
- •Мазмyны
- •1.2 Оралмандарды орналастырудың yлттық ерекшеліктері мен
- •2 Қазіргі көші – қонда сақталған мәселесіелер және оны шешудің жолдары
- •2.1 Оралмандар оралмандар шешу жолдары және оның негізгі рөлдері
- •2.2 Оралмандарды әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселесі
- •Қр оралмандардың конституциялық – құқықтық мәртебесі
- •Қорытынды
- •3 Тараудың әдебиеттері
- •Оралман мәртебесін алу
2 Қазіргі көші – қонда сақталған мәселесіелер және оны шешудің жолдары
2.1 Оралмандар оралмандар шешу жолдары және оның негізгі рөлдері
Тәуелсіздік алған жылдары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Алыстағы ағайындарға ақ тілек» атты әйгілі хаты жарияланып еді. Хат: «Атамекенге келемін деушілерге жол ашық, ата-баба аруағы алдарыңнан жарылқасын!», – деген ақ тілекпен басталып, ағайын көшінің ағылуына алтын бұйда болды.
Осылайша айдай әлемге жарқын жүзімен жария болған жаңа қазақ елі өмірінде уақыт күттірмей шешуді қажет ететін «көші-қон» атты жаңа өрлеу туды. ҚР Министрлер Кабинеті 1992 жылы қыркүйектің 23-інде қабылдаған «Шет елдегі қазақ диаспорасының өкілдерін Қазақстан Республикасында болған кезінде әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктермен қамтамасыз ету туралы» әйгілі №791 қаулысы алыстан арып-шаршап жеткен ағайынның осы топырақта өсіп-өніп өмір сүруіне оңтайлы жағдайлар жасады. Оралмандардың көпшілігі үй-жай және басқалай жеңілдіктерге қол жеткізді.
Осыдан кейінгі бір мезет көші-қон қызметінде тағы да түрліше толқулар пайда болды.
Өзінің тарихи міндетін орындап болған Агенттік қызметі тоқтап, ол Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көш-қон комитеті болып қайта жасақталды. Сонымен де де бұл мезгілде көші-қон қызметіндегі екінші тоқырау мезгілі көрініс берді. Шеттен оралатын ағайынның саны барынша құлдырай түсіп, көші-қон төңірегінде біраз даулы мәселелер туды.
Ішкі көші-қон мен сыртқы көші-қон арасындағы реттелмеген мәселелерден жалпы көші-қон жұмысында тағы да шеушсіз сұрақтар көбейді. Тіпті туындап жатқан жағдайларға байланысты алыстан оралған қандастарын кінәлаушылар да табылды. Осындай әр түрлі келеңсіздіктер себебінен көші-қон қызметіндегі үшінші реткі тоқырау құбылысы пайда болды. Соның мысалы ретінде Көші-қон комитетінің Ішкі істер құзырына берілуін атауға болар еді. Бұл жылдар қазақ көшінің елеулі оқиғасыз өткен тыныш жағдайымен ерекшеленді. Ал басты нәтиже ретінде 2012 жылғы «Халықтың көші-қон туралы» заңының жаңа баптармен толықтанғанын айтуға болады.
Мейлі қалай болғанда да біз Аллаға тәубе қыламыз. Қанша Сонымен деде қайшалысқан толқынды жылдарды басып өткен қазақ көшінің өзіндік жемісі де, жеңісі де болды. ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес оралмандар мен олардың отбасы мүшелері жеңілдіктер, өтемақылар және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін, сондай-ақ бейімдеу және ықпалдастыруға қатысты қызмет көрсетулерден игліліктене алатын болды. Медицина, білім беру жағынан да көптеген тиімділіктер жасалды.
