Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ДП Эк и упра на пред для ПСК гос яз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.81 Mб
Скачать
  1. Құрылыс кешені мекемелерінің қызметін лицензиялау

Лицензиялар беру белгілі бір қызмет түрі үшін белгіленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшін тең негіздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады.

Лицензия — тұлғаға инженерлік шығындар, жобалық жұмыс, құрылыс, монтаждық және реттеу жұмыстарын қамтитын инвестициялық қызметпен айналысуға берелетін ресми рұқсат.

Лицензиялар беру белгiлi бiр қызмет түрi үшiн белгiленген талаптарға сай барлық тұлғалар үшiн тең негiздерде және тең жағдайларда жүзеге асырылады. Қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мақсатында белгiленедi. Заңға жаңа қызмет түрлерi және (немесе) қызметтiң кiшi түрлерi енгiзiлген кезде оларды лицензиялау бiлiктiлiк талаптары мен қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерi белгiленетiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер қабылданғаннан кейiн жүзеге асырылады. Бiлiктiлiк талаптарын, қызмет түрлерiн лицензиялау ережелерiн және экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс жекелеген тауарлар тiзбесiн бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлер осы актiлер ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күндiк мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзiле алмайды.

Қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау көзделген құрылысқа қойылатын талаптар, жекелеген жұмыс түрлерiнiң, процестердiң сәйкестiгiн мiндеттi түрде растау жөнiндегi талаптар мемлекеттiк әкiмшiлiк ету мақсаттарына жету үшiн жеткiлiксiз болған жағдайларда белгiленедi.

Лицензия иелiктен шығарылмайды және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

Лицензияның күшi барлық аумақта қолданылады. Бiрыңғай технологиялық процеске кiретiн және (немесе) қызмет түрiн жүзеге асырудың қажеттi элементi болып табылатын қызмет түрлерi лицензиялануға тиiс емес. Мемлекеттiк органдар белгіленген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асыратын қызметтi қоспағанда, лицензиялау талап етiлетiн қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға немесе белгiлi бiр iс-әрекеттер (операциялар) жасауға лицензия болған жағдайда ғана жол берiледi. 

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Экономика предприятия. Тесты, задачи, ситуации. - М.: 2003

  2. Баяхметов Т. Құрылыс экономикасы, Алматы. 1998

  3. В.В.Костюченко, К.М.Крючков, О.А.Кудинов Менеджмент в строительстве, "Феникс", 2002

  4. Степанов И.С. Менеджмент в строительстве, Юрайт, 2004.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

  1. Құрылыс кешенінің құрылыс-монтаждау кәсіпорындарының өндірістік қуатын анықтау

  2. Құрылыс кешенінің кәсіпорындарының қызметтік лицензиялау

  3. Кәсіпкерлік қызметті антимонопольді реттеу

  4. Құрылыс кешендегі антикризистік басқару

  5. Құрылыс ұйымдарынының қызметін диверсификациялау

10 Тақырып. Кәсіпорын нарықтық экономика субъектісі ретінде – 2сағ.

Дәрістің жоспары

1 Кәсіпкерлік және кәсіпорын

2.Әртүрлі құрылыс кәсіпорындарының құрылу және жұмыс істеу ерекшеліктері

1. Кәсіпкерлік және кәсіпорын

Елдегі нарықтық қатынастарды дамыту жағдайларында қоғам алдында тұрған мәселелердің ішінде кәсіпкерлікті экономикалық қызметтің белсенді түрі ретінде дамыту маңызды орынға ие.

Кәсіпкерлік – мүдделі тұлғалар мен кәсіпорындардың өзара пайдасына бағытталған, жеке және заңды тұлғалардың тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікпен жүзеге асыратын бастамашыл дербес шаруашылық қызметі.

ҚР-да ел азаматтары, шет мемлекет азаматтары мен серіктестер бірлестігі кәсіпкерлік қызметтің субъектілері бола алады.

Азаматтар заңды тұлғалардың білімінсіз-ақ жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Серіктестер бірлестігі кәсіпкерліктің субъектілері ретінде жеке мүлігімен қатар, заңды негізде сатып алынған мүлікті пайдаланатын әртүрлі шаруашылық бірлестіктер түрінде бола алады.

ҚР заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің әр субъектісі:

- кәсіпорынды құру, сатып алу және қайта құру жолымен кәсіпкерлік қызметті бастауға және жүргізуге, сонымен қатар, кәсіпорын мүлігінің меншік иесімен келісімшарт жасасуға, банк мекемелерінен есепшот ашуға, есеп айырысу, несие және кассалық операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға;

- шартты негізде азаматтар мен заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын, зияткерлік меншік объектілерін, мүліктерін және жеке мүліктік құқықтарын қатыстыруға және пайдалануға;

- өндірістік бағдарламаны өз бетінше құруға, өз өнімінің жеткізушілері мен Тұтынушыларын таңдауға, ҚР заңнамасымен және келісімшарттармен бекітілген шекте оларға баға қоюға;

- сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға, валюталық операцияларды жүргізуге;

- кәсіпорындарды басқару бойынша әкімшілік-тәртіптік қызметті жүзеге асыруға;

- әрекеттегі заңнамаға және кәсіпорын жарғысына сәйкес кәсіпорын атынан немесе өз бетінше жұмыскерлерді жалдауға және жұмыстан босатуға;

- кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінен түскен пайдасын ҚР заңнамасына, кәсіпорынның келісімшарттарына және жарғыларына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін еркін иеленуге;

- мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің қызметтерін пайдалануға;

- кәсіпкерлердің одағын, қауымдастығын және басқа да бірлестіктерін құруға;

- сотта бекітілген заңды тәртіпте азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттік басқару органдарының әрекеттерімен келіспеуге құқылы.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың негізгі түрі кәсіпорын болып табылады

Кәсіпорын — нарықтық экономикада әрекет ететін, қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда түсіру мақсатында қызмет көрсететін, жұмыс атқаратын және өнім сұранысы бар өндіріске арналған материалдық және ақпараттық ресуртарды пайдаланатын оқшау шаруашылық субъектісі. Кәсіпорын өзінің қызметін жүзеге асыру үшін оған меншік құқығы немесе толық шаруашылық басқару құқығы бойынша тиесілі болатын мүлікті қалыптастыралы.

Құрылымы бойынша кәсіпорын меншігінде, шаруашылық қарауында немесе оперативті басқаруында оқшауландырылған мүлік болады және өз міндеттері бойынша осы мүлікпен жауап береді; өз атынан сатып ала алады және мүліктік немесе жеке мүліктік емес құқықтарды жүзеге асыра алады, жауапты бола алады, сотта арызданушы және жауапкер бола алады.

Кәсіпорынды әртүрлі параметрлер бойынша жіктеуге болады:

салалық қатыстылығы бойынша:

а) материалдық өндіріс салалары (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы);

б) өндірістік емес сала (тұрғын үй-комму­налдық шаруашылығы, көлік, байланыс және т.б.);

в) халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салалары (денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет және өнер, ағарту, қорғаныс және т.б.);

сандық параметрлері бойынша:

а) шағын кәсіпорын немесе шағын бизнес —100 адамға дейін;

б) орта кәсіпорын немесе орта бизнес —500 адамға дейін;

в) ірі кәсіпорын немесе ірі бизнес — 500 адамнан артық;

сапалық параметрлері бойынша:

а) меншік түрі (жеке, аралас, мемлекеттік, муниципальды, діни, кооперативтік);

б) шығарылатын өнімнің көлемі мен ассортименті;

в) кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық түрі.