
- •Қ ысқартылған сөздер тізімі
- •Сурет. 1.1. Микроскоптардың тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері мен «Биолам» микроскопының құрылымы.
- •Люминесцентті (немесе флюоресцентті микроскопия).
- •Бекіндірілген жағынды-препараттарды дайындау.
- •Қышқылға тұрақты бактерияларды Циль-Нильсен әдісімен бояу тәсілі
- •Ожешко әдісімен спораларды бояу тәсілі
- •Сурет 3.1.1. Бактериялық колониялардың типтері.
- •Элективті қоректік орталар.
- •Дифференциалды-диагностикалық орталар.
- •Материалды тығыз қоректік ортаға себу техникасы.
- •Іі кезең
- •Бактериялардың таза дақылын бөліп алу.
- •Тақырып 3.2. Бактериялардың идентификациясы
- •К е с т е 3.2.1. Дақылдың морфологиялық және физиологиялық белгілері бойынша сипаттамасы (хаттама формасы)
- •Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы
- •Тарау 5 облигатты жасуша ішілік паразиттер
- •Тақырып 5.2. Вирустар мен басқа да жасушаішілік паразиттерді (риккетсиялар мен хламидияларды) дақылдау
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 5.2.1. Тауық эмбрионын залалдау әдістері.
- •1. Амнионды қуысқа; 2. Аллантоисты қуысқа; 3. Сарыуыз қапшығына.
- •5.2.3. Сурет. Жасуша дақылындағы вирустар колониялары (теңбілдері)
- •Кесте 5.3.1. Грациа әдісі бойынша фагтарды титрлеудің нәтижелері ( хаттама қалыбы)
- •Тарау 6 микроорганизмдер генетикасы
- •Тақырып 6.1 модификациялық өзгергіштік, мутациялар, рекомбинация және бактериялар арасындағы гендер тасымалдануы.
- •Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
- •Тарау 8 микроорганизмдер экологиясы
- •Ларының индексін анықтау.
- •Тақырып 8.3. Адам ағзасының микрофлорасы
- •Тарау 9 паразит пен егенің қарым-қатынасы
- •Бактериялардың вируленттілігі мен бактериялық токсиндердің белсенділігін экспериментальді жануарларда анықтау әдістері.
- •Тарау 10 қолданбалы иммунология
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Сурет 10.2.5 Кумбс реакциясы (схема). Түсіндірмесі текстте.
- •Сурет. 10.3.2. Ағымдық цитофлюориметрдің көмегімен әртүрлі популяциялы
- •Тақырып 10.4. Жасушалық және гуморальді иммунды жауапты бағалау әдістері. Вакциналар. Иммунды сарысулар мен иммуноглобулиндер
- •Қолданылған әдебиеттер:
Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың антимикробты әсерін анықтау.
1. Тест-объектілердің екі түрін дайындау: а) E.coli дақылына шыланған жібек жіптер; б) спора түзуші бактериялар дақылына (споралары көп болғаны жөн) шыланған жібек жіптер. Жіптерді фенолдың (5%), лизолдың (5%), хлорлы әктің ерітінділеріне (10%) 5 және 60 минутқа орналастырғын соң зерттелуші заттарды шайып тастаймыз да жіптерді қоректік сорпаға салып, келесі күнге дейін термостатқа қоямыз. Бақылау сынамаларына химиялық заттарды жолатпаймыз. Қойылған тәжірибе нәтижесін жазып, қорытынды жасаймыз.
2. Сүзгі қағаздарынан жасалған дисклерді зерттелуші заттардың ерітінділерімен шылаймыз да Петри табақшасындағы стафилококтың немесе ішек таяқшасының тест-дықылы себілген (газон түрінде) қоректік агар беткейіне орналастырамыз. Табақшаны тәулік бойы 37°С-та инкубациялаймыз. Зерттелуші заттардың антибактериялық әсерін диск айналасында түзілген бактерия өсуінің тежелу аймағының диаметрі арқылы бағалаймыз.
Тақырып 7.2. АНТИМИКРОБТЫ ПРЕПАРАТТАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУ
ЭФФЕКТВТІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Кіріспе. Антимикробты препаратттарды (табиғи және синтетикалық антибиотиктерді) микроорганизмдердан туындаған ауруларды емдеу үшін қолданады. Терапияның жағымды болуы үшін сол инфекцияны тудырушы қоздырғышқа қатысты едәуір белсенді қасиетке ие және адамның қалыпты микрофлорасына мейлінше аз зиян келтіруші препаратты таңдай білу қажет. Көптеген препараттарға әртүрлі дәрежеде тұрақты (полирезистентті) бактериялық штаммдардың кеңінен таралуы бактериялардың емдік препараттарға сезімталдылығын сандық (сериялық сұйылту әдісі) және сапалық (диск әдісі) бағалауды айрықша актуальді етіп отыр.
