Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ДП Эк и упра на пред для ПСК гос яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.81 Mб
Скачать

2 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

Бақылау түрі

Тапсырманың мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау нысаны

Тапсыру мерзімі

Тәжірибелік сабақтардың тапсырмаларын орындау

Дағдыларды тәжірибелік бекіту

[32],[33], [36], [28].

Семестр бойынша

ағымдағы

1-14 апта

ОСӨЖ тапсырмаларын орындау

Теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды бекіту

Бақыланатын тақырыптар бойынша дәріс жазбалары, сабақ материалдары

Семестр бойынша

ағымдағы

1-14 апта

СӨЖ тапсырмаларын орындау

Тақырыпты игеру және талқылауға ұсынылған сұрақтарға жауап

Барлық негізгі және қосымша әдебиет тізбесі

Семестр бойынша

ағымдағы

1-14 апта

Аралық бақылау (2 аттестация блогі)

Теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды бекіту

Барлық негізгі және қосымша әдебиет тізбесі

1 байланыс сағаты

межелік

7,14 апта

Емтихан

Пән материалдары-ның игерілуін тексеру

Барлық негізгі және қосымша әдебиет тізбесі

2 байланыс сағаты

қорытын

ды

Сессия барысында

3 Дәрістердің қысқаша жазбасы

1-бөлім Материалдық өндірістің негізгі саласы ретіндегі құрылыстың мәні.

1-тақырып Кіріспе. «Кәсіпорындағы экономика және басқару» пәні (1 сағат)

Дәрістер жоспары

1 Кіріспе.

2. «Кәсіпорындағы экономика және басқару» пәні

Қүрылыс — халық шаруашылығының аса маңызды - салаларының бірі. Ол арқылы республиканың негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларының үздіксіз кеңейтілген үдемелі өндірісі қамтамасыз етіледі.

Алайда, республикалық статистикалық деректер көрсетіп отырғанындай, күрделі қүрылыстағы жағдай әлі де қанағаттанғысыз күйде қалып отыр. Қуаттар мен негізгі қорларды іске қосу жөніндегі шарттар (контрактілер) бірқатар жылдар бойы орындалмай келеді, қүрылыстың үзақ салынуы орасан зор, қысқа мерзімді және үзақ мерзімді кредиттердің қайтарымы бойынша банктердің қатаң кредит ставкаларына қарамастан, күрделі салымдарды шашырату практикасы жойылған жоқ, нормативтен жоғары аяқталмаған қүрылыстың көлемі өсетүсуде, еңбекөнімділігі төмен, нарық пен нарықтық қатынастардын қалыптасуы жағдайындағы күрлелі салымдардың тиімділігі жеткіліксіз.

Күрделі салымдардың көлемдерінің өсуі халық шаруашылығындағы мейлінше өткір проблемалардың бірі болып отыр. Сондықтан «Жаңа түрғын үй саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында мынадай принцип қойылған: мемлекеттік түрғын үйді бөліп беруден оны жекелеген азаматтар мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың еңбек етіп алуына көшуді қамтамасыз ету, түрғын үй қүрылысын монополиясыздандыру, қүрылысты уйымдастырудың нысандарын өзгерту және қүрылыс индустриясы мен қүрылыс материалдары өнеркәсібін модернизациялау, оларды тиімді және қымбат емес қүрастырмалар, бүйымдар, материалдар мен үй қүрылғылары заттарын, түрғын үйлер мен өнеркәсіп ғимараттарын тұрғызуда үнемді технологияларды қолдануға бағдарлау.

Сәулет - қала қүрылысы қызметінде бірыңғай ғылыми-технологиялық саясат жүргізу мен күрделі қүрылыста баға белгілеуді Қазақстан Республикасының Қүрылыс, түрғын үй және аумақтарда қүрылыс салу министрлігі (Құрылысмині) жүзеге асырады.

Республиканың аймақтарында қүрылысқа басшылықтың пәрменділігін арттыру, нарықтық қатынастар жағдайында бірыңғай техникалық саясат жүргізу жөніндегі жүмысты үйлестіруді жақсарту, мердігерлік және жобалау үйымдары және қүрылыс материалдары мен қүрастырмалары өнеркәсібі орындарының дербестігін кеңейту үшін «Мемлекеттік холдинг компаниялар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы қабылданды.

Алдағы уақытта қаржы-қүрылыс компаниясы, мемлекеттік холдинг компаниялар мен олардың қүрылымдық бөлімшелері коммерциялы»; қүрылыс салушылармен (тапсырыс берушілермен) бірлесіп жобалауға және қүрылысқа, кез келген мердііерлік жүмыстар мен жаңадан басталған қүрылысқа, қайта жаңартылған, қеңейтілген кәсіпорындарға, сондай-ақ қаржыландырылатын қүрылыстар бойынша техникалық қайта жарақтау мен күрделі жөндеуге жататын объектілерге арналған тапсырыстарды орналастыруға конкурстар мен саудаласулар (тендерлер) өткізетін болады.

Қүрылыс кешеніндегі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы мәселенід қойылуын ждне экономикада жаңа, мемлекеттік емес қүралымдардың қалыптасуын (банктер, биржалар, жекеменшік, жеке ұжымдық фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа) республикалагы экономикалық реформалардын елеулі жетістігі деп саяауга болады.

Әрине, өндіріс саласындағы мемлекеттік және мемлекегтік емес қүралымдардың қызметі коммерциялану мсн кәсіпкерліктің бірыңғай принциіггерінің базасында қалыпты нарықтық шаруашылық жағдайында егер олар жұмыс істеген болса, өзінен-өзі пәле болып табылмас еді. Ал іс жүзінде мүндай теңдік жоқ, бүған мемлекеттік сектордың кәсіпорындары мен бірлестіктерінің атына орасан зор көмекақылар мен субвенциялардың үнсмі қүйылып түруьлнын жалғасып келе жатқан практикасы мен мемлекеттік емес қүрылымдарға тиісті қолдау мен жеңілдікті салық салудың болмауы дәлел. Мемлекеттіксекторға батыл шабуыл жасау, меншікті ме.млекет иелігінен алу үшін тиісті заңдылықты қамтамасыз ету, жаңа балама үйымдық қүрылымдар, монополиясыздандыру мен өте сапалы қызмет көрсетулерге деген халықтың өскелең мүқтажын қанағаттандыруға қабілетті шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы бәсекелестік қажет.

Нарықтық қатынастар жағдайында республика қүрылыс кешенінің табысты қызметіне коммерцияландыру және кәсіпкерлік саласында қабілетті, икемді кадрларды, нарықты экономика, маркетинг және менеджмент, баға белгілеу, жобалау-смета ісі, бас мердігерлік жүмыстарға арналған контракт (шарт), қаржы және кредит, сыртқы байланыстар, салық салу, бухгалтерлік есеп, есептілік пен жедел талдау, сүранысқа арналған нарық коньюнктурасы мен күрделі қүрылыс объектілеріне арналған үсыныстарды зерделеу, күрделі салымдарды, негізп және айналым қорларын, материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану және оны қамтамасыз ету, шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдарды үйымдастыру саласында тиісті даярлағанда ғана кепілдік бар.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

  2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

  3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

  4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

  1. Экономикадағы салалық құрылым.

  2. ҚР экономикасы дамуының негізгі шарттары.

  3. Экономика термині грек тілінен аударғанда нені білдіреді

  4. Күрделі құрылыстың мақсаты.

  5. «Құрылыс экономикасы» ғылымының мақсаты.

