді). Ыдыстарды (шыны түтікше, Петри табақшасы т.б.) алдын-ала жазумен белгілеп, себу мерзімін, себінді материалдың сипатын (зерттеу нөмірі немесе дақылдың атауы) көрсетеді. Себу техникасына және микробтардың концентрациясына байланысты тығыз қоректік ортаның беткейіне себілген бактерия біртегіс жаппай өсуі – бактериялық газон, "біріккен өсу" (микроорганизмдердің көп мөлшерін агар беткейінің шектелген бөлігіне орналастырғанда пайда болады) немесе оқшауланған колония түзе өсуі мүмкін.