Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гули отчет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.02 Кб
Скачать

2.8 Инвестициялардың есебі

Инвестициялар - өнеркәсiптiң, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз.

Инвистицияның көзi болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлiгi саналады. Кәсiпкерлер (кәсiпорындар) оның өзiнiң табысынан(таратылған) қаражаттарының есебiнен жұмылдырады. Негiзгi капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзi болып кәсiпорынның меншiгiнде қалған табысы саналады. Бағалы жолдарды көп түрлiлiгi инвистицияны жiктеудiң көптеген критерийлерiн алдын ала айқындайды.

Инвестициялар есебі «Инвестиция» бөлімшесінің шотарында жүргізіледі, оның құрамына мынандай синтетикалық шоттар кіреді: «Еншілес серіктестерге салынған инвестициялар», «Тәуелді серіктестерге салынған инвестициялар», «Бірлесіп-бақыланатын заңды тұлғаларға салынған инвестициялар», «Басқа инвестициялар».

Тәуелді шаруашылық серіктестігінің инвестициялық есебі. Тәуелді серіктестік инвесторлардың, едәуір ықпал етуінде болады және ол еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлескен бақыланатын заңды тұлғасы да бола алмайды. Субъектінің қызметіне инвестор едәуір ықпал етеді, оның тек 20%-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:

Үлестік қатысу әдісі - инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі.

Құн әдісі – инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс.

Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестиялық есебі. Еншіліс шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестікттің бақылауында болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландырылатыг объектінің 50% астам акциясын тікелей немесе жанама иемденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің көрсеткіштері негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген есеп беруінде көрсетліліп, бірақ онда қабылданған есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы мүмкін:

  • үлестік қатысу әдісі;

  • ұзақ мерзіміді инвестицияны есептеу әдісі.

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициялық есебі. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы – бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі бойынша топшыланған келісім-шартын жасайды. Бірлесіп бақвланатын заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысандажүзеге асыруына болады:

Бірлесіп бақыланатын өндіріс – заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын топшалайды.

Бірлесіп бақыланатын активтер – жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшалайды.

Қаржылық инвестициялардың есебі. Қаржылық инвестициялар есебі «Қаржылық инвестициялар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған «Акция», «Облигация», «Басқа қаржылық инвестициялар» шоттары кіреді.

Акция – акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивиденттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқығын беретін бағалы қағаз.

Облигация дегеніміз – ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі.

«Басқа қаржылық инвестициялар» шоттында: депозиттік сертификаттар, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, қысқа және ұзақ мерзімге берілген заемдар, шартты бағалы қағаздар есепке алынады.