  6. «Құрылыс экономикасы» курсының міндеттері

2-тақырып Материалдық өндірістің маңызды саласы ретінде құрылыстың мәні (2 сағ.)

Дәрістің жоспары

1.Құрылыс материалдарды өндірістің саласы ретінде

2.Құрылыстың техникалық-экономикалық ерекшеліктері

3.Капиталды құрылыстың ұйымдық түрі.

1.Құрылыс материалдарды өндірістің саласы ретінде

Күрделі құрылыс — материалдық өндірістің барлық салаларымен іс жузінде өзара іс-қимыл жасайтын өндірістің күрделі саласы. Нарықтық экономика саласында құрылыс саласының қызмет етуіне қаржы және кредит органдары үлкен роль атқарады, олардың қызметі құрылыс ұйымдарының мердігерлік жұмыстарының бағдарламаларын қалыптастыруға жағдай тудырады, сондай-ақ олардың ресурстық баланстылығын қамтамасыз етеді, ғылыми-зерттеу, сәулет, жобалау жұмыстарының техникалық саясатын айқындайды, ғимараттар мен құрылыстар тұрғызу, құрылыс материалдарын өндіру, құрылысқа арналған машина жасау технологиясын жетілдіруге жағдай тудырады.

Құрылыс кешенінің құрамында мердігерлік және шаруашылық жүргізу тәсілімен құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүзеге асырушы құрылыс индустриясы, жалпы құрылыс, мамандандырылған ғылыми-зерттеу, жобалау және басқа да үйымдар; контрактілік негізде немесе тапсырыстар бойынша өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізуші ұйымдар; мемлекетаралық арналы мұнай және газ тұрба құбырларының, теміржол және автомобиль жолдарының, басқалардың құрылысына байланысты ұйымдар кіреді.

Күрделі құрылыс - өндіріс ауқымына, халық шаруашылығы барлық салаларының дамуының техникалық деңгейі мен қарқынына шешуші ықпал жасайды. Бұл ықпал пайдалы қазбалардың жаңа орындарын игеру, өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар жасау; қалалық және селолық қоныстарда тұрғын-үй, азаматтық құрылыстың жаппай, өсуі; гылыми-техникалық прогрестің жеделдеуі, тйптендірілу, бірегейлендірілу, стандартталу, еңбек өнімділігінің артуы, материал мен энергияны пайдаланудың төмендеуі, кәсіпорындарды жаңарту техникалық қайта жарақтау және қайта жаңғыртумен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта құрылыс кешені үлкен өндірістік әлеуметке ие. Сала республикадағы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл көлемінін 10 процентке жуығын және ұлттык табыстың шамамен 8 процентін өндіреді. Республикада жыл сайын шамамен 1О млрд. теңге негізгі қорлар пайдаланылуға беріледі. Салада 800 мыңға жуық адам жұмыс істейді, атап айтқанда, 500 мыңға жуық жұмысшы бар, немесе бұл халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 9 процентін құрайды.

Құрылыс қешенінің материалдық-техникалық базасы жыл сайын 8 млн. текше метрге жуық құрама темір-бетон бұйымдары мен құраулар және 800 мың тонна цемент, зауыттық дайындықтың жоғары деңгейіндегі ілгерілемелі құрылыс және әрлеу материалдарының әртүрлі өте көп түрін өндіреді, сондай-ақ оларды құрылыс алаңына жеткізу мен монтаждауға арналған мамандандырылған автокөлігі бар ғимараттар мен құрылыстарды салу процесінде таяу (ТМД) және алыс шет елдердің халық шаруашылығының 70-тен астам салаларының өнімдері қолданылады. Бұдан басқа жыл сайын шартты түрде 4 млн. шаршы метр жұмсақ жабын мен оқшаулау материалдары, негізгі бөлігі гипстен, ізбес пен басқа да құрылыс материалдарынан тұратын 700 млн. шаршы метр асбест-цемент қалақшаларын (шифер), 4 млн. шаршы метр линолиум пайдаланады.

Құрылыстың материалдық өндіріс саласы ретінде басқа салалардан айырмашылығы бар және өзіндік арнаулы ерекшеліктерге ие. Олардың ең бастылары - өнімнің

материалдарды көп қажет ететіндігі, құрылыстардың еңбекті көп керек ететіндігі мен мерзімдерінің ұзақтығы; материалдық- техникалық базаның даму факторлары мен табиғи-климаттық жағдайлардың әсері, сондай-ақ халық шаруашылығы жүйесіндегі өндірістік байланыстардың бірігуінің күрделілігі мен алуан түрлілігі. Мұнда құрылыс халық шаруашылығы салаларындағы кеңеймелі ұлғайма өндірістің қарқыны мен ауқымын айқындайды.

2.Құрылыстың техникалық-экономикалық ерекшеліктері

Жобаларды техникалық-экономикалық негіздеу есебінде министрліктер мен ведомстволар ақпараттарының нақты көздері, биржалардын баға кесімдері, валюталық сауда туралы мәліметтер, сараптама қорытындылары көрсетілуі тиіс. Оның устіне, есеп жүргізіліп отырылған нақты уақытпен бірге баға шамаларын, сондай-ақ көлем және болжамды баға және басқаларын көрсету арқылы шикізатпен, көлікпен жабдықтау және өнім өткізудің алдын ала келісімдері мен шарттарының көшірмелері көрсетілуі қажет. Жобаларды техникалық- экономикалық негіздеуге шамамен мынадай бөлімдер енуі тиіс:

жобалардың қысқаша сипаттамасына жобалардың атаулары, жобаға тікелей қатысушылардың тізбесі; жобаның қысқаша мазмұны; жобаның республика экономикасының қажеттілігіне сәйкес келуі (Үкіметтің қабылдаған қаулылары, дамудың ұлттық бағдарламалары және басқалары); жобаның жүзеге асыру құны (жергілікті валюта үлесі мен қаржыландыру көздері) жеке жобаларды жүзеге асыру мерзімдері енді. .

Техникалық бөлім. Жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы; техникалық шешімді таңдауды негіздеу: жобаның орналасу орны мен көлемін (аумағы) таңдауды негіздеу; техникалық және құндық сипаттамасы бойынша балама шешімдерді салыстырмалы тұрғыдан талдау жоба технологиясына өндірілген өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің халықаралық өлшемге сәйкес келуі; жобаны жүзеге асырудың кестесі.

Коммерцияльқ бөлім. Шикізат пен құрал-жабдық жеткізіп беру. Шикізат нарқын талдау (отандық және импорттық); пайдаланатын шикізат түрлерінің тізбесі; көлік шикізаттарын есепке алғандағы шикізаттың жетімді болуы мен баға деңгейі.

Өндірушілер мен құрал-жабдықтарды жеткізушілерді таңдау, қажетті құрал-жабдықтар тізбесі мен қойылатын негізгі техникалық талаптар; конкурстық іріктеу (келіссөз хаттамалары, тендер нәтижелері және басқалары); көлік- монтаж және іске қосу-жөндеу жұмыстарын қоса алғандағы құрал-жабдықтардың құны.

Қаржыландыру көздерінің жеткіліктілігі: тікелей инвестициялық несиелер. Маркетинг. Шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет түрлері мен көлемінің тізбесі. Қолданылатын шектеулерді (квоталар, лицензиялар және басқалары) ескере отырып, өткізу нарқын болжамдау. өнімге немесе керсетілетін қызметке баға деңгейін болжамдық бағалау.