Соңғы көш басталғалы жер бетінде бақандай 20 жыл өтті. Үрім-бұтағымен қосқанда миллионға жақын қандасымыз Отан құшағына оралып Республикамыздың демографиялық жыртығын жамап қана қалмастан рухани бостығын толтыруға да айрықша үлес қосты. Бар қазақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, әлемге әйгілі ел болдық. БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің ішінен тек қана төрт мемлекет репатрианттардың тарихи отанына оралуымен мемлекеттік деңгейде айналысса, Қазақстан соның бірі және бірегейі болып, Германия, Израиль жəне Ресей Федерациясымен үзеңгілес жұмыс атқарып отыр.
Жалпы «көші-қон» жұмысы қолға алынғаннан қазірге дейінгі жағдайда оралмандар мүддесіне тиімсіз саналған тәжірибе-сабақтарға қайталай қайрылып, оны түзетудің жолдарын қарастырар болсақ, оның алдағы жерде атқарылар жұмыстарға көп көмегі тиеді деп ойлаймыз.
Көші-қонда сақталған мәселелер:
Біріншіден, оралмандарды Қазақстан Республикасының аумағында əлеуметтік-экономикалық сұраныстарға сəйкес оңтайлы қоныстандыру тетігіне көңіл бөлінбеді. Шын мәнінде негізгі басымдық елге этникалық оралмандарды көбінен тарту міндеті болды жəне уəкілетті мемлекеттік органдардың күш-жігері оларды тіркеу, қоныстанған өңірлеріне қарамастан біржолғы мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі іс-шараларға ғана бағытталды. Бұл келген оралмандар мен олардың отбасыларының əркелкі, басым түрде оңтүстік жəне батыс өңірлерге (əсіресе Оңтүстік Қазақстан жəне Маңғыстау облыстарына) қоныстануына жəне шоғырлануына əкеп соқты.
Екіншіден, оралмандардың көшіп келу квотасын белгілеу кезінде жүйелі көзқарас болмады, квотаның мөлшері көші-қон ағынының көлемін жəне мемлекеттің келіп жатқан оралмандардың көп санын мемлекеттік қолдау, қаржылай көмек шараларымен қамту ниетін ескере отырып, өзгеріп отырды.
Үшіншіден, қоныс аудару іс-шараларына бөлінетін қаражаттың елеулі артуы (жылына 16 млрд. теңгеге дейін) заңнаманың жетілдірілмеуі бюджет қаражатын мемлекеттік органдар қызметкерлері тарапынан да, иммигранттардың өздері мен үшінші адамдардың тарапынан да талан-таражға салуға əкеп соқтырған көптеген сыбайлас жемқорлық көріністері қалыптасты.
Төртіншіден, Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің этникалық оралмандарды көшіріп əкелу іс-шараларына қатысуының заңнамалық бекітілген тетіктері болмады. Шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдері арасында ҚР тарапының информациялық үгіт-насихат жұмысы жоқтың қасы. Олардың алдын-ала көші-қон жұмысына бейімделуі мен рухани, заттық дайындықтарының кемшін соғатын кезі көп. Сол себепті де қазақ топырағына қадам басқаннан кейінгі алдарынан көлденгеңдейтін кедергілерді кесіп өтуге дәрменсіздік танытады. Бұл олардың келген орнында бейімделуі мен қоғамға ықпалдасуын қиындата түседі.
Бесіншіден, Халықтың көші-қоны саласындағы уəкілетті орган бесінші рет ауысып отыр. Осыған байланысты, кадрдың, соның ішінде мемлекеттік органның басшылық құрамының жиі ауысуы шешімдер қабылдаудағы сабақтастық пен бірізділік қағидаттарының бұзылуына əкеп соқты. Бұл ретте уəкілетті органның көші-қон саясатын іске асыруға құзыры бойынша қатысатын басқа мемлекеттік органдардың қызметімен үйлесу мүмкіндігі жеткіліксіздік танытты.
