
- •2 Дәрістер
- •Радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарының сипаттамасы
- •2 Сурет - Радиоактивтік ластану аймағы
- •3 Сурет - Ядролық зақым ошағы
- •Негізгі инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының қысқаша сипаттамасы, обсервация және карантин мерзімі
- •Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
- •Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдар
- •Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
- •Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары
- •Назар аударыңыздар! Радио үнемі қосулы тұрсын! Төтенше жағдайлар қызметінің дабылын тыңдаңыздар!
- •Орманда жүргенде есіңізде болсын:
- •Қар көшкіні, опырылып құлау
- •Абайлаңыз: су
- •М ұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару.
- •Төтенше жағдайлар
- •Автокөлікте келе жатып боранда қалсаңыз:
- •Е гер автокөлік жолда өшіп қалсы:
2 Сурет - Радиоактивтік ластану аймағы
ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМ ОШАҒЫ
ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының әсерінен өрт, жаппай қирау, коммуналдық-энергетикалық тораптарда апаттар, жердің радиоактивті ластануы және халық арасында едәуір шығын пайда болатын аумақ.
Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен қуатына, жарылыстардың түріне, құрылыстың сипатына, жер бедеріне (акватория терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.
Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу үшін ядролық зақым ошағын 4 аймаққа бөледі:
• толық қирау аймағы;
• күшті қирау аймағы;
• орташа қирау аймағы;
• әлсіз қирау аймағы (3 сур.).
3 Сурет - Ядролық зақым ошағы
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Ядролық қару, зақымдаушы факторлары
Радиоактивтік ластану аймағы
Ядролық зақым ошағы
Дәріс №7. Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар
Жалпы сұрақтар
Әсері күшті улы заттарға мінездеме.
Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.
Әсері күшті улы заттарға мінездеме. Мұндай нысандарға, бірінші кезекте, қорғаныстық, химиялық, мұнай өндейтін, целлюлозза – қағаз өңдіретін кәсіпорындар, тамақ өнеркәсібі және басқа бірқатар салалар жатады.
Қатты әсер ететін химиялық заттар деп шаруашылық мақсатында қолданлатын және әртүрлі бұзылған немесе зақымданған технологиялық сыйымдылықтардан, қоймалардан және кұрылғылардың шығуы кезінде адамдардың жаппай зақымдануын тудыратын токсинді химиялық заттар аталады.
Өздерінің зақымдау құрамдарына қарай ҚӘУЗ (қатты әсер ететін улы заттар) бір текті емес.
Олардың негізгі топтастырушы белгісі ретінде адамның қатты улануы кезіндегі жиналатын ерекше синдромының белгісі көбіне жиі қолданылады. Осыған қарап шартты түрде, барлық ҚӘУЗ мынандай топтарға бөлінеді:
ерекше тұншықтырушы күші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);
ерекше жалпы уландырушы күші бар заттар (көміртек тотығы, ніл қышқылы және т.б);
тұншықтырушы және жалпы уландырушы күші бар заттар (акрилонитрил, күкіртті сутек, азот қышқылы және азот тотықтары, күкіртті ангидрит және т.б.);
нейротропты улар (күкірт көміртегі, тетаэтил-қорғасын, фосфор органикалық қоспасы);
тұншықтырушы және нейротропты күші бар заттар (аммиак, гептил, гидразин және т.б.);
метаболикалық улар (этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.)
Химиялық қауіпті кәсіпорындардағы аварияның зақымдаушы факторларының таралу ауқымына қарай мынандай болып бөлінеді:
бір жердің шеңберінен аспайтын (жеке) – егер олар санитарлы-қорғанысты аймақ шекарасынан шықпаған болса;
жергілікті – олар жақын арадағы тұрғындық құрылыстың жекелеген учаскесін қамтиды;
аймақтық – халқы тығыз орналасқан қала, аудан, облыстағы көлемді ауданды алады
ҚӘУЗ – дің аудан немесе бүкіл елге ғаламдық таралуы екі талай.