Ұйымдастыру бөлімі. Жобаға қатысушылар тізімі; тікелей орындаушы; өндірушілер мен құрал-жабдықтармен жабдықтаушылар; қаржыландыратын ұйымдар; делдалдар. Қатысушылардың қысқаша сипаттамасы; негізгі өндірістік көрсеткіштер; осы саладағы жұмыс тәжірибесі; ұсыныстармен пікірлер; соңғы жыл ішіндегі баланстық есеп.

Ынтымақтастық нысандары: тікелей инвестициялар немесе несиелер; БК ұйымдары; контрактілік келісімдер. Міндеттерді, жауапкершіліктерді және жобаларды жүзеге асырудан оның қатысушыларының арасындағы алынатын пайдаларды бөлу.

Әлеуметтік бөлім. Өңірдегі әлеуметтік-мәдени және демографиялық жағдайға сипаттама. Еңбек ресурстарына (біліктілік саны) жобаның қажеттілігі. Халықты еңбекпен қамтуға жобаның ықпалы, мәдениеттің дамуы мен ұлттық қарым-қатынастар. Ақша қаржысының тасқыны. Жобаның рентабельдік көрсеткіштері. Жобаның қаржыландыру жоспары. 1. Жобаны жүзеге асыру мен пайдалану үшін жергілікті және шетел валютасына қажеттілікті есепке алу. 2. Заем қаржыларына қажеттіліктерді анықтау. 3. Шетел валютасындағы несиеге қызмет көрсету; несиенің сомасы; проценттік ставка; несие мерзімі; төлем тәртібі; сақтандыру алымы мен комиссиялық банкілер; оларды жабу кездерін көрсету арқылы өтем негізіндегі несиелерге арналған төлемдердің барлық түрлері бойынша календарь жоспар-есеп жүргізілетін шикізатқа немесе өнімге болжамдық бағалаулар.

Өндіріс шығындарының қайтарымы. 1. Шығарылатын өнімге немесе көрсетілетін қызметке баға құрылымының жүйесі. 2. Жобаны пайдалануға арналған жеңілдіктер мен жәрдем ақшаларды енгізу қажеттілігі.

Орындаушы ұйымның қаржылық талдауы. Соңғы жыл ішіндегі пайда туралы есеп. Соңғы жыл ішіндегі баланстық есеп. Салық инспекциясынан анықтама.

Экологиялыц бөлім. Қоршаған ортаның жай-күйіне жобаны жүзеге асырудың ықпалын бағалау. Жоба технологиясының халықаралық өлшемдерге және қоршаған ортаға ықпал ету жағынан нормаларға сәйкес келуі.

Экономикалық бөлім. Жобаны жүзеге асыру шығыны; жерді пайдалану; табигат ресурстарын пайдалану; импорттық жабдықтардың қажеттілігі; валютаны пайдалану.

Жобаны жүзеге асырудан пайда: импорттың орнын басу; экспортты көбейту; жаңа жұмыс орындарын құру; білім беру мен халықтың біліктілігінің деңгейін көтеру; озат технологияны меңгеру, ноу-хау және т.б.; валюта құнын тұрақтандыру. Экономикалық шығын мен пайданы салыстыру.

Бөлімдердің саны мен мазмұны барлық техникалық- экономикалық көрсеткіштерді көрсету мақсатында кеңейтілуі мүмкін.

3.Капиталды құрылыстың ұйымдық түрі.

Капиталды құрылыста құрылыстың келесi ұйымдастыру пiшiндерi таралуда: мердiгерлiк тәсiл, шаруашылық тәсiл, құрылыс обьектілерін «кiлттеу» тәсілі.

Үнемi қолданыстағы арнаулы құрылыс объектiнiң құрылысы мердiгерлiк тәсiлде жүзеге асырады және меншiктi материалдық-техникалық базалары, механикаландыру және көлiкпен, тиiстi мамандықтардың тұрақты кадрларымен, қаржыға ие болған тапсырысшысы бар келiсiм шарты арқылы (мердiгерлермен ) монтаждық ұйымдармен үлескен сонымен қатар, өз қызметте ірі механикаланған өнеркәсiптiк құрылыс құрылымдарын, шикiзат бөлшектерiн өндiретін өнеркәсіпке арқа сүйейдi. Бұл құрылыстың тәсiлi негiзгi болып есептелінедi.

Жұмыстарды мердiгерлiк тәсiл демек тапсырысшының және мердігер (бас мердiгер ) аралығында және құрылыстың толық аяқтауына дейiн құрылыстың барлық кезеңiне келiсiм шартын қорытынды бағамдайды.Бұл келісім шарты бас болып табылады. Екі жақ бас шарттың дамуына қосымша бір жылға келiсiмшарт жасайды. Құрылыстың процессi қатысушылардың арасындағы қарым-қатынас бәрi капиталды құрылыс, құрылысты қаржыландырудың ережелерiнде мердiгердiң шарттар туралы ережелермен және мердiгерлiк шарттарымен реттеледi. Келiсiм шартында екі жақ арасындағы өзара мiндеттемелерiн және құрылыстың жүзеге асыруын орындау, тәртiп, заттық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, олардың ар жағында жауапкершiлiгi, жұмыс шығаруының шартын реттейді.

Тапсырысшы құрылыс үшiн алаңын мердiгерiне iлiгедi, сметалық құжаттамасын оған орнатылған жобаны уақытында бередi, қаржымен, технологиялық, энергетикалық тағы басқа жабдық түрлерімен қамсыздандырады.

Тапсырысшы мүдделi жақтардың қатысумен жабдықтың кешендi байқауын өткiзедi, дайындаушы зауыттардың шеф-жинақтауын қамтамасыз етедi, технологиялық үдерiстердi жөндеу өткiзедi және бас мердiгермен бiрге өндiрiс қуаттарын және құрылыс объектiлерiн iске қосуды қамтамасыз етедi.

Құрылыс процесiнде тапсырысшы нақты көлемдер, құнды сәйкестiкке құрылыстың жүрiсiн бақылап, техникалық қадағалауды жүзеге асырады және өндiрiске атқарылатын жұмыстарды сапа, сонымен бiрге техникалық шарт және жұмыстарды қабылдауды қамтамасыз етедi және құрылыс бiткен объектiлердi төлеу және жұмыстардың жеке кезеңдерi, қабылданған, бiткен құрылыс өнiмiне мердiгермен есептеседi.

Объект құрылысының шаруашылық тәсiлiнде тапсырысшы өз күшiмен немесе инвестор арқылы жүзеге асырады. Ол үшiн тапсырысшы ұйымдық құрылымда құрылыс-жинақтау бөлiмше жасайды, және объектiнiң кешендi құрылысын жүзеге асырады. Осы тәсiл қайта құрудың немесе жұмыс iстейтiн кәсiпорындардың кеңейтуiнде, кәсiпорын аумақтағы шағын объектiлерiнің құрылысында, ауылдық құрылыста әдетте қолданады, яғни, құрылыс кадрларын бiр қалыпты жүктеудi ұйымдастыра алмаған жағдайда, қашан жұмыс iстеу уақыты құрылыс-жинақтау өндiрiстiң технологиялық үдерiстiң мiнезiнен бағынышты болады және жұмыс майданының беруiнде анықталмағандық орын алады. Демек, әр түрлі профильдегі масштабы бойынша шағын жұмыстарды жұмысшылардың ырғақссыз жүктеме арқылы орындауға тура келеді . Бұл ретте жұмысшылардың аз санымен мамандардың кең спектірiн иемденуін талап етедi.