Алтыншыдан, ҚР заңнамаларында оралмандарға жұмыспен қамтуда, біліктілігін көтеруде жəне тілдік бейімделуде көмек туралы ережелер бар болғанымен, республикамызда арнайы оралмандарға арналған тіл курстары, ақпарат беру жəне анықтамалық қызмет көрсету, жұмыспен қамтуға жəрдемдесу немесе біліктілігін көтеру курстары сияқты арнайы ықпалдастыру бағдарламалары жасалмай келеді. Қолданыстағы заңнамада оралмандарға арналған бейімдеу жəне ықпалдастыру орталықтарын құру туралы ереже бар болғанмен, өкінішке орай бүгінгі кезеңде бұл орталықтардың көпшілігі өздеріне жүктелген міндеттерді орындамай отыр.
Жетіншіден, Оралмандардың ең негізгі мәселесі олардың қазақстандық қоғамға кірігіп-бірігуі болып табылады. Оралмандардың бір бөлігі Қазақстанға көшіп келгеннен кейін орыс тілін білмеуіне байланысты жергілікті халық тарапынан кемсітуге ұшырайды. Оралмандар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейін көші-қон төңірегіндегі құзырлы органдар да ең әуелі осы тілдік кедергіден қарастырады.
Жалпы көші-қон үрдісінде мемлекет қолынан келген көмекті аямауға тырысқанмен көп жағдайда істің қыры мен сырын толық меңгеріп кететін мамандар жетімсіздігінен ала-құла әңгіме азаймайды. Нақтылап айтқанда, туған жер, өскен ортасынан жаңа топыраққа қадам басқан оралмандар жұмыссыздық, көшіп келгеннен кейін тұрғын үй сатып алуға қаражаттың жетіспеуі сияқты әр түрлі қиындықтарға дөп келеді. Бұл оларды бөлінген өңірлерін тастап кетуге жəне Алматыда, Астанада, ҚР-ның мұнайлы өңірлерінде жұмысқа тұру мүмкіндігін іздеуге мəжбүрлейді. Осылайша оралмандар күрмеуі күрделі сыртқы көші-қон үрдісіне оң әсер еткені былай тұрсын, әлі де болса реттеліп болмаған ішкі көші-қонның жағдайын да күрделендіре түседі.
Сегізіншіден, білім беру жүйесіндегі айырмашылықтар да жұмысқа тұруға əсер етеді. Жоғары білімі туралы дипломы бар оралман егер де оның дипломы танылмаса жұмыс іздеу кезінде қиындыққа тап болады. Тіпті көп жағдайда өз мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмайды.
Тоғызыншыдан, оралмандарды əлеуметтік қолдау жүйесі қалыптасты Сонымен деде әлі де болса жетілдіруді талап етеді. Əлеуметтік төлемдердің негізгі бөлігі көшіп келу квотасына енген отбасыларына тұрғын үйлік қолдау мен жол ақысын төлеуге ғана жұмсалады. Бірақ мардымсыз ақша бүгінгі күннің тұрғын үй талаптарына сай емес, соның салдарынан оралмандар отбасыларының шамамен жартысына жуығы тұрғын үйі жоқ баспанасыздық жағдайда көрінгеннің босағасын сығалап жүр. Тіпті таусылмайтын қағазбастылықтың кесірінен талайының жаны күйзеліске ұшырап қалмастан қалтасы қағылып қайыршылық күйге түседі.
Оныншыдан, сыртықы көші-қон мен ішкі көші-қон арасында тығыз байланыс жоқ.
Он біріншіден, оралмандар қоныстанған шет елдер мен ҚР үкіметі расындағы еңбек келісім шарты, көші-қон келісім шарты, білім келісім шарты сынды мемлкеттің деңгейдегі арнайы келісімдер жоқ.
Он екіншіден, алыстағы ағайынның жағдайы күн сайын құлдырап барады. Әлемнің қырықтан астам елінде 5 миллионнан астам қазақ тұрады. Бір миллионнан астам этниқалық қазағы бар ежелгі көршіміз Ресей мемлекетінде бір ғана қазақ мектебінің болуы да қабырғаны қайыстырады. Тіпті ендігі жерде біз латын алфабитіне көшкенде Ресейде отырған бауырларымызбен рухани бірлігіміз тіпті де алыстай береді деген сөз.
