
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
Кірспе. Микроорганзмдер экологиясы жалпы микробиологияның бөлімі ретінде белгілі-бір биотопта бірлесе мекендеуші микро- және макромикроорганизмдердың өзара қарым-қатынасын зерттейді. Микробтар шынайы мекен ету ортасында (топырақта, суда, ауада, жануарлар ағзасында) әртүрлі биоценоздар құрамына кіреді. Адамда ауру туғызушы микробтар экологиясы олардың сыртқы ортада сақтала өмір сүруге, иелерін ауыстыруға, иммунды жүйенің әсерінде бола тұра ие ағзасында тұрақтауға қабілеттілігімен анықталады. Сонымен қатар, микробтардың экологиясы олардың таралу, тасымалдану және басқа да факторларымен тығыз байланысты. Бірқатар экологиялық жағдайларды бағалау санитарлы микробиологияның басты міндеттерінің бірі болып келеді.
Санитарлы-бактериологиялық зерттеулер гигиенист-дәрігерлер мен эпидемиологтардың тәжірибелік жұмысының негізін құрайды. Олар қоршаған орта объектілеріне, тағам өнімдеріне, сусындарға және т.б. санитарлы-гигиеналық баға бере отырып, инфекциялық аурулар профилактикасында жетекші роль атқарады. Медициналық микробиологиялың маңызды зерттеу объектісі - адамның қалыпты микробиологиясы болып табылады. Оған тері жабындысында, әртүрлі мүшелердің (ауыз, көмей, мұрынжұтқыншақ, жоғары тыныс жолдары, ішек, әсіресе тоқ ішек және т.б қуыстары) кілегейлі қабықшасында мекендейтін микробтар жатады. Олардың қайсы-бірі адам ағзасының тұрақты (облигатты) мекендеушілері болса, енді бірі – уақытша (факультативті немесе транзиторлы) мекендеушілері болып келеді. Қалыпты микрофлора – бұл ағзаның өмірлік маңызды жүйесі болып табылады. Ол ағзаның көптеген патогенді микробтардан қорғанысын, иммунды жүйенің жетілуі мен стимуляциясын, асқортылуға қатысатын бірқатар витаминдер мен ферментердің өндірілуін және т.б. қамтамасыз етеді. Адам микрофлорасының сандық және сапалық құрамы өмір бойы оның жынысына, жасына, тамақтану сипатына т.б. байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, адам микрофлорасы құрамындағы өзгерістер аурлардың пайда болуынан, дәрілік заттардың, әсіресе антибиотиктер мен иммуномодуляторларды қолдануынан да туындайды. Адам микрофлорасының сандық және сапалық құрамын белгілі-бір көрсеткіштер бойынша бағалау оның бұзылуын (дисбактериоз) және онымен байланысты салдарды анықтауға мүмкіндік береді.
Тақырып 8.1. АУАНЫҢ, СУДЫҢ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫҢ
МИКРОФЛОРАСЫ. СУДЫ, АУАНЫ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫ
САНИТАРЛЫ-БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
▲ Әдістемелік нұсқау
● Қоршаған ортаны микробиологиялық зерттеу әдістері.
Қоршаған ортаның әртүрлі объектілерінің, ауыз суының, тағам өнімдерінің және т.б. санитарлы-гигиеналық жағадайын бағалау үшін, эпидемиялық қауіптілігін анықтауды мақсат тұта отырып, оларға санитарлы-бактериологиялық зерттеулер жүргізеді. Бірақ, әдетте, қоршаған орта объектілерінде (ауа, су, топырақ) көбеюге бейімсіз және ондағы концентрациясы да аз болатын болғандықтан, кейбір патогенді микробтарды анықтау бірқатар қиындықтарды туғызады. Сондықтан, санитарлы-микробиологиялық тәжірибеде жанама әдістер қолданады. Ол қандай да бір объектідегі жалпы микробтық тұқымдануды және ондағы санитарлы-көрсеткіш бактериялар (8.1.1 кесте) ретінде қарастырылатын микробтарды анықтауға негізделген.