Шаруашылық тәсiлiнде құрылыс-жинақтау бөлiмшелер немесе басқарулар, еңбек өнiмдiлiгiнi төмен болуымен, құрылыс процестерiн ырғақтылықпен, құрылыс кадрларын аққыштықпен, төменгi деңгейде қамтылған жоғары өнiмдi мамандандырылған техникамен, саралаудың биiк емес деңгейiн әлсiз жарақтанғандықтарымен бейнеленеді. Бұл бәрi құрылыстың индустрияландыруына, жоғары бiлiктi құрылыс ұжымдарын жасауына мүмкiндiк туғызбайды. Дегенмен шаруашылық тәсiлiнің артықшылығы де бар: мердiгерлiк құрылыс ұйым тартуға қатысты алуан түрлi келiсулерге уақыт қысқарту, жұмыс iстейтiн кәсiпорынның ұжымын қызығушылықты қыздырмалайды және құрылыс басқарма шапшаң және қайта құру, қайта жабдықтау арналған өткiзiлетiн жұмыстарды сапалы жүзеге асыру немесе кәсiпорынды кеңейту пайдаланудың басшылығын бiрлiкте және объектiнiң құрылысы сапасы жоғарылайды.

Соңғы жылдарда құрылыс объектiлердi «кiлттеу» кең таралуда, қашан тапсырысшының функциясы бас мердiгерге берiледi. Осы жағдайда бас мердiгердiң құрылыс ұйымы орнатылған жобамен, белгiленген мерзiмдерде сәйкес объектiнiң құрылысына толық жауапкершiлiк өзiне қабылдайды және орнатылған сметалық құнмен шектеледі. Бұл орнатылған сметалық шектеу бас мердiгердiң қызығушылығын үнемдi жұмсауды жоғарылатады, ал ақырында - арзандау және құрылыстың жеделдетуiне, өйткенi алынған үнемдеу оның өкiмiне жасайды, қабылдаудың жедел қимылдаушылығының жоғарылауына мүмкiндiк туғызған байланыс жүйесi оңайланады, және шешiмдердi өткiзу жеңілденеді.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

  2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

  3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

  4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1 Қоршаған ортаны қорғауға кеткен экономикалық шығынның тиімділігін бағалау

3-тақырып Құрылыстағы меншіктің формасы (1 сағ.)

Дәрістің жоспары

1 Экономикалық меншіктің мәні

2 Құрылыстағы меншік құқығының субъектісі

3 Құрылыс кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының приватизациясы тәсілі мен тәртібі

1 Қазақстан Республикасының егемендік дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік жеке меншік болып табылады. Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары болып келеді. Меншік – бір өзіне тән сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері бар. Меншік мәні дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену бірнеше типтер арқылы ажыратылады. Оларға: 1) жеке иемдену нысандары; 2) ұжымдық иемдену формалары; 3) қоғамдық иемдену нысандары жатады. Осы аталғандардың ішінде нарықтық экономикадағы қызмет етуші барлық ұйымдасқан серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарға тән. Ал өз алдына бұл экономика дамуының негізі болып табылады. Сондықтан осы шаруашылық нарықтық сипатта толық қызмет етуін қарастыру және қызмет ету мақсаттары болып табылады. Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық саясатын ұғынудың негiзi тіптен ХIХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседi. Ондағы ой меншiк қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тiреледi. Меншiк, бұл - зат та емес, мүлікте емес. “Бұл -белгiлi бiр экономикалық (нақты) қатынас”.

Меншік дегенiмiз тарихи қалыптасқан, белгiлi бiр қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. 

Меншiк қатынастарның өзгеруi - қоғамның негiзгi қозғаушы күшi және барлық әлеуметтiк сiлкiнiстердің себебi. Ал, меншiк қатынастарының өзгеруi қоғамды прогреске де, регреске де әкелуi мүмкiн. Өзгерiстердiң тиiмдiлiгiн анықтау қиын емес, ол үшiн тиiстi кезеңдердегi мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтiк дамуының статистикалық мәлiметтерiн салыстырса жеткiлiктi.

«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі)» деуге болады. Екінші жағдайда - »меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық түрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік қүқығынан айыру қажет. Меншік - экономикалық, ал меншік құқығы - заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншікгің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік қүқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу-сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.

2 Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ауқымына мемлекет саясаты ықпал етеді. Меншіктің тек ғана тұтынушылық мақсатынан бас тартып, Қазақстан, азаматтардың мүлікті кәсіпкерлік мақсат үшін пайдалануын жан-жақты қолдап отыр. Меншік объектілерін құқықтық реттеудегі мемлекеттік саясат осымен анықталады. Оны екі принципте бейнелеуге болады. Біріншіден, азаматтардың меншігінде заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік болуы мүмкін. ( АК-ның 191-бабы  2-тармағының 1-бөлігі). Бұл шектеулер заң құжаттарында белгіленеді. 3-баптың 1-тармағы бойынша заң құжаттарында тек заңдар, заң күші бар Президент жарлықтары, Парламент қаулылары, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің қаулылары жатады. Азаматтардың меншік құқығының нысандарына қолданылатын екінші принцип АК-ның 191-бабы 2-тармағының 2-бөлігінде келтірілген - «жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді». Тек, мүліктің кейбір түрлерін иемденгенде қазақстандық салық заңнамасына сәйкес кіріс көзін декларациялау керек. Мысалы, Салық кодексінің  171-бабының 1-тармағында салық жылы 2000 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада ірі бір жолғы табыс алған жеке тұлғалар үшін жиынтық жылдық кірісті декларация жасау көзделген, оған тұрғын жай құрылысы және ол құрылыс үшін құрылыс материалдарын алу жатпайды.

Жеке меншік құқығын оның жекелеген объектілеріне қатысты жүзеге асырудың тәсілдерін, шектерін сол объектілердің құқықтық  режимі анықтайды. Заттың құқықтық режимі меншік иесінің заңда бекімін тапқан құқық өкілеттіктерінің жиынтығын және оларды жүзеге асырудың формаларын, амалдарын және тәсілдерін көрсетеді.

Меншік объектілері жалпы және арнаулы режимге бағынуы мүмкін. Арнаулы режим дегеніміз мүліктің қандай да бір түрін иемденуге, пайдалануға және оған билік етуге қатысты бекітілген арнайы нормативтік ереженің болуы. Егер ондай шектеулер болмаса меншік иесі азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың шегіне қатысты АК-ның 8-бабының 3-тармағында белгіленген шеңберде мүлікке қалай билік жасаймын десе де ерікті.

Арнаулы режим бірқатар объектілер үшін белгіленген. Бәрінен бұрын жылжымайтын мүлікті айтуға болады. Онымен мәміле мемлекеттік тіркеуден олар өткен кезден бастап жасалды деп саналады.

Сонымен қатар, жерге байланысты мәміле жасау үшін бірқатар қосымша рұқсаттар керек. Автокөлік құралдары  IIМ-нің аумақтық органдарында арнаулы тіркеуден өтеді. Ол құралдарды пайдалана алу (тиісті санаттағы жүргізуші құқығын алу) және ауық-ауық техникалық бақылаудан өткізу көзделген. Бағалы қағаздардың айналымын арнаулы заңнама реттейді. Сонымен қатар, біраз объектілер азаматтық айналымда шектелген. Қару-жарақ, күшті әсер ететін улар, жарылғыш заттар, өнер туындылары және тағы басқалар жайында осыны айтуға болады. Біреулерін пайдаланғанда арнаулы есепке қою керек, басқалары үшін тиісті бір қызметте болу шарт, ал үшіншісінде, оларды иемдену мен сатудың ерекше ережесі  қарастырылған.

