
- •1 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •2 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •6 Тақарып. Құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс (4 сағ.)
- •Құрылыстағы бағалардың негіздері
- •2. Құрылыстың сметалық құны мен құрылыс монтаждық жұмыстардың құрылымы
- •3.Сметалық нормалау және сметалық нормалардың жүйесі
- •8 Тақырып. Құрылыс нарығы – 2 сағат.
- •Инвестициялық-құрылыстық қызметті мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері
- •Құрылыс кешендерінің құрылыстық-өндеу мекемелерінің өндірістік қуатын анықтау
- •Құрылыс кешені мекемелерінің қызметін лицензиялау
- •10 Тақырып. Кәсіпорын нарықтық экономика субъектісі ретінде – 2сағ.
- •1. Кәсіпкерлік және кәсіпорын
- •2. Әртүрлі құрылыс кәсіпорындарының құрылу және жұмыс істеу ерекшеліктері
- •Материалды емес
- •Еңбек өнімділігін өсіру факторлары
- •Тәуекелдіктерді диверсификациялау – бұл инвестицияларды әр түрлі қаржылық құралдар бойынша реттеу болып саналмақ.
- •4 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1.Локальдық смета
- •2. Жиындық смета
- •3. Объктивтілік смета
- •«Барнс жэне к» жшс шұжық өнімдерін өндіретін бірлескен кэсіпорны 2004 жылға мынадай есептік көрсеткіштер береді.
- •2 Егер төмендегі деректер белгілі болса, «береке» ақ кэсіпорныньщ өндірістік кызметінің тиімділік көрсеткіштерін есептеп шығару керек.
- •5 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар_____________
- •6 Студенттің оқытушымен дербес жұмысының тақырыптамалық жоспары
- •7 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •7.1 Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар (тест тапсырмалары)
- •7.3 Емтихан билеттері (тестілері)
- •8 Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар ___________________
2. Әртүрлі құрылыс кәсіпорындарының құрылу және жұмыс істеу ерекшеліктері
Құрылыс кәсіпорындары шаруашылықты жүргізудің басқа да субъектілері секілді көп жағдайда өз қызметінің мақсаты мен міндеттерін өз бетінше анықтайды және қалыптастырады, даму стратегиясы мен тактикасын жасайды, ақшалай қаражаттарды іздеп табады, еңбек ұжымын қалыптастырады, еңбек құралдары мен заттарын сатып алады, басқарудың ұйымдық құрылымын құру, өз бөлімшелерінің қызметтерін реттеу, әлеуметтік шиеленісті басу бойынша көптеген ұйымдық сұрақтарды шешеді.
Құрылыс кәсіпорыны, ең алдымен, құрылу кезінде таңдаған ұйымдық-құқықтық түрмен және алдағы ұзақ кезеңде оның қызметін анықтайтын нақты мақсаттармен және міндеттермен сипатталады.
Құрылыс саласындағы кәсіпорын нарықтық экономиканың келесі қағидаларын пайдаланады: кәсіпкерлік еркіндігі, толық шаруашылық дербестік; жеке меншік басымдылығы бар меншіктің әртүрлі формалары; еркін бағалар (мемлекет және ҚР субъектілері реттейтіндерден басқа); қызметтің монополияға қарсылығы; ішкі нарықтың ашықтығы (сыртқы нарыққа шығу еркіндігі); шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы шарттық формалар.
ҚР сәйкес, барлық кәсіпорындар қызметінің негізгі мақсатына байланысты коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді.
Коммерциялық емес кәсіпорынның коммерциялықтан айырмашылығы – пайда түсіру олардың негізгі мақсаты болып табылмайды және ол қатысушылар арасында бөлініске түспейді. Оларға әртүрлі қорлар, одақтар, қоғамдық және діни ұйымдар, тұтынушылар кооперативі жатады.
Коммерциялық кәсіпорындарды олардың ұйымдық-құқықтық түріне сәйкес бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады (1 сурет).
Тек кәсіпкер өзінің және қарызға алған қаражатын, уақытын, еңбегін, абырой-беделін тәуекелге тігеді. Менеджер қызметі өзінің адамдарды басқару бойынша кәсіптік білімін пайдалануға тоғысады.
Коммерциялық
кәсіпорын
Шаруашылық
серіптестік пен ұйым
Құрылыстық
(өндірістік) корпоративтер
Толық серіптестік
Мемлекеттік және
муниципльдық унитарлық кәсіпорын
Сенім бойынша
серіптестік
ЖШС
Қосалқы
жауапкершілікті серіптестік
Акционерлік қоғам
Ұсынылатын әдебиеттер
Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003
Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998
В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002
Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары
Шаруашылық серіктестік пен қоғамдар
Құрылыстық бірлестік
Құрылыстағы кіші кәсіпорындар
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы
11-тақырып. – 2 сағат
Дәрістің жоспары
Негізгі және айналымдағы құралдардың құрылымы және құрамы
Негізгі қорларды бағалау
Негізгі қорлардың амортизациясы
Негізгі қорлардың қолданудың тиімділігі мен көрсеткіштер мен оларды көтерудің жолдары.
1 Негізгі және айналымдағы құралдардың құрылымы және құрамы
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.).
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасыны0ң негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдер ішінде пайдаланады, олар жәй-жәй тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:
● өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
● өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
● меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;
● арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.
● қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;
● тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
● запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.
заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
● мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);
● мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.
негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
i. жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. жерге деген меншік құқығы «жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. инвентарлы болып жер учаскісіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.
ii. ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспанап және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.
Негізгі
капитал