
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
Майсыздандырылған бұйым шынысына бактерияның суспензиясын (жүзгінін) ендіреміз. Егер, жағындыны сұйық қоректік ортадан алса, онда материалды бұйым шынысына тікелей тамызғышпен ендіріп, жұқа жағынды алардай етіп жаяды. Басқа жағдайларда бұйым шынысына алдымен судың немесе натрий хлоридінің изотоникалы ерітіндісінің тамшысын тамызып, оған зерттелетін материалды араластырамыз. Материалды дұрыс жайған жағдайда микроскопияда жағындыдан жекеленген жасушалар байқалады. Жағындыны ауада немесе жылытылған ауа ағымында кептіреді. Және де тамшы ысып кетпейтіндей қашықтықта от жалынында да кептіруге болады.
Препаратты бекінту. Кептірілген жағындыларды термиялық немесе химиялық өңдеуден өткізеді. Нәтижесінде бактерия өледі де шыны беткейіне тығыз жабысады. Әдетте, жағындыны бекінту үшін бұйым шынысын от жалыны үстінен бірнеше рет өткізеді.
Қан жағындыларын, мүшелердің ізтаңба-жағындыларын 5-20 минут метил немесе этил спиттеріне, болмаса басқа да бекінтушы ерітінділерге мала отырып бекінтеді.
Препараттарды қарапайым әдістермен бояу. Бекіндірілген жағындыны қандайда-бір бір ғана бояғышпен бояп, (мысалы сулы фуксинмен немесе метилен көгімен), кептіреді де, микроскоптайды.
Люминесцентті микроскопияға арналған препараттарды дайындау және бояу. Люминесцентті микроскопия үшін бұйым шыныларында бекіндірілген жағынды-препараттарды немесе нативті препараттарды дайындап, оларды арнайы флюоресцентті бояғыштармен (акридинді сары акридинді сарғыш, ауромин, кринофосфин) бояймыз. Иммерсиялық объективпен жұмыс істегенде флюоресценцияланбайтын май қолданады.
Электронды микроскопияға арналған препараттарды дайындау және бояу. Электронды микроскопта зерттеуге арналған препараттарды дайындаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Препараттарды арнайы қабықша-төсеніштерде дайындайды, өйткені, шыны электрондарды өткізбейді. Зерттелетін объектіні бөгде қоспалардан мейлінше тазартады да тіректі металл торшасына алдын ала орнықтырылған қабықша-төсенішке ендіреді. Контрасттілеу үшін ауыр металдардың (алтын, осмий, рутений т.б.) қосындыларын қолданады.
Микробтық жасушаларды өлшеу. Микробтарды өлшеу микроскопиялық зерттеу барысында арнайы қондырғылардың көмегімен жүзеге асады. Өлшеу үшін окуляр-микрометр мен объект-микрометр қолданады. Окуляр-микрометр объектіні тікелей өлшеуге негізделген, ол ортаңғы бөлімінде 50 бөліндісі бар шкала орнатылған окулярдағы шыны пластинка ретінде берілген. Объект-микрометр - ортасында 100 бөлімге бөлінген эталонды шкаласы бар шыны ретінде берілген. Шкаланың бөліну бағамы белгілі және ол шыныда көрсетінген. Әдетте, объект-микрометр шкаласының әрбір бөліндісі 10 мкм-ге тең.
Микроорганизмдерді олардың бөліну бағамын алдын-ала объект-микрометрдің көмегімен анықтап алып, окуляр-микрометрмен өлшейді. Ол үшін объект-микрометрді микроскоптың бұйым үстелшесіне орнықтырады да үстелшені жылжытатын бұрандаларды айналдыра отырып, оның бір бөліндісі окуляр-микрометрдегі қандайда-бір бөліндіге сәйкес келуіне қол жеткізеді. Онан соң окуляр-микрометрдің бөлінді санына толығымен сай келетін объект-микрометрдің бөлінді санын белгілейміз. Объект-микрометрдің (10 мкм) бөліну көлемін біле отырып, окуляр-микрометрдің бөліну көлемін анықтаймыз. Сонан соң, объект-микрометрді зерттелуші препаратпен алмастырамыз да бактериялық жасуша өлшемін окуляр-микрометрдің линейкасымен бөліну көлемі өлшенген сол үлкейту дәрежесінде антықтаймыз.
Микроскопиялық объектілерді өлшеу үшін мынадай өлшем бірліктер қолданады; 1 микрометр (мкм) =10-3 мм, 1 нанометр (нм) =10-6 мм.
Бактериялық дақылды зерттеу нәтижелерін 2.1.1. кестеде көрсетілгендей хаттамалайды.