▲ Әдістемелік нұсқау
Сериялық сұйылту әдісімен бактериялардың антимикробты препараттарға сезімталдылығын сандық анықтау. Бұл әдіс минимальді басушы концентрацияны ― зерттелуші бактерияның өсуін толық тежейтін антибиотиктің ең аз концентрациясын анықтау үшін қолданылады. Құрамында белгілі-бір концентрациялы (мкг/мл немесе ДБ/мл) препараты бар антибиотиктің негізгі ерітіндісін физиологиялық немесе буферлік ерітіндіде немесе арнайы еріткіште дайындайды. Негізгі ерітіндіні қоректік ортада – сорпада (1мл көлемдегі) немесе агарда антибиотиктің сериялық (екі мәртелік) сұйылтпасын дайындау үшін қолданады. Зерттелуші бактериялық дақылдан стандартты тығыздықты суспензия дайындап, әртүрлі концентрациялы антибиотиктері бар 0,1 мл-лі орталарға және де препарат қосылмаған ортаға ( бақылау дақылы) себеді. Себінділерді 20-24 сағат (кейбір баяу өсуші бактериялар үшін одан да көп уақытқа) 37°С-та инкубациялайды, артынан қоректік сорпаның лайсаңдануын немесе агардағы колониялардың пайда болуын бақылау ортасымен салыстыра отырып тәжірибе нәтижесін жасайды. Зерттелуші дақылдың өсуін толығымен тежейтін антибиотиктің ең аз концентрациясын МБК ретінде қабылдайды.
Сериялық сұйылту әдісін кез-келген өсімтал бактериялардың және баяу өсетіндерін және де облигатты жасушаішілік паразиттердің (хламидиялар, риккетсиялар мен вирустардың) антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау үшін қолдануға болады. Абсолютті жасушаішілік паразиттердің антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау үшін әртүрлі концентрациядағы антимикробты препараттарды жасушалар дақылдайтын орталарға қосады да ол жасушаларды тестіленуші вирустың немесе хламидиялар мен риккетсиялардың таза дақылымен залалдайды. Нәтижені залалданған жасушаларда жинақталған қоздырғыш антигендерін табуға мүмкіндік беретін ЦПӘ бойынша немесе серологиялық реакциялар көмегімен бағалауға болады (№10-шы тарауды қара). Осы мақсатта көбінесе иммунофлюоресцентті әдіс (ИФ) қолданылады. ЦПӘ-нің дамуына немесе жасушалардағы қоздырғыштар антигендерінің жинақталуына кедергі жасаушы препараттың ең аз концентрациясын МБК ретінде қабылдайды.
Антимикробты препараттарға сезімталдылықты анықтауға арналған микротест-жүйелер. Микротест-жүйелер бактериялардың белгілі-бір түрлерінің немесе туыстас топтарының антибиотиктерге клиникалық сезімталдылығын жылдам анықтауға арналған. Тестіленуші препараттар стандартты концентрацияда дайын пластикалық планшеттердің ойығында орналастырылған. Зерттелетін дақылдың сезімталдылығын әрбір антибиотиктің екі концентрациясына анықтайды: орташа терапиялық және максимальді. Оқшауланған колониядан алынған материалды өлшеуішті бактериологиялық құрықтың көмегімен индикаторы бар 5мл-лік стандартты қоректік ортаға ендіреді де суспензия дайындайды. Дайындалған бактериялық суспензияны планшет ойықтарына 0,1мл-ден құяды да осы бактерияның түріне лайықты температурада және ортаның газды құрамында инкубациялайды. Бактерияның өсуін индикатор түсінің өзгеруі бойынша айтуға болады, бұл зерттеу мерзімін қысқартуға мейлінше мүмкіндік береді. Егер бактериялар антибиотик бола тұра өміршеңдіктерін сақтаса, олардың метаболизм өнімдері индикатор түсінің өзгеруіне әкеп соғады. Түстің өзгермеуі микробтың өміршеңдігінің толығымен тежелгендігінің айғағы. Нәтижені 4 сағаттық инкубациядан соң спектрофотометр көмегімен анықтайды.