Микробтық тұқымдануды микробтық сан арқылы айқындайды. Микробтық сан – зерттелуші объектінің көлемдік немесе массалық бірлігінде (1мл суда, 1г топырақта,1м3 ауада) табылатын микробтардың жалпы мөлшері. Санитарлы-көрсеткіш бактериялардың мөлшерін екі көрсеткіш – титр және индекс бойынша бағалайды. Титр ретінде құрамынан санитарлы-көрсеткіш бактериялар табылатын, зерттелуші материалдың минимальді көлемін немесе массасын қабылдайды; индекс - 1 л сұйықтықта, 1г тығыз затта, 1м3 ауада болатын санитарлы-көрсеткіш бактерияларды көрсетеді. Санитарлы-көрсеткіш бактерияларға адамдар мен жылы қанды жануарлардың ішегінде немесе респираторлы жолдарында мекендейтін облигатты микрофлора өкілдері жатады. Оларға мынадай қасиеттер тән; 1) ағзадан үнемі үлкен мөлшерде сыртқы ортаға бөлінеді; 2) басқа мекен ету ортасы болмайды; 3) сыртқы ортада сақталу ұзақтығы ішекте немесе респираторлы жолда паразитті өмір сүруші патогенді бактериялармен бірдей; 4) Ие организмінен тыс қандайда-бір объектідеинтенсивті көбеюге және қасиеттерін өзгертуге қабілетсіз. Аталған бнлгңлнр қоршаған ортаның әртүрлі объектілері үшін санитарлы-көрсеткіш болып табылатын бірқатар бактерияларға тән (8.1.1. кестені қара).
Қоршаған ортаның нәжістік ластануына айғақ болар санитарлы-көрсеткіш бактерияларға ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) жатады. Олар Enterobacteriaceae әулиетінің әртүрлі туыстарынан тарайды. ІТТБ дифференциалды-диагностикалық белгілері 8.1.2. кестеде көрсетілген. Қоршаған ортаның қандайда-бір объектісінен немесе тағам өнімдерінен E.coli табылып жатуы, таяуда ғана нәжіспен ластанудың едуәр нақты көрсеткіші бола алады. Enterobacter мен Citrobacter туыстарының бактериялары табылса біршама ертеректегі нәжіспен ластануды меңзейді.
Топырақта Clostridium perfringens, Clostridium sporogenes және басқа клостриядиялар кездессе жаңадан да, ертеректе де нәжіспен ластанудың айғағы
бола алады, себебі, бұл бактериялар қоршаған ортада (көбінесе топырақта) ұзақ сақталуларына мүмкіндік беретін споралар түзеді. Қоршаған орта объектілерінде Enterococcus faecalis- тің табылуы да нәжіспен ластанудың айғағы. Термофильді бактериялар тобына 60°С және жоғары температурада көбеюге қабілетті, әртүрлі әулиеттерден тараған туыстас емес бактериялар жатады (laktobacillus lactus, Streptococcus thermophilus және б.). Олар адам ішегінің тұрақты мекендеушілері емес және де қоршаған ортаның нәжістік ластану критериилері бола алмайды. Бұл бактериялар мөлшерінің күрт өсуі топырақтың шірінді қоқыстармен ластанғандығына айғақ бола алады, өйткені, олар өздігінен қызатын қилар мен көңдерде көбейеді. Enterobacteriaceae әулиетінің Proteus туысына (Proteus vulgaris және б.) жататын бактериялар табиғатта кеңінен тараған. Бұл шірінді бактериялар жануарлар мен өсімдіктердің ыдыраушы қалдықтарында кезедеседі. Бұл бактериялардың қандайда-бір тағам өнімдерінде табылуы шіріндік ыдыраудың айғағы.