Тақырып 2.2. БАКТЕРИЯЛЫҚ ЖАСУШАНЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН
УЛЬТРАҚҰРЫЛЫМЫН ЗЕРТТЕУ. КҮРДЕЛІ БОЯУ ӘДІСТЕРІ.
▲ Әдістемелік нұсқаулар
Күрделі бояу әдістері. Күрделі бояу әдістерін едәуір үлкен өлшемдегі бактериялық жасушаның ультрақұрылымдық құрамаларын (макрокапсуласын), талшықтарын, цитоплазмалық енбелерін т.б.) анықтау үшін және де бактерияның химиялық құрылымы мен ұсақ ұйымдасушылық ерекшелігіне байланысты дифференцияциясы (ажыратуы) үшін қолданады.
Грам әдісімен бояу тәсілі
1. Бекіндірілген жағындыға сүзгіш қағаз парақшасы арқылы генциан
күлгінінің карболды-спирттік ерітіндісін ендіреміз. 1-2 минуттан соң
қағазды аламыз да шыныдағы бояуды төгіп тастаймыз.
2. Люголь ерітіндісін 1-2 минут ендіреміз.
3. 30-60 секунд аралығында бояғыштың күлгін тамшылары ағып біткенше, этил
спиртімен түссіздендіреміз.
4. Сумен шаямыз.
5. 1-2 минут аралығында фуксиннің сулы ерітіндісімен толықтыра бояймыз да,
кептіріп, микроскоптаймыз.
Грамоң бактериялар (жасушалық қабырғасы көп қабатты пептидогликаннан тұратын бактериялар) күнгірт-күлгін түске, грамтерістері (жасушалық қабырғасы бір қабатты пептидогликаннан тұратын бактериялар) қызыл түске боялады (сурет 2.2.1; жапсырмада). Бұл әдістің негізінде таңдамалы түрде түссіздендіру жатыр, яғни, генциан күлгінінің йодтық кешені спирт әсерінен жойылып кетеді. Грам әдісі бойынша бояудың нәтижесі бактерияның жасуша қабырғасының құрылымы мен химиялық құрамының ерекшеліктерімен анықталып, оның бояу кезінде түзілген генциан күлгіннің йодтық кешенін ұстап тұру қабілетіне тәуелді болады.
Фирмикутты бактериялар грамоң боялады, себебі, оларда тейхой қышқылымен байланысқан көпқабатты пептидогликан болады. Тейхой қышқылы жасуша қабырғысында бояғыштың берік бекіндірілуіне және оның спирттпен түссізденуге тұрақтылық қасиет көрсетуіне себепкер болады. Грациликуттер грамтеріс боялады.
Грам әдісімен бояу елеулі дифференциациялы-диагностикалық маңызға ие және де микробиологияда кеңінен қолданылады. Грамоң бактерияларға стафилококктар, стрептококктар, коринебактериялар т.б. жатса, грамтерістерге гонококктар, менингококктар, ішек таяқшасы т.б. жатады. Бактериялардың кейбір түрлері (клостридиялар, гарднереллалар) дақылдың жасына, дақылдану ерекшелігіне және басқа да жасуша қабырғасының құрылымына әсер ететін факторларға байланысты Грам әдісінде құбылмалы боялады.
Грам әдісімен бояуда жіберілетін негізгі қателік, жағындыны этил спиртімен шамадан тыс түссіздендіріп қою. Грамоң бактериялар мұндайда өзерінің бастапқы генциан күлгін бояуын жоғалтып алып, келесі бояуды (фуксинді) қабылдағандықтан қызыл түске ие (грамтеріс бактерияларға тән) болуы мүмкін. Ал, спирттпен шамасына жеткізбей түссіздендіргенде грамтеріс бактериялар генциан күлгін түсін сақтап қалуы да мүмкін. Дұрыс бояу үшін түссіздендіру техникасын қатаң сақтау керек.
Грам әдісін Грегерсен тестімен алмастыруға болады. Оның артықшылығы, нәтиже алу үшін микроскоп пен баяғыш заттарды қажет етпейді. Бұйым шынысына орнықтырылған КОН-інің 3%-ті сулы ерітіндісінің бір тамшысына бактериялық колониядан алынған жағындыны эмульгациялаймыз (ендіреміз). Оны құрықпен бірнеше секунд араластыра отырып, құрықты сыртқа қарай тартамыз. Егер араласқан кілегей құрыпен созылып жатса, колонияны құраушы бактерия грамтеріс бактериаялардың өкілі, ал кілегей бірден үзіліп кетсе, грамоң бакерияның өкілі болғандығы. Бұл әдіс бактерияның морфологиялық қасиетін анықтауға мүмкіндік бермейді.