Ал салт-дәстүр, тілі қазақша сақталып, соны өздерінің үлкен мерейі санап келген моңғолиядағы оралмандардың басына да тұман үйірілді. Жақыннан бері моңғолданған қазақ жастарының «білім жүйесі біріңғай – моңғол елінің тесттік жүйесіне бағынуы керек» деген өтінішін оп-оңай қабылдауға бейімделген ондағы оқу басқармалары ендігі жерде оқулықтарын тек қана моңғол тілінде басып шығаруды қоға ала бастады. Олай болса ондағы оралмандардың да «өлер күні таяу». Ал Еуропа елдеріне шашылған оралмандар онсызда күн санап ары қарай кетіп бара жатыр.
Осы және басқада әр түрлі келеңсіздіккер салдарынан қазақ көші дағдарысты күйге тап болды.
Ендеше, тоқыраған көшті көлікті ету үшін қандай шараларды қолға алғанымыз оң болар еді?
Көші-қонда сақталған мәселелерді шешудің жолдары:
Біріншіден, этникалық оралмандардың өтініштерді шетелде тұратын орындары бойынша Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне беру мүмкіндігін қарастыру керек. Бұл ретте этникалық оралмандар шыққан елдердегі ол қызметтерді білікті кадрлармен толықтап, өздерінен де өкілдер отырғызып, ұлты қазақ адамдардың кедергісіз жұмыс бітіруіне барынша қолайлы жағдайлар жасау қажет. Өркениетті елдер репатрианттардың өз елдеріне қоныс аударуын ең алдымен шет елдерде ұйымдастырады. Оларда Отанына көшіп келгісі келетіндердің барлығы алдын ала тізімделеді. Сосын барып,орналастыру оралмандар толықтай шешіп алып барып қана шақырады.
Екіншіден, жоғарыдағы ұсыныс-талаптарды іске асыруда Сыртқы істер министрлігі, Білім және Ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сынды құзыретті органдар бірлескен жоба қабылдай отырып, шеттегі оралмандар қоныстанған елдермен әр түрлі еңбек, көші-қон, білім алмасу шарттарын жасасу керек.
Үшіншіден, оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша жəне квотасыз тарихи Отанына оралу құқықтарын қорғау, олардың əлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында оларды мемлекеттік шекарадан өткен кезде заттары мен мүліктерінің санына қарамай кедендік баж салығынан босататын жеке нормативтік құқықтық акті əзірлеп, қабылдау қажет. Сонымен қатар бұл жайында «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына оларға барынша тиімділк жасауды көздеген тиісті толықтырулар енгізу қажет.
Төртіншіден, қоныстану өңірлеріне қарай сараланған жəрдемақылар (қаржылық көмек) төлеуді енгізу керек. Атап айтқанда табиғаты қаталдау Солтүстік өңірлерде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында оралмандарды өңірлердің əлеуметтік-экономикалық сұраныстарына сəйкес оңтайлы қоныстандырудың аса қажеттілігі сынды кезек күттірмес мәселе күтіп тұрғанын да ерекше атаған жөн. Бұл жобаны жүргізу үшін тек қана мемлекеттік көші-қонға жауапты мекемелер ғана емес, обылыс, аудан, ауыл әкімдері сынды жергілікті әкімшіліктердің де өзіндік заңдық жауапкершілігі болуы қажет. Осы арқылы оралмандардың тұрғын үй және де басқада жер телімдерін тегін пайдалануына жол ашқан жөн.
Бесіншіден, оралмандарға ақша қаражаттарын банктердегі тұлғалық шот арқылы жəне тек қана оралмандардың жеке басын куəландыратын құжаттарын – оралман куəлігін не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куəлігін немесе төлқұжатын көрсеткен кезде ғана төлеу тетіктерін белгілеу.