К е с т е 8.1.1. Қоршаған орта мен тағам өнімдерінің санитарлы-көрсеткіш бактериялары
Объект |
Ластану сипаты |
Санитарлы көрсеткіш бактериялар |
Су
|
Нәжістік
|
Ішек таяқшасы тобының бактериялары (ІТТБ) – Escherihia coli, Enterobacter aerogenes, Citrobacter freundii, Enterococcus faecalis |
Топырақ |
Нәжістік
Өнеркәсіп-тұрмыстық (шіритін қоқыстар) |
ІТТБ және клостридиялар – Clostridium perfringens, Clostridium sporogenes және б. Термофильді бактериялар, Proteus vulgaris |
Тағам өнімдері |
Нәжістік Оральді-тамшылы |
ІТТБ және Е. faecalis, P. vulgaris Staphylococcus aureus. |
Күнделікті бұйымдар |
Нәжістік Оральді-тамшылы |
ІТТБ және P. vulgaris E. faecalis, Staphylococcus aureus. |
Ауа |
Нәжістік Оральді-тамшылы |
ІТТБ және P. vulgaris E. faecalis, St. aureus. St. pyogenes |
Топырақ, ауа, су |
Өнеркәсіптік |
Микробтардың өндірістік штаммдары |
Көмей мен мұрын-жұтқыншақтың транзиторлы мекендеушісі ретіндегі гемолоитикалық стрептококктар (S. рyogenes) ауа-тамшылы жолымен кілегей тамшыларыменен сыртқа бөлінеді. Гемолитикалық стрептококктардың қоршаған ортада тірі қалу мерзімі көптеген басқа да ауа-тамшылы инфекция қоздырғыштарына тән мерзімнен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Гемолитикалық стрептококктардың бөлме ауасында табылуы адамның жоғарғы тыныс жолдарында, көмейінде, мұрын-жұтқыншағында тұрақтаған және ауа-тамшылы инфекция қоздырғышы болып табылатын микробтармен ластануына меңзейді. Staphylococcus aureus адамның көмейінің, мұрын-жұтқыншағының және де тері жабындысының факультативті мекендеушісі болып табылады. Оның бөлме ауасында немесе ондағы бұйымдарда табылуы ауа-тамшылы ластану көрсеткіші болып саналады. Staphylococcus aureus пен Streptococcus рyogenes-тің бір уақытта табылуы ауаның жоғары дәрежеде ластануының айғағы.
● Судың санитарлы-бактериологиялық зерттелуі.
Судың микробтық санын анықтау. Микробиологиялық зерттеу мақсатында су құбырының суын қоректік орталарға 1 мл көлемде, ал ашық су қоймаларының суын 1,0; 0,1 және 00,1 мл көлемде себеді. Барлық сынамалар стерильді Петри табақшасына енгізіледі де үстіне балқытылып 45-50°С-қа суытылған 10-12 мл қоректік агар құйылады. Оны сумен жақсылап араластырады. Себінділерді 37°С-та 1-2 тәулік бойы инкубациялайды. Ашық су қоймаларының суын қосымша ретінде екі табақша серияларына себеді, оның бірін 37°С-та 1 тәулікке, ал екіншісін 20°С-та 2 тәулікке инкубациялайды. Ондан соң, қоректік ортаның беткейінде және қойнауында өскен колонияларды санай отырып, 1 мл-дегі микробтардың мөлшерін – судың микробтық санын айқындайды.
Кесте. 8.1.2. ІТТБ-ң дифференциалды-диагностикалық белгілері
Бактериялардың түрлері |
Белгілер |
|||||
Ащыту өнімдері |
Метилді қызыл |
Фогес-Проскауер реаякциясы |
Индол түзуі |
Цитратты ортада өсуі |
KCN қатысуында өсуі |
|
Escherihia coli
Citrobacter freundii
Enterobacter aerogenes |
Қышқылдар қоспасы Қышқылдар қоспасы Бутандиол |
+
+
- |
+
+
+ |
+
Р
- |
-
+
+ |
-
+
+ |
Шартты белгіленулері: (+) – оң реакция, (-) – теріс раекция, ә - әртүрлі реакциялар.
Судың коли-титрі мен коли-индексін анықтау. Судың коли-титрі -дегеніміз, құрамында ІТТБ анықталған, судың минимальді мөлшері (мл). Коли-индекс – 1 л судағы ІТТБ мөлшері. Бұл көрсеткіштер титрациялық (быжыту) әдісімен немесе мембраналық сүзгілер әдісімен анықталады.
