
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
а- тегіс жиекті, дөңгелек; б – дөңгелек, томпиған, жалтыраған, кілегейлі қойыртпақ; в – тегіс емес жиекті; г – шеткері белдемесі бар, дөңгелек; д – түйіршікті; е – жалпақ жапырақтәрізді; ж – тарамдалған; з – қатпарлы.
▲ Таза дақылды бөліп алу әдістері
Таза дақылды бөліп алу үшін мыналарға негізделген әдістер қолданылады:
1. Бактериялық жасушаларды механикалық жекелеуге;
2. Зерттелетін материалға таңдамалы антибактериялық әсер беретін физикалық немесе химиялық факторлармен алдын ала өңдеуге;
3. Себінділерді инкубациялау кезінде бірге өсуші микрофлораның көбеюін физикалық немесе химиялық факторлармен таңдамалы түрде тежеуге;
4. Кейбір бактериялардың өздеріне сезімтал зертханалық жануарларда жылдам көбею қабілетіне (биосынама).
Таза дақылды бөліп алу, әдетте, 3 кезеңнен тұрады:
Зерттелуші материалдан бактериялардың оқшауланған колонияларын алу;
Таза дақылды жинақтау мақсатында әрбір типті колониядан материалды ауыстыра себу;
Бөлінген таза дақылды идентификациялау.
Патогенді бактериялардың көбісі жылдам өсетін болып келеді. Олардың қоректік орталардағы көзге көрінетін өсімі 18-24 сағаттан соң байқалады. Мұндай бактериялардың таза дақылын бөліп алудың ұзақтығы 2-3 тәуліктен аспайды. Баяу өсуші микробтарды дақылдағанда (мысалы туберкулез қоздырғышын) бұл мерзім 4-6 аптаға, тіпті оданда ұзаққа созылуы мүмкін.
Тақырып 3.1. БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ КӨБЕЮ, ҚОРЕКТЕНУ, ӨМІР СҮРУ
ТӘСІЛДЕРІ. БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ.
БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ ТАЗА ДАҚЫЛЫН БӨЛІП АЛУ.
▲ Әдістемелік нұсқаулар
Негізгі орталар.
П е п т о н д ы с о р п а. Құрғақ күйінде шығарылады; құрамы (г/л): майшабақтың триптикалық гидролизаты – 10,05; натрии хлориді – 4,95.
Қ о р е к т і к а г а р. Құрамы (г/л): жемдік ащытқылардың ферментативті гидролизаты – 12,0; агар – 12,5; натрии хлориді – 5,5; рН 7,3 ±0,1.
Н е г і з г і к ү р д е л і о р т а л а р. – қанды, сарысулы және асцидті. Оларды қоретік агарға 5-10 %ті дефибринденген қан немесе қан сарысуы, болмаса 25%ті асцид сұйықтығын қосу арқылы дайындайды. Сұйық орта дайындау үшін сондай мөлшерде қан сарысуын немесе асцид сұйықтығын қоректік сорпаға қосады.
М ю л л е р - Х и н т о н а г а р ы ( диск әдісі бойынша бактериялардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтауға арналған негізгі тығыз қоректік орта): 1 л дистильденген суда 300 г ет қайнатпасы (сиыр етінен), 17,5 г казеин гидролизаты, 1,5 г крахмал, 17 г агар-агар болады.
Элективті қоректік орталар.
1 % ті п е п т о н с у ы, рН 8,0. Басқа бактериялардың өсуін басып озып жылдам көбейетін тырысқақ вибрионының таңдамалы ортасы. Ортаның сілтілі реакциясы тырысқақ қоздырғышының (Vibrio cholerae) өсуіне еш кедергі болмайды да осындағы басқа микроорганизмдердің өсуін тежейді.
С і л т і л і о р т а (тығыз орта): Қоректік агар, рН 7,8. Жоғарыдағы қоректік ортаға ұқсас. Vibrio cholerae үшін элективті.
Л е ф ф л е р о р т а с ы. 4/1 бөлігі жылқы сарысуынан және 4/3 бөлігі қантты сорпадан тұратын араласпа. Шыны түтікшеде Кох аппаратында қыздырып, қиғаш агар ретінде дайындайды. Дифтерия қоздырғыштары - Corynebacterium diphtheriae үшін элективті.
С а р ы у ы з д ы – т ұ з д ы а г а р (СТА). Құрамында стафилококктардың ғана өсуін тежемейтін натрий хлоридінің жоғары концентрациясы (8-10%) болады. Сондықтан, осы микроорганизмдердің элективті ортасы болып келеді. Бұл қоректік орта лецитиназа өндіретін стафилококктарды осы ферментті өндірмейтін стафилококктардан дифференциациялауға да мүмкіндік береді. Лецитиназа түзуіші түрлер колониясының айналасында жылтыр қызғылт реңді лайсаңдану аймағы пайда болады (фермент 45°С қа дейін балқып суытылған қоректік тұзды агарға енгізілген тауық жұмыртқасының саруызын ыдыратады).
Анаэробтарды дақылдауға арналған орталар.
В и л ь с о н – Б л е р о р т а с ы (темірсульфитті агар). Қоректік агардан дайындалады. Оған глюкоза, Na2SO3, FeCІ2 қосады. Анаэробты клостридиялар (C. Perfringens) бұл ортада Na2SO3 -нің Na2S -не тотықсыздануына байланысты қара колониялар түзіледі, олар темір хлоридімен қосыла отырып қара түсті темір сульфидінің (FeS) тұнбасын береді.
К и т т а – Т а р о ц ц и о р т а с ы. Құрамында қоректік сорпа, 0,5% глюкоза мен оттегінің адсорбциясы үшін бауыр үзімі немесе ет фаршы болады. Себу
алдында ауасын шығарып тастау үшін ортаны 10-15 минут қайнап тұрған су моншасында қыздырады. Себуден соң, ортаның бетін вазелин майының жұқалау қабатымен бетін жабады.
Г е м и н і б а р т и о г л и к о л ь д ы с о р п а (Bacteroides, Prevotella, Porphyomonas туысының өкілдері – спора түзбейтін анаэробтарды дақылдауға аралған элективті сұйық орта): 1л дистильденген суда 17г казеин гидролизаты, 3г соя гидролизаты, 6г глюкоза, 2,5г натрий хлориді, 0,5г натрий тиогликолаты, 0,25г L-цистеин, 0,1г натрий сульфаты, 5 мг гемин.