Сонымен қатар, азамат өз мүлкінің тағдырын өзі анықтайды, ал заңнамада азаматтың мүлкіне өндіртіп алуды аудару мүмкіндігі қарастырылған. Бұл бакроттықпен де, борышқорды қабілетсіз деп танумен де байланысты болуы мүмкін. Соңғысын кеден және салық органдары мемлекетке міндетті төлемдер төленбегенде, тауар контрабандасында және бірқатар басқа жағдайларда қолданады. Меншік иесінің мұндай өндіртіп алумен келіспеуі сотта қаралуы мүмкін. Сонымен қатар азаматтың меншігінде адамның жеке басы құқығының белгілі бір әлеуметтік- экономикалық кепілдігі болады. Ол адамның өмір сүруінің және оның барлық құқықтары мен бостандығын жүзеге асырудың қажетті шарты болғандықтан ешкім ең шақтаулы өмірлік игіліктен айырылуы тиіс емес.

Меншіктің ең маңызды объектілері жер мен тұрғын үй болып табылады. Оларға қатысты мемлекет ерекше құқықтық режим белгілеген.

3 Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен "Қазақстан Республикасыңда мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы" (2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру. Президенттің "Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құруды ұйымдастыру шаралары туралы" Жарлығына сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері акциялардың он пайызына дейін ақысыз алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру объектілері бойынша акциялардың кемінде 51 пайызы купондар аукционында халықтың ЖИК-і үшін инвестициялық жекешелендіру қорларына сатылуға тиіс еді; акциялардың 39 пайызы қор биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылуға тиіс болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 11 наурыздағы "Акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін мемлекеттік акционерлік қоғам басшыларына бөлу туралы" №1589 Жарлығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары бес пайызға дейін акцияларды атаулы құн бойынша иемденуге мүмкіндік алды.

Жекешелендіру дегеніміз – мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.

Жекешелендірудегі мақсат – мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.

Жекешелендіру сонау КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы" Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы "Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы" Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы және мемлекеттік мүлікті азаматтардың және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы.

Қазақстанда жекешелендіру төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде (1-кезең) мыналар жүзеге асырылды: кәсіпорындарды кейін сатып алу құқығымен еңбек ұжымына жалға беру, ұжымдық кәсіпорнына айналдыру; мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымының өтеусіз сатып алуы; халықтың жекешелендіруге инвестициялық купондар (ЖИК) арқылы қатысуы; мемлекеттік мүлікті аукцион және конкурс арқылы сату.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

  2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

  3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

  4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

  1. Құрылыстағы мемлекеттік құқық меншігі

  2. Жеке және заңды тұлғалардың меншік құқығы

  3. Меншік құқығын алу

  4. Құрылыс кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының приватизациясы тәсілі мен тәртібі

4-тақырып Өндірістік байланыстың формасы (1 сағ.)

Дәрістің жоспары

1. Құрылыс өндірісін бірлестіру

2. Құрылыс өндірісін таңдау

3. Бірігу және қиысу

1. Құрылыс өндірісін, осыған орай күрделі салымдарды да бірлестіру құрылыстың мерзімдері мен аяқталмаған құрылыс өндірісінің көлемдерін қысқартуға жағдай жасайды.

Ең жаңа техниканың деңгейіне сәйкес келетін, еңбек өнімділігі жоғары, кадрлар дұрыс пайдаланылатын материалдардың шығыны, өзіндік құн және накладтық шығындар аз, жоғары өнімді машиналар мен механизмдерді пайдаланудың үлкен мүмкіншілігі бар ірі өндіріс ғана бірлестірудың материалдық негізі бола алады.

Құрылыста өндірісті бірлестірудың өзіндік оңтайлы шегі бар: шектен тыс ірі ұйымдарда құрылысты басқару қиындайды. Көптеген қатарлас жұмыс істейтІн ұсақ ұйымдарды олардың ведомстволық бағыныштылығын ұтымды өзгерте отырып біріктіру жолымен ірі мердігерлік ұйымдар құру - құрылыс индустриясының басты міндеттерінің бірі болып табылады.

2. Құрылыстагы мамандану дегепіміз - бұл бір текті объектілерді тұрғызуда немесе арнаулы не монтаж жұмыстарының біртекті (технологиясы бойынша) түрлерін орындауда жекелеген құрылыс бөлімшелерінің қызметін жинақтау. Құрылыс өнімі мен құрылыс-монтаж жұмыстары түрлерінің ерекшеліктері мен саналуандығына байланысты мамандануды дамытудың құрылыста аса маңызды мәні бар.

Құрылыс ұйымдарын мамандандырудың негізгі бағыттары салалық (объектілік) және технологиялық (жұмыс түрлері бойынша) болып табылалы.

Салалық маманданудың (өнеркәсіпте пәндік деп аталатын) мәні мынада - құрылыс ұйымы үйлерді немесе ғимараттарды халық шаруашылығының белгілі бір саласы үшін тұрғызуға, мысалы: электр станциялар, арналы труба құбырларын, темір жол желілерін, көпірлер, химия өнеркәсібі немесе қара және түсті металлургия, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын салуға маманданады. Салалық мамандану белгісі құрылыс министрліктері мен ведомстволарын құрудың негізіне алынған. Бұл белгілер құрылысты шоғырландырудың құрылыс ұйымдарының нақты үлгілерінің қуаты меи нысандарына тікелей ықпал етеді.

Технологиялық мамандану - құрылыс ұйымының жұмыстардың біртекті түрлерін немесе технологиялық процестерді, мысалы: әрлеу, санитарлық-техникалық, электр монтаж, металл құрастырмаларын монтаждау және басқаларды орындауында. Технологиялық мамандану процесінде құрылыс өндірісінің жекелеген процестері өнеркәсіп өндірісінің жаңа түрлеріне айналып, алдыңғы қатарлы әдістер мен кешенді механизацияны пайдаланудың мүмкіншілігін кеңейтіп, зауыттарға көшсді (құрылыс детальдары мен құрастырмаларын әзірлеу).

Домна пештерін, прокат стандарын, кен-байыту мен химия комбинаттарын, мұнай өңдеу зауыттарын, қуатты гидро және жылу электр станцияларын салуға маманданған мердігерлік ұйымдарда күрделі арнаулы және монтаж жұмыстарын орындауда жоғары деңгейге қол жеткізілген.

Жекелеген мамандандырылған кәсіпорындар мен олардың бөлімшелерінің арасында өндірістік байланыстар бірігу процесінде орнатылады. Құрылыстағы бірігу дегеніміз -бұл үйлер мен ғимараттар тұрғызу жөніндегі жұмыстарды бірлесіп орындау үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың - құрылысқа қатысушылардың арасында, мысалы: бас мердігерлік және субмердігерлік ұйымдардың арасында, сондай-ақ құрылыс және өнеркәсіп орындары, құрылыс детальдары мен құрастырмалар шығаратын кәсіпорындардың, жобалау, көлік ұйымдары мен басқалардың арасында орнықты өндірістік байланыстарды жоспарлы ұйымдастыру.

Еңбек бөлінісінің кез келген тереңдеуі кәсіпорындардың арасында өзара байланыстардың санын көбейтеді, сөйтіп олардың өзара тәуелділігін күшейтеді, нәтижесінде құрылыс өндірісі процесінде сәйкес келмеушіліктер мен бұзушылықтардың ықтималдылығы артады, олар бір учаскеде пайда болып, тізбекті реакция секілді басқаларына да тарайды. Бұл, демек, маманданудың тереңдеуі, жүйенің бірлігін, яғни барлық мамандандырылған өндірістердің қызметінің мүлтіксіз келісушілігін қамтамасыз ететін бірігуді, күшейтуді айқындайды деген сөз.