Т и т р л е у ә д і с і. Глюкозапептонды ортасына (1% пептон суы, 0,5 % глюкоза ерітіндісі, 0,5 % натрий хлориді, Андраде индикаторы және қалытқы) судың әртүрлі көлемдерін себу жүргізеді. Және де үлкен мөлшерлі себулер үшін құрамында аталған заттардың 10 еселік мөлшері бар, концентрацияланған орталар қолданады.
Ашық беткейлі су қоймаларының суын 100; 10; 1,0 және 0,1 мл көлемдерде зерттейді. Су құбырындағы суларды зерттеу үшін себудерді үш көлемде 100 мл-ден, үш көлемде 10 мл-ден, үш көлемде 1 мл-ден жасайды. Себінділерді 1 тәулік бойы 37°С-та инкубациялайды. Ащу үрдісінің жүруін қалытқыдағы газ көпіршіктерінің пайда болуынан біледі. Быжыған немесе лайсаңданған сынамалардан Эндо ортасына себу жасайды. Өскен колониялардан жағынды жасап, оны Грам әдісімен бояйды және оксидазалық тесттке қояды. Сол арқылы Escherihia, Citrobacter және Enterobacter туыстарының бактерияларын Pseudomonadaceae әулиетінің грамтеріс бактерияларынан және суда мекендеуші басқа да оксидазаоң бактериялардан дифференциациялауға (ажыратуға) мүмкіндік алуға болады. Осы мақсатта шыны таяқшамен орта беткейінен 2-3 изоляцияланған колониялар алып, оны диметил-n-фенилендиаминмен шыланған сүзгі қағазға айқыштап жағады. Оксидазалық тест теріс болған жағдайда қағаз түсі өзгермейді, оң болса оның түсі 1 минут ішінде көк түске боялады. Оксидаза түзбейтін грамтеріс таяқшаларды қайтадан ащыту тестінде тексереді. Ол үшін 0,5 % глюкоза ерітіндісі бар жартылай сұйық қоректік агарға енгізеді де 37°С-та 1 тәулік бойы инкубациялайды. Оң нәтиже берген жағдайда статистикалық 8.1.3 кесте бойынша коли-индексті және коли-титрді анықтайды.
М е м б р а н а л ы қ ф и л ь т р л е р ә д і с і. №3-ші мембраналық сүзгіні Будзен колбасында бекітілген Зейтц құймағына (воронкасына) орнықтырады. Будзен колбасы вакуумдық сорғышқа біріктірілген. Мембраналық сүзгілерді дистиллденген суда алдын-ала қайната стерильдеп алады. Су құбыры торабынан және артизан скважиналарынан алынған суды 333 мл көлемде сүзгілейді. Ашық су қоймаларының таза суын 100, 10, 1,0, 0,1 мл көлемде сүзгілейді, едәуір ластанған суын сүзу алдында стерильді сумен сұйылтады. Сүзгілерді Петри табақшасындағы Эндо ортасының беткейіне орнықтырады да 37°С-та 1 тәулік бойы инкубациялаған соң ІТТБ-на тән өскен колониялардың санын есептейді. Қызыл түсті 2-3 колониялардан жағынды дайындап Грам әдісімен бояйды және оксидазалық белсенділігін анықтайды. Оксидазалық белсенділікті анықтау үшін беткейінде колония өскен сүзгілерді қысқышпен алып, сол күйінде, диметил-n-фенилендиаминмен шыланған сүзгі қағаз беткейіне орнықтырады. Оксидаза бар болған жағдайда индикатор колонияларды қызыл түске бояйды. Бастапқы түсін өзгертпеген 2-3 колонияларды 0,5 % глюкоза ерітіндісі бар жартылай сұйық қоректік агарға себеді. Себінділерді 37°С-та 1 тәулік бойы инкубациялайды. Газ түзілуі байқалған жағдайда сүзгідегі қызыл колонияларды санап, коли-индексін анықтайды. Ауыз суына арналған нормативтік көрсеткіштер 8.1.4. кестеде келтірілген.
К е с т е 8.1.3. Суды зерттеу кезіндегі ішек таяқшалары тобының бактерия-