
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
Ж а н у а р л а р д ы э к с п е р и м е н т а л ь д ы з а л а л д а у. Инфекциялық үрдіс Зертханалықжануарларды (қояндар, теңіз шошқасы, ақ тышқандар, егеуқұйрықтар т.б.) залалдау арқылы жасанды түрде жүргізілуі мүмкін. Бұл микроорганизмдердің патогенділігі мен вируленттілігін анықтау, әртүрлі материалдардан қоздырғыштың таза дақылын алу (биосынама әдісі), экспериментальді инфекция жасау және басқа да мақсаттар үшін жасалады.
Жануарларды залалдау терісіне, тері астына, бұлшық етіне, қан тамырына, құрсақ ішіне пероральді, интраназальді, интратрахеальді, интрацеребральді әдістермен жасайды. Барлық іс-шаралар стерильді инструменттер көмегімен жүзеге асырылады. Тәжірибе алдында жануарларды таңдайды, салмағын өлшейді және белгі салады. Тышқанды құйрығынан ұстап үстел үстіне қояды, денесін екі саусақпен жылдам үстелге жаншып, саусақтарды арқасымен жылжыта отырып, бас терісінен қысып ұстайды. Сонда жануар сол қолдың жұмырында созылған күйде орнығады. Белгілі-бір концентрациядағы микроорганизмдер қоспасын ине арқылы шприц ішіне жинақтайды. Шиприцті оң қолда қаламұш сияқты ұстайды. Тері астына залалдау кезінде инені тышқан арқасының немесе құйрық тұсының тері қатпарына шаншиды да, баяу түрде, оның ішіндегіні тері астына жібереді. Инені жылдам суырып ала, егу жасалған орынды спиртке шыланған мақтамен басады. Құрсақ ішілік залалдауда жануарды ішектері көк етке ығысатындай етіп төбеден төмен қарай ұстайды. Ішінің сол жақ төменгі үштен бір терісіне инені қиғаштатып шаншиды да, шприцті құрсақ қабырғасына перпендикуляр жағдайға айналдыра ұстайды, екпінді қозғалыспен құрсақты тесіп кіріп шпиц ішіндегіні ендіреді.
Сурет 9.1.1. Дерматонекрозды сынама. а – теріс реакция; б – оң реакция
Д е р м а т о н е к р о з д ы с ы н а м а. Қоянға зерттелетін дақылдың 0,2 мл сорпалық қоспасын жіңішке инелі туберкулин шприцімен теріасты енгізеді. Оң нәтижелі жағдайда 2-3 тәуліктен соң ендіру орнында некроз ошағы пайда болады (9.1.1 сурет).
К е р а т о к о н ъ ю к т и в а л ь д ы с ы н а м а (Шерень сынамасы). Бактерияның тәуліктік агарлы дақылын диаметрі 5 мл стандартты құрықпен теңіз шошқасы көзінің төменгі қабағына ендіреді. 2-3 тәуліктен соң қасаң қабықтың лайсаңдануы, іріңдеуі мен ойық жаралануы бойынша кератоконъюктивиттің айқындылығын бағалайды.
М и к р о б т о к с и н д е р і н і ң л е т а л ь д ы д о з а с ы н а н ы қ т а у. Жануарлардың 50 %-інің өлуіне алып келетін токсин мөлшерін анықтайды. Осы мақсатта бірқатар онеселік токсин сұйылтпаларын дайындап жануарлардың жекеленген топтарына ендіреді. Белгілі-бір мерзімнен соң жануарлардың әрбір тобындағы өлгендерінің саны бойынша LD50 есебін жүргізеді.
Жағынды-жұқпа дайындау үшін бауырдан, талақтан және бүйректерден азғантай түйір кесіп, оларды пинцетпен алып, кесілген бетімен бұйым шынысына жұқтырады. Жағынды-жұқпаларды сұйық бекіндіргіште бекіндіреді де метилен көгімен бояйды. Микроскоппен көру кезінде әртүрлі мүшелер мен тіндердан микроб-қоздырғышын іздейді. Себінді нәтижелерін термостатта инкубациялаған соң келесі күні ескереді. Мәйіттің сойып-ашу мәліметтерін хаттамалайды. Зерттеу біткен соң жануар мәйітін толық жояды.
Сурет 9.1.2. Тышқанды сойып ашу. а-г – сойып ашу кезеңдері
Ж а н у а р л а р м ә й і т і н б а к т е р и о л о г и я л ы қ з е р т т е у. Жануардың өлімін тудырған микроорганизмді табу үшін және олардың ағзадағы орнығуын анықтау мен қоздырғыштың таза дақылын алу үшін залалданған жануарды өле салысымен сойып-тіледі. Бөгде бактериялармен залалдануының алдын-алу үшін асептика ережелерін сақтау керек. Тышқанды табақша ішінде қатқан парафин беткейіндегі дезинфекциялаушы ерітіндіге шыланған дәкеге шалқасынан жатқызады да аяқтарын кере түйреуішпен түйрейді. Қандайда-бір антисептик ерітіндісімен терісін жақсылап өңдейді. Сойып-тілуді стерильді аспаптармен жасайды (9.1.2 сурет).
Терісін жақ астынан шатқа дейін ұзына бойы, қолдан қолға және аяқтан аяққа дейін көлденең тіледі. Тері қиықтарын шеткері айқарады. Тері асты май торшалары мен лимфа түйіндерінің жағдайын байқайды да, қажет болса, олардан жағынды-жұқпа мен себулер жасайды.
Кеуде қуысын төстің қылыш тәрізді өсіндісі астымен көлденең және қабырға арқылы кеудеге ұзына бойы кесе отырып, ашады. Кесілген қиықтарды айқарып, кеуде қуысының мүшелерін қарайды да, эксудаттың бар-жоқтығын хаттамаға белгілейді. Жүректен қан алып себу жасау үшін оның беткейін от жалынына қақталған пинцет ұшымен күдіреді де, сол жер арқылы жүрек қуысына стерильді тамызтқыш капиллярын ендіреді. Содан соң тамызтқыштағы қан тамшысын қоректік ортасы бар түтікшеге үрлейді. Өкпе ұлпасынан жағынды-жұқпа дайындайды және себулер жасайды.
Іш қуысын ішектерге тигізбей, ұзына бойы қайшымен кеседі. Іш қуысының мүшелерін қарайды да, эксудаттың болуын, бауырдың, көк бауырдың, бүйрекүсті бездерінің, шажырқай лимфа түйіндерінің көлемін, қоюлық дәрежесін және түсін хаттамаға тіркейді. Қажет болған жағдайда бұл мүшелерден қоректік орталарға себулер жасайды.