Ірі өндірістік объектілерді салуға құрастырмаларды, жабдықтарды монтаждау, жалпы құрылыстың жјне құрылыс жұмыстарының арнаулы түрлері бойынша ондаған мамандандырылған ұйымдар қатысады.

Әрбір мамандандырылған құрылыс-монтаж ұйымдары өзі үшін жұмыс майданын алып, дәл белгіленген уақытта технологиялық процестің келесі қатысушылары үшін еңбек майданын қамтамасыз етуге міндетті. Барлық орындаушылардың қызметін үйлестіру басқарудың автоматтандырылған жүйесі мен ЭЕМ пайдаланып тораптық кестелермен реттеледі. Өндірістің мамандандырылуы мен бірігуі - бір экономикалық процестің - еңбектің қоғамдық бөлінісің екі тарабы. Өкінішке қарай, құрылыста біріктіруге көбіне жеткілікті көңіл бөлінген жоқ. Бірігудің жетіспеушілігі жұмыстарды орындау мерзімдерінің сақталмауына, әртүрлі мамандандырылған құрылыс ұйымдары орындайтын жұмыстардың технологиялық процесінің негізсіз бұзылуына, құрылыс детальдары мен технологиялық жабдықтың толық берілмеуіне әкеліп соғады. Мұның бәрі көбінесе өндіріс қуаттары мен негізгі қорлардың іске уақтылы қосылмауына апарады.

3. Бірігу деңгейі өндіріс процесінің жақсы жолға қойылуымен, өндіріс жұмысының өздіксіздігімен, өндіріс қуаттарын, құрылыс өндірісіне барлық қатысушылардың материалдық және еңбек ресурстарын толық пайдаланумен сипатталады. Басқару практикасын зерделеу толық пайдаланумен сипатталады. Басқару практикасын зерделеу бірігудің мейлінше жоғары дейгейіне жетуге қиыстыру процесі мен бірлестіктер құруда сәті түседі.

4 Қиыстыру әдісі қазіргі уақытта тұрғын үй және село құрылысында табысты қолданылып жүр. Басқару, бірігу, үйлестіру функциялары жоғары индустриялы тұрғын үй құрылыстарында осы процеске қатысушылардың мамандануының тереңдеу және олардың санының өсу шамасына қарай барған сайын күрделі бола түсті. Бұл проблема құрастырмалар, бұйымдар әзірлеуден бастап, үйлер тұрғызуға дейін: бірыңғай үздіксіз технологиялық ағымды ұйымдастыру жолымен шешілді. Біріктірудің жоғары деңгейімен және жұмыстарды үйлестірумен мамандандыру процесін жақсы сәйкестендіруге мүмкіндік берген құрылысты басқарудың ұйымдық нысаны үй құрылысы комбинаттары болды (ҮҚК).

Үй құрылысы комбинаты- бұл өз күшімен зауыттарда үлгілік панельді үйлердің элементтерін дайындауды, құрылыс алаңдарында - оларды монтаждау (әдетте, объектілердің жанында қоймалар құрмай тікелей көлік құралдарымен) және әрлеуді жүзеге асыратын өнеркәсіп-құрылыс комбинаты. ҮҚК өнімі — үйге орналастыруға дайын.

ҮҚК-да құрастыру детальдарының өнеркәсіптік өндірісі (зауыттарда темір-бетон бұйымдарының) мен оларды құрылыс алаңдарында (монтаж басқармаларының күштерімен) монтаждау жинақталған.

ҮҚК-нің көбіне өз көлігі болады. Осылайша, өндірісті барлық басқару-дайындау, тасымалдау мен құрылыс алаңында монтаждау бір орталықтан жүзеге асырылалы. Комбинаттың қуаты оның зауыттық базасының қуатымен айқындалады.

Қиыстыру өндірісті терең ішкі өндірістік мамандандыруға негізделеді. Құрастырмалар мен детальдардың өнеркәсіп өндірісінде цехтар мен технологиялық желілердің мамандануы жүзеге асырылады. Құрылыс алаңындағы жұмыстар монтаждау учаскелерін немесе үйлерді жинау мен әрлеу ағындарын құру жолымен мамандандырылады. Көбіне автоматтандырылған әрбір цехқа немесе технологиялық желіге бұйымдардың шектеулі номенклатурасын өндіру, ал әрбір мамандандырылған учаскеге (ағынға) — құрылыс жұмыстарының белгілі бір түрі немесе кешені бекітіледі. Қиыстырылмаған өндіріс жағдайында зауыттар тікелей түпкі өніммен - құрылыстың дайын объектісімен байланыссыз болады және құрылыс ұйымдарының бұйымдарды дер уақытында және толық беруіне онша мүдделі болмайды. Детальдармен бұйымдардың өнеркәсіптік өндірісіне және иайдалануға дайын үйлерді құрастыру процесіне бірыңғай басшылық - құрылыстың барлық учаскілеріндегі жұмыстың бірігуі мен үйлестірілуін қамтамасыз етеді. ҮҚК үйді 2-3 айда салады. Мұндай қарқын жағдайында басқаруда болатын қиыспаушылықтар (мәселен, монтаждау жұмыстарын аяқтағаннан кейін әрлеу жұмыстарын бастаудың кешігуі немесе дер уақытында құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілмеуі) қымбат тұратын негізгі қорлардың бос тұрып қалуына апарып соғады. Сөйтіп бұл ұйымның экономикалық көрсеткіштерінде елеулі көрініс береді.

ҮҚК-да жұмыстардың басым көпшілігі өз күштерімен орындалады. Сондықтан бас мердігерлер мен субмердігерлік ұйымдардың қызметінде күрделі келісулер болмайды, құрылыс және өнеркәсіп бөлімшелерінің өзара қарым-қатынасында туындайтын проблемалар жоқ. Мұнда құрылыс алаңдарында көлік құралдарынан ағын мен монтаж ұйымдастыру жеңіл, құрылыс қарқыны мен техникалық-экономикалық көрсеткіштер кәдімгі құрылыс ұйымдарына қарағанда жоғарырақ болады.

ҮҚК ұйымдық-техникалық ерекшеліктері экономикалық жұмыстарды жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Дәл сол ҮҚК-ларда тұтастай алғанда аяқталған тұрғын үй үшін тапсырыс беруші мен мердігердің арасында алғаш рет эксперименттік есептер жүргізіледі.

Комбинаттар бірінші кезекте жинақталған құрылыс үлкен ауқымда жүргізілетін жерлерде - ірі қалаларда, өнеркәсіп тораптарында дамиды. Мұнда индустриалдық әдістер айрықша тиімді. Жергілікті жағдайларға байланысты ҮҚК бас мердігерлік немесе субмердігерлік не жалпы құрылыс ұйымдары ретінде болады. Көптеген ҮҚК өнеркәсіп және құрылысөґндірісі бірыңғай баланыста болады, бұл әртүрлі баланыста болғаннан дұрысырақ. Мысалы: 1961 жылы ұйымдастырылған Алматы ҮҚК тұрғын үй массивтерін кешенді түрде салады: оның ішінде мәдени-тұрмыстық максаттағы үйлерді де тұрғызады. Ол бас мердігер ретінде көрініп, бірыңғай баланыстағы комбинат нөлдік циклдағы алаңдарды игеруден бастап объектілерді пайдалануға беруге дейінгі барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайды. Комбинатта субмердігерлер көп емес (олар электромонтаж жұмыстарын, байланыс құрылғыларын, лифтілер орнатуды және басқаларын орындайды). Комбинаттың кәсіпорындары мен қызметтерінің құрамы өндірістің тұйық тізбегін жүзеге асыруға мүмкіндік береді; оның темір-бетон элементтерін жинау, керамзит және кендік емес материалдар өндірісі бойынша зауыттары, өндірістік-технологиялық жинақтау басқармасы (ӨТЖБ), автобазасы, санитарлық-техникалық учаскесі, жөндеу-техникалық шеберханалары, құрылыс-монтаж учаскелері бар.