Өрт қауіпті заттарды топтастыруға сәйкес жану мүмкіндігіне қарай ҚӘУЗ – ді жанбайтын, ауыр жанатын, жанатын деп бөлуге болады. ҚӘУЗ – дің көп мөлшері оларды өндіретін немесе пайдаланатын кәсіпорындарда болады. Химиялық қауіпті кәсіпорындарда ҚӘУЗ негізгі шикізат, аралық, жанама және соңғы өнім болып, сондай – ақ ерітінді және өңдеу құралы болып табылады. Бұл заттардың қоры сақтау қоймаларында (70 – 80 % дейін), технологиялық аппаратураларда, транспорттық құралдарда (құбырлар, цистерналар және т.б.). Кең таралған ҚӘУЗ – ға хлор мен аммиак жатады. Өндірістің көлемі мен концентрациясы есебінен үлкен шамадағы ҚӘУЗ – дің жиналуы болады, бұл – айтарлықтай ықтимал қауіп төндіреді.
Қауіпті химиялық нысандағы - авария кезіндегі үлкен қауіпті әртүрлі токсинді заттардың төгілуі алып келеді. Авария салдарының ықтималды көлемі ҚХН – ның түріне, ҚӘУЗ – дің түріне, олардың құрамына, мөлшері мен сақтау мерзіміне, авария сипатына, ауа райы және т.б. байланысты болып келеді. Мұңдай авария кезіндегі басты зақымдаушы фактор болып химиялық зақымдану және ондаған километрге жетуі мүмкін аймақ тереңдігі жатады. Авария кезіндегі туындайтын бір ерекшелік уландырушы заттардың жоғарғы концентрациясы кезінде адамдардың қысқа уақыт ішінде зақымдану мүмкіңдігі болып табылады. ҚХН – ға авариялар жарылыстар және өрттермен қатар жүруі мүмкін.
Химиялық авариялардың саны транспорттық оқиғалардың салдарынан көбейіп келеді. Бүгінгі таңда сұйытылған хлордың, тұзды және күкіртті қышқылын темір жол арқылы тасымалдау көлемі артып отыр.
Ерекше қауіпті жоғарғы токсинді заттармен су көздерінің зақымдалуы тудырып отыр. Ағатын канализация суының төгілуі үлкен қауіп тудырады. Олардың улылығы ҚӘУЗ қалдықтарына қарағанда анағұрлым төмен, өздерінің көлемі мен жиілігіне қарай олар үлкен зиян келтіруге қабілетті. Әдетте канализациялық қалдықтар адамдардың қысқа мерзімде зақымдануына алып келмейді, бірақ мутацияны тездетіп және адамның имундық жүйесін әлсіретуге қабілетті.
Адамзат пен қоршаған табиғи ортаға үлкен қауіпті төгілген мұнай мен мұнай өнімдері төндіреді. Төгілген мұнай өнімдерінің жұқа қабаты одан ауаның өтуіне кедергі жасайды. Егер мұнай өнімдерімен зақымданған қабат көп мөлшерде болса, онда оның астындағы бүкіл тіршілік өлімге душар болады. Сондықтан зақымданған аумақты залалсыздандыру жұмыстарын кешіктірмей жүргізу талап етіледі.
Табиғаттағы экологиялық тепе – теңдіктің бұзылуын алып келетін өндірістік қалдықтар және басқа да улы заттармен ауаның, судың және топырақтың ластануы мен улануының қауіпі кем емес.
Химиялық авария – қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық – түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.
Химиялық зақымдану - белгілі бір уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортада концентрация немесе мөлшер түрінде таралуы.
Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.
Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.
Қауіпті химиялық заттардың төгілуі – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.
Қауіпті химиялық нысан – қауіпті химиялық заттарды сақтайтын, өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағы авария немесе қирау кезінде адамдардың өлімі немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануы мүмкін.
Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.
Химиялық қауіпті нысандағы авариялар. Қатты әсер ететін улы заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.
Химияландырудың қарқындылығы шаруашылық қызметте ҚӘУЗ қолданудың кеңінен тарауына жағдай жасады. Соған сәйкес, көптеген шаруашылық объектілері, ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары химиялық қауіпті болып табылады.
Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) болып авария немесе қирау кезінде халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдануы мүмкін объектілер ұғынылады. Улы заттардың ірі қорына химиялық өндіріс орындары, целлюлоза – қағаз, мұнай өндейтін және мұнай химиялық кәсіпорындары, қара және түсті металургиялар, жер тыңайтқышын шығаратын кәсіпорындар жатады. ҚӘУЗ – дің айтарлықтай қоры сондай – ақ тамақ объектілерінде, ет – сүт өнеркәсібінде, азық – түлік базаларында, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықта шоғырланған. ХҚО – ге ҚӘУЗ санатына негізгі шикізат, екі ортадағы және негізгі өнім, жанама өнім сондай – ақ өңдеулердің еріткіші және құралы жатады. Бұл заттардың қоры базистік және негізгі қоймаларда, технологиялық аппаратураларда, көлік құралдарында (құбыр өткізгіштер, цистерналар) болады.
ҚӘУЗ сақтауға арналған жер бетіндегі сұйық қоймалар топпен орналасады немесе жеке тұра алады. Сұйық қоймалардағы әрбір топта немесе үлкен жеке қоймаларда периметрі бойынша бекітулі опырылымдар немесе оқшаулағыш қабырғалар (тұғыр сирек қойылады) орнатылады. Олар төгілетін ҚӘУЗ – ді жергілікті шағын участкеде ұстап тұруға мүмкіндік береді, яғни булану алаңын қысқартады.
ХҚО базистік және негізгі қоймаға жіберер алдында ҚӘУЗ - ді уақытша сақтау үшін, тұрғын және коғамдық ғимараттардан 300 м қашықтықта орналасқан тұйықтағы тежіржол қоймалары қолданылады. ҚӘУ3 – ді темір жол қоймаларында сақтау, ереже бойынша, арнайы цистерналарда жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі 2-3 тәуліктен аспау керек. Алайда, мұндай қоймаларда сақталған ҚӘУЗ – дің рұқсат етліген мөлшері белгіленбейді, ол уақытша қойма ретінде пайдаланылатын темір жол станциясындағы цистернаға бақылаусыз, ретсіз жинала береді.
Темір жол көлігі ҚӘУЗ тасымалдаудың негізгі әдісі болып табылады. Сонымен қатар, 40т – дан – 60т дейінгі сиымдылықтағы ҚӘУЗ тасымалдау үшін әр түрлі 0,1 -0,8м3 дейінгі сиымдылықтағы контейнерлер және 0,016-0, І5м3 сиымдылықтағы баллондар пайдаланылады.
ҚӘУЗ тасымалдаудың кең таралған әдісі – құбыр өткізгіштік әдіс болып табылады. Алайда көп жағдайларда ол шағын ғана қашықтықта (цех пен қойма арасында) қолданылады.
Автомобильді көлікпен ҚӘУЗ 2 – 6т жүк көтергіш цистерналармен тасымалданады.
Аварияның нәтижесінен қоймалардың, цистерналардың, технологиялық сиымдылықтардың және құбыр өткізгішзердің зақымдануы және қирауы ҚӘУЗ – дің ауаға тарауына, содан кейін сол аймақтың зақымдануына алып келеді. Желдің бағыты бойынша қозғалған ҚӘУЗ бұлты он шақты километр тереңдікке дейін зақымданған аймаққа орныға отырып, ол қорғанбаған адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің зақымдану қаупін тудырады. Зақымданған аймақ дегеніміз – ҚӘУЗ – дің зақымдаушы әсері байқалатын аймақ, ал аймақтың терендігі дегеніміз – зақымдалған аймақ көзінен аймақ шекарасына дейінгі сиымдылықтың, коммуникацияның зақымдануы немесе қирауы болып табылатын арақашықтығы.
ҚӘУЗ төгілуімен байланысты авариялардың жалпы ерекшелігі -құрылымның жоғары жылдамдығы және ҚӘУЗ бұлтының зақымдаушы әрекеті, ол адамдарды қорғау және зақымдау көзін жою бойынша кешіктірмей шара қабылдауды талап етеді. Бұл міндеттердің жедел шешімі тек қана алдымен өзі қамтитын аймақтың тереңдігі мен аумағын кіргізетін зақымдану аймағының масштабы көрсеткішінің дер кезінде және анық болжамының нәтижесінен табылады.
