
- •1 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер және байланыстық ақпарат
- •1.3 Пәннің сипаттамасы
- •1.4 Пәннің мақсаты
- •1.5 Пәннің міндеттері
- •1.6 Айрықша деректемелер
- •1.7 Тұрақты деректемелер
- •1.8 Пәннің мазмұны
- •1.9 Негізгі әдебиеттер тізімі
- •1.10 Қосымша әдебиеттер тізімі
- •1.11 Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері
- •1.12 Саясаты және процедуралары
- •1.13 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілгендігі
- •2 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •6 Тақарып. Құрылыстағы баға қалыптастыру және сметалық іс (4 сағ.)
- •Құрылыстағы бағалардың негіздері
- •2. Құрылыстың сметалық құны мен құрылыс монтаждық жұмыстардың құрылымы
- •3.Сметалық нормалау және сметалық нормалардың жүйесі
- •8 Тақырып. Құрылыс нарығы – 2 сағат.
- •Инвестициялық-құрылыстық қызметті мемлекеттік реттеудің мәні мен әдістері
- •Құрылыс кешендерінің құрылыстық-өндеу мекемелерінің өндірістік қуатын анықтау
- •Құрылыс кешені мекемелерінің қызметін лицензиялау
- •10 Тақырып. Кәсіпорын нарықтық экономика субъектісі ретінде – 2сағ.
- •1. Кәсіпкерлік және кәсіпорын
- •2. Әртүрлі құрылыс кәсіпорындарының құрылу және жұмыс істеу ерекшеліктері
- •Материалды емес
- •Еңбек өнімділігін өсіру факторлары
- •Тәуекелдіктерді диверсификациялау – бұл инвестицияларды әр түрлі қаржылық құралдар бойынша реттеу болып саналмақ.
- •4 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •1.Локальдық смета
- •2. Жиындық смета
- •3. Объктивтілік смета
- •«Барнс жэне к» жшс шұжық өнімдерін өндіретін бірлескен кэсіпорны 2004 жылға мынадай есептік көрсеткіштер береді.
- •2 Егер төмендегі деректер белгілі болса, «береке» ақ кэсіпорныньщ өндірістік кызметінің тиімділік көрсеткіштерін есептеп шығару керек.
- •5 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар_____________
- •6 Студенттің оқытушымен дербес жұмысының тақырыптамалық жоспары
- •7 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •7.1 Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар (тест тапсырмалары)
- •7.3 Емтихан билеттері (тестілері)
- •8 Курстық жұмысты (жобаны) орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар ___________________
Құрылыс кешендерінің құрылыстық-өндеу мекемелерінің өндірістік қуатын анықтау
Құрылыс - материалдық өндірістің қуатты индустриалдық саласы болып табылады. Күрделі құрылыстың көлемі мен деңгейінен материалдық өндірістің барлық салаларының дамуы, экономикалық потенциалдың және мемлекеттің ұлттық табысының өсуін қамтамасыз ету маңызды деңгейде тәуелді болады. Құрылыс саласына инвестицияларды салу инвестициялық қызметпен тығыз байланысты.
Нарық жағдайында құрылыс, өндірістік сфераның барлық салаларындай капиталдың еркін динамикасы және әрбір меншік объектісінің қызмет еркіндігімен байланысты жаңа экономикалық маңызға ие болады. Әкімшілік-жоспарлық экономикаға тән сатылас салалық байланыстар орнына инвесторлардың деңгейлес салалық байланыстары келеді, сондықтан экономикалық процес ретіндегі құрылыс ғимараттар немесе құрылыстардың өмірлік циклы бойы капитал иелерінің үздіксіз инвестициялық қызметін қарастырады.
Нарықтық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, құрылыс саласында инвестициялық үрдісті қалыптастыруда әлемдік технологияларды және менеджмент пен маркетингтің озық әдістерін қолдануға негізделген және инвестициялау тетіктерін қалыптастыруда ең тиімді инвестициялық жобаларды нарықтық тетіктер арқылы дайындау ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан өзекті тұрғы болып табылады.
Экономиканың өсуі инвестициялық қызметтің белсенділігімен байланысты. Сондықтан, қазіргі таңда еліміздің құрылыс саласының алдында тұрған негізгі мақсаты құрылымдық және инвестициялық саясат жүйелерінің барынша қайта қаралуын талап етеді. Бірақ, өз кезегінде инвестициялық қызмет, құрылымы, ұдайы өндірістегі қаржылық және материалдық активтер дәрежесі оның инвестициялық тартымдылығын анықтайтын факторы негізінде еліміздің экономикалық жағдайына байланысты болып келеді, яғни бұл инвесторлардың нарықта инвестициялық стратегияны дайындауды есепке алу факторы болып табылады.