Тұрғын үй құрылысында пайда болған комбинаттардың артықшылығы - оны басқарудың мұндай нысанын құрылыстың басқа да салаларында пайдаланудың орындылығын дәлелдеді. Зауыт құрылысы комбинаттары (ЗҚК) пайда болды. Агроөнеркәсіп кешенінде селолық құрылыс комбинаттары (СҚК) кең өріс алды. Олар қоралар, құсханалар, шошқа қоралардың жеңілдетілген құрастырмалары мен детальдарын дайындап, жинақтайды, құрылыс алаңдарына тасымалдайды және өз құрылыс-монтаж бөлімшелерінің күшімен үйлерді монтаждайды.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

  2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

  3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

  4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Құрылыстағы септеу

2. Холдинг және қаржы -өнеркәсіптік топтарының құрамындағы құрылыс

5-тақырып Құрылыстағы инвестициялардың экономикалық тиімділігі (3 сағ.)

Дәрістің жоспары

  1. Инвестициялық қызмет туралы негізгі түсінік

  2. Инвестицияның тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері

Нарықтық экономика жағдайында министрліктердің ведомстволар мен аймақтардың құқылары елеулі түрде кеңейген кезде , инвестициялық шаралардың тиімділігін бағалаү – күрделі салымдардың жиынтығын және де соған орай экономикалық және әлеуметтік нәтижелерге қол жеткен есепті қамтамасыз ететін кешенді халық шаруашылығы тұрғысына негізделуі тиіс. Мұнда шығындар мен нәтижелер уақыт факторын ескере отырып айқындалады. Қорытындылаушы ретінде бұл жүйеде қаржының қайтару мерзімін сипаттайтын күрделі салымның өзін ақтау көрсеткіші мен өнімнің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тиісті өсімін қамтамасыз ету барысында ресурсты үнемдеу (күрделі қаржыны жұмсауды) шамасын бағалауға мүмкіндік беретін үлестік күрделі салымдардың көрсеткіші қолданылады.

Бұлардың басқа жүйе құрамына бірлескен кешенді талдауға жататын көрсеткіштер де кіреді. Еңбек өнімділігі; қор қайтарымдылығы ; өнімнің өзіндік құны ; техникалық-экономикалық көрсеткіштердің өзгерісін бейнелейтін және ресурс пен өнімге күрделі қаржы жұмсалуын, жұмыстар мен техникалық деңгейі; құрылысты жобалау мен қосылған қуаттарды игерудің ұзақтығы; әлеуметтік нормативтермен салыстырғандағы әлеуметтік нәтижелілікті сипаттайтын көрсеткіштер мен қоршаған ортаны қорғау деңгейін көрсететін көрсеткіштер.

Жоғарыда аталған көрсеткіштерді білдіретін тең нәтижелер кезінде күрделі қаржы ең аз жұмсау жағдайында ресурстар мен табиғатты пайдалану жөніндегі белгіленген нормативтердің орындалуы немесе көрсеткіштердің жақсаруы қамтамасыз етілетін нұсқа тиімді деп саналады.

Инвестициялық шараларды және жұмыс істеп тұрған өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділігін жоспарлау мен жобалау, сондай-ақ іс жүзінде тиімділігін айқындау кезінде күрделі салымдар мен өндірістік қорлардың жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділігі, ал шаруашылық және техникалық тапсырмаларды шешудің нұсқаларын таңдау кезінде – салыстырмалы экономикалық тиімділік айқындалады.

Күрделі салымдардың жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділігі қаржылардың, оны туындататын барлық соманың қатынасымен айқындалады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділік тапсырмаларды шешүдің мүмкін нұсқаларының бірін сипаттайды және бір нұсқаның басқасынан қаншалықты тиімді екендігін көрсетеді.

Күрделі қаржылардың жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділігі қаржылардың, оны туындайтын барлық соманың қатынасымен айқындалады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділік тапсырмаларды шешудің мүмкін нұсқаларының бірін сипаттайды және бір нұсқаның басқасынан қаншалықты тиімді екендігін көрсетеді.

Күрделі қаржылардың жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділігі былай есептеледі:

А) тұтастай алғанда республиканың халық шаруашылығы бойынша (ЭНХ) – өндірілген ұлттық табыстың өсімінің салғастырмалы бағалары (∆Д) осы өсімді тудырған барлық қаржыландырудың көздері өндірістік (К) күрделі салымдарға қатынасы ретінде анықталады:

ЭНХ = ∆Д /К ,

Энх шамасы күрделі қаржының тиімділік нормативімен(Ен) салыстырылуы тиіс және де егерЭНХ ЕН болса, онда қаралып отырған күрделі қаржылар тиімді деп танылады;

Б) халық шаруашылығы кешені, жекелеген салалар, сондай-ақ негізгі қорларды ұлғайту нысандары – кәсіпорындар мен ұйымдарды техникалық қайта жарақтау, қайта жаңарту және кеңейту – (ЭПП ) – пайдалы өсімнің немесе шаруашылық есеп табысының П (құнын төмендету) күрделі қаржыларға (К) қатынасы ретінде есептелінеді:

ЭПП = ∆Д / К,

ПП шамасы ЕПП күрделі салымдардың тиімділігінің тиісті нормативтерімен салыстырылуы тиіс және де егер ЭПП ЕПП болса, онда қаралып отырған күрделі салымдар тиімді деп саналады);

В) жаңадан салынып жатқан кәсіпорындар, цехтар, басқа объектілер мен жекелеген шаралар бойынша тиімділік көрсеткіші (ЭП) – жоспарланған пайданың күрделі салымдарға (сметалық құнына) қатынасы ретінде есептелінеді:

ЭП = Ц – С / К

Мұндағы К – жоба бойынша салынып жатқан объектінің толық сметалық құны;

Ц – жоба бойынша кәсіпорынның көтерме сауда бағаларындағы ( айналымнан салық алмай) өнімнің жылдық шығарылымының өзіндік құны (жоба бойынша);

С – құрылыс толық жүзеге асырылып, қосылған қуаттарды игергеннен кейінгі өнімнің жылдық шығарылымының өзіндік құны (жоба бойынша);

ЭП алынған шама ЕП нормативімен салыстырылады, егер ЭП ЕП болса, онда қаралып отырған нұсқа тиімді.

Күрделі салстырмалардың экономикалық тиімділігі есебімен бірге пайданың өсіміне немесе шаруашылық есептің табысы (СООП) және пайдаға (СОП) сәйкес күрделі салымдардың өзін анықтау мерзімі былай анықталады:

СООП = К / ∆П СОП =К / Ц – С .

СНиП бойынша айылдаған нормативтен (СООП) және (СОП) асып кетпей өз мерзімінде айқындалған шаралар тиімді деп танылады.