Химиялық қауіпті заттардың организмге әсері бойынша жіктеу
Топ саны |
Организмге әсерінің сипаты |
Заттардың атаулары |
1 |
Тұншықтырғыш әрекеті басым заттар |
Хлор, фосген, хлорпикрин |
2 |
Жалпы улағыш әрекеті басым заттар |
Көміртек тотығы, цианды сутек, қышқыл және т.б. |
3
|
Тұншықтырғыш және жалпы улағыш әрекетіне ие заттар |
Акрилонитрил, күкіртсутек, азот қышқылы және азот оксиді, күкіртті ангидрид және т.б. |
4 |
Нейтропты улар |
Күкіртті көміртек, тетраэтил -қорғасын, фосфор органикалық қосылыстар |
5
|
Тұншықтырғыш және нейтропты әрекетке ие |
Аммиак, гептил, гидразин және т.б. |
6 |
Метаболиялық улар |
jЭтилен окисі, дихлорэтан және т.б. |
Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
Химиялық зақымдану ошағының мөлшері химиялық қауіпті заттың төгілу көлеміне, төгілу сипатына (еркін, түбіне немесе үйілу), метеожағдайға, заттардың уландырғышына және адамдардың қорғану дәрежесіне байланысты.
Химиялық зақымдану аймағы химиялық зақымдану ошағын құрайтын бөлім болып табылады. Ол зақымданған ауа бұлтының алғашқы және қайталама таралу масштабымен сипатталады. Химиялық зақымдануы мүмкін аймақты және іс жүзіндегі химиялық зақымдану аймағын ажыратады.
Алғашқы бұлттар тек қысыммен ҚӘУЗ құрайтын газгольдерлер және сиымдылықтар қираған (зақымданған) кезде ғана пайда болады. Ол аз уақыттағы әрекеті кезінде өлтіретін дозаның бірнеше ретімен артатын жоғары концентрациялармен сипатталады. Улы заттардан құралған бұлт ауаның тығыздығын арттыратын тығыздықпен жарым – жартылай алқаптарды, ойпаттарды, тұрғын үй ғимараттарын және т.б. жайлайды.
Қайталама бұлтының зақымдау әрекетінің алғашқымен салыстырғандағы ерекшелігі ондағы ҚӘУЗ бұлтының концентрациясы бір – екі ретке төмен. Қайталама бұлт әрекетінің жалғасуы булану көзінің уақытымен және жел бағытының тұрақты сақталу уақытымен анықталады. Өз кезегінде заттың булану жылдамдығы оның физикалық қасиетіне (молекулалы масса, булану температурасы кезіндегі қаныққан бу қысымы) төгілу алаңына және желдің жылдамдығына байланысты.
Химиялық зақымдану ошағы ХҚО химиялық аварияның нәтижесінде қалай пайда болса, өрт кезінде де солай пайда болады. Мұндай жағдайда термиялық ыдыраулары улы газдар бөлетін, күрделі химиялық қосылыстар (хлор, аммиак, азот окистерін, күкіртті ангидридтер және т.б.) пайда болатын ірі қоймаларда болған өрт аса үлкен қауіп тудырады.
Атмосфераға улы газдардың бөлінуі синтетикалық әрлеуіш материалдардың жануы кезінде де болады, мұны құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ескерген жөн. Қолда бар ҚӘУЗ және олардың концентрациясы әртүрлі қорғаныс құралдарын және құтқарушыны жабдықтау қажеттілігін анықтайды.
Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет.Атмосфераға немесе жергілікті жерге ҚӘУЗ жайылғанын байқағаннан бастап:
қауіпті аймақта болуы мүмкін барлық адамдарға тез арада хабарлау;
қажет болған жағдайда ҚӘУЗ бұлтының буы қозғалып бара жатқан аймаққа тап болдырмау есебімен оларды жедел көшіру жүргізіледі;
көмекті қажет ететін зардап шеккендерді сонымен қатар құрылыс қирандыларының немесе ғимарат бөлшектерінің астында қалып қалғандарды іздеуді ұйымдастыру қажет;
қандай да бір себеппен қауіпті аймақтан шыға алмайтын барлық тұлғалар қажетті ЖҚҚ камтамасыз етілулері керек;
ҚӘУЗ – дің одан ары төгілуін тоқтату үшін зақымданған участкелер өшіріледі, бекіткіш құрылғылар жабылады;
зақымданған сиымдылықтың төңірегіне, егер солай істеу қажет болса, топырақ үйінділері жасалады немесе шұңқырлар қазылады;
жағдайды болжау және ҚӘУЗ буымен зақымданған ауаның қозғалыс бағытын анықтау мақсатында үздіксіз метеорологиялық бақылау жасауға ерекше көңіл аударылады.
ҚӘУЗ зақымданған аймақта химиялық барлау ұйымдастырылады. Ол объектідегі ЖҚҚ тарта отырып, химиялық барлау аспаптарымен қамтамасыз етілген, зақымданған ошақты тексеруден бастайды және оған ҚӘУЗ – дың қаншалықты бар екендігі мен олардың ауадағы концентрациясын және топырақ сынамасының сұрыпталуын анықтау кіреді.
Зақымданған ошақта химиялық барлау жүргізу кезінде, ҚӘУЗ бары әрбір ғимараттарда 20-30 м кейін, үлкен ғимараттарда 10-15 м кейін аныкқталады. ҚӘУ3 жиналуы мүмкін участкелерге (жер төле ғимараттарына, нашар желдетілетін жерлерге) ерекше көңіл аударылады. Ауаның сынамасын ҚӘУ3 анықталған жерлерден, ҚӘУЗ сынамасын сұйық түрде олардың тамған жерлерінен алады. Авария болған объекті аумағынан топырақтың сынамасы алынады.
Химиялық барлаудың әскери аспаптары екі топқа бөлінеді:
индикаторлы түтіктерге пайдалануға негізделген аспаптар (ВПХР, ППХР, ПГО-11, ПХР-МВ). (Анықталатын ҚӘУЗ тізімі индикаторлы түтікті аспаптардың комплектацияларына байланысты);
жылжымалы құралдарда орнатылатын автоматты аспаптардың қозғалыс қағидаты индикацияның ионданушы (ГСА-1, АГС, ПРХР) және биологиялық (ГСА-123, ГСА-13, ГСА-11) әдістеріне негізделген. Химиялық барлауды жүргізу кезінде арнайы аспаптар, индикаторлы түтіктер, газталдағыштар, кестеде келтірілген сипаттамалар қолданылады.
ҚӘУЗ – ді анықтау мақсатында қолданылатын, химиялық барлау жасау приборларына арналған индикаторлы түтіктердің негізгі сипаттамасы
Индикаторлы түтіктің таңбалануы |
Анықталған ҚӘУЗ |
Бояулардың өзгеруі |
Сезімталдық шегі мг/л |
ИТ – 44
|
Хлор |
Қызғылт |
0,005 |
Хлорциан |
Қызғылт |
- |
|
Сутек фториді |
Қызғылт |
- |
|
Фосфор түзетін пестицидттер |
Қызғылт |
- |
|
ИТ – 45
|
Фосген |
Көк |
- |
Цианисті сутек |
Қызғылт |
0,005 |
|
Хлорциан |
Қызғылт |
0,005 |
|
Азот оксиді |
Көк |
- |
|
Хлор |
Қызғылт-сары |
- |
|
Хлорпикрин |
Сары-қызғылт сары |
- |
|
ИТ-36
|
Күшәнділеу сутек |
Қызыл қоңыр |
- |
Күкіртсутек |
Қызыл қоңыр |
- |
|
Азот оксиді |
Ақшыл жасыл |
- |
|
Фосген |
Ақшыл жасыл |
- |
|
ИТ – 47
|
Цианисті сутек |
Қызыл күрең |
- |
Хлорциан |
Қызыл күрең |
- |
|
ИТ – 24
|
Күшәнділеу сутек |
Сары |
0,005 |
Күкіртсутек |
Сары |
- |
|
ИТ – 12
|
Аммиак |
Күлгін |
0,0002 |
Акрильді натрий қышқылы |
Күлгін |
0,0002 |
УГ 2 газталдағыштар
Анықталған ҚӘУЗ |
Өлшеуіш диапазоны, мг/м3 |
Өлшенген уақыт |
Азот оксиді |
0-200 |
5 |
Аммиак |
0-300 |
2 |
Хлорлы сутек |
0-100 |
3 |
Күкіртті ангидрил |
0-200 |
3 |
Күкіртсутек |
0-300 |
2 |
Хлор |
0-80 |
4 |
Өзін өзі тексеру сұрақтары
Қатты әсер ететін химиялық заттар
Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
Химиялық зақымдану ошағындағы іс – әрекет
Дәріс №8. Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдай
Билогоиялық қару, эпидемия, жұқпалы аурулар
Жалпы сұрақтар
Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия.
Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация.
Эпизоотия, Эпифитотия.
Жұқпалы аурулардан сақтандыру.
Билогоиялық қару туралы түсінік. Эпидемия. Биологиялық қару – бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткізіп беретін құралы бар, арнайы оқ-дәрі мен әскери құралдар. Ол қарсыластың жаппай тірі күшін, ауылшаруашылық малдары, ауылшаруашылық дәнді дақылдарын себуді, кейбір жағдайда материалдарды бұзу үшін, қарулануға, әскери техникаға және жабдықтауға арналған.
Әскери іс - әрекетте биологиялық қаруды қолдану енгізілсе, оны биологиялық соғыс деп атауға болады.
Биологиялық қарудың талқандағыш әрекеті, олардың тіршілігіне әрекет ететін патогенді микробтардың ауру таратқыш қасиетін және уытты азық түлікті қолдануға негізделген.
Биологиялық қарудың негізгі талқандағыш іс-әрекетін, биологиялық құрал құрайды – адамдардың ағзасына, малдарға, өсімдіктерге енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (улану) тудыруға қабілетті, әскери пайдалану үшін, арнайы таңдап алынған биологиялық уәкілдер.
Патогенді микроағзаға – жұқпалы ауруды қоздырғыштар, мөлшері аз, түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адамның сезім мүшелерімен анықталмайды.
Жұқпа ауруын қоздыратын микробтар:
Бактерия – бұл бір клеткалы микроағзалар, ол тікелей түскен күн сәулесінен, жоғары температурадан, дезинфекциялық заттардан жылдам жойылады;
Риккетсиялар – бұл бір клеткалы талшық тәріздес микроағзаға, олар тірі ұлпалардың ішінде ғана көбейеді. Олар құрғақшылыққа, үсікке төзімді.
Вирустар – қарапайым микроскопқа түспейтін өте майда микроағзалар. Тек тірі ұлпада дамиды және көбейеді.
Биологиялық заттарды қолдану тәсілі: аэрозольді, трансмиссивті, диверсиялық.
Биологиялық, (биологиялық - әлеуметті) төтенше жагдай - белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметті төтенше жағдай көзі шығуы салдарынан адамдардың өмір сүру мен қызмет жағдайы, ауылшаруашылық малдарының тіршілік етуі мен өсімдіктердің өсу жағдайы өзгеретін қалып және бұл жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, инфекциялық аурулардың кеңінен таралып және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің шығынға ұшырау қауіпі төнеді.
Биологиялық (биологиялық - әлеуметті) төтенше жағдайдың шығу көздері - адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктердің аса қауіпті немесе кең таралған ауруларға шалдығуы, соның салдарынан белгілі бір аймақта биологиялық - әлеуметтік төтенше жағдайдың тууы немесе пайда болу мүмкіндігі.
Биологиялық қауіп – адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның биологиялық төтенше жағдай көзі тудыратын немесе тудырған қауіптен қорғаныс жағдайы.
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – құқықтық нормалардың сақталуы, санитарлы – гигиеналық және санитарлы – эпидемологиялық ережелердің, технологиялық және ұйымдастыру – техникалық талаптардың орындалуы, сондай – ақ адамдардың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің инфекциялық аурулармен зақымдалуын болдырмауға, әлсіретуге және жоюға бағытталған тиісті құқықтық, санитарлы – гигиеналық, санитарлы – эпидемологиялық, ұйымдастыру және техникалық іс – шаралардың жүргізілуі.
Аса қауіпті инфекция - уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін және адамдардың, ауылшаруашылық малдарының өмірі мен денсаулығына ауыр зардап келтіретін, не өлімге алып келетін инфекциялық ауру түрінде көрінетін адамдардың немесе жануарлар ағзасының зақымдалу жағдайы.
