
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
және субпопуляциялы лимфоциттерді санау.
Жасушалар популяциясындағы бұл үрдістің сандық бағалануы үшін, әдетте, олардың пролиферациясының көрсеткіші ретінде жасуша ДНҚ-дағы 3Н-тимидин ендірмелерін зерттейді. Лимфоциттердің пролиферативті активтілігінің бұл тесті лимфоциттердің бласттрансформациясының реакциясы деген атпен жиі аталады (сурет 10.3.3).
К е с т е 10.3.1. Сау адамдардың қанындағы лимфоциттердің сандық құрамы
Лимфоциттердің популяциясы мен субпопуляциясы |
Беткейлік маркерлер |
Лимфоциттердің бар санынан % |
1 литр қандағы жасушалардың абсолютті мөлшері х 109 |
Лимфоциттер (бары) |
|
100 |
1,50–3,50 |
В-лимфоциттер |
CD19 |
15(10–25) |
0,30–0,90 |
Т-лимфоциттер (бары) |
СD3 |
75 (60–90) |
1,00–2,50 |
Т-лимфоцит-көмекшілер |
CD4 |
50 (32–65) |
0,50–1,60 |
Т-лимфоцит-жоюшылар |
CD8 |
25 (16–39) |
0,30–0,90 |
Шынайы жоюшылар |
CD16 |
10 (5–15) |
0,20–0,30 |
Т-лимфоциттер қызметін бағалаудың басқаша түрі олардың цитотоксиндер өндіру қабілетін өлшеуге негізделеді. Антигенді танып білу кезінде және поликлоналды митогендерге жауап қайтару кезінде Т-лимфоциттер активтенеді де бейспецификалық медиатр-ақуыздар – цитокиндерді өндіріп шығарады.
Т-лимфоциттердің дақылдық ортасында цитокиндердің типі мен олардың мөлшерін анықтау жасушалардың функциональді активтілігін анықтауға мүмкіндік береді (сурет 10.3.4). Цитокиндердің санын олардың биологиялық активтілігі бойынша анықтайды немесе цитокиндерді антиген ретінде спецификалық ИФА және МКАД көмегімен айқындайды
В-лимфоциттер қызметін қан сарысуындағы иммуноглобулиндер мен изогемагллютининдер деңгейі бойынша жанама түрде бағалайды. 2 жасынан бастап ІІ (А) қан тобы бар адамдардың қан сарысуында анти-В-антиденелер, ІІІ (А) қан тобы бар адамдардың қан сарысуында анти-а-антиденелер, ал, І (0) қан тобы бар адамдардың 2 жасынан бастап қан сарысуында анти-А- және анти-В-изогемагглютининдер болуы тиіс.
4. Қан сарысуы құрамынан иммуноглобулиндердің әртүрлі изотиптерін анықтау әдістері. Қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің төрт негізгі изотиптерінің (IgG, IgM, IgA, IgE) бар екендігін осы иммуноглобулиндердің изотип-спецификалы антигендеріне қарсы алынған спецификалы антисарысулардың немесе МКАД-дың жиынтықтарын пайдалана отырып анықтайды.
Биологиялық сұйықтықтардағы иммуноглобулиндердің әртүрлі изотиптерін сандық анықтау үшін радиальді иммунодиффузияны, қатты фазалы иммуноферментті талдаманы немесе РИА-ді (IgE мөлшерін анықтау үшін) қолданады.
М а н ч и н и б о й ы н ш а р а д и а л ь д ы и м м у н о д и ф ф у з и я. Тегіс беткейлікке иммуноглобулиндердің изотоптарының біріне қарсы спецификалық антиглобулинді антисарысуы бар гельдің біркелкі қабатын жасайды. Гельде жасақталып, ішіне зерттелуші сарысумен толырылған ойықтардан иммуноглобулин молекулалары гель қойынауына диффузияланып, сәйкес антиглобулинді антиденелермен преципитация сақиналарын түзеді. Преципитация сақиналарының диаметрі берілген сарысу үлгісінде антиген қызметін атқарушы иммуноглобулин сарқылып бітпейінше ұлғая береді.
С у р е т 10.3.3. Лимфоциттердің пролиферативті активтілігін бағалауға арналған тест: лимфоциттердің бластотрансформациясының реакциясы.
Радиальді иммунодиффузия сарысулық иммуноглобулиндердің кез-келген класының сандық анықтауы үшін жарамды. Зерттелуші сарысулардың үлгілерін құрамында IgG-ға, IgM-ге немесе белгілі концентрацияда IgA-ға қарсы антиденелері бар агарлы гельдердің ойықтарына орнықтырады. Біруақытта ойықтар қатарына әртүрлі концентрацияда стандартты антиген (белгілі бір класты иммуноглобулин) ендіреді. Агарға диффузияланушы иммуноглобулиндер антиглбулинді антиденелермен преципитация сақинасын түзеді, олардың диаметрі сарысудағы иммуноглобулиндердің сәйкес класының мөлшерін бейнелейді. Стандартты антиген (белгілі класты иммуноглобулин) гельдегі спецификалық антиденелермен әсерлесе отырып, ойықтардан олардың сұйылтпаларымен радиальді диффузияланады. Сонда диаметрі антиген концентрациясына пропорционал преципитация сақиналары түзіледі. Әрі қарай сақина диаметрінің стандартты антиген концентрациясынан калибрлік тәуелділік графигі бойынша зерттелуші сарысу үлгілеріндегі иммуноглобулиндердің жекеленген изотиптерінің (IgG, IgM, IgA) концентрациясын, преципитация сақиналарының диаметрін алдын-ала өлшей отырып анықтайды (кесте 10.3.2). Қан сарысуындағы иммуноглоблиндердің әртүрлі изотоптарының сандық мөлшерін анықтау қаттыфазалы иммуноферментті талдама көмегімен де жүзеге асырады. Талдамаға изотип-спецификалы МКАД-лер мен тышқан иммуноглобулиндеріне қарсы периоксидазамен таңбаланған антииммуноглобулинді сарысу қатыстырылады (себебі барлық МКАД тышқан жасушаларынан алынған).
Қ а н с а р ы с у ы н д а ғ ы к о м п л е м е н т т і т и т р л е у. Әдіс антиденелермен жүктелген қой эриторциттерінің комплемент тәуелді лизисінің феноменіне негізделген. Халықаралық стандартқа сәйкес комплемент активациясының бірлігі ретінде стандартты жағдайда сенсибилизацияланған эритроциттердің 50%-інің гемолизін тудырушы мөлшері алынады және ол СН50 деп белгіленеді.
Қан сарысуы 1:10 сұйытпасы бар түтікшеге гемолитикалық жүйені (қой эритроциттері мен қоянның гемолоитикалық сарысуының қоспасы) қосады. 37°С-та 45 минут инкубациялаған соң сақталынған эритроциттерді центрифугалау арқылы тұндырады. Гемолиздің интенсивтілігі фотометриялық түрде тіркеледі. Одан соң 1 мл тұтас сарысудағы СН50 мөлшерін есептейді. Сау адамдарда комплемент титрі 1 мл-ге 40-80 СН50 интервалында тербеледі.
Комплементті 50%-тік гемолиз бойынша титрлеу комплемент жүйесінің жекеленген құрамаларының жағдайы туралы тиянақты ой айтуға мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта комплемент жүйесінің жеке құрамаларын стандартты моноспецификалы антисарысу көмегімен иммунохимиялық әдіспен анықтайды.
К е с т е 10.3.2. Сау адамдардың қан сарысуындағы иммуноглобулиндердің әртүрлі изотиптерінің сандық мөлшері
Иммуноглобулин изотипі |
Белгіленуі |
Сарысудағы барлық иммуноглобулиндерге шаққандағы %-і |
Иммуноглобулиндер мөлшері, г/л |
|
Орташа мөлшерлері |
тербелу интервалдары |
|||
Иммуноглобулин G Иммуноглобулин M Иммуноглобулин A Иммуноглобулин E |
Ig G Ig M Ig A Ig E |
70-75 8-10 15-20 0,005 |
12,0 1,2 2,0 0,0005 |
7,05-15,50 0,65-1,65 1,25-2,50 0-0,0005 |