Алтыншыдан, оралмандардың Қазақстан Республикасына келуіне бақылауды күшейту жəне оларға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жетілдіру үшін қолданыстағы заңнама шеңберінде: оралмандарға тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат мөлшерін қоныстану өңіріне (солтүстік, орталық жəне оңтүстік) қарай саралай отырып, бүгінгі нарық қажетіне сәйкестендіру; қолданыстағы елді мекендерде бос жатқан, иесі жоқ тұрғын үйлерді қалпына келтіруді, сатып алуды барынша пайдалану, оларды жан саны тығыздығы аз шекара өңірлердегі халық санын арттыруға пайдаланып жаңа елді мекендердің бой көтеруін де қарастыру қажет. Осы арқылы оралманның баспаналы болуы мен отан іргесін бекемдеудің шарасын қатарынан қарастыру керек.
Жетіншіден, Қазақстан Республикасы зейнетақы мəселелері бойынша екіжақты келісім жасамаған шетел мемлекеттерінен келген зейнет жасына жеткен оралмандарға заңнамаға негізделе отырып белгілі мөлшердегі зейнетақы тағайындауды жүзеге асыру қажет.
Сегізіншіден, оралмандардың қазақстандық қоғамға ықпалдасу дəрежесін арттыру мақсатында «Нұрлы көш» бағдарламасын қайта қарау қажет. Мүмкін болғанда бағдаллама баптарын жетілдіре түсуді көздеген жөн. Шын мәнінде «Нұрлы көш» өз бағдарламасында көрсетілгендей таза еңбек етсе халқымызға көптеген жақсы жағдайлар жасап берер еді.
Тоғызыншыдан, оралмандарды қазақстандық қоғамға ықпалдастыру ахуалын жақсарту үшін оралмандарға арналған бейімдеу орталықтарының жəне де тек мемлекеттік қана емес, мысалға, жеке мекемелер, қорлар, басқа да коммерциялық емес ұйымдар нысанындағы мемлекеттік еместерінің санын арттырып, қызметтерін қолдау қажет. Міндетті түрде мұндай орталықтарда қоныс аудару квотасына енгісі келетін əрі орта жəне жоғары білімі жоқ біздің құқықтық жүйемізден бөлек елдерден, мұсылман елдерінен келген оралмандар бейімдеу курсынан өтуге тиіс, жəне де бейімдеу курсына психологтың жұмысы кіруге тиіс, ол оралмандардың бейімделу барысындағы мәселелерін айқындайтын болады, бұл олардың ортасындағы күйзеліс және торығушылық сынды көңіл-күйді болдырмауға мүмкіндік береді.
Оныншыдан, оралмандардың тұрғын үй құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында оралмандарды Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігін əзірлеу қажет.
Он біріншіден, оралмандардың Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған тəртіппен алу құқықтарын толық қамтамасыз ету, сондай-ақ көші-қон полициясы мен басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына барлық мүмкін болатын шарттарын жою мақсатында азаматтықты рəсімдеу үшін қажетті құжаттар тізбесінен оралмандарға қатысты оларды тарихи Отанына келе салысымен тұратын жерінде меншік құқығында тұрақты тұрғын үйі əлі жоқ екеніне қарамастан, бірден тұратын жерлерінде тұрақты тіркелуге міндеттейтін мекен-жай анықтамасын алып тастау қажет.
Он екіншіден, оралмандар елімізде атқарылып жатқан әр түрлі оң үрдістер – «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Қолжетімді баспана-2020», «Дипломмен ауылға!», «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» сынды баянды бағдарламалардан да игіліктене алатын болуы керек. Әсіресе олардың жеке кәсіпкерлік пен шаруа қожалықтарын жүргізуіне мемлекеттік несие беруді ерекше қарастырған жөн.