Бактериялардың антимикробты препараттарға клиникалық сезімталдылығын диск әдісі арқылы анықтау (диффузды тест). Бұл әдіс диск қағаздарына сіңірілген антибиотиктердің әсерінен бактериялардың тығыз ортады өсуінің тежелуіне негізделген. Препараттың агарға диффузиясының нәтижесінде диск айналасында антибиотиктің концентрациялық градиенті пайда болады. өсудің тежелу аймағының өлшемі бактерияның сезімталдылығына және препарат қасиетіне (көбіне, агарға диффузиялану жылдамдығына) байланысты. Клиникалық практикада сезімталдылықты анықтау үшін антибиотиктердің мөлшері қатаң сақталған дайын стандартты дискілер пайдаланылады. Препараттың құрамы әрбір антибиотиктің терапиялық концентрациясына және патогенді бактериялар үшін МБК-ң орташа мәніне байланысты анықталады. Препараттың аталуы мен оның мөлшері әбір дискіде жазылады. Сезімталдылықты анықтау үшін зерттелуші бактериялық дақылдан құрамында өміршең жасушалардың стандартты мөлшері бар сұйылтпа жасайды да Петри табақшасындағы Мюллер-Хинтон немесе АГВ (антимикробты заттардың диффузиясын бөгемейтін және оларға негативті әсер етпейтін) орталарына газон түрінде себеу жасайды. Бактерия себілген беткейлікке дискілерді аппликатор көмегімен табақша орталығынан 2,5 см қашықтықта айналдыра орналастырамыз (сурет 7.2.1). Табақшаға 5 дискіден артық орналастырмайды. Себінділерді 18-20 сағат 35°С-та инкубациялайды.процедураны тиянақты орындағанда біркелкі бактериялық газон аясында дискілердің айналасында өсудің тежелу аймағы пайда болады.
Нәтиже санағы өсудің тежелу аймағының диаметрін өлшеу арқылы жүзеге асырылады. Бактериялар өсуі толық байқалмайтын аймағы ғана өлшенуге тиесілі болып саналады.
Диск әдісін пайдалануда бірқатар шектеулер бар. Бұл әдіс құрамында антибиотиктердің белсенділігін төмендетуге қабілетті заттары жоқ немесе олардың диффузиясына кедергі болмайтын, едәуір қарапайым құрамды (Мюллер-Хинтон немесе АГВ) стандартты тығыз қоректік ортада 24 сағаттың ішінде гомогенді газон түзетін, жылдам өсуші бактериялардың сезімталдылығын анықтау үшін ғана жарамды. Олай болмаған жағдайда алынған ақпарат жалған болуы мүмкін.
Сурет 7.2.1. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау. Диск әдісі.
Осылайша, диск әдіс барлық баяу өсуші және көптеген өсімтал бактериялардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау үшін қолданылмайды. Ол бактерияларға адамның көптеген ауруларының қоздырғыштары (Mycobacterium spp., Helicobacter spp., Bacteroides spp., Prevotella spp., Brucella spp., Mycoplasma spp. және көптеген басқалар) жатады. Өздеріне арнап стандартты тестілер жасалған кейбір өсімтал бактериялардың (Haemophilus spp., Neisseria spp., стрептококктардың белгілі-бір түрлері) сезімталдылығын анықтағанда арнайы қоректік орталар мен алынған нәтижелердің интерпритациясы кезінде қосымша критериилер қолданған жөн.
Сонымен қатар, бактериялардың агарға нашар диффузияланушы препараттарға (мысалы, полипептидті антибиотиктер – полимиксин, ристомицин) сезімталдылығын анықтағанда да диск әдісі сенімді нәтиже бермейді.
Бактериялардың антимикробты препараттарға сезімталдылығын Е-тест көмегімен сандық анықтау. Е-тест антибиотиктердің МБК-ын анықтауға мүмкіндік беретін диффузды әдіс варианты ретінде берілген. Дисклердің орнына арнайы технологиямен даярланған (AB BIODICK) және құрамында концентрацияның үздіксіз градиенті түрінде енгізілген иммобилизацияланған антимикробты препараты бар стандартты полимерлік жолақшалар қолданылады. Е-тесті жолақшасының қарсы бетіне МБК мәні бар шкала енгізілген. Жолақшаны агар беткейіне орықтырғанда диффузияның реттелуші үрдісі қоректік ортадағы жолақша айналасында шкалаға сәйкес, препарат концентрациясының стабильді градиентінің түзілуін қамтамасыз етеді. Е-тесттің көмегімен сезімталдылықты анықтау процедурасы диск әдісімен тестілеуге ұқсас жүргізіледі. Нәтижелерді итерпритациялау үшін (клиникалық сезімталдылығын бағалау) стандартты критериилар қолданылады (кесте 7.2.3).
Кесте 7.2.3. Сериялық сұйылту әдісі арқылы антимикробты препараттардың МБК-ын анықтау.
Шыны түтікшелер нөмірі |
Антибиотиктің сұйылтпалары |
Антибиотиктің концентрациясы мкг/мл |
Бактериялардың өсуі (ортаның лайсаңдануы |
1 2 3 4 5 6 7 |
1:100 1:200 1:400 1:800 1:1600 1:3200 Антибиотиксіз орта (бақылау) |
100 50 25 12,5 6,25 3,12 - |
- - - - + + + |