Инвестициялық салымдардың салыстырмалы экономикалық тиімділігін бағалау халық шаруашылығының кең ауқымды да, сондай-ақ өндірістік және өндірістік емес салаларының жекелеген аймағында да тапсырмалардың үлкен ауқымын шешу кезінде жүргізіледі (жобалау шешімдерінің нұсқасын таңдау, көлік инфрақұрымын дамытудың оңтайлы схемасын айқындау және басқалары). Мұнда көрсеткіштердің екі түрі – құндық жән натуралдық түрі пайдаланылады. Құндық көрсеткіштер ретінде шараларды жүзеге асыру үшін қажет өндірістік қорларға салынған күрделі қаржылардың инвестициясы пайдаланылады. Натуралды көрсеткіштерге өнімнің жылдық көлемі түріндегі өндірістік нәтиже, энергетика және материалдық ресурстардың шығындары, жабдықты пайдалану көрсеткіштері және басқалары жатады. Мысалы, жылдық өндірістік нәтиже бойынша (яғни, қуаттар) тең мәнді жобалық шешімдердің нұсқалары құндық көрсеткіштері бойынша бір-бірінен ажыратылады. Қарап көрелік, К1 2 және С1жыл 2жыл немесе К1= К2 және С1жыл2жыл немесе, К12 және С1жыл2жыл бірінші жобалық шешімнің экономикалық басымдылығы бар. Алайда К мен С құндық көрсеткіштерінің айырмашылығы болуы мүмкін, яғни , К12 және С1жыл2жыл. Бұл жағдайда инвестициялық күрделі шығынды жоба нұсқасы қабылданады, бірақ мұндай жоғары тиімділікті қосымша салымдар шығаралған өнімнің жылдық көлемінің өзіндік құнын үнемдеуге апаратын шарт орындалуы тиіс. Қосымша инвестицияланған күрделі қаржылар мынадай көрсеткіштерді білдіреді:

Қосымша инвестицияланған күрделі қаржылар (∆К)

∆К= К12;

Өнімнің жылдық көлемінің өзіндік құнын үнемдеу (∆Сжыл)

∆Сжыл2жыл1жыл .

Қосымша инвестицияланған курделі қаржылардың (ЕН) тиімділігінің нормативтік коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:

ЕН = ∆Сжыл / ∆К ,

Н) қосымша инвестицияланған күрделі қаржылардың қайтарымының экономикалық деңгейін көрсетеді. Егер осы коэффициент орындалмаса, жобалық шешім (нұсқа) жеткілікті дәрежеде тиімді деп саналмайды (халық шаруашылығы бойынша ол 0,12-ден төмен қабылданбайды).

Қосымша инвестицияланған күрделі қаржылардың ақтау мерзімі (С0) былай анықталады:

С0 = ∆К / ∆Сжыл

Жобалық шешімдер нұсқаларының күрделі қаржыны көп қажет етушілігі мынадай түрде бағаланады:

2жыл – С1жыл ) / (К1 – К2 ) > ЕН немесе ( К1 – К2) / (С2жыл – С1жыл) < С0.

Бірінші теңсіздіктен мынаны аламыз:

2жыл – С1жыл ) >ЕН1 – К2 ) ;

2жыл – С1жыл ) >ЕН К1 – ЕН К2;

С2жыл + ЕН * К2 Н * К1 + С1жыл .

Олай болса ЕН * К1 + С1жыл шығыны аз жобалық шешім (нұсқа) жақсы болып шығады.

i-нұсқа үшін (жобалық шешімдер көп болған кезде) келтірілген шығындар мына түрде берілген:

П = С + ЕН * К→ min,

Мұндағы П – келтірілген шығындар.

Келтірілген шығындар тиімділік нормативіне сәйкес бірдей мөлшерлікке келтірілген ағымдағы шығындар (өзіндік құн) мен күрделі қаржылардың инвестицияларын көрсетеді.

ЕН * К– келтірілген шығындар инвестицияланған күрделі қаржылардың өнім шығыру барысында ағымдағы шығындарды үнемдеу есебінен жыл сайын қайтаруға жататын (өтемақы) бөлігін сипаттайды.

ЕН нормативтік коэффициентінің экономикалық мәні бар, қосымша қаржылардың қайтарым деңгейін айқындайды, оған жеткен кезде нұсқа жеткілікті дәрежеде тиімді болып саналмайды. Келірілген шығындарды модификациялау кезінде келтірілген шығындардың басқа теңдеуін алуға болады:нұсқа үлестік келтірілген

П = С0 * Сжыл + К.

Экономикалық талдау практикасында жылдық келтірілген шығындар түріндегі салыстырмалы тиімділік өлшемі кеңірек таралған П. Алайда С және К көрсеткіштері тек толық сомасында ғана емес, сондай-ақ үлестік шамасы: өнім бірлігіне және өнім бірлігінің өзіндік құнына арналған үлестік күрделі қаржылар түрінде де қолданыла алады. Мұндай жағдайда ең жақсы нұсқа үлестік келтірілген шығындардың ең төменгі шамасының өлшемі бойынша таңдап алынады. Келтірілген шығындарда жылдық ағымдаы шығындар мен нәтижелердің салыстырмалылығын қамтамасыз ететін осы кезең кезінде ішінде жаңадан құрылған өндірістік пайдаланудан алынған нормативтік пайданың мөлшері кіреді.

Егер салыстырылған нұсқалар бойынша күрделі қаржылар көлемдері жағынан әртүрлі болса, әртүрлі мерзімдерде жүзеге асырылса, ал ағымдағы шығындар уақыт жағынан өзгеріп отырса және құрылыстың ұзақтығы жоғарыда аталған нормативтердің көмегімен уақыт факторын есепке алудың мүмкіншілігі жоқ болса, онда:

В = 1 / (1 + ЕНП)t ,

Мұндағы В – келтіру коэффициенті.

t- келтіру уақытының кезеңі, жыл;

ЕНП – әр түрлі уақытта шығындарды келтіруге арналған норматив, ол 0,08-ге тең.

Әр түрлі уақытта шығындардың нәтижелерін ағымдағы жылға сәйкес келтіру жаңа техниканы өндіруге арналған сметалық құнды немесе шығындардың шамасын өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

Инвестицияланған курделі қаржылар менжаңа техниканың тиімділігін бағалау – салыстыру базасын дұрыс таңдауды талап етеді, бұл үшін ендірілген республикалық және шетел техникасының ең жақсы көрсеткіштері қабылданады. Бұл жағдайда күрделі қаржылардың нұсқаларын (жобалық шешімдердің) салыстырмалық шартын сақтау өте м аңызды. Олардың негізгілері мыналар болып табылады: кәсіпорындар мен салалардың аясы;қаржыларды салу уақыты жәнеолардан нәтиже алу; шығын мен нәтижені білдіру үшін қабылданған бағалар; салынған қаржының және негізгі қорларды жәй және кеңейтпелі ұлғайту тұрғысынан алғандағы нәтиженің мақсаты; күрделі салымдардың көлеміне кіретін қаржылардың аясы; өндірістік қуаты, әсіресе оған ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу кезінде пайдалану дәрежесі; әлеуметтік жағдайлар; қоршаған ортаға ықпалы; көрсеткіштерді, тиімділікті есептеу үшін пайдаланылатын есептеудің бірдейлігі.

Инвестицияланған күрделі салымдардың салыстырмалы тиімділігін талдау үшін барлық нұсқалар (практикалық шешімдер) салыстырмалы түрге келтірілуі тиіс, осыдан кейін олардың біреуінің басымдығы туралы қорытынды жасауға болады.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

  2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

  3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

  4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

  1. Қазақстан Республикасындағы инвестиция

  2. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау

  3. Құрылыстағы уақыт факторы