Он үшіншіден, шеттегі қазақпен болған әр түрлі еңбек келісім шартын іске асырып, олардың уақыттық еңбек жолымен ҚР-да тұрып қайтуына да белгілі жағдай жасау керек. Еңбек шартымен келуші жұмыскерлердің осы отанға тұрып қалуды қалаушылары болса олардың талап-тілегін де ерекше ескеру қажет.
Он төртіншіден, оралмандардың құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін жетілдіру жəне оралмандар мен шетелдік қазақ диаспорасы мəселелері жөніндегі тұрақты байланыс пен зерттеуді тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан «Оралмандар жəне шетелдік қазақ диаспорасы мəселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган» немесе арнайы инситут құруды ойластыру керек. Кемінде Көші-қон комитетінің жанынан «қазақ диаспорасы бөлімі» ашылуы керек.
Он бесіншіден, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жерде алыстағы ағайынның рухани қажетін қанағаттандырады деген сеніммен Дүниежүзі оралмандары қауымдастығы біраз игі шараларға мұрындық болып еді. Сонымен деде соңғы жылдары аталған ұйым замана ағымынан кейін қалды да шеттегі қазақпен болған рухани байланыс төменгі деңгейге түсті.
Жоғарыдағы тәжрибелерден қарағанда қандастарға көрсетілер рухани көмек, әрине, мәдени орталықтар арқылы жүзеге асады. Елшілік қызметінің – Сыртқы істер министрлігінің құзыреттілігнде болуына байланысты ол өзге елдің ішкі ісіне араласа алмайды. Ал қазақ мәдени орталықтарының ұлт бірлігі арқылы атқарар жұмысының аясы кең.
Бұл барыста Қазақстан тарапы байланыс жасаушы елмен екі жақты қарым-қатынастардың күшеюін және стратегиялық әріптестік қатынастарды пайдалана отырып, ондағы оралмандардың төл мүддесіне сай келетін және ұлттық рухын нығайтатын жүйелі, нысаналы және байыпты саясат жүргізуі қажет болады.
Он алтыншыдан, аталған орындардың бәрінде шетелден келген оралмандарға уәкілетті жұмыс атқара алатын солардың ішінен шыққан зиялы қауым өкілдерінен арнайы мамандар болуы қажет. Міне осындай оңтайлы мәселелер оң шешім тапқанда ғана қазақ көші көліктене түседі деп ойлаймыз
ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтау қажет.
Әрбір аймақтың тұрғындарыныц ұлттық құрамына, тілдік, діни, мәдени орталарының ерекшеліктеріне қарай әлеуметтік бейнесі қалыптасады, тиісінше оралмандарға әрқилы көзқарастардың орын алуы аталған ерекшеліктерге байланысты келетінін байқауға болады. Жеке аймақтар бойынша жіктеу, бүгінгі кезде республикамыздың әр түрлі аймақтарында оралмандарды толғандыратын негізгі проблемалық зоналарды анықтауға мемлекет тарапынан оралмандардың мәселелерін шешуге қажетті бірінші кезектегі міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар халықтың белгілі бір бөлігінің қоғамдық санасында оралмандарға деген жағымсыз ойлар басым болған. Мұндай ойлардың пайда болуы, көбінесе әлеуметтік-экономикалық саладағы мүдделердің соқтығысуынан орын алған деп айтсақ қателеспеген болар едік. Алынған нәтижелер көрсеткендей тұрғындар оралмандарға байланысты болған біршама мазасыздық таныта бастаған, оның себебі еңбек және тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің көшеюіне.
Бүгінгі кезде оралмандарды жергілікті жағдайға бейімдеу тұрғысындағы жұмыстар қажетті деңгейде атқарылмай отыр деп айтуға болады, оны сұралғандар да атап өткен, және сұралушылар бұл саладағы үкіметтік іс-шаралар нормативті сипатқа ие, ал міндеттерді орындау формалды түрде жүргізіледі деген пікір білдірген.