Инфекциялық аурудың қоздырғышы – адамның немесе жануардың ағзасында паразиттенуге эвалюциялы бейімделген және инфекциялық ауруға шалдығуды тудыруға қабілетті патогенді микро ағза.
Инфекциялық ауру қоздыргыштарының көзі — табиғи сақталу және көбею процесі жүріп және сыртқы ортаға инфекциялық аурудың қоздырғыштары бөлініп жатқан зақымдалған адамның немесе жануардың ағзасы.
Эпидемия. Эпидемия – нақты бір аймақтағы ауру – сырқаудың саны әдеттегі тіркелетін деңгейінен біршама асатын, уақыт пен кеңістікте күшейе түсетін белгілі бір аймақта адамдардың жаппай инфекциялық ауруының таралуы. Эпидемия, ТЖ ретінде, зақымдалу ошағы мен инфекциялық аурумен ауырған адамдардың белгілі бір уақыт шегінде немесе территорияда тұруы, адамдар мен ауылшаруашылық малдарының инфекциялық ауру қоздырғыштарымен зақымдану мүмкіндігі. Эпидемияның әлеуметтік және биологиялық факторлармен келісілген негізінде эпидемиялық процесс жатыр, яғни инфекция коздырғышының үзіліссіз берілу процесі және дамитын және өзара байланысты инфекциялық қалыптың үзілмейтін тізбегі.
Кейде аурудың таралуы пандемия сипатын алады, яғни белгілі бір табиғи немесе әлеуметтік – гигиеналық жағдайда бірнеше мемлекеттің немесе құрлықтың аумағын қамту. Салыстырмалы түрде ауруға шалдығудың жоғары деңгейі белгілі бір жерде ұзақ уақыт бойы тіркелуі мүмкін. Эпидемияның тууы мен ағымына табиғи жағдайдағы өтетін процестермен (табиғи ошақтық, эпизоотиялар және т.б.) қатар, ең басты әлеуметтік факторлар (коммуналды жабдықталу, тұрмыстық жағдай, денсауық сақтау және т.б.) әсер етеді.
Эпидемия кезіндегі аурудың сипатына байланысты инфекцияның таралу жолдары мынадай болуы мүмкін:
су және ас арқылы, мысалы, дизентерия және іш сүзегі кезінде;
ауа – тамшылы (тұмау кезінде);
трансмиссивті – безгек пен бөртпе сүзек кезіңде;
Эпидемия – адам үшін аса жойқын табиғи құбылыстардың бірі.
Инфекциялық аурулар. Карантин және обсервация. ТЖ - ның пайда болуы және дамуы көбінесе зардап шегуші халықтың арасында індет аурулары мен жұқпалы аурулардың таралуын арттырады. Стихиялық апаттар мен техногендік сипаттағы апаттар ошағында, сондай – ақ әскери әрекет зоналарында тіршілік ету жағдайы бірден төмендейді, адамдардың көпшілігінде механикалық жарақаттар, күйіктер және организмнің табиғи қарсы тұруын айтарлықтай төмендететін оттың шарпуы, күйзеліс жағдайын туындатады. Халық тұрғын үйден, элекр жарығынан, ішетін судан айрылады, санитарлық – гигиеналық қызметтің жұмысы бұзылады. Азық – түлікті ұйымдастыру төмендейді. ТЖ кезінде биологиялық қарудың аса үлкен қоры аймаққа кең жайылып кетуі мүмкін.
Мұндай жағдайда жарақаттанған халық төтенше дәрігерлік – санитарлық көмекті қажет етеді, ұйымдастырудың ең радикалды өзгерісі және басқару органдарының, емдеу – алдын алу мекемелерінің және санитарлық – экономикалық қызметтің жұмыстарының әдеттегі ырғағы талап етіледі. Індетке қарсы шаралар медициналық (емдеу мекемелері, төтенше медициналық көмек орталықтары және т.б.) және медициналық емес (құтқарушылар, халық және т.б.) күштермен және қаражат – құралдармен өткізіледі. Әрекеттердің келісілгендігін ұйымдастыру үшін әкімшілік бірақ бір – бірімен байланыссыз әртүрлі атқарушылар, жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың жанынан құрамында әртүрлі ведомостардың мамандары бар санитарлық – эпидамияға қарсы комиссиялар құрылады. Індет процесі жұқпалы аурулардан пайда болады. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың таралуы жалпы сипаттамаға ие болып, уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында эпидемологиялық ошақ қалыптастырылады. Зақымдау ошақтары шекаралары – бұл жалпы экономикалық көліктік байланыстары бар қалалардың шеттері мен елді мекендер.
