Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алибеков.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.04 Mб
Скачать

Тарау 4 саңырауқұлақтардың морфологиясы мен физиологиясы

Кіріспе. Саңырауқұлақтар Mycota патшалығының Eukarya доминионына жататын микроорганизмдердің алуан түрлі топтарын құрайды. Патшалық ішіндегі жіктеуі морфологиясына, көбею тәсілі мен сипатына, физиологиялық ерекшеліктеріне және басқа белгілеріне негізделген. Саңырауқұлақ жасушасы эукариоттарға тән ультрақұрылымға ие. Барлық саңырауқұлақтар жыныссыз көбеюге қабілетті, жетілген саңырауқұлақтар жынысты жолмен де көбейе алады. Бір түрдің өкілі жыныстық (телеморфты) және жыныссыз (аноморфты) даму фазаларында морфлогиясы, экологиясы және патогенді түрлеріне тән ауру тудыру қабілеттері бойынша елеулі айырмашылықтарға ие болуы мүмкін. Саңырауқұлақтар екі үлкен топқа бөлінеді: зең саңырауқұлақтары (жіпше тәрізді саңырауқұлақтар) және ащытқылар.

Зең саңырауқұлақтарының морфологиясы. Зең саңырауқұлақтарының вегетативті денесі – гифтері – жіпше тәрізді пішінге ие. Әдетте, гифтердің қалыңдығы 2 мкм-ден асады, бұл оларды қалыңдықтары 1 мкм-ден аспайтын актиномицеттерден ажыратуға мүмкіндік береді. Еркін өмір сүруші түрлерінің гифтер ұзындығы бірнеше метрге жетуі мүмкін. Жоғары сатылы саңырауқұлақтарда гифтер мембраналық жақтаушалармен – септалармен бөлінген, төменгі сатыдағыларында септалар болмайды. Гифтер даму үрдісінде тарамдалып, анастомоздар түзеді, соның есебімен шырмалған құрылым – мицелий түзіледі. Гифтің (мицелийдің) қоректік субстратқа ене өсуші және оның беткейімен өсуші түрлері болады.

Зең саңырауқұлақтары көбінесе әр түр өкілдерінде морфологиясы, өлшемі және орналасуы бойынша елеулі айырмашылыққа ие вегетативті (жыныссыз) споралар түзу арқылы көбейеді. Көптеген түрлер ерекше репродуктивті (спора алып жүруші) гифтер түзеді. Олардың құрылымы маңызды токсономиялық белгі болып та келеді. Жетілген саңырауқұлақтар жыныстық көбею барысында арнайы түзілістерде (аскаларда, базидияларда) орналасатын ерекше жыныстық споралар түзеді. Зең саңырауқұлақтарының Penicillium, Aspergillus, Mucor туыстарының морфологиялық белгілері 4.1-ші кестеде берілген.

Ащытқы тәрізді саңырауқұлақтардың морфологиясы. Ащытқылар мен ащытқы тәрізді саңырауқұлақтар зең саңырауқұлақтарымен салыстырғанда біржасушалы микроорганизмдер болып келеді. Жасушалары сопақша, шартәрізді немесе созылыңқы пішіне және әжептеуір ірі өлшемдерге (5-20 мкм диаметрлі) ие. Олардың көбеюі жыныссыз тәсілмен, яғни бүршіктену – бластоконидия түзу арқылы жүреді. Бүршіктенуші жасушалар бір-бірінен алшақтаған немесе байланысқан күйде орналасуы мүмкін. Жаңадан түзілуші ағза бұл кезде өзіне тән сопақша пішінде болмай, тізбектеліп және ұзына бойы созылып, яғни, псевдомицелий деген атқа ие болды. Филаментацияның сипаты ащытқы тәрізді саңырауқұлақтарды идентификациялауда қолданатын маңызды таксономиялық белгілер қатарына жатады (сурет 4.1).

Кесте 4.1 Зең саңырауқұлақтарының морфологиялық белгілері

Туысы

Мицелийі

Вегетативті споралары

вегетативті

репродуктивті

типі

орналасуы

қайда

қалай

Mucor

Септалан-

баған

Септалан-

баған спорангия алып жүруші

Эндоспора-

лар

спорангияда

Aspergillus

Септалан-

ған

Септалан-

баған конидия алып жүруші

Экзоспора-

лар (конидиялар)

Репродуктивті гифтердің тарамдалу ұшында еркін

Сыпытқы басы түрінде

Penicillium

Септалан-

ған

Септаланған конидия алып жүруші

Экзоспора-

лар (конидиялар)

Шашақ түрінде

Диморфты саңырауқұлақтардың морфологиясы. Көптеген саңырауқұлақтар, әсіресе, патогенділері диморфизммен сипатталады, яғни, гифтер мен мицелийлер түзе отырып, зең пішінінде және де бір жасушалы ащытқы пішінінде де өмір сүре алады. Ол, әрине, қоректік орта құрамына, температураға және басқа да өмір сүру жағдайларына байланысты.

Саңырауқұлақтарды дақылдау әдістері. Саңырауқұлақтар аэробты немесе факультативті анаэробты гетеротрофты микроорганизмдерға жатады. Көптеген түрлері талғампаз емес, көнбіс келеді – көміртегісі мардымсыз қоректік орталарда өсе береді, азот көзі ретінде нитраттар мен аммоний тұздарын пайдалана алады; сан алуан ферменттер жиынтығына ие. Саңырауқұлақтардың көбісі аса қолайлы өсу температурасы 20-25°С болып келетін бірсыдырғы психрофилдер. Патогенді түрлері 37°С та өсуге қабілетті. Тығыз қоректік орталарда типтік колониялар түзеді. Олардың пішіні, өлшемі, беткейлік сипаты, пигментация жинағы және басқа белгілері түрлік идентификацияда қолданылады. әдетте, саңырауқұлақтар бактерияларға қарағанда баяу өседі: көзге көрінетін өсулері 2-4 күннен соң немесе оданда кейінірек пайда болады.

а б в г

С у р е т 4.1. Candida туысына жататын ащытқы тәрізді саңырауқұлақтарының

өсу типі (филаментациясы).

а –mycotoruloides; б -candida; в - mycocandida; г - mycotorula

Тақырып 4.1. САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯСЫ МЕН ФИЗИОЛОГИЯСЫ

Әдістемелік нұсқаулар

Саңырауқұлақтардың морфологиясын нативті және бекіндірілген препараттарда пайымдайды. Зең саңырауқұлақтарының морфологиясын пайымдауда "жаншылған" тамшы нативті препаратын дайындау үшін тәжірибелік инемен ұрықтық гифтері бар мицелийлердің азғантай бөлігі мен оған жапсарланып тұрған қоректік ортаның жұқа қабатын кесіп аламыз. Материалды бұйым шынысындағы бір тамшы суға орналастырып, мицелийлерді инемен жаяды да оны жабынды шынымен жаншып, төмен түсірілген конденсорда микроскоптайды. Препаратты 8х, одан соң – 40х объективінде көреді. Саңырауқұлақтар дақылын немесе колонияларын алдын-ала кіші үлкейтілімде тікелей Петри табақшасында немесе шыны түтікшеде микроскоптайды.

Саңырауқұлақтарды дақылдау бактерияларды дақылдау әдістеріне ұқсас. Саңырауқұлақтарды құрамында энергия мен көміртегі көзі ретінде көмірсулары мен әртүрлі өсу факторлары бар арнайы күрделі қоректік орталарда (Сабуро, сусло-агар, картофельдік, сәбіздік, т.б.) өсіріп өндіреді. Мұндай орталарды дайындау үшін, әдетте, шынай қоспалар қолданады: (ащытқы экстракті, сыра ащытқышы, көк өніс экстрактісі т.б.). бактериялардың өсуін тежеу үшін антибиотиктер және/немесе сүт қышқылын қосады.

Сабуро ортасы 1% пептон, 2% агар, 4% мальтоза (немесе глюкоза) қосылған ащытқы суынан тұрады. Қоректік ортаны шыны түтікшелерге құйып, 0,5 атм –да 20 минут бойы стерильдейді. Сұйық орталарға агар қоспайды.

Саңырауқұлақтардың (науқас организмінен немесе сыртқы орта объектілерінен) таза дақылын бөліп алудың кезеңдері бактериялардың таза дақылын бөліп алумен бірдей. Зерттелетін материалды арнайы сұйық молайту орталарына (төменгі коцентрациядағы микроорганизмдерді жинақтау үшін) немесе оқшауланған колониялар алу үшін тығыз қоректік орталарға сеуіп, бірнеше күн бойы 37°С пен 28-30°С термостатта инкубациялаймыз. Саңырауқұлақтардың өсуі 3-5 ші тәулікте байқалады. Тығыз орталарда алуан түрлі колониялар түзіледі: жалпақ, дөңес, тегіс, қатпарлы, кілегейлі, үлпілдек, ұнтақты т.б., көбінесе пигменттелген. Мысалы, Candida туысының ащытқы тәрізді саңырауқұлақтары себудің 2-3 ші күнінде беткейі жалтыраған тегіс, ұсақ, дөңес колониялар түзеді. Олар көбінесе бірігіп кеткен және қоректік орта қойнауына еніп өскен болады. Колонияларды ауыстыра сеуіп, таза дақылды бөліп алады да морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және басқа белгілердің негізінде туыстық және түрлік тиесілігін анықтай, идентификациясын жүргізеді. Саңырауқұлақтардың идентификация әдістері бактериялардың идентификация әдістерімен ұқсас. Зең саңырауқұлақтары таза дақылының түрлік тиесілігін анықтауда олардың морфологиясын пайымдау ерекше маңызға ие. Саңырауқұлақтар колонияларының дақылдық белгілерін анықтау үшін кіші үлкейтілімде Петри табақшаларында немесе шыны түтікшелерде тікелей микроскоппен көру жүргізеді. Биохимиялық қасиеттерін "ала қатар" көмегімен немесе басқа әдістермен (3.2 тақырыпты қара) анықтауға болады.