Құрылысқа ақша салу мәселесінде әрбір нақты құрылыстың берілген уақытта, берілген аймақта қажеттілігі туралы оңтайлы шешімдер мүмкіндігінше барлық аталған объективті және субъективті шарттарды және құрылыс саласының нақты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға олардың әсерінің деңгейін есепке алу нәтижесінде мүмкін.
Инвестициялық қызметтің қажеттілігінің заманауи әдістемесі нарықтық экономика талаптарымен шарттасқан, сондықтан құрылысты инвестициялау мүмкіндігінің критерийі болып оның тиімділігін бағалау табылады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдаудың маңызды құрамдас бөлігі қызметтің тиімділігін бағалау болып табылады. Оның қажеттілігі экономиканың ресурстарды шектеу туралы негізгі қағидасымен байланысты. Инвестицияларды тарту, оларды тиімді пайдалану және кәсіпорынның белсенділігін арту жолдарын табу зерттеу жұмысының негізгі проблемалары болып есептеледі. Осы және басқа да себептер мәселенің қойылымын өзекті етеді және құрылыс саласындағы инвестициялардың тиімділігін бағалау негіздерін тереңдетуге бағытталған зерттеулер жүргізу қажеттілігін талап етеді.
Құрылыс елімізде ең белсенді дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Қазіргі жағдайда елімізде құрылыс кешені өзгермелі болуда, ұлттық экономиканың тұрақсыз секторы болып келеді, ол сыртқы факторлар әсерінің күшеюі жағдайында қызмет етудің тұрақсыздығымен, белгісіздігімен сипатталады. Оның тұрақты дамуы инвестициялық қызметті жандандыруынан, экономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларына капитал салымдарының кеңеюіне тәуелді болады. Құрылысқа жұмсалған инвестицияларға құрылыс жұмыстарының барлық түрлеріне жұмсалған шығындар; жабдықтарды монтаждау бойынша шығындар, құрылыс сметаларында көзделген жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар; құрылыс сметаларына қосылған өндірістік құрал-саймандар мен шаруашылық мұқаммалдарын сатып алуға; құрылыс сметаларына кірмейтін машиналар мен жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындар; өзге күрделі жұмыстар мен шығындарға кеткен шығындар жатады.
Құрылыс кешені инвестициялық қызметінің тиімділігін келесі бағыттарда қарастыру қажет: негізгі өндірістік қорлардың және өндірістік емес объектілердің кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз ету; техникалық дамыған құрылыс кешенін қалыптастыру және оның негізінде құрылыс өндірісін индустрияландыру және қарқындандыру. Ипотекалық-инвестициялық талдаудың дәстүрлі әдісі бойынша инвесторлар, несие берушілер сияқты табыс алады, инвесторлар және несие берушілердің табыстарының жалпы ағымдағы құны капиталды сатып алудың максималды мөлшерін құрайды, бұл жылжымайтын мүлікке төленетін бағасы болып табылады.
Құрылыс материалдары нарығының іс-қимыл тиімділігі көптеген ұйымдастыру-экономикалық факторлардан тәуелді, ол үшін көптеген проблемалар тән, ал проблемаларды шешу маңызды сипатта болуда.
Соңғы жылдары құрылыс материалдары нарығы индустриалды-инновациялық дамудың объектісі болып саналады. Қазақстандағы құрылыс материалдары нарығы біршама дәрежеде шетел өндірісінен басымдықта, сұраныс ұсыныстан артады, құрылыс материалдарын шығару жөніндегі дамымаған және моральді-ескірген өндірістің барлығы, еліміздің өңірлері мен облыстарында аса бай ресурстық әлеуеті мен ғылыми жаңалықтар толық көлемде пайдаланбайды.
Құрылыс материалдары нарығының әлсіз дайындамасы ұйымдастыру жоспарында қалуда. Осы аспектіде нарықтың инфрақұрылымдық дамуының жеткіліксіз деңгейде және саудалық-өткізу іс-қимылдарын дамытуды бөлуге болады.
Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайында құрылыс материалдары нарығы іс-қимылының қалыптасқан проблемалар жиынтығы, оның іс-қимылдағы ұйымдастыру-экономикалық механизмдерін жетілдіру жолдарын жасауды талап етеді.
Құрылыс материалдары нарығын құрудың негізгі алғышарты тұрғындарға тұрғын-үй және басқадай тұрмыстық құрылыстар салу, оларды дер кезінде қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, халық шаруашылығындағы құрылыстарға, тұрғын үйлерге, мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіп, гидротехникалық және басқа арнайы құрылыстарға қажетті жөндеу жүргізу болып саналады.
Құрылыс материалдарының өнеркәсіп кәсіпорындары ғимараттарды салу үшін, сондай-ақ оларды жөндеу үшін қажет әртүрлі құрылыс материалдарын өндіру мен қазып алуды жүргізеді. Содан басқа, сала кәсіпорындары өнеркәсіптің басқа салаларында қолданылатын, материалдар мен бұйымдарды өндіреді (техникалық шыны, шыны ыдыстар, каолин, тальк, қабаттас және басқадай материалдар), сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін (әктастың ұнын, құрғату (дренаждық) құбырларын және халық тұтынатын тауарларды шығарады.
Республика экономикасында құрылыс материалдары нарығының рөлі, күрделі құрылыстың материалдық базасы болып саналуымен анықталады, ол машина жасаумен бірге қамтамасыз етіледі: негізгі қорларды жасау; өндірістік қуаттарды енгізу; ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері негізінде халық шаруашылығының барлық салаларын техникалық қайта жарақтандыру.
Құрылыс материалдары нарығын дамыту өндірістік күштерді құру, оларды орналастыру, еліміздің экономикалық өсуі мен әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен әсер етеді.
Саладағы өндіріс көлемі, өнімнің сапалық деңгейі мен өндіріс тиімділігі біршама дәрежеде техникалық деңгей мен күрделі құрылыс тиімділігіне себепші болады. Өз кезегінде, күрделі құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуына шешуші ықпал етеді, оның сала ішіндегі жекелей түрлерінің өсу қарқынын, номенклатура мен өнімнің түржиынын, кәсіпорындарды орналастыруды анықтайды.
Құрылыс материалдары нарығын құрудың негізгі алғышарты тұрғындарға тұрғын-үй және басқадай тұрмыстық құрылыстар салу, оларды дер кезінде қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, халық шаруашылығындағы құрылыстарға, тұрғын үйлерге, мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіп, гидротехникалық және басқа арнайы құрылыстарға қажетті жөндеу жүргізу болып саналады.
Құрылыс материалдарының өнеркәсіп кәсіпорындары ғимараттарды салу үшін, сондай-ақ оларды жөндеу үшін қажет әртүрлі құрылыс материалдарын өндіру мен қазып алуды жүргізеді. Содан басқа, сала кәсіпорындары өнеркәсіптің басқа салаларында қолданылатын, материалдар мен бұйымдарды өндіреді (техникалық шыны, шыны ыдыстар, каолин, тальк, қабаттас және басқадай материалдар), сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін (әктастың ұнын, құрғату (дренаждық) құбырларын және халық тұтынатын тауарларды шығарады.
Республика экономикасында құрылыс материалдары нарығының рөлі, күрделі құрылыстың материалдық базасы болып саналуымен анықталады, ол машина жасаумен бірге қамтамасыз етіледі: негізгі қорларды жасау; өндірістік қуаттарды енгізу; ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері негізінде халық шаруашылығының барлық салаларын техникалық қайта жарақтандыру.
Құрылыс материалдары нарығын дамыту өндірістік күштерді құру, оларды орналастыру, еліміздің экономикалық өсуі мен әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен әсер етеді.
Саладағы өндіріс көлемі, өнімнің сапалық деңгейі мен өндіріс тиімділігі біршама дәрежеде техникалық деңгей мен күрделі құрылыс тиімділігіне себепші болады. Өз кезегінде, күрделі құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібінің дамуына шешуші ықпал етеді, оның сала ішіндегі жекелей түрлерінің өсу қарқынын, номенклатура мен өнімнің түржиынын, кәсіпорындарды орналастыруды анықтайды.
Нарықтық қатынастың субъектілері болып шаруашылық ұйымдар, сондай-ақ, жеке тұлғалар – жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес кәсіпорындары болуы мүмкін. Нарықтық қатынаста субъектілер құрамы мен құрылыс материалдары нарығында олардың рөлі тұрақты емес, ол құрылыс пен құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі экономикалық жағдаймен анықталады.
Олардың өндірісі үшін құрылыс материалдары мен ресурстарды жеткізу бойынша шаруашылық байланыстарды құру, олардың жалпы саны мен күрделілігі көптеген әртүрлі факторлардың әсерінде болады. Аса елеулі факторлар болып мыналар саналады:
қоғамдық өндірістің масштабтары мен оның салалық құрылымының күрделілігі;
өнеркәсіпте өндірістік кооперация мен мамандандыруды тереңдету процестері;
халық шаруашылығында құрылысқа арналған өндірілетін және тұтынылатын өнімнің сапасы мен көлемі, түржиыны.
Құрылыс материалдарын сатуды жүргізетін, жекелей алынған сауда-делдалдық кәсіпорын шеңберінде, басты субъектілер ретінде сауда менеджерлері алға шығады, олар тікелей өткізу әрекеті процестерін ұйымдастырады және оларды басқарады, сату тактикасы мен стратегиясын жасайды, бір мезгілде көптеген маңызды басқару мәселелерін шешеді.