Инфекциялық аурулар, соғысқа қарағанда адам өмірін көптеп алып кеткенін статистиканың өзі дәлелдеп отыр. Деректер мен жылнамалар орасан зор аумақты қиратқан және миллиондаған адамды жойып жіберген жан түршігерлік пандемияның сипаттамасын біздің заманымызға дейін жеткізген. Кейбір инфекциялық аурулар тек адамдарға ғана тән: азиялық тырысқақ, шешек, іш сүзегі, бөртпе сүзек және т.б. Сондай – ақ адам мен жануарларға ортақ аурулар да бар: топалаң, маңқа, сарып, туляремия және т.б.
Соңдай – ақ эпидемиялар, үлкен санды адам өлімін, елдерде ашарлылық жайлауын, үлкен аймаққа созылатын ірі құрғақшылық тудыратын апатты құбылыс кезінде де орын алады.
Инфекция жұғу ошағының пайда болғанда зақымданған аймақта карантин немесе обсервация енгізіледі.
Карантин – зақымдалу ошағын қоршаған халықтан толығымен окшаулауға және ондағы инфекциялық ауруды жоюға бағытталған эпидемияға қарсы және тәртіптік іс – шаралардың жиынтығы. Ошақ айналасында қарулы күзет орнатылады, кіруге және шығуға, сондай-ақ, заттарды алып шығуға тыйым салынады. Жабдықтау арнайы пункттер арқылы, қатаң медициналық қадағалаумен жүргізіледі.
Обсервация – оқшаулау – шығу мен кіруге және қауіпті деп жарияланған аумақтағы адамдардаң қарым – қатынас жасауын шектеуге, медициналық бақылауды күшейтуге, жайылудың алдын алу мен инфекциялық ауруларды жоюға бағытталған шектеулі іс – шаралардың жүйесі. Обсервация аса қауіпті топқа жатпайтын инфекция қоздырғыштарын анықтаған кезде, сондай – ақ карантин аймағының шекарасымен тікелей жанасатын ауданда енгізіледі.
Көшіру, обсервация және карантин. Бұл шараларды өткізуге бақылау жасауды санитарлық – эпидемологиялық қызмет жүзеге асырады. Эпидемиологияға қарсы және емдеу – алдын алу шаралары обсервация кезінде мыналарды қарастырады:
сұрақ өткізу, жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында жараланған және зардап шеккен халықты тексеру;
оқшаулау, дәрігерлік көмек көрсету, ауырған адамдарды емдеу және соңынан апат аймағының сыртында орналасқан жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу;
зардап шеккен халықтың арасындағы тұлғаларға, жұқтырып алу қаупі бар құтқарушылар мен қызмет көрсетуші персоналдарға эпидемологиялық белгі бойынша шұгыл және ерекше алдын алу шараларын өткізу;
денсаулық сақтау жүйесі саласындағы дәрігерлік көшіру кезеңдерінде індетке қарсы жұмыс режимі;
күнделікті және қорытынды залалсыздандыру жүргізу, ал қолдағы бар көрсеткіштер бойынша – санитарлық өндеу жасау.
Обсервация жасау кезінде өткізілетін карантинді белгілеу кезінде шаралар қосымша режимді шаралармен күшейтіледі, оларға жататындар:
халықтың басқа топтарынан оқшаулау мақсатында халықтың карантинге алынған топтары орналастырылған ауданды қоршауға алу және күзету;
карантин ауданын азық – түлік тамақтарының белгіленген режимімен, сумен жабдықтау көздерін күшейтуді қамтамасыз ету үшін арнайы коменданттық қызмет құру керек;
апат болған ауданда жұмыстарын жалғастырып жүрген, шаруашылықпен айналысудың барлық қажетті объектілерін, карантин аймағымен шекаралас жерде қанат жайған жіберу және жеткізіп беру пункттері арқылы жабдықтау.