Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клиникаға кириспе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

Шараның аяқталуы

  1. Перчаткаларды шешiп, оларды дезинфекциялау үшiн ыдысқа салу; қолды жуып кептiру.

  2. Науқастың жайлы жатқанын тексеру.

Төсек орынды көлденең әдiспен ауыстыру (екi медбикемен орындалады).

Мақсаты: қатаң төсектiк режимдегі немесе ессiз жатқан науқастардың төсек орнын ауыстыру.

Жабдықтану: таза төсек орын комплектi (жастық тысы, жайалық, көрпе тысы, клеенка, кiшi жайалық), перчаткалар, қолданылған төсек орынға арналған клеенкалы қап.

Қажеттi шарт:

  1. Науқасқа жасалатын шараның орындалу барысын түсiндiрiп, рұқсат алу.

  2. Таза төсек орын комплектiн дайындау: жайалықты көлденеңінен рулонға орау (қажет болса клеенка мен кiшi жайалықты орау).

  3. Перчаткаларды кию, жанына кiр төсек орын үшiн қап қою.

  4. Төсектiң басын горизонтальды деңгейге дейiн түсiру (функциялық төсек қолданылған жағдайда ауруды көтеру кезiнде медбикенiң қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн төсектi керек деңгейге көтеру.

Шараны орындау

  1. Төсек бүйiрiнен тұрып, шектегіштерді түсiру.

  2. Көрпеден тысын алу, уақытша науқасты таза көрпе тысымен жабу, көрпенi бүктеп орындық басына iлу.

  3. Төсектi айналып, қарсы жақтан тұру, жайалық шеттерiн матрац астынан шығару.

  4. Төсек шетіндегі шектегішті көтеру.

  5. Төсектiң қарсы жағына қайтадан оралып, осы жақтың жайалық шеттерiн матрацтан шығару.

  6. Бiр медбикенiң қолын алақандарымен жоғары қаратып науқастың басы мен иығының астына кiргiзу, төсектен жоғары көтеру.

  7. Басқа медбике кiр жайалықты науқастың белiне қарай рулонға орайды.

  8. Бiр мезгiлде төсектiң шетiне рулонға оралған таза жайалықты жаю, рулонды енiнен науқастың белiне қарай жазу.

  9. Науқасты төсекке жатқызу.

  10. Бiр медбикенiң қолын алақанымен жоғары қаратып науқастың жамбасы мен сандарының астына кiргiзу, төсектен жоғары көтеру.

  11. Басқа медбике осы уақытта таза жайалықты жаяды, ал кiр жайалықты науқастың аяқ жағына қарай орайды.

  12. Науқастың жамбасы мен сандарын жайылған таза жайалыққа қояды, ал кiр жайалықты кiр төсек орынға арналған клеенкалы қапқа салады.

  13. Төсектiң қарсы жағына оралып, шектегішті түсiру.

  14. Таза жайалықты матрац астына кiргiзу.

  15. Науқас төсектiң ортасында жатқанын тексеру.

  16. Науқас жабылған таза тысқа көрпе кiргiзу.

  17. Көрпе шеттерiн матрац астына кiргiзу.

  18. Жастықты науқастың басынан алып, тысын ауыстыру.

  19. Науқастың басы мен иықтарын жоғары көтерiп жастықты салу.

  20. Төсектiң шектегіштерін көтеріп қою.

Шараның аяқталуы:

  1. Перчаткаларды шешiп, оларды дезинфекциялау үшiн ыдысқа салу; қолды жуып кептiру.

Қолы зақымдалған науқастың iш-киiмiн ауыстыру (екi немесе бiр медбикемен орындалады).

Көйлектi ауыстыру

Мақсаты: қолы зақымдалған науқасқа көмек көрсету.

Жабдықтану: таза көйлек, шалбар, iш-киiм, кiр киiмге арналған клеенкалы қап.

Қажеттi шарт: инфекциялық қауіпсiздiк қамтамасыз етiледi, науқас пен медбикелер денелерiнiң дұрыс биомеханикасы сақталады.

Шараға дайындық

  1. Науқасқа жасалатын шараның орындалу барысын түсiндiрiп, рұқсат алу.

  2. Таза көйлек дайындау.

  3. Перчаткаларды кию, жанына кiр киiм үшiн қап қою